Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Басқа макроэкономикалық көрсеткіштер





 

Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айнамалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық өзінің қолдануы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс құрал-жабдығына

ә) тұтыну заттарына.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және ресурстар. Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген байлықтарды қамтиды. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұражай эспонанттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады. Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді. Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады. Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары да енеді. Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 1/5 бөлігін құрайды.

Макроэкономика экономикалық жағдайды, толығымен елдің «денсаулығын» зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша, ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болып өндірістің ұлттық көлемі, жалпы баға деңгейі, пайыздық ставка және жұмыспен қамту табылады.

Жалпы ұлттық өнім – бір жыл ішінде өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы. Қайта, екі рет есепті болдырмау үшін оған аралық өнімді кіргізбейді. Оларға қайта өңдеуге немесе соңғы тұтынушыға ары қарай сату үшін арналған өнімдер жатады. ЖҰӨ -ді есептеу кезінде негізгі екі әдісті қолданады. Ол түпкілікті өнімге жұмсалған барлық шығындарды қосу арқылы және «табыстар ағыны» арқылы өлшенеді.

Шығындарға тұтынушылық шығындар, мемлекеттік сатып алулар, жалпы инвестиция және таза экспорт жатады.

· Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және қызмет көрсетулерге (нан, қант, аяқ киім, телевизорлар, тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.

· Инвестицияларға шығындар (І) – бұл инвестициялық тауарларға шығындар, оларға құрал жабдық, станоктар, өндірістік ғимараттар, материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және таза инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестицияға барлық инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын толтыруға жұмсалатын инвестициялар да кіреді. Жаңа құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.

· Мемлекеттік шығындар (G) – тауар және қызмет көрсетулердің (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және т.б.) өндірісіне тікелей жүретін шығындар.

· Таза экспорт (Хп) бұл импортты шегергеннен қалған барлық импорт.

Сонымен, шығындар бойынша ЖҰӨ - бұл елдегі барлық төрт шығындардың қосындысы:

ЖҰӨ = C+ G+ I+ Xn

 

Өндірістің ұлттық көлемін анықтау үшін елдегі барлық табыстардың қосындысын алады. Факторлық табыстардың төрт компанентін ажыратады: жалақы, рента, пайыз және пайда.

· Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы. Бұған ведомость бойынша алынатын жалақы сомасы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша төлемдер және т.б. жатады.

· Рента жерді, ғимаратты, тұрғын үйді арендаға беру нәтижесінде үй шаруашылықтарымен алынатын ренталық табыстарды білдіреді.

· Пайыз бұл ақша капиталы үшін төлем, ол банкке салым бойынша, несиелер бойынша пайыздар.

· Пайда жеке шаруашылықтар, серіктестіктер, кооперативтер иелері алатын пайда.

Номиналды және нақты, сонымен қатар іс жүзіндегі және потенциалды ЖҰӨ ажыратады. Нақты ЖҰӨ - бұл баға деңгейі өзгерісін ескерумен ЖҰӨ. Нақты ЖҰӨ-ді формула бойынша табуға болады:

 

Нақты ЖҰӨ = (Номиналды ЖҰӨ / баға индексі) · 100%

 

Потенциалды ЖҰӨ - бұл толық жұмыспен қамту жағдайында яғни, фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық жағдайында алынған өндірістің ұлттық көлемі. Іс жүзіндегі ЖҰӨ - бұл циклдық жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі.

Өндірістің ұлттық көлемін өлшеу үшін қолданылатын тағы бір көрсеткіш – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). Ол сол ел территориясы ішінде, берілген жыл ағымында өндірілген түпкілікті өнімдер мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы.

Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамыту бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды-заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды-заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: құрал-жабдықтар өндірісі (I-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (II-ші бөлімше).

ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал-жабдығы құнына бөлінеді.

Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚӨ) құн формуласы:

W = c + v + m

мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.

с - өндіріс құрал-жабдығы өндірісдегі тұтынылған құн.

v – қажетті өнім.

m – қосымша өнім.

Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш-түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп-шотын жүзеге асырмайды.

Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп-шотын болдырмайды.

Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін – баға индексі дейміз.

Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.

ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизацияҚоғамның экономикалық дамуының ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:

ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар

Ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.

ҰТ = ЖҚӨ - МШ

мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс,

ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім,

МШ- материалдық шығындар.

Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт стадиядан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыныс пен қорлану).

Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.

Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі өзіндік табыс. Ол салықты төлегенен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді.

Орнықтылған табыс тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады. ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. ЖҰӨ тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл-ауқаттылық» көрсеткіші қолданылады.

 

8 - дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

1. Макроэкономика қандай мәселелерді қарастырады?

2. Макроэкономиканың негізгі субъектісі кім?

3. Макроэкономикалық талдау әдістері қандай?

4. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?

5. Жалпы ұлттық өнім дегеніміз не?

6. Таза ұлттық өнім неліктен ұлттық байлықты сипаттамайды?

 

 

Date: 2015-07-10; view: 1306; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию