Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы медицина 1 page





2 кезең

216 тест

 

Перзентханаға 24 жастағы әйел жүктіліктің 39-40 аптасында түсті. Бойы 152 см, салмағы – 60 кг. Жамбас өлшемдері: 23-25-28-17,5 см, Соловьев индексі - 15 см, ІА - 105 см, ЖТБ - 39 см. Михаэлис ромбысы – 10х9 см. Нәрестенің ұзынша жатуы, басымен жатуы, нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет анық, ритмді, бастың тік өлшемі - 12 см.

Қынаптық тексеру: жатыр мойны – «жетілген», басымен жатуы, басы кіші жамбастың кіре берісінде қозғалмалы. Диагоналды конъюгата - 11,5 см.

Диагноз қойыңыз: //

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас I дәрежесі//

Мерзімі жеткен жүктілік. Жай жалпақ жамбас//

+ Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас I дәрежесі Ірі нәресте//

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас I дәрежесі. Көп сулық //

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Ірі нәресте

***

32ж қайталап босанушы. 10-шы жүктілік, 3-ші босанушы. Толғақтың басталуымен аз мөлшерде алқызыл қанды бөліністер басталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 120/80 мм.с.б., ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басы кіші жамбасқа кіре берісте. Ұрықтың жүрек соғысы анық, қалыпты, 130соғ/мин. Қынап арқылы тексеруде жатыр мойны ішкі ернеуі 4см ашылған, қағанақ қабы бүтін, қабықтары бұдырланған, оң жақтан ернеу жиегінде жұмсақ тін анықталады. Сіз қойған диагноз//

Плацентаның толық төмен орналасуы //

+ Плацентаның шетімен орналасуы//

Плацентаның орталық орналасуы //

Плацентаның бүйірлеп орналасуы //

Төменгі плацентация

***

Әйелдер консультациясына алғаш жүкті әйел жүктіліктің 35-36 аптасында нәрестенің қозғалу белсенділігінің төмендеуіне шағымданып келді.

Нәрестенің жүрек соғысы үнсізделген, ритмді, минутына 136 рет соғу.

Бұл жағдайда қайсы зерттеу әдісі қолайлы болып табылады: //

амниоскопия//

+ функционалды сынамалармен кардиотахография //

сыртқы акушерлік зерттеу әдісі //

УДЗ//

нәрестенің ЭКГ

***

Жүктіліктің 36 аптасында әйелде шат буыны маңында ауру сезімі, «үйрек тәрізді» жүріс пайда болды.

Диагноз қойыңыз: //

Мерзімінен ерте босану қаупі//

Флебит //

Радикулит //

+ Симфизит //

Шат буынының ажырауы

***

Жүкті әйел Н., 24 жаста, әйелдер консультациясына жүктіліктің 6-7 аптасында келді. Осы жүктілігі - 3-ші, алғашқы екеуі – жүктіліктің 12-13 және 15-16 апталарында өзіндік түсікпен аяқталды, жатыр қуысын қыру болды. Анамнезінде бала кезінде жиі баспамен ауырғаны анықталды; менархе 15 жастан, етеккірі ретсіз, 40-45 күн сайын, 3-4 күнге созылады. Соңғы етеккірі 2,5 ай бұрын. Объективті: бойы - 168 см, салмағы - 60 кг, үстіңгі ерінде, емізік маңайында, іштің ақ сызығы бойында түктердің өсуі байқалады.

Диагноз қойыңыз://

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Өзіндік түсік қаупі//

+ Жүктіліктің 6-7 аптасы. Үйреншікті түсік. Гирсутизм.//

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Жүрістегі түсік. ААА//

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Өзіндік түсік қаупі.//

Өзіндік түсік қаупі. Басталған өзіндік түсік.

***

Қайталап босанушы, мерзімі жеткен жүктілік, Қынап арқылы: Жатыр мойны тегістелген, 4-5 см ашылған. Қағанақ қабы бүтін. Ұрық басы сегізкөз ойпатының жоғарғы үштен бір бөлігін алып тұр. Жебетәрізді жігі оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек артта, оң жақта.


Қынап арқылы зерттеуде ұрықтың орналасуының қандай түрі анықталады//

Мерзімі жеткен жүктілік. Ұзынша орналасуы,I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы. Прелиминарлық кезең//

+ Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі, ІІ позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі//

Мерзімі жеткен жүктілік, ұзынша жатуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы//

Мерзімі жеткен жүктілік, ұзынша жатуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы, босанудың хабаршысы

***

Жүктіліктің соңында гемостазиограммада байқалады: //

+ фибриноген, протромбинды индекс, фибриногеннің деградация өнімдерінің жоғарылауы //

фибриноген, протромбинды индекс, фибриногеннің деградация өнімдерінің төмендеуі

фибриноген, протромбинды индекс төмендеуі, фибриногеннің деградация өнімдерінің жоғарылауы//

фибриноген, протромбинды индекс жоғарылауы, фибриногеннің деградация өнімдерінің төмендеуі//

көрсеткіштері қалыпты

***

Жүктілік кезінде фетоплацентарлық жүйеде келесі гормондар өндіріледі: //

+ эстроген, прогестерон, плацентарлық лактоген, эмбрионалдық альфа-фетопротеин //

прогестерон, плацентарлық лактоген, эмбрионалдық альфа - фетопротеин //

плацентарлық лактоген, эмбрионалдық альфа -фетопроеин //

эмбрионалды α-фетопротеин, прогестерон//

андрогендер, эстрогендер, прогестерон

***

Физиологиялық жүктілік кезінде шат буынында өзгерістер осыдан аспайды: //

0,1-0,3 см//

0,4 - 0,6 см//

+0,7-0,9 см //

1,0-1,2 см //

1,3- 1,5см

***

Жүктіліктің 8-9 аптасында әйелде құсу тәулігіне 22 рет, салмақ жоғалту, гипотония, тахикардия минутына 110 рет соғу, диурездің төмендеуі, қалдық азот пен креатининнің жоғарылауы, зәрде ацетон (4+) пайда болуы байқалады.

Диагноз қойыңыз: //

жүктіліктің құсуы, жеңіл түрі//

бүйрек жетіспеушілігі, олигурия, интоксикация//

жүктіліктің құсуы, орта ауырлық дәрежесі //

+ жүктіліктің құсуы, ауыр түрі //

дұрыс жауабы жоқ

 

***

Қайта босанатын әйелде жүктіліктің 28 аптасында, аяқтарында, алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер анықталады, АҚ 160/100 мм рт.ст., 170/100 мм рт.ст. Зәрде белок – 0,66 г\л.

Диагноз қойыңыз: //

гипертониялық ауру//

преэклампсияның жеңіл дәрежесі //

+ преэклампсияның орташа дәрежесі //

преэклампсияның ауыр дәрежесі //

созылмалы пиелонефриттің асқынуы


 

***

Перзентханаға ес-түссіз жүкті әйел жеткізілді. Туыстарының айтуы бойынша тұмаумен ауырған, бас ауруға шағымданған, аяқтарында ісіну пайда болған. Таңертең тырысулар болған. Жағдайы өте ауыр, ес-түссіз. АҚ 180/100 мм с.б., 190/100 мм с.б. Жүктілік мерзімі - 31-32 апта. Нәрестенің басымен жатуы. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет, катетер арқылы зәрі 10 мл, лайлы.

Диагноз қойыңыз //

+ Жүктіліктің 31-32 аптасы. Тұмаудан кейінгі менингит //

Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі//

Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның орташа дәрежесі.//

Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия, кома //

Жүктіліктің 31-32 аптасы. Тұмаудың асқынуы

***

Қайта жүкті әйел жүктіліктің 37-38 аптасында жыныс жолынан қанды бөлінулердің пайда болуынан 30 минуттан кейін келіп түсті, қан шығыны 300,0. Анамнезінде 2 медициналық түсік, соңғысы – метроэндометритпен асқынды. Нәресте басы кіші жамбастың кіре берісінде қозғалмалы, нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет анық, ритмді.

Айналармен қаралды: жатыр мойнында эрозияланған, цервикалды каналдан қанды бөлінулер бар.

Диагноз: //

Жүктіліктің 37-38 аптасы. ҚОПМБ. Қан ағу. ААА. //

+ Жүктіліктің 37-38 аптасы. Плацентаның жатуы. Қан ағу. //

Жүктіліктің 37-38 аптасы. Шеткі синустың жарылуы, кіндіктің қабықшаға жабысуы //

Жүктіліктің 37-38 аптасы. Плацентаның жатуы.//

Жүктіліктің 37-38 аптасы. Жатыр мойнының эрозиясы. ААА.

***

34 жастағы әйел әйелдер консультациясына етеккірінің 2 айға кідіруіне шағымданып келді, өзін жүктімін деп есептейді. Анамнезінде: 3 жасында скарлатинадан кейін гломерулонефритпен ауырған. Жалпы зәр анализінде протеинурия, микрогематурия. Бірінші жүктілігі ісіну фонында, босанумен аяқталды, сосын 3 медициналық түсік болған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанаралық. АҚ 110/60, 110/65 мм.с.б. Ісінулер жоқ. Бимануалды тексеруде жүктіліктің 8-9 аптасы анықталды.

Диагноз қойыңыз: //

Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы пиелонефрит. //

Жүктіліктің 8-9 аптасы. ААА. //

+ Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы гломерулонефрит. ААА//


Жүктіліктің 8-9 аптасы. Зәр-тас ауруы. ААА//

Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы цистит өршу сатысында.

***

22 жастағы алғаш босанатын әйел мерзімі жеткен жүктілікпен және ішінің төменгі жағының толғақ тәрізді ауруы басталғаннан 4 сағаттан кейін келіп түсті. Жамбас өлшемдері 25-28-31-21. Нәрестенің орналасуы ұзынша, арқасы алдында, кіші жамбастың кіреберісінде басымен тірелген. Нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 136 рет, ретті. Толғақтары 5-6 мин сайын 40-45 сек. созылады, күшті.

Р.V. Жатыр мойны жайылған, жатыр ернеуі 3,5 см ашылған, қағанақ қуығы бүтін. Кіші жамбастың кіреберісінде басымен тірелген. Жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді.

Диагноз қойыңыз және нәрестенің жатуын, позициясын түрін анықтаңыз: //

Мерзімі жеткен жүктілік. Ұзынша орналасуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы. Прелиминарлық кезең//

+ Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі, IІ позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі//

Мерзімі жеткен жүктілік, ұзынша жатуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы//

Мерзімі жеткен жүктілік, ұзынша жатуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы, босанудың хабаршысы

***

8-9 апталықтағы жүкті әйелде тәулігіне 22 ретке дейін құсу, салмақ жоғалту, гипотония, 110 соғ/мин тамыр соғысы, диурездің азаюы, азот қалдығы мен креатиннің жоғарылуы және зәрде ацетонның болуы (4+) анықталды.

Диагноз қойыңыз //

Жүктілердің құсуы, жеңіл түрі //

Бүйрек жетіспеушілігі, олигоурия, интоксикация//

Жүктілердің құсуы, орташа түрі //

+ Жүктілердің құсуы, ауыр түрі

***

28 апталықтағы қайталанған жүкті әйелде аяғында, алдыңғы іш қабырғасында ісінулер, 140/100 және 150/100 мм.с.б. АҚҚ анықтылды. Зәрінде белок – 0,11 г/л.

Диагноз қойыңыз //

Гипертониялық ауру//

+жеңіл дәрежелі преэклампсия //

орташа дәрежелі преэклампсия //

ауыр дәрежелі преэклампсия //

созылмалы пиелонефриттің өршуі

***

7-8 апталықпен жүкті әйелде тәулігіне 20-25 рет құсу байқалады. Әйелдің жалпы жоғдайы ауыр. 10 кг-ға дейін салмақ жоғалтқан. Жүкті әйел ішкен тамақты, суды толығымен құсады. Тері және кілегей қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғысы 120 соғ/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон ++++, белок – 0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок - 54г/л, билирубин- 25мкмоль/л. Емдеуіндегі негізгі препарат //

димедрол//

метионин//

+ церукал//

витамин С//

ампициллин

***

25 жастағы ауру, оң жақ үлкен жыныс ернінің ауруына, дене температурасының 39 °С дейін жоғарылауына, жүрген кездегі ауру сезімге шағымданады. Объективті: оң жақ үлкен жыныс ерні ісінген, аурулы, қызарған, пальпация кезінде жұмсарған аймақ анықталады.

Сіздің диагнозыңыз? //

бартолин безінің кистасы//

+бартолинит//

бартолин безінің абсцессі//

вульвовагинит//

бартолин безінің кистасының іріңдеуі

***

Ауру Б., әйелдер консультациясына жыныс мүшелерінен көп мөлшерде бөлінулерге, ашу, сыртқы жыныс мүшелері маңында қышуларға шағымданып келді.

Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы қалыпты, ісінген, қызарған, қасығаннан қалған іздер бар.

Айналарда: жатыр мойны мен қынаптың шырышты қабаттары қызарған, бөлінулер іріңді.

Бимануалды құрсақтық-қынаптық тексеру: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеу жабық. Жатыр дұрыс орналасқан, қозғалмалы, ауру сезімінсіз. Қосалқылары екі жағынын да анықталмайды. Күмбездері бос.

Сіздің диагнозыңыз? //

+ Вульвовагинит//

Вульвит//

эндоцервицит//

бактериальный вагиноз//

кольпит

***

Ауру Б., әйелдер консультациясына жыныс мүшелерінен көп мөлшерде көпіршікті, жағымсыз иісті бөлінулерге шағымданып келді. Ашу, сыртқы жыныс мүшелері маңында қышулары бір апта бойы.2 апта бұрын кездейсоқ жыныстық қатынас болғанын айтады.

Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы қалыпты.

Айналарда: жатыр мойны мен қынаптың шырышты қабаттары қызарған, бөлінулер көп мөлшерде, көбікті.

Бимануалды құрсақтық-қынаптық тексеру: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеу жабық. Жатыр дұрыс орналасқан, қозғалмалы, ауру сезімінсіз. Қосалқылары екі жағынын да анықталмайды. Күмбездері бос.

Сіздің диагнозыңыз? //

вульвовагинит//

бактериалды вагиноз//

эндоцервицит//

вульвит//

+ трихомонадты кольпит

***

Қайта босанатын әйелде ретті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан кейін қағанақ суы кетті және күшенулер басталды.

Қынаптық тексеру: жатыр ернеуі толық ашылған, қағанақ қуығы жоқ. Нәрестенің басы сегізкөз ойысы мен шат буынын толық жауып жатыр, шонданай өсіндісі анықталмайды, құйымшақ ұшы қолға сезіледі. Жебе тәрізді жігі сол жақ өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында.

Нәресте басының орналасу орнын анықтаңыз: //

үлкен сегментімен кіші жамбастың кіреберісінде //

кіші жамбастың кеңейген бөлімінде //

+ кіші жамбастың тарылған бөлімінде//

жамбас түбінде//

кіші жамбастың кіреберісінде

***

Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанатын әйелде босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан кейін күшенулер басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 136 рет соғу, ретті.

Қынаптық тексеру: жатыр ернеуі толық ашылған, қағанақ қуығы бүтін, жыртылып ашық түсті қағанақ сулары кетті. Басымен жатыр, кіші сегментімен жамбастың кіреберісінде, жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ.

Сіздің диагнозыңыз: //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Шапшаң босану.//

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Шапшаң босану.//

+ Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Қарқынды босану.//

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі.Дискоординацияланған босану әрекеті. //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздіг

***

30 жастағы қайта босанушы әйел, жүктіліктің 38-39 аптасында ретті толғақ басталғанан 5 сағаттан кейін және де қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін перзентханаға түсті.Нәрестенің жамбаспен жатуы диагностикаланды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті минутына 136 рет. нәрестенің болжама салмағы 3000,0±200,0. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны тегістелген, шеттері жұқа, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 8 см, қағанақ қуығы жоқ. Жамбаспен жатыр. Экзостоздар жоқ. Мүйіске қол жетпейді.

Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі.//

Жүктіліктің 38-39 аптасы. Нәрестенің жамбаспен жатуы. Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі.//

Жүктіліктің 38-39 аптасы. Нәрестенің жамбаспен жатуы.

Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі. Қарқынды босану әркеті.//

Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың ІІ кезеңі. Жамбаспен жату.//

+ Жүктіліктің 38-39 аптасы. Нәрестенің жамбаспен жатуы. Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі.

***

Алғаш босанушы 32 жаста жүктілігі 38-39 апта ретті босану әрекеті басталғаннан 5 сағаттан кейін түсті. Толғақтар әр 2- 3 минут сайын, ұзақтығы 40-50 секундтан, орташа толғақтар. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ритмді 136 рет минутына, орташа болжам салмағы 3200,0±200,0. Вагинальды тексергенде жатыр мойны тегістелген, жатыр мойнының ашылуы 7 см, қағанақ қуығы бүтін, бас кіші жамбас кірі берісіне тірелген. Жебе тәрізді тігіс оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта, алда. Мүйіске қол жетпейді..

Босану қарқынын бағалаңыз: //

шапшаң//

+ жеткілікті//

тез//

әлсіз//

қарқынды

***

Алғаш босанушы 20 жастағы әйел мерзімі жеткен, ретті босану әрекетінің басталғанына 5 сағат, 2 сағат бұрын қағанақ суы кеткен. Толғақтары әр 3-4мин сайын 30-35 секунттан, орташа. Нәретенің жүрек соғуы анық, ритімді 136 рет минутына. Вагинальды тексергенде жатыр мойнының ашылуы 5 см, қағанақ қуығы жоқ, көзі, мұрын ұшы, аузы, сол йегі, алдынан пальпияланады. Экзостоздар жоқ. Мүйіске қол жетпейді.

Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 39-40 апта. Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі. Босанудың 1 кезеңі. //

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі. Артқы түрі. //

+ Жүктілік 39-40 апта. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Бетпен жатуы.//

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі.//

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі. Баспен алдыңғы орналасуы

***

Салмағы 3200,0 бойы 52 см тірі қыз бала туылғаннан 30 минуттан кейін әйелде бала жолдасының бөліну белгілері, жыныс жолынан қанды бөлінділері жоқ.

Сіздің диагнозыңыз: //

қалыпты босанудан кейінгі кезең//

бала жолдасының жатырда кідіруі //

бала жолдасының тығыз жабысуы//

бала жолдасының қысылуы//

+ бала жолдасының шынайы бітісуі

***

24 жастағы алғаш босанушы әйел мерзімі жеткен жүктілікпен, ретті босану әрекеті басталғаннан 5 сағаттан кейін перзентханаға түсті. Жамбас өлшемдері 26-29-30-17,5 см, Михаэлис ромбысы – 9 х l 0 см, Соловьев индексі – 15 см, ішінің айналымы - 98 см, жатыр түбінің биіктігі- 32 см. Қынаптық тексеру: жатыр мойны тегістелген, шеті орташа қалыңдықта, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 5 см, қағанақ қуығы бүтін, кіндік ілмектері жатыр, кіші жамбас кіреберісінде нәресте басы қозғалмалы. Диагоналдық конъюгата - 10,5 см.

Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың І кезеңі. Жалпы бірқалыпты тарылған тар жамбас, І дәрежесі, кіндік ілмегінің түсіп кету//

+ Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың І кезеңі. Кіндік ілмектерінің жатуы. Жәй жалпақ жамбас, II дәрежесі //

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың І кезеңі. Жалпы бірқалыпты тарылған тар жамбас, II дәрежесі. Кіндік ілмегінің түсіп кету. //

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жәй рахиттық жамбас. Кіндік ілмегінің түсіп кету//

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың І кезеңі. Кіндік ілмегінің жатуы. Көлденеңінен тарылған жамбас.

***

Алғаш босанушы әйелде босану әрекеті басталғаннан кейін 6 сағаттан кейін күшену басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті, минутына 136 рет.

Қынаптық тексеруде: жатыр мойны ернеулерінің ашылуы толық, қағанақ қуығы бүтын, амниотомия жасалды, ашық сарғыш түсті қағанақ суы кетті. Нәресте басымен жатыр, төбе жігі жамбастың көлденең өлшемінде, қасаға жақын орналасқан. Мүйіске қол жетпейді. Экзотсаздар жоқ.

Нәрестенің болжама салмағы - 4000,0±200,0 г.

Сіздің диагнозыңыз: //

Жұктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың IІ кезеңі. Ірі нәресте.//

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың II период кезеңі. Маңдаймен жату. Ірі нәресте.//

Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Алдыңғы баспен жату. Ірі нәресте.//

Жүктіліктің 39-40 аптасы Босанудың IІ кезеңі. Алдыңғы асинклитизм. Ірі нәресте. //

+ Жүктіліктің 39-40 аптасы Босанудың IІ кезеңі. Артқы асинклитизм. Ірі нәресте

***

Мерзімі жеткен жүктілікпен босанушы әйелде босанудың ІІ кезеңінде кеннеттен ентігу, акроцианозкөпіршікті қақырықпен жөтелу пайда болды, өкпесінде әртүрлі калиберлі ылғал сырылдар естіледі. Анамнезінде: кардиологтен консультация жасалған, «Ревматизм, активті емес фазасы. Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозы қойылды. Күшенулер әрбір 1-2 минут сайын 50-55 секундтан, нәресте ұзынша орналасқан, кіші жамбас қуысында нәресте басы орналасқан, нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті минутына 170 рет.

Сіздің диагнозыңыз: //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі, Митралдық стеноз. Өкпе ісінуі алдында.//

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі, Митралдық стеноз.ҚАЖ IIА //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі, Митралдық стеноз. ҚАЖ I. Нәрестенің гипоксиясы. //

+ Мерзімі жеткен жүктілік.Босанудың ІІ кезеңі. Митралдық қақпақшаның стенозы. Өкпе ісінуі. //

Мерзімі жеткен жүктілік. Митралды қақпақшаның стенозы. ТЖ II

***

Алғаш босанушы әйелдің жамбас өлшемдері қалыпты және де нәрестенің болжам салмағы орташа, жатыр мойны толық ашылған кезде нәрестенің төбе жігі кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең өлшемінде екендігі анықталды, үлкен еңдек оң жағында, кіші еңбек –сол жағында, үлкен еңбекпен бір деңгейде.

Нәресте басының қондырылу сипатын анықтаңыз: //

шүйдемен жатудың алдыңғы түрі //

шүйдемен жатудың артқы түрі //

+ алдыңғы баспен жату //

маңдаймен жату //

бетпен жату

***

25 жастағы жүкті әйел К.мерзімі жеткен жүктілікпен, қалыпты жамбас өлшемдерімен әйел іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, жиі зәр шығаруға, шырышты тығынның кетуіне шағымданып перзентханаға түсті. Іштің айналымы-100 см, жатыр түбінің биіктіні-35 см. Нәресте ұзынша орналасқан, кіші жамбас кіреберісіне нәресте басы қондырылған. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 136 рет. Жатыры қозбаған.







Date: 2015-07-02; view: 1020; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.056 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию