Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жалпы медицина 6 page
Босану күшінің біріншілікті әлсіздігі// +Күшенудің біріншілікті әлсіздігі *** 22 жастағы Н. есімді пациент әйелдер кеңесіне 2 ай бойы етеккірі келмегендіктен қаралды. Ащы тағамдарға жеріктігі пайда болды. Ішкі мүшелер тарапынан ауытқулар байқалмайды. Қынаптық зертеулер кезінде: сыртқы жыныс мүшелер дұрыс дамыған; қынаптың кілегей қабаты мен мойны көгерген. Бимануалдық зерттеу кезінде: қынапқа ену кедергісіз, жатыр мойны цилиндрлік формада. Цервикалды канал жабық. Жатыр антефлекцияда, 8 апталық жүктілікке дейін үлкейген, жұмсақ консистенцияда. Жатыр қосалқылары өзгеріссіз. жатырдың сол жақ бұрышы томпайған, ығысуы күшейген, қозғалғыштық. Жатыр мойны, жатыр мойындығы өте жұмсарған. Әйелдің жүктілігіне меңзейтін мүмкін белгілері қандай?// етеккірі келмегендігі. Ащы тағамдарға жеріктігі пайда болуы. қынаптың кілегей қабаты мен жатыр мойнының көгеруі.// +8 апталық жүктілікке дейін үлкеюі, жұмсақ консистенция// Жатыр өзінің консистенциясын өзгертеді, алға қарай жиырылып, тығыздалады, екіге бүктелген секілді, ығысуы күшейген. // Жатыр мойны қозғалғыштығы артқан, жатыр мойындығы өте жұмсарған *** Алғаш босанушы 23 жастағы И. әйелдер кеңесіне жүктілігі туралы 28 аптасында қаралды. Ішкі мүшелер тарапынан патологиялық ауытқулар жоқ. Акушерлік статусы: жамбас өлшемдері distancia spinarum – 26 cm, distancia cristarum – 28 cm, distancia trochanerica – 31 cm, cojugata externa – 20 cm. Соловьев индексі - 14 см. Жатыр түбі кіндіктен 2-3 саусаққа жоғары, жатырдың сол жақ бүйірінде ұрықтың тегіс енді беті беті, ал оң жағында ұсақ қозғалмалы бөліктер байқалады. Алдынғы жағы үлкен, тығыз, жұмыр саусақтар арасында қозғалатын бөлік сезіледі. Ұрықтың жүрек қағысы анық, ритмі 136 соқ/мин. Конъюгатының шынайы өлшемін анықтаңыз:// 15 см;// +11 см;// 12 см;// 9 см;// 13 см *** Алғаш босанушы 20 жастағы М. босануда. Босану уақытында басталған және 16 сағатқа созылған. Ашық түсті ұрық маңы суы кеткен және күшену басталған. Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық. ҚҚ – 120/80 мм. рт. ст. Іш айналымы - 100 см. ЖТБ – 32 см. Жамбас өлшемдері: 25-28-30-20 см. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны тегістелген, жатыр аралы ашылуы толық. Сегіз көз мүйісіне тек бүгілген саусақпен жетуге болады. Ұрық басының жебе тәрізді тігісі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбегі сол жақта. Осы орналасуда ұрықтың басы қандай өлшемдермен өтеді: өлшем атауы, оның көлемі, ұрық басының айналымы?// +Кіші қиғаш өлшемі – 9,5 см, ұрық басының айналымы -32 см// Орташа қиғаш өлшемі – 10 см, ұрық басының айналымы -33 см // Үлкен қиғаш өлшемі – 13 см, ұрық басының айналымы -42 см// Тіке өлшемі – 12 см, ұрық басының айналымы -35 см// Вертикаль өлшемі – 9,5 см, ұрық басының айналымы -31 см *** 18 жастағы жүкті А. босану бөлмшесіне мерзімді жүктілікпен және екі сағат ағымындағы ретті босану әрекетімен келіп түсті. Қазіргі жүктілігі бірінші. Сыртқы акушерлік зерттеуде: ІА 100 см, ЖТБ 33 см. Жамбас өлшемдері 26-28-31-21 см. C.diagonalis 13 см, C.vera 12 см. Ұрықтың болжам салмағы 3300 гр. Анотомиялық жағынан жамбас өлшемдерін бағалаңыз:// І дәрежелі анатомиялық тар жамбас // Жалпақ рахитикалық жамбас// Қарапайым жалпақ жамбас// ІІ дәрежелі анатомиялық тар жамбас// +Жамбас мөлшері қалыпты *** 18 жастағы жүкті А. босану бөлмшесіне мерзімді жүктілікпен және екі сағат ағымындағы ретті босану әрекетімен келіп түсті. Қазіргі жүктілігі бірінші. Сыртқы акушерлік зерттеуде: ІА 100 см, ЖТБ 33 см. Жамбас өлшемдері 25-27-29-19 см. C.diagonalis 13 см, C.vera 12 см. Ұрықтың болжам салмағы 3300 гр.// Анотомиялық жағынан жамбас өлшемдерін бағалаңыз:// І дәрежелі анатомиялық тар жамбас // Жалпақ рахитикалық жамбас// +Қарапайым жалпақ жамбас// ІІ дәрежелі анатомиялық тар жамбас// Қалыпты тар жамбас *** 18 жастағы жүкті А. босану бөлмшесіне мерзімді жүктілікпен және екі сағат ағымындағы ретті босану әрекетімен келіп түсті. Қазіргі жүктілігі бірінші. Сыртқы акушерлік зерттеуде: ІА 100 см, ЖТБ 33 см. Жамбас өлшемдері 22-24-26-15 см. C.diagonalis 9 см, C.vera 6 см. Ұрықтың болжам салмағы 3500 гр. Анотомиялық жағынан жамбас өлшемдерін бағалаңыз:// І дәрежелі анатомиялық тар жамбас // Жалпақ рахитикалық жамбас// Қарапайым жалпақ жамбас// ІІ дәрежелі анатомиялық тар жамбас// +IV дәрежедегі біркелкі тарылған тар жамбас *** Әйелдер кеңесіне 28 жастағы қайталап жүкті іштің төменгі жағындағы және белдегі сыздап ауыру сезіміне шағымданып келді. Жүктіліктің мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде босанулар және үш жасанды аборт. Қвнаптық тексергенде: жатыр мойыны ұзындығы 2,5 см, жатыр мойыны каналы жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты, орташа мөлшерде. Қандай диагноз дұрыс?// +Қауіп төндіруші өздігінен болатын түсік// Басталған өздігінен болатын түсік// Дамымаған жүктілік// Пузырный занос// Плаценттаның толық орналасуы *** Әйел іштің төменіндегі толғақ тәрізді ауруларға, бірнеше сағаттар бұрын пайда болған жыныс жолдарынан ашық канды бөліністер бөлінуіне шағымданып, стационарға түсті. Қынаптық тексергенде: жатыр 8-9 апталық жүктілікке дейін ұлғайған. Жатыр мойыны толығымен жұмсарған, 1,5 см дейін қысқарған, ашылуы 2 см ге дейін анықталады,қынапта сұйық қан,цервикальді каналда ұрықтық жұмыртқаның элементтері. Сіздің диагнозыңыз:// Басталған түсік// Түтіктік аборт// Жатырдан тыс жүктілік кезіндегі түтіктің жарылуы// +Жолдағы аборт// Аналық без апоплексиясы *** Алғаш босанушы 22 жастағы М. босану устінде. Уақытында басталып, 12 сағатқа созылған. Қазір ғана орташа мөлшерде, ашық түсті ұрық маңы суы бөлінді, күшенулер басталды. Іш айналымы 98см, ЖТБ 34см. Жамбас өлшемдері 25- 28- 31- 20см. Ұрықтың орналасуы тігінен,ұрықтың басы үлкен сегментімен кіші жамбас қуысына бекіген. ұрықтың жүрек соғысы анық ритмді, 138соқ мин дейін. Қынаптық тексеру: қынап босанбаған әйелдікі, мойны тегістелген, жатыр мойнының ашылуы толық, ұрық қапшығы алынды. Найза тәрізді тігіс сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта,. Сегізкөз ойығының жоғарғы жартысы және қасаға қосылысының ішкі беткейінің үштен бірі ұрық басымен жабылған. 4 және 5 сегізкөз омыртқалары және отырықшы сүйектер анық сезіледі. Сіздің диагнозыңыз:// 39- 40 апталық жүктілік. Босанудың І кезеңі.// 32 апталық жүктілік. Босанудың І кезеңі.// 39- 40 апталық жүктілік. Босанудың ІІ -ІІІ кезеңі.// 39- 40 апталық жүктілік. Прелиминарлы кезең// +39- 40 апталық жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі *** Алғаш босанушы босанудың ІІ кезеңінде. Босанушыны қадағалау кезінде ұрықтың жүрек соғысы 90-100 соққы минутына дейін сиреді. Күшенуден кейін қайта қалпына келмейді. Қынаптық тексеру кезінде ұрықтың басы кіші жанбас қуысының тар бөлігінде сагитальды тігісімен оң жақ қийғаш өлшемде орналасқаны анықталды, кіші еңбек солға қараған. Ұрық жағынан акушерлік қысқаштарды салуға көрсеткіш: // Босану жарақаты // Ірі ұрық// +басталған ұрықтың жедел асфиксиясы// өлі ұрық// жетілмегендік *** 36 жастағы босанушы К. Белсенді босану әрекетімен босану үйіне жеткізілді. ІV жүктілік. 4 босану. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Түскеннен 15 минуттан кейін тірі мерзімді 3950 гр. қыз жынысты туылды. 10 минуттан кейін босанушыда жыныс мүшелерінен қанды бөлінділер пайда болды. Жатыры тығыз, домалақ пішінді, түбі кіндік деңгейінде орналасқан. Қынаптан түсетін кіндік лигатурамен терең тыныс алу және тыныс шығару кезінде қынаптан тартылады және қайтадан бұрыңғы деңгейіне түседі. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер көбейді, қан жоғалту 400 мл құрады, жалғасуда. Сіздің диагнозыңыз: // Мерзімді босану. Босанудың ІІІ кезеңі. Ерте босанудан кейінгі кезеңдегі қан кетуі.// Мерзімді босану. Босанудың ІІІ кезеңі. Плацентаның өсуімен байланысты қан кетуі.// +Мерзімді босану. Босанудың ІІІ кезеңі. Плацентаның тығыз жабысуымен байланысты қан кетуі.// Мерзімді босану. Босанудың ІІІ кезеңі. Гипотониялық қан кетуі.// Мерзімді босану. Босанудың ІІІ кезеңі. Аттониялық қан кетуі *** 18 жастағы жүкті А. мерзімімен және 2 сағат ағымындағы ретті босану әрекетімен босану бөлімшесіне келіп түсті. Бұл жүктілік бірінші. Сыртқы акушерік зерттеу: ІА – 100 см, ЖТБ – 33 см., жамбас өлшемдері 26-27 - 29-18см., диагональды контьюгата 12 см., шынайы коньюгата -10 см. Ұрықтың болжам салмағы 3300 гр. // І дәрежелі анатомиялық тар жамбас // Жалпақ рахитикалық жамбас// +Қарапайым жалпақ жамбас 1 -дәрежелі// ІІ дәрежелі анатомиялық тар жамбас// Қалыпты тар жамбас *** Босанудан кейінгі 3тәулікте босанушыда бас ауруы, қалтырау, іштің төменгі жағындағы ауру сезімі, дене температурасы 39C дейін жоғарылауы шағымдары пайда болды. Босануда плацентаның жартылай жабысуымен байланысты бала жолдасын қолмен бөлу және шығару жүргізілді. Анамнезінде: босанулар және екі мед. Аборт, созылмалы пиелонефрит, сүт бездері орташа ұлғайған. Қандай диагноз дұрыс:// Босанудан кейінгі кезең. Жедел респираторлы ауру.// Босанудан кейінгі кезең. Инфильтративті мастит.// Босанудан кейінгі кезең. Созылмалы пиелонефриттің асқынуы// +Босанудан кейінгі кезең. Эндометрит// Босанудан кейінгі кезең. Жатырдың субьинволюциясы *** 24 жастағы жүкті іштің төменгі жағындағы тартып ауру сезіміне шағымданып келді. Соңғы менструация 3 ай бұрын болған. Қынапты карағанда: жатыр 12 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, пальпацияда қозулы, жыныс жолдарынан патологиялық бөлінулер жок. Сіздің диагнозыңыз: // 12-13 апталық жүктілік. Басталған түсік.// 12-13 апталық жүктілік. Уақытынан бұрын босану қаупі// 12-13 апталық жүктілік. Толық емес аборт// Ұрық көпіршігі // +12-13 апталық жүктілік. Жүктіліктің үзілу қаупі *** 23 жастағы алғаш жүкті әйелдердің кеңесіне 28 апталық жүктілік бойынша келіп қаралды. Ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Акушерлік статус: жамбас өлшемдері 26-28-31-20 см. Соловьев индексі 14см, жатыр түбі кіндіктен саусаққа жоғары жатырдың сол жақ бүйір қабырғасында ұрықтың тегіс кең беткейі, оң жақтан ұсақ бөліктері анықталады. Төменгі бөлігі ірі, тығыз, домалақ, саусақтар арасында қозғалмалы. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді, 136 соққы/мин. Ұрықтың орналасуын және позициясын анықтаңыз.// Шүйдемен келу, көлденеңнен орналасу, І позиция, алдыңғы түрі// Жамбаспен келу, тігінен орналасу, І позиция, алдыңғы түрі// Шүйдемен келу, басы қозғалыста, тігінен орналасу, алдыңғы түрі// +Баспен келу, тігінен орналасу, І позиция, алдыңғы түрі// Баспен келу, басы кіші жамбас кіреберісіне бекіген, тігінен орналасу, ІІ позиция, артқы түрі *** Босану үйіне 32 жастағы жүкті Г. 37 апталық мерзіммен ұрық маңы суы кетуінен төрт сағаттан кейін келіп түсті. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене темпаратурасы 36 С, ҚҚ 110/70 мм. сынап бағанасында. Пульс 76 соқ/мин. Ішкі мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Шағымдары ұрық маңы суы кетуі. Акушерлік статус: іші овоидті пішінді ІА 100 см, ЖТБ 36 см. Жатыр пальпацияда жай қозулы. Баланың орналасуы тігінен, басымен келген, кіші жамбас кіреберісінде. Жүрек соғысы 140 соқ/мин. Қынаптық тексеру: жатырмойны жамбас осі бойында жұмсарған, 2 см қысқарған, цервикальды канал 1 см/ге өтімді. Ұрық қапшығы анықталмайды, ашық түсті ұрық маңы суы кетуде. Сіздің диагнозыңыз:// Ұрық қапшығының мерзімінен кешігіп жарылуы// Ұрық қапшығының ерте жарылуы// +37 аптадағы жүктілік, мезгілінен бұрын ұрық маңы суының кетуі мезгілінен бұрын ұрық қапшығының жарылуы *** Босанған әйел К., 33 жаста, 17 тәулікте гинекологиялық бөлімге дене температурасының 40 градусқа дейін көтерілуіне, қынаптың көп іріңді, шіріген тәрізді иіспен бөлініске, бел аймағындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. 16 күн бойы босану болды, II, уақытында; босанудың жалпы ұзақтығы 10 сағат 10 минутты құрады, сусыз кезең 9 сағат. Босанудан кейінгі кезеңде жатыр субинволюциясы байқалды. Босанудан кейін 4 тәулікте дене температурасы 39 градусқа дейін көтерілген. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тежелген. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Жүрек тондары тұйықталған, пульс ретті, 112 рет минутына. ҚҚ 110/70 мм. с.б. Тілі ылғалды, сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кеппеген, пальпация кезінде төменгі жағында ауырсынады, іш астар тітіркенуі теріс. Гинекологиялық тексеру: цервикальді канал 1 көлденең саусақ ішкі араңнан өтеді. Жатыр жұмсақ, жүктіліктің 10 аптасына сәйкес ұлғайған. Жатырлы тамырлар проекциясында ұлғайған және ауырсынулы тәж анықталады. Бөліністер көп, іріңді, жағымсыз иіспен. Сіздің диагнозыңыз: // Босанудан кейін 17 тәулік. Эндометрит// Босанудан кейінгі 17 тәулік. Параметрит. // Босанудан кейінгі 17 тәулік. Пельвиоперитонит. // +Босанудан кейінгі 17 тәулік. Кіші жамбастың терең тромбофлебиті/ Босанудан кейінгі 17 тәулік. Перитонит *** Босанған әйел К., 33 жаста, 17 тәулікте гинекологиялық бөлімге дене температурасының 40 градусқа дейін көтерілуіне, қынаптың көп іріңді, шіріген тәрізді иіспен бөлініске, бел аймағындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. 16 күн бойы босану болды, II, уақытында; босанудың жалпы ұзақтығы 10 сағат 10 минутты құрады, сусыз кезең 9 сағат. Босанудан кейінгі кезеңде жатыр субинволюциясы байқалды. Босанудан кейін 4 тәулікте дене температурасы 39 градусқа дейін көтерілген. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тежелген. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Жүрек тондары тұйықталған, пульс ретті, 112 рет минутына. ҚҚ 110/70 мм. с.б. Тілі ылғалды, сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кеппеген, пальпация кезінде төменгі жағында ауырсынады, іш астар тітіркенуі теріс. Гинекологиялық тексеру: цервикальді канал 1 көлденең саусақ ішкі араңнан өтеді. Жатыр жұмсақ, жүктіліктің 10 аптасына сәйкес ұлғайған. Жатырлы тамырлар проекциясында ұлғайған және ауырсынулы тәж анықталады. Бөліністер көп, іріңді, жағымсыз иіспен. Осы жағдай Сазанов жіктелуіне сәйкес іріңді-септикалық инфекцияның қай этапына жатады: // I этап// II этап// +III этап// IV этап// V этап *** Интоксикация, жатыр субинволюциясы, лохия сипаты босанудан кейінгі күнге сәйкес емес симптомокомплексі тән: // +Босанудан кейінгі эндометрита // Босанудан кейінгі параметрита// Метpотpомбофлебит// Пельвиопеpитонит// Сепсис *** Босанудан кейін 5 тәулікте жатыр айқын контурлы, ауырсынбайды, түбі кіндіктен 2см төмен. Лохиялар іріңді, жағымсыз иіспен. Шағымдары жоқ, интоксикация симптомы жоқ, жағдайы қанағаттанарлық. Дұрыс диагнозды таңдаңыз: // Жедел эндометрит// +Эндометриттің айқын емес түрі// Эндометриттің абортивті түрі// Метротромбофлебит// Параметрит *** Алғаш жүкті А., 30 жаста, тұрақты босану әрекетінің біріншілік әлсіздігіне байланысты кесар тілігі операциясы жасалды. Сусыз кезең 18 сағат 10 минутты құрады. Интраоперациялық қан кету 800 мл. Антибактериальды (пенициллин, канамицин) терапия тағайындалды. Операциядан кейін 4 тәулікте дене температурасының 38,6 градусқа дейін көтерілуі анықталды. Тәулік бойы жағдайы ауырлады. Пальпация кезінде іші төменгі бөлімде қатайған, керілген, ауырсынады, іш астар тітіркену симптомы оң. Іштей тексергенде: жатыр жүктіліктің 12 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауырсынады. Бөліністер көп, іріңді. Сіздің диагнозыңыз: // Операциядан кейін 5 тәулік. Эндометрит// Операциядан кейін 5 тәулік. Параметрит// +Операциядан кейін 5 тәулік. Перитонит// Операциядан кейін 5 тәулік. Бактериалды шок// Операциядан кейін 5 тәулік. Жедел аппендицит *** Бастың ауырсынуы, ұйқының, тәбеттің бұзылуы, ішінің төменгі жағында ауырсыну, тахикардия, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуі, лейкоцитоз 11х109/л, жатыр ауырсынады, лохиялар іріңді сипатта, ихорозды иіспен. Сазанов –Бартельс жіктеуі бойынша қай этапқа жатады: // +Бірінші этап// Екінші этап// Үшінші этап// Төртінші этап// Бесінші этап *** Эндометрит фонында адекватты емге қарамастан 2 аптадан соң дене температурасы 38-39 градус болып қалуда, қалтырау жалғасуда, пульс жиі, температураға сәйкес емес. Шағымы басының ауырсынуына, ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға, жатыр нашар жиырылады, ауырсыну жатыр қабырғасы бойымен тексергенде, қынап күмбезінің тығыздалуы. Сазанов –Бартельс жіктеуі бойынша қай этапқа жатады: // Бірінші этап// + Екінші этап// Үшінші этап// Төртінші этап// Бесінші этап *** Перинеографиядан кейін шат аралығында ісіну, гиперемия, жарадан іріңді бөліністің болуы байқалады. Сазанов –Бартельс жіктеуі бойынша қай этапқа жатады: // + Бірінші этап// Екінші этап// Үшінші этап// Төртінші этап// Бесінші этап *** УДЗ белгілері: жатыр қуысының ұлғаюы және кеңеюі, әртүрлі эхогенді түзілістердің болуы, миометрийдің біркелкі еместігі. Сазанов –Бартельс жіктеуі бойынша қай этапқа жатады: // +Бірінші этап// Екінші этап// Үшінші этап// Төртінші этап// Бесінші этап *** Босанудан кейін 5 тәулікте әлсіздік, сол жақ сирақ аймағындағы сәл ауырсыну, қалтырау пайда болды, дене температурасы 38 градусқа көтерілген, пульс 92 рет минутына. Жатыр түбі кіндік пен қасаға ортасында. Жатыр ауырсынусыз. Лохиялар серозды-қанды, мөлшерлі, иіссіз. Екі жақ табанының және сирақтың веналарының айқын кеңеюі бар. Сол жақ сирақтың ішкі беткейінде үлкен тері асты венасы бойымен терінің қызаруы бар. Сазанов –Бартельс жіктеуі бойынша қай этапқа жатады: // Бірінші этап// +Екінші этап// Үшінші этап// Төртінші этап// Бесінші этап *** 24 жастағы науқас А. іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне және екі апталық менструация кідірісінде жыныс жолдарынан қанды бөліністер бөлінуне шағымданып келді. ҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. Пульс 90соқ/мин. Айнада жатыр мойнының шырышының бозаруы, бөлінділері қанды, қоңыр. PV: жатыр сәл ұлғайған, қозғалмалы, қосалқылар аймағы оң жақтан ауырсынулы, қамыр тәрізді консистенциялы түзіліс анықталады. Артқы күмбез Қалыңдаған, ауырсынулы. Сіздің диагнозыңыз:// Эндометриоз// Толық емес аборт// +Жатырдан тыс жүктілік// Жатыр миомасы// ДЖҚ *** 36жастағы науқас гинекология бөлімшесіне іштің төменнідегі ауру сезіміне, құсуға, дене температурасының 38С дейін көтерілуіне шаағымдарымен жеткізілді. Жатыт миомасы бойынша және үш жыл көлеміндегі біріншілікті бедеулікпен диспансерлік тіркеуде тұрады. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Ішті тітіркендіру симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер кілегейлі. PV: жатыр 5-6 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, оң жақ бұрышында ауырсынулы тығыз өлшемі 5х6см түзілістер анықталады. Қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Сіздің диагнозыңыз:// Тубоовариаьды түзілістің перфорациясы// Жатырдан тыс жүктілік// Ерте түсікпен қауіп төнуші жүктілік// Аналық без кистасының аяғының айналуы// +Миоматозды түйіннің аяғының айналуы *** 34жастағы науқас О. шұғыл түрде гинекологиялық бөлімшеге миоматозды субсерозды түйіннің аяғының айналуы бойынша госпитализацияланды. Операция кезінде іш қуысын ашқанда анықталды: жатыр тегіс емес, көптеген миоматозды түйіндер өскен, көлемі 13апталық жүктілікке дейін. Алдыңғы қабырғасында субсерозды миоматозды түйіннің аяғы айналған, түйін көлемі 4х4см, қоңыр түсті. Қосалқылар екі жақтан да көзге көрінетін патологиясыз. Осы жағдайда қандай операция көлемі көрсетілген:// Энуклиация// Консервативті миомэктомия// +Қосалқыларсыз жатырды қынап үстілік ампутациялау// Жатырды дефундациялау// Жатыр түтіктерімен жатырды экстирпациялау *** 36 жастағы босанушы Я., босанудың басталуынан 5 сағаттан соң босану үйіне жеткізілді. Босану асталғаннан 10 сағаттан соң жатыр мойнының толық ашылуында ашық түсті ұрық маңы суы кетті. Осыдан кейін босану әрекеті күрт әлсіреді: күшенулер қысқа, ретті емес, әлсіз, ұрықтың басы қозғалмайды. Ұрықтың басы кіші жамбас қуысында. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді 138соқ/мин дейін. Қынаптық тексеруде: жатры мойнының ашылуы толық, шеттері анықталмайды, ұрық қапшығы жоқ, ұрық басы кіші жамбас қуысының кең бөлігінде, басында кішкене босану ісігі анықталады. Сіздің іс-әрекетіңіз:// +Окситоцинмен босануды күшейту// Энергетикалық қоспаларды негізу// Окситоцинмен босануды күшейтудің әсері болмағанда - акушерлік қысқаштарды қолдану// Босануды оперативті жолмен кесар тілігімен шешу// Вакуум-экстракторды қолдану *** 30 жастағы босанушы әйел мерзімі жеткен жүктілікпен босану үйіне жеткізілді, толғағы басталғанына 2 сағат болған. 5- жүктілік, алдыңғы 4 –і мерзімді босанулармен аяқталған. Соңғы 2-і жылдам босану болған, 3- 4 сағатта. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді 148соқ/мин дейін. Толғақтар өте күшті, ұзақтығы 40секундтан, әрбір 2- 3минут сайын. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны тегістелген, 3см-ге ашылу. Ұрық қапшығы анықталмайды. Ұрықтың басы кіші сегментімен кіші жамбасқа кіреберісінде. Сіздің диагнозыңыз:// Date: 2015-07-02; view: 965; Нарушение авторских прав |