Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы медицина 2 page





Қынаптық тексеру: жатыр мойны «жетілген», цервикалдық канал 1 көлденең саусақ өткізеді. Қағанақ қуығы бүтін, кіші жамбас кіреберісіне нәресте басы қондырылған. Мүйіске қол жетпейді.

Диагноз қойыңыз: //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың І кезеңі. //

Мерзімі жеткен жүктілік. Прелиминарлық кезең.//

Мерзімі жеткен жүктілік. Патологиялық прелиминарлық кезең.//

+ Мерзімі жеткен жүктілік. Босану ізашарлары. //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі.

***

Салмағы 4350,0 нәрестені босанғанан кейін босанған әйелде жыныс жолдарынан қан ағу басталды. Бала жолдасының бөліну белгілері оң. Бала жолдасы дефектісіз бөлінді. Жатыры тығыз. Жоғалтқан қан көлемі 300,0 және жалғасып жатыр. Жатыр мойнын айнамен қараған кезде жатыр мойнының сол жақтық күмбезге ауысқан жыртылуы анықталды

Диагноз қойыңыз: //

Бала жолдасы мен босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағулар. Жатыр мойнының ІІ дәрежелі жыртылуы. //

+ Ірі нәрестені мерзімімен босану. Бала жолдасы мен босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағулар. Жатыр мойнының ІІІ дәрежелі жыртылуы.. //

Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі атониялық қан ағу.//

Мерзімімен босану. Жатыр мойнының І дәрежелі жыртылуы. //

Мерзімімен босану. Гипотниялық қан ағу.

***

35 жастағы жүкті әйел К. жүктіліктің 36-37 аптасында қағанақ суы кеткеннен 10 сағаттан кейін және реті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан кейін перзентханаға түсті. Қараған кезде дене қызуы 36,70 С. Нәресте көлденең орналасқан. нәресте жатырмен тығыз қамтылған. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Толғақтар 2-3 минут сайын 40 секундқа дейін, күші жақсы.

Қынаптық тексеру: жатыр мойны ернеуінің ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ, иығы анықталады.

Диагноз қойыңыз: //

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі. Нәрестенің көлденең орналасуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі. //

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі. Нәрестенің көлденең орналасуы. Қолының түсіп кетуі. Нәрестенің антенаталдық өлімі. //

+ Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі.

Босанудың ІІ кезеңі, нәрестенің көлденең орналасуы. Қолының түсіп кетуі. Нәрестенің интранаталдық өлімі. //

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Қолының түсіп кетуі. Нәрестенің антенаталдық өлімі. //

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босанудың ІІ кезеңі. Қолының түсіп кетуі.

***

Қайта босанушы әйел жүктіліктің 42-43 аптасында, босанудың басталғанына 6 сағат болған, сусыз кезеңнің ұзықтығы 10 сағат.. Акушерлік статус: іштің айналымы - 110 см, жатыр түбінің биіктігі - 39 см. нәрестенің ұзынша орналасуы, басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне басы қондырылған. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет.

Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны тегістелген, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 2 см, қағанақ қуығы жоқ. Басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бас ықондырылған. Мүйіске қол жетпейді.


Диагноз: //

Жүктіліктің 42-43 аптасы. Босанудың І кезеңі. Ірі нәресте.//

+ Жүктіліктің 42-43 аптасы. Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының босануға дейін кетуі.Босану әркетінің бірінішілік әлсіздігі. Ірі нәресте.//

Жүктіліктің 42-43 аптасы. Қағанақ суының босануға дейін кетуі.Босанудың I кезеңі. Ірі нәресте. //

Жүктіліктің 42-43 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босанудың I

кезеңі. Ірі нәресте.//

Жүктіліктің 42-43 аптасы. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әркетінің екіншілік әлсіздігі.Ірі нәресте.

***

36 апталықтағы жүктілікпен қайталанып босанушы әйелде аяғында, іштің алдыңғы қабатында ісіну, АҚҚ – 180/100 мм.с.б., 165/100 мм.с.б. Ауырған аурулардың ішінде – жедел респираторлы аурулар. ҚР ДСМ №764 бұйрығына сәйкес диагноз қойыңыз//

Жүктіліктің 36 апталығы. Созылмалы гипертензия//

Жүктіліктің 36 апталығы. Жүктілер ісінуі//

+ Жүктіліктің 36 апталығы. Ауыр дәрежелі преэклампсия //

Жүктіліктің 36 апталығы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі//

Жүктіліктің 36 апталығы. Преэклампсия орташа дәрежесі

***

20 жастағы әйел әйелдер консультациясына 2 ай көлемінде етеккірінің кідіруіне шағымданып келді. Анамнезінде: 13 жасында ревматизммен ауырған, 18 жасқа дейін дсипансерлік есепте тұрды. Баспамен ауырғаннан кейін 5 ай бұрын ревматизммен ауырған, стационарлық ем қабылдаған. Объективті: көзге көрінетін шырышты қабықтары мен тері жабындылары бозғылт, пульсі минутына 90 рет, АҚҚ 90/50 мм с.б.б.б. екі қолында. Аускультацияда жүрек ұшында дөрекі систолалық шуыл естіледі.. Бимануалды зерттеу кезінде жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін үлкейген, жұмсақ, ауру сезімсіз.

Диагноз қойыңыз: //

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.//

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Жүректің туа пайда болған ақауы. //

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, Ревмокардит.//

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.//

+ Жүктіліктің 6-7 аптасы. Митралдық қақпақшаның жетіспеушілігі.

***

51 жастағы науқас жиі терлеуге, бас ауруына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: гипертониялық ауру. Соңғы етеккірі 2 жыл бұрын келген. АҚҚ 140/80 мм с.б.б.

Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмады.

Сіздің диагнозыңыз: //

НЦД кардиалдық түрі бойынша//

+ Климактерлік синдром//

НЦД гипертониялық түрі бойынша//


Пременопауза//

Постменопауза

***

20 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге етеккірдің 13 күні іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түсті. АҚҚ 100/60 мм с.б.б. Пульсі минутына 90 рет. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімді. Ішперденің тітіркену белгісі жоқ.

Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер– шырышты –аздаған қан аралас.

PV: жатыр көлемі қалыптыға сай, алдыңғы құрсақ қабырғасындағы қатаюы мен ауру сезіміне байланысты қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең, ауру сезімді.

Сіздің диагнозыңыз: //

жатырдан тыс жүктілік//

+ аналық бездің апоплексиясы//

менструалдық цикл бұзылыстары//

аппендицит//

пельвиоперитонит

***

Босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте 35 жасар босанған әйел іштің төменгі жағы мен бел аймақтарындағы ауыру сезіміне, қалтырауға, басының ауруына, дене қызуының 39ºС дейін көтерілуіне шағымданады. Босану кезінде плацентаның жартылай тығыз жабысуына байланысты бала жолдасын колмен бөлу және шығару жүргізілді. Анамнезінде- созылмалы пиелонефрит.Ең мүмкін болатың диагнозы қандай?

+ эндометрит//

Лохиометра//

жедел респираторлық ауру//

жатырдың субинволюциясы//

созылмалы пиелонефриттің өршуі

***

Фиброзды-каверноздық өкпе туберкулезі ьар жүкті әйелде 10-11 апталықтағы жүктілік анықталған. Осы жүктілікті жүргізу тактикасын таңдаңыз//

Туберкулездің кешенді медикаменттік терапиясы, жүктілікті жалғастыру//

Хирургиялық еммен бірге туберкулездің кешенді медикаменттік терапиясы және жүктілікті жалғастыру//

+ Медициналық көрсеткіштермен жасалатын аборт //

Әйелдер кеңесінің дәрігерінің бақылауы//

Мерзімі жеткен жүктілікте босануды индукциялау

***

Босанғаннан кейінгі 4-ші тәулікте 30 жасар босанған әйел іштің төменгі жағындағы ауыру сезіміне, қалтырауға, басының ауруына, дене қызуының 389ºС дейін көтерілуіне шағымданады. Сүт бездері біршама қатайған. Босанудың ІІІ кезеңінде бала жолдасының кемістігіне байланысты жатыр қуысын тексеру мен қалып қалған бөліктерді шығару жүргізілді. Анамнезінде- 2 мед.аборт, созылмалы цистит, созылмалы пиелонефрит. Ең мүмкін болатың диагнозы қандай?


Мастит//

Лохиометра//

жедел респираторлық ауру//

+ эндометрит//

созылмалы пиелонефриттің өршуі

***

Қайта босанатын әйелде екінші кезең басталғаннан соң 30 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. АҚ 120/70 мм с.б.б. Толғақтар күші жақсы, әр 2-3 минут сайын 50 секундтан. Жатыр толғақтардан тыс уақытта баяу босаңсиды, пальпация кезінде төменгі сегменті ауыру сезімді, жамбас өлшемдері 26-27-30-18 см. Нәресте жүрек соғысы тұйық. Зәр қуығының катетеризациясын механикалық тосқауылға байланысты жүргізуге мүмкін емес. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр ернеуінің ашылуы толық, нәресте басы кіші жамбас кіру жазықтығына тірелген, басында үлкен босану ісігі бар. Жебе тәрізді жік алға қарай ығысқан, бір деңгейде орналасқан үлкен және кіші еңбектеріне қол жетеді. Ең мүмкін болатын диагнозы қандай?

қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі //

+клиникалық тар жамбас, жатырдың басталған жыртылуы//

клиникалық тар жамбас, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі//

жалпақ рахитикалық тар жамбастың ІІ дәрежесі, нәрестенің құрсақ ішілік жедел гипоксиясы//

жатырдың жыртылуы

***

Босанатын әйел босану бөлімшесіне әр 2 минут сайын пайда болатын ауыру сезімді толғақтарға шағымданып түседі. Жатыр мойнының ашылуы 2 см. 2 сағаттан кейін де ол ауыру сезімді жиі толғақтарға шағымдануын жалғастыруда, жатыр мойнының ашылуы әлі де 2 см. Диагнозы?

прелиминарлық кезең//

+босану әрекетінің дискоординациясы//

босану әрекетінің әлсіздігі//

босанудың белсенді фазасы//

босанудың латенттік фазасы

***

Босанатын әйел босану бөлімшеге әр 5 минут сайынғы ретті толғақтарымен түсті, жатыр мойнының ашылуы 3 см. 2 сағат өткен соң толғақтары әр 2-3 минут сайын, ашық қағанақ сулары кетті, ернеуінің ашылуы – 6 см. Диагнозы?

прелиминарлық кезең//

босану әрекетінің дискоординациясы//

босану әрекетінің әлсіздігі//

+босанудың белсенді сатысы//

босанудың латенттік сатысы

***

56 жасар ауру іштің төменгі жағында тартып ауыру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде – ірі нәрестемен екі рет босанған. Соматикалық патологиясы анықталынбады. Қарағанда: күшену кезінде вульварлық сақинадан тыс жатыр денесі анықталады, жатыр мойны элонгирленген, гипертрофияланған, гиперемияланған, қынаптың артқы және алдыңғы қабырғалары түскен, артқы өтісті көтеріп тұратын бұлшықеттердің ажырауы байқалады. Диагнозы?

жатырдың айналып кетуі//

жатыр мойнының элонгациясы, цисто- және ректоцеле//

қынап қабырғаларының түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің дәрменсіздігі//

жатырдың толық түсуі емес, жатыр мойнының элонгациясы//

+жатыр мойнының толық түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің дәрменсіздігі, жатыр мойнының элонгациясы

***

23 жасар ауруға біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жүргізілді. Көріністе: жатыр қуысы Т-тәрізді пішінді, жатыр түтіктері қысқарған, сіреспелі, ампулярлық бөлімдерінің түйреуіш тәрізді кеңеюмен, контрастық заттың құрсақ қуысына шығуы байқалмайды. Осы өзгерістер қандай ауруға тән? //

этиологиясы хламидиялық созылмалы сальпингит//

жатыр түтіктерінің аденомиозы мен эндометриозы//

жатыр түтіктерінің обыры//

+ жыныс мүшелерінің туберкулезі//

Жоғарыдағы көресетілгендердің барлығы

***

Әйел 1 жыл бойы метастатикалық гестациялық трофобластикалық неоплазияға байланысты химиотерапияны өтті. Тексерілуден кейін үш айдан соң ХГТ сынама теріс болды, өкпелердің рентгенологиялық тексерісі патологияны анықтамады. Осыдан кейінгі әр ай сайын ХГТ сынамалар теріс болды. Осы ауруға бірінші кезекте не көрсету керек? //

ай сайын ХГТ титрін анықтау//

+ кеуде мүшелерін рентгенологиялық зерттеу//

Химиотерапия//

кіші жамбас мүшелерінің УДЗ//

сандық ХГТ анықтау

***

Босанушы 19 жаста, жетілген жүктілікпен келіп түсті босану әрекеті басталғаннан соң 7 сағаттан және суы кеткен соң 2 сағаттан кейін. Ұрық тігінен орналасқан, басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Дәрігер саусақтарын қасағадан жоғары бағыттаған кезде ұрық басы симфиздан жоғары орналасқан. Жүрек соғуы анық, ретті 138 рет/ мин. жамбас өлшемдері: D.sp. 26cm, D.Cr.-26cm, D.Tr.-30cm, C.ext.-17cm.. Вастен белгісін анықтаңыз: //

Біркелкі//

Әлсіз оң//

Теріс//

+Оң//

Әлсіз теріс

***

Жүкті әйел 39-40 аптада, босануда 9 сағат. 1 сағат аралығында ұрық басының жылжуы анықталмайды. Босанушы мазасыз, ішінің төменгі жағында ауырсынуға шағымданады, пальпация кезінде төменгі сегмент ауырсынады. Вастен белгісі оң. Жүрек соғуы 130 рет/ мин. РУ: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Сагитальді тігіс көлденең өлшемде. Сіздің диагнозыңыз: //

+Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылу қауіпі. //

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатырдың басталған жыртылуы. //

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылуы. //

Беременность 39-40 недель. II -период родов. Анатомический узкий таз. Слабость родовой деятельности//

Беременность 39-40 недель. II -период родов, басының синклитикалық орнығуы, босану әрекетінің әлсіздігі

***

Босанушы М., 23 жаста. Жамбас өлшемдері: D.sp. 25cm, D.Cr.-28cm, D.Tr.-31cm, C.ext.-17,5cm. Жамбас өлшемдерін бағалаңыз: //

Жай жалпақ жамбас 1дәр. //

+Жай жалпақ жамбас 2дәр. //

Жай жалпақ жамбас 3дәр. //

Жай жалпақ жамбас 4 дәр. //

Жалпақрахитикалық жамбас 1дәр

***

Перзентханаға алғаш босанушы келіп түсті, 19 жаста, жүктілік мерзімі 39-40 апта, шағымдары ішінің асты толғақ тәрізді ауырсынуға. Босануда 2 сағат, су бүтін. Жамбас өлшемдері:25-28-31-17 см. Тамыр соғуы 80 рет/мин, АҚҚ 120/80 мм с.б. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Жүрек соғуы 132 рет/мин. РV: жатыр мойнының ашылуы 2 см, қағанақ қабы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Мүйіске саусақ жетеді. Диагональді коньюгата 10 см. Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 1 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 2 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 3 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Жай жалпақ жамбас 1 дәр. Босанудың 1кезеңі. //

+Жүктілік 39-40 апта. Жай жалпақ жамбас 2 дәр. Босанудың 1кезеңі

***

Алғаш босанатын әйел босануда 7 сағат, бел аймағындағы қатты ауырсынуға шағымданады, толғақтар 4-5 минут сайын 30-35 секунд, айқын ауырсынады. Қайталап вагинальді зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылу динамикасы жоқ (жатыр мойнының ашылуы - 5 см, қағанақ қабы бүтін). Босану ағымы немен асқынды: //

Босану әрекетінің біріншілік әлсіздігімен//

Босану әрекетінің екіншілік әлсіздігімен//

+Дискоординирленген босану әрекетімен//

Жатыр мойнының дистоциясымен//

Жатыр тетаниясымен

***

Толғақ қызметінің басталуынан 2 сағаттан соң жедел жәрдеммен перзентханаға түскен 28 жастағы алғаш босанушы әйелде бас ауыру пайда болып, 20 минуттан соң аз уақытқа есінен тану болған тырысулар болды; АҚҚ 160/95 және 160/100 мм с.б. Зәрінде – белок 1,65 г/л. Ұрықтың жүрек соғысы анық, қалыпты 132 соғ/мин. PV жатыр мойны тегістелген, жатыр ернеуінің ашылуы 2 см. Қағанақ қабы бүтін. Ұрықтың басы кіші жамбасқа кіреберісте. ҚР ДсМ 29.12.08 ж №697 бұйрығына сәйкес патогенетикалық емі құрамында бар//

+ Магний сульфаты //

Окситоцин//

Допегит//

Диазепам//

Дроперидол

***

Босанған әйел босанғаннан кейін 8 күні жағдайының нашарлауына шағымданады. Дене температурасы 38,9 градусқа дейін көтерілген. Тексерген кезде сол жақ сүт безі ұлғайған, пальпация кезінде сезімтал. Диагнозды таңдаңыз: //

+Жедел мастит//

Сүт безінің абсцессі//

Кистозды мастопатия//

Карцинома//

Гангpенозды мастит

***

Интоксикация симптомы, емізікте жарылудың болуы, емізіктің ісінуі, сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында тері гиперемиясы анықталады, пальпация кезінде жұмсару аймағынсыз ауырсынулы инфильтрат. Сіздің диагнозыңыз: //

Сүт безі абсцессі//

Сүт безінің қатаюы//

+Инфильтративті мастит//

Сүт безінің фиброаденомасы//

Емізік жарылуы

***

Сүт безінде керіп ауырсыну, пальпация кезінде ауырсыну, интоксикация симптомының, гиперемияның және флюктуация участкесінің болмауы симптомокомплексі тән: //

+Лактостаз//

Серознды мастит//

Инфильтративті мастит//

Флегмонозды мастит//

Гангренозды мастит

***

Бастың ауыруы, ұйқының бұзылуы, тәбетінің болмауы, ішінің төменгі жағында ауырсыну, тахикардия, дене температурасының 38 градусқа дейін көтерілуі, лейкоцитоз 11х109/л, жатыр айқын контурмен, лохиялар іріңді симптомокомплексі тән: //

Сальпингоофорит//

+Эндометрит//

Метроэндометрит //

Пельвиоперитонит //

Босанудан кейінгі параметрит

***

Босанудан кейін 4 тәулікте босанған әйелде дене температурасы 39 градусқа дейін көтерілген. Шағымы ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға. Қараған кезде пульс 112 рет минутына, қанағаттанарлық толумен, ҚҚ 110/70 мм.с.б.. Жатыр түбі 4см кіндектен төмен. Жатыр айқын контурмен, ауырсынусыз. Дұрыс диагнозды таңдаңыз: //

Босанудан кейін метрит//

+Босанудан кейінгі эндометрит//

Пельвиоперитонит//

Метротромбофлебит//

Босанудан кейінгі параметрит

***

Эндометрит фонында адекватты емге қарамастан 2 аптадан соң дене температурасы 38-39 градус болып қалуда, қалтырау жалғасуда, пульс жиі, температураға сәйкес емес. Шағымы басының ауырсынуына, ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға, жатыр нашар жиырылады, ауырсыну жатыр қабырғасы бойымен тексергенде. Босанудан кейінгі қай инфекция туралы ойлауға болады: //

Эндометрит//

Параметрит//

Пельвиоперитонит//

+Метротромбофлебит//

Сальпингит

***

Босанған әйелде босанудан кейін 5 тәулікте дене температурасы 38-39 градусқа көтерілген. Шағымдары басының ауыруына, әлсіздікке, пульс 110 рет минутына. Іші жұмсақ, пальпация кезінде сезімтал. РҮ: жатыр мойны қалыптасқан, өзек 1к/с өткізеді. Жатыр консистенциясы жұмсақ, қабырғасы аймағы ауырсынады, лохия іріңді, жағымсыз иіспен. Анализінде: Нв 96 г/л, лейкоциттер 15х1012/л, солға ығысқан, лимфо- и моноцитопения. Босанудан кейінгі инфекцияның қандай формасы туралы болжауға болады//

+Жедел эндометрит //

Эндометриттің айқын емес түрі//

Эндометриттің абортивті түрі//

Метротромбофлебит//

Параметрит

***

Босанған әйел Р., 23 жаста, асқынусыз өткен, бірінші уақытында босанудан кейін 4 тәулікте кешкі дәрігердің қарауында қалтырауға және дене температурасының 39 градусқа көтерілуіне шағымданды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемиялы. Пульс минутына 92 рет. Дене температурасы – 39 градус. Сол жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 6х7см инфильтрат бар, пальпация кезінде ауырсынады, терісі гиперемияланған. Сол жақ емізікте беткейлі жарылу. Оң жақ сүт безі ерекшеліксіз. Жатыр түбі қасағадан 4 саусақ жоғары, жатыр ауырсынусыз. Бөліністер қанды-серозды, иіссіз. Сіздің диагнозыңыз. //

Серозды мастит//

Инфильтративті мастит//

+Инфильтративті - іріңді мастит//

Флегмонозды мастит//

Гангренозды мастит

***

Босанған әйел Р., 25 жаста, қағанақ суының уақытынан бұрын кетуімен өткен (сусыз кезең 8 сағат 30 минут) бірінші уақытында босанудан кейін 4 тәулікте кешкі дәрігердің қарауында қалтырауға және дене температурасының 39 градусқа көтерілуіне шағымданды. Анамнезінде созылмалы тонзиллит, пиелонефрит. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемиялы. Пульс минутына 92 рет. Дене температурасы – 39 градус. Сол жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 6х7см инфильтрат бар, пальпация кезінде ауырсынады, терісі гиперемияланған. Сол жақ емізікте беткейлі жарылу. Оң жақ сүт безі ерекшеліксіз. Жатыр түбі қасағадан 4 саусақ жоғары, жатыр ауырсынусыз. Бөліністер қанды-серозды, иіссіз. 3 күннен кейін жүргізілген терапияға қарамастан босанған әйелде температурасы қайта көтерілді, қалтырау пайда болды, сол жақ сүт безінде ауырсыну мазалайды, әлсіздік. Пульс — 100 уд/мин. Сүт безі гиперемиялы, ісінулі, жоғарғы-сыртқы квадранты ауырсынулы, ортасы жұмсарған. Осы аурудың дамуына қандай себептер әкелуі мүмкін: //

Лактостаз, себебі сүт безі босамаған//

+Емізік жарылуы, себебі инфекция үшін «кіру қақпасы» болып табылады//

Экстрагенитальді патологияның өршуі, инфекцияның таралу көзі ретінде//

Қағанақ суының босанудан бұрын кетуі, ұзақ сусыз кезең ынталандырушы фактор болуы мүмкін //

Иммунореактивтіліктің төмендеуі, себебі жүктілік екіншілік иммуножетіспеушілік болып қарастырылады

***

Босанған әйел 32 жаста босанудан кейін 3 тәулікте ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға, қалтырауға, басының ауырсынуына, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды. Босануда плацентаның жартылай тығыз жабысуына байланысты плацентаны қолмен ажыратып және бала жолдасын шығару жүргізілді. Анамнезінде бір босану және екі жасанды түсік, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері сәл қатайған. Қандай диагноз дұрыс? //

Лактостаз//

Созылмалы пиелонефриттің өршуі//

+Эндометрит//

Мастит//

Лохиометра

***

26 жастағы тексерілмеген жүктіәйел іштегі кесіп ауыратын ауру сезіміне, суық терге, жыныс жолдардан бөлінетін бөлінділерге шағымданып түсті. Үйде өте айқын босану әреккеті болған. Түскен кезде – жүкті апатиялы, сұрақтарға қиындықпен жауап береді, босану әрекеті жоқ. Тері жабындары боз, тахикардия. Іші дұрыс емес формалы. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Сәйкес келетін диагнозды таңдаңыз://







Date: 2015-07-02; view: 1079; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.066 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию