Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы медицина 4 page





Пельвиоперитонит//

Параметрит//

Метроэндометрит//

сол жақты сальпингит

***

Ауру А., 24 жаста, етеккірінің 2 аптаға кешігуі кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділер мен іштің төменгі аймағында ауыру сезімдеріне шағымданып келіп түсті. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 90 рет минутына. Айналармен қарағанда: жатыр мойны шырышты қабығының цианозы, бөлінділер қанды, қою түсті. ҚЗ: жатыры сәл үлкейген, қозғалмалы, оң жақ жатыр қосалқыларының аймағында ауыру сезімді, консистенциясы қамыр тәріздес құрылым анықталады. Артқы күмбезі тегістелген, ауыру сезімді.

Сіздің диагнозыңыз://

Эндометриоз//

толық емес аборт//

+жатырдан тыс жүктілік//

жатыр миомасы//

ДЖҚ

***

Ауру В., 30 жаста, дене қызуының 38ºС дейін көтерілуіне, іштің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне, жыныс жолдарынан іріңді бөлінділерге, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымдануына байланысты гинекология бөлімшесіне жеткізілді. 2 күн бұрын жүктіліктің 8-9 аптасында медициналық аборттан кейін ауырған. Объективті: пульс 96 рет минутына, АҚ 120/70 мм с.б.б, перитонеальдық симптомдары жоқ. Айналармен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер іріңді. ҚЗ: жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеуі жабық, жатыры қалыптыдан сәл үлкен, палпация кезінде ауыру сезімді, қосалқылары анықталмайды, олардың аймағы ауыру сезімсіз.

Диагнозды қойыңыз://

+метроэндометрит//

Сальпингоофорит//

Параметрит//

Пельвиоперитонит//

периметрит

***

Ауру В., 25 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге, іштің төменгі аймағында ауыру сезіміне, дене қызуының 38,5ºС дейін көтерілуіне шағымданып келіп түсті. Жүктіліктің 13-14 аптасында үзу мақсатында жатыр қуысына катетерді енгізгеннен кейін 2-ші тәулікте ауырған. Айналармен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер қанды, орташа мөлшерде; цервикальды канал 2 көлденең саусаққа өтімді, жатыр жүктіліктің 12-13 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ консистенциялы, пальпация кезінде сезгіш. Қосалқылар аймағы екі жақтан да ерекшеліксіз.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз://

+басталған асқынбаған инфекция жұққан аборт//

басталған асқынған инфекция жұққан аборт//

толық емес асқынған аборт//

асқынбаған инфекция жұққан жүрістегі аборт//

толық емес асқынбаған инфекция жұққан аборт

***

Ауру Р., 28 жаста, жедел жәрдем дәрігерімен стационарға дене қызуының 40ºС дейін көтерілуі, қалтырау, құсу, бұлшықеттердегі ауыру сезімі, қола түстес сарғыштық, диурездің төмендеуі, зәрінің ет жуындысы түстес болуы, қанды-іріңді бөлінділер сияқты шағымдарына байлынысты жеткізілген. Жүктіліктің 17-18 аптасында үзу мақсатымен катетер арқылы жатыр қуысына сабынды ерітіндіні енгізгеннен кейін 7 күннен кейін дәрігерге қаралған. Айналармен қарағанда: жатыр мойнында некротикалық өңез, ихорозды бөлінділер. ҚЗ: жатыр мойны тегістелген, жатыр ернеуінің ашылуы 4 см, жатыр денесінің контуры анық шектелмейді, 12-13 аптаға дейін ұлғайған, ауыру сезімді, консистенциясы біркелкі емес. Сағат сайынғы диурез – 25 мл/сағ. Зертханалық мәліметтер: Hb-52 г/л, эритроциттер-2,4х10"/л, лейкоциттер-3,4х10´/л, ЭТЖ-60 мм/сағ.,билирубин-230 ммоль/л.

Сіздің диагнозыңыз://

геморрагиялық шок//

септикалық шок//

+анаэробты сепсис//

Перитонит//

пельвиоперитонит

***


32 жасар Р., гинекологиялық стационарда жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуының өршуі бойынша болған. Шығу алдында ауру гинекологтан контрацепция әдісін таңдауға көмектесуін сұраған. Әйел тұрмыс құрған, 2 баласы бар. Соңғы 3 жыл ішінде екі рет гинекологта жатыр қосалқыларының қабыну үрдісінің өршуі бойынша емделген.

Ауруға қай контрацепция әдісін ұсынған жөн://

ЖІС//

таза гестаген//

+ҚАК//

Спермицидтер//

ырғақтық әдіс

***

26 жасар А.-да реабразиямен болған медициналық аборттан кейін 4 ай бойы етеккірі жоқ. Етеккірді күтетін күндері іштің төменгі аймағында ауру сезімдері пайда болады. ҚЗ: жатыр жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақтау консистенциялы. Қосалқылар аймағы ерекшеліксіз.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз://

Эндометрит//

+ аменореяның жатырлық түрі, мойын каналының атрезиясы//

жатырлық жүктілік, ерте түсік қаупі//

орталық генезді аменорея//

аналық бездік аменорея

***

25 жасар В. гинекологқа етеккірінің болмауы мен жалпы әлсіздікке шағымдануына байланысты қаралған. Бір жыл бұрын баласын босанған, босанғаннан кейінгі кезеңде шомбалды қан ағу болған, қарқынды ем қабылдаған, гемотрансфузия жүргізілген. Босанудан кейін сүттің мардымсыз болуын байқаған, кейін ем шараларға қарамастан лактация толығымен тоқтаған. Объективті: әйелде дене салмағының тапшылығы байқалады, сүт бездері божыраған, қолтықтары мен қасағадағы түктенуі мардымсыз. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған, депигменттелген. ҚЗ: қынабы кең, жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі қалыптыдан кіші, қосалқылар аймағы ерекшеліксіз.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз://

Шерешевский-Тернер синдромы//

Бабинский-Фрелих синдромы//

Моррис синдромы (тестикулярлық феминизация)//

+ Шихан синдромы//

дұрыс жауабы жоқ

***

34 жасар Ф. тез үдемелі гирсутизм мен етеккірінің тоқтауына шағымданады. Өзін алғашқы рет етеккірінің кідіруі мен бетінде (сақал, мұрт) шаштардың өсуі пайда болғаннан бері 6 ай бойы аурумын деп санайды. Соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған. Қарағанда: бойы-152 см, дене салмағы-57 кг. Айқын гирсутизм. Сүт бездері атрофияланған. Емізіктерінен бөлінділер жоқ. ҚЗ: жатыр мойны цилиндр пішінді, ернеуі жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқы аймағы ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқы аймағында өлшемі 5,5х4,5х5,0 см көлемді тығыз құрылым пальпацияланады.


Дұрыс диагнозды қойыңыз://

адреногенитальдық синдром//

бүйрек үсті бездерінің ісігі//

аналық бездері поликистозы синдромы//

+ аналық безінің гормон шығарушы ісігі//

Иценко-Кушинг ауруы

***

48 жасар Л. тәулігіне 8-10 рет басына ыстықтың құйылуына мен тершеңдікке шағымданады. Көрсетілген симптомдар соңғы бір жыл ішінде байқалады. Етеккірі әр 2-3 ай сайын, мардымсыз, 1-2 күннен. Анамнезінде – тасты холецистит бойынша операция жасалынған. Босануы-3, аборттар-2. Гинекологиялық тексеру барысында патология анықталынбады.

Сіздің диагнозыңыз://

менструальдық циклдың бұзылуы//

менопауза//

етеккір алды синдром//

+климактериялық синдром//

вегето-қантамырлық дистония

***

Қайта жүкті, алғаш босанатын 28 жастағы әйел әйелдер кеңесі дәрігеріне жетілген жүктілікпен қабылдауға келді. Жақында кардиотокография жүргізілген. Келесі параметрлер анықталды: базальді ЖЖЖ – 138-142 рет минутына, осцилляция жиілігі 1 минутта 12, спорадикалық акцелирация байқалады, децелерация жоқ. Ұрықтың жүрек қызметінің жағдайын қалай бағалайды//

+Ұрықтың жағдайы қалыпты//

Өмір әрекеттерінің бұзылыстарының алғашқы белгілері//

Өмір әрекеттерінің бұзылыстарының мөлшерлі белгілері//

Ұрық жағдайының айқын өзгерістері//

Ұрықтың сын жағдайлары

***

Қайта жүкті алғаш босанушы әйелде өлі ұрықпен уақытынан бұрын босану болды. Стационардан шығару алдында тексеру жүргізілді: Нв 98 г/л, Эритроциттер 3х1012/л, Лейкоциттер 6,8х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ; Зәр анализі: үлес салмағы 1020, Л 2-3 көру алаңында. Науқас үшін оптимальді контрацепция әдісі болып табылады://

ЖІЗ//

+КОК//

Таза гестагендер//

Барьерлі заттар//

Ерікті хирургиялық стерилизация

***

Жанұяны жоспарлау дәрігеріне контрацепция әдісін таңдау үшін 19 жастағы әйел қаралды, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық партнері бар. Берілген жағдайға тиімді контрацепция әдісінің әсер ету механихмі қандай: //

+ Барьерлі эффект//

Овуляцияны тежейді//

Цервикальді шырышты қоюландырады//

Жұмыртқа клеткасының имплантациясын бұзады//


Имплантация мүмкіндігін азайта отырып, эндомертиді өзгертеді

***

Қайта жүкті алғаш босанушы әйелде өлі ұрықпен уақытынан бұрын босану болды. Стационардан шығару алдында тексеру жүргізілді: Нв 98 г/л, Эритроциттер 3х1012/л, Лейкоциттер 6,8х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ; Зәр анализі: үлес салмағы 1020, Л 2-3 көру алаңында. Осы жағдайда көрсетілген контрацепцияны науқас қашан бастай алады: //

Босанудан кейін 1-5 күндері//

Босанудан кейін 3 аптадан соң//

+Босанудан кейін 4-6 аптадан соң//

Босанудан кейін 6 аптадан соң//

Босанудан кейін 6 айдан соң

***

Жанұяны жоспарлау дәрігеріне 28 жастағы әйел қаралды, анамнезінде 2 босану, 2 түсік, соңғы жүктілігі бір ай бұрын уақытында босанумен аяқталған. Қазір баласын омыраумен қоректендіреді. Осы жағдайға тән контрацепциялық әдісті қолданудың мерзімі: //

+6 ай//

1 жыл//

3 жыл//

5 жыл//

10 жыл

***

Жанұяны жоспарлау дәрігеріне контрацепция әдісін таңдау үшін 19 жастағы әйел қаралды, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық партнері бар. Осы жағдайға тән контрацепция әдісінің кемшіліктерінің бірі болып табылады: //

Қан ұйығыштығын бұзады//

Етеккір бөліністерінің сипатын бұзады//

Етеккір бөліністерінің күшеюі//

Қайтымсыз//

+Сексуалды сезімді төмендетеді

***

Қайта босанушы, 32 жаста. Жүктілік 10-шы, босануроды 3-ші. Толғақ басталуымен мөлшерлі қанды бөліністер пайда болды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 120/80 мм с. б., ұрық тігінен орналасқан, басы кіші жамбас кіреберіс үстінде. Жүрек соғуы анық, ретті 130 рет/мин. Ішкі зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылуы 4 см, қағанақ қабы бүтін, қабықшалары бұдырланған, оң жақтан мойны шетінен жұмсақ тін анықталады. Сіздің диагнозыңыз: //

Плацентаның толық жолда жатуы//

+Плацентаның шетімен жолда жатуы//

Плацентаның орталық жолда жатуы//

Плацентаның бүйірімен жолда жатуы//

Төменгі плацентация

***

Үшінші босану. Босанушыда зәрінде 2г/л белок. Ісінулер, АҚҚ - 170/100 мм с.б. Босану әрекетінің басталуынан 8сағат өтті. Су кеткен жоқ. Басы келіп тұр, кіші жамбас қуысының кең бөлігінде орналасқан. Жатыр мойнының ашылуы толық. Кенеттен босанушы бозарып кетті, құсу және ішінің төменгі бөлігінде аурсыну пайда болды. Тамыр соғуы - 100 рет/мин. Жатыр формасы ассиметриялық сол жақ бүйірінің шығуына байланысты, жатыр пальпациясы ауырсынумен. Жүрек соғуы тұйықталған, 90 рет/мин., аритмиялық. Сыртқы қан кету жоқ. Бұл патология кезінде пайда болған асқынуды атаңыз: //

Эклампсия//

Жатыр жыртылуы//

+ҚОПУБА//

Ұрық гипоксиясы//

қарқынды босану

**

Жүкті әйел Р. Жүктіліктің 7-8 аптасында 4-5 рет тәулігіне құсуға шағымданады.Жағдайы қанағаттанарлық. Құсу аш қарынға, тағаммен немесе жағымсыз иіске пайда болады. Салмақ жоғалту 2 кг. Дене температурасы қалыпты. Тамыр соғуы - 80 рет/мин. АҚҚ 100/60 мм.с.б. зәр мен қан анализдері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз//

+Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы жеңіл дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы орташа дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы ауыр дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер гепатозы//

Жүктілік 7-8 апта. Преэклампсия орташа дәреже

***

Жүкті әйел К. Жүктіліктің 7-8 аптасында 20-25 рет тәулігіне құсуға шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту 10 кг құрайды. Жүкті әйел тағады да, сүйықтықты да іше алмайды. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғуы -120 рет/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон + + + +, белок-0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок-54г/л, билирубин- 25мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы жеңіл дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы орташа дәреже//

+Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер құсуы ауыр дәреже//

Жүктілік 7-8 апта. Жүктілер гепатозы//

Жүктілік 7-8 апта. Преэклампсия орташа дәреже

***

Перзентхананың қабылдау бөліміне 30 жастағы науқас әкелінді. Жағдайы ауыр, есін толық білмейді. Тынысы әрең, аузынан ацетониісі шығады. Терісі бозғылт, құрғақ. Тілі құрғақ, қарашықтары кеңейген. Аяқ-қолдарының тырысуы байқалады. АҚҚД – 80/50 мм с.б. тамыр соғуы 100 рет мин., температура 36,2 град. Зерттеу кезінде 25-26 апталық жүктілік анықталды. Қалтасында паспорт – қант диабетімен ауырады. Сіздің диагнозыңыз: //

+Жүктілік 25-26 апта. Гипергликемиялық кома//

Жүктілік 25-26 апта. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі//

Жүктілік 25-26 апта. Бүйрек жетіспеушілігі//

Жүктілік 25-26 апта. Эклампсия//

Жүктілік 25-26 апта. Гипогликемиялық кома

***

Терапевт кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел бағытталды, шағымы әлсіздікке, тез шаршауға. Анамнезінде бір босану асқынусыз 1 жыл бұрын. Қарау кезінде тері жабындылары бөзғылт, тамыр соғуы 82 рет/ мин., АҚҚ 120/80 мм с-б., жатыр жүктіліктің 24 аптасына дейін ұлғайған. Зерттеу кезінде НЬ - 92 г/л, түс көрсеткіші 0,8, эритроциттер – 2,2 млн. Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 24 апта. Аутоиммунды гемолитикалық анемия//

+Жүктілік 24 апта. Теміржетіспеушілік анемия//

Жүктілік 24 апта. Микросфероцитарлы анемия//

Жүктілік 24 апта. Фолиеводефицитті анемия//

Жүктілік 24 апта. Апластикалық анемия

***

Кардиологиялық орталыққа 20 жастағы алғаш жүкті әйел келіп түсті. Жүктілік мерзімі 10-11 апта. Д есепте жүрек ақауы бойынша тұрады. Ревматизмның ақырғы өршуі 16 жасында. Шағымы түскен кезде жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ісінулер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, төбесінде систолялық шу, акцент өкпе артериясында. Тамыр соғуы 80 рет/мин, ырғақты. АҚҚ 110/70 мм с.б. басқа ағзалар бойынша патология жоқ. Лабораториялық зерттеу кезінде: Нв 110 г/л, СОЭ 35 мм/ч, лейкоциттер 6,2*109, лейкоцитарлы формула қалыпты, ревмосынамалары қалыпты деңгейде. Жатқызудың негізгі мақсаты: //

Жүрек ақауының түрін анықтау//

Қанайналымы бұзылысының белсенділігін анықтау//

Қанайналымы бұзылысының белгілерін анықтау//

+Жүктілікті ары қарау жалғастыру сұрағын шешу//

Инфекция ошақтарын анықтау

***

Гипертензиясы бар жүкті әйелде мұрнымен тыныс алудың қиындауына, мұрнының бітелуіне шағымы пайда болды. Диагноз қойыңыз://

Жеңіл преэклампсия. ЖРВА//

ЖРВА//

Аллергиялық ринит//

+Ауыр преэклампсия//

Эклампсия. ЖРВА

***

Қайта жүкті әйелде жүктіліктің 36 аптасында аяғында, алдыңғы құрсақ қабатында ісінулер анықталды, АҚҚ - 160/100 мм с.б., 165/100 мм с.б. басынан откен аурулар ЖРА. ҚР ДМ №764 бұйрығы бойынша диагноз қойыңыз: //

Жүктілік 36 апта. Созылмалы гипертензия//

Жүктілік 36 апта. Жүктілер ісінулері//

+Жүктілік 36 апта. Преэклампсия ауыр дәреже//

Жүктілік 36 апта. Преэклампсия жеңілже//

Жүктілік 36 апта. Преэклампсия орташа дәреже

***

24 жасар алғаш босанушы жүктілігі жетілген алғаш босанушы. Бірнеше күн ішінде –бас ауруы, өзін жаман сезінеді. Қарау кезінде: төмеңгі аяқ буындарының ісінуі және алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі байқалуда. Жалпы анализінде зәрінде – 3г/л болатын ақуыз табылды. Артериальды қысымы 180/100 мм рт.ст. Сыртқы зерттеу: жамбаспен келу, әрбір 4-5 минут сайын болатын толғақтар, ұрық жүрек соғысы кіңдігіген жоғары сол жақта минутына 140 соққы. Жамбас өлшемдері: 25-28-31-20 см. қынаптық зерттеу: ашылуы толықтай, ұрық қабы бүтін, сол аяғы сол және алдыңғы жақтан байқалады. ЗҚасағаның артқы жағы және сегіз көз ойысы бос. Қынаптық зерттеу кезінде бірінші талма ұстамасы болды, ол 3-4 мин созылып, есінің жоғалтты. Диагнозды қойыңыз: //

Жүктілік 40 апта. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанулардың екінші кезеңі. Эпилепсия ұстамасы. //

Жүктілік 40 апта. Ұрықтың жамбаспен келуі. Босанулардың екінші кезеңі. Эклампсия. //

Жүктілік 40 апта. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанулардың бірінші кезеңі. Преэклампсия ауыр дәрежесі. //

+Жүктілік 40 апта. Ұрықтың аяқпен келуі. Босанулардың екінші кезеңі. Эклампсия //

Жүктілік 40 апта. Ұрықтың жамбаспен келуі. Эклампсия

***

25 жаста, науқас Н., 34 апталық үйінен талма ұстамасымен жүктілік 34 аптада жедел жәрдем машинасымен жеткізілді. Соңғы айда ісіну ұлғайды, соңғы күндері басының ауырсынуы мазалады. Түскен кезде нейролептик әсерінде болды, қатынасқа түспейді. ісінген. ҚҚ 190/100 мм. рт.ст. Жатыр көлемі 34 аптаға сәйкес. Ұрықты тігінен орналасқан жүрек соғысы тұйық, ретті 160 рет минутына. Жамбас өлшемдері қалыпты. PV: жатыр мойны тегістелген. Ашылуы 1 см. Ұрық қабы бүтін. Басы кіші жамбасқа тірелген. Диагноз: //

Жүктілік 34 апта. ААА, преэклампсия жеңіл дәрежесі//
Жүктілік 34 апта, әдетті көтере алмаушылық//
Жүктілік 34 апта, ААА, ісінулер//
Жүктілік 34 апта, преэклампсия ауыр дәрежесі//
+ Жүктілік 34 апта, ААА, эклампсия

***

Босану стационарына 35 апта болатын қайтадан босанушы жеткізілді. Анамнезінде гипертониялық ауру. Ұйқыссыздыққа, маңдай маңайындағы және желке маңайындағы ауыртқы сезімге шағымданады. Қарау кезінде бет бұлшықеттерінің жеңіл тартулары жалпы ісіну. Қан қысымы 170/100 және 180/100. Пpотеинуpия 0,6г/л. Жүктілік ағымы асқынған: //

Преэклампсия жеңіл дәрежесі//

Преэклампсией орта дәрежесі//

Гипеpтонилық энцефалопатия//

Пpеэклампсия ауыр дәрежесі//

+Эклампсия

***

Өздігінен тыныс алу реанимациялық шаралардан кейін пайда болды. Туғаннан соң 5 мин. кейін Апгар шкаласы бойынша - 7 балл. Сіздің диагнозыңыз: //

Жеңіл дәрежелі асфиксия//

+Орташа дәрежелі асфиксия//

Ауыр дәрежелі асфиксия//

Бас ми жарақаты//

Пневмопатия

***

Босанудың 1 кезеңінің ұзақтығы 16 сағат, 2 кезең - 1 сағат. Нәресте мойнынан кіндік бауының тығыз оралуымен туды, Апгар шкаласы бойынша - 5 балл. Өздігінен тыныс алу реанимациялық шаралардан кейін пайда болды. Туғаннан соң 5 мин. кейін Апгар шкаласы бойынша - 7 балл. 3 сағаттан кейін жағдайы нашарлады (ретсіз тыныс алу, тахикардия 160 рет мин, тырысулар). Патогенезі бойынша жіктелуге байланысты бұл асқыну қандай гипоксияға жатады: //

Гипоксиялық//

Гемикалық//

+Циркуляторлы//

Тіндік//

Тіндер гипоксиясына

***

Қайта босанушы, 30 жаста, жамбас өлшемдері қалыпты, жетілген жүктілікпен босану әрекеті 2 сағаттан соң келіп түсті. Толғақтар 4-5 минут сайын, 35 сек. Ұрық басы кіші жанбас кіреберіске тірелген. Ұрық жүрек соғуы 180 рет минутына, оң жақтан кіндіктен төмен. PV: жатыр мойнының ашылуы 3 см. Жедел плацентарлы жетіспеушіліктің клиникалық белгілері: //

Ұрықтың созылмалы гипоксиясы//

Айқын су аздық//

+Жүрек соғу жиілігінің бұзылысы//

Асимметриялық ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуі//

Симметриялық ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуі

***

Алғаш босанушы, 28 жаста жетілген жүктілікпен. Жамбас өлшемдері: 26-27-30-17,5 см. шынайы коньюгата 8,5 см. Бел-сегізкөз ромбы деформирленген: вертикальді өлшем азайған. Жамбастың тарылу түрі: //

Біркелкі тарылған жамбас//

+Жалпақрахитикалық жамбас//

Көлденең тарылған жамбас//

Жай жалпақ жамбас//

Жалпы тарылған жамбасобщесуженный таз

***

Босанушы 19 жаста, жетілген жүктілікпен келіп түсті босану әрекеті басталғаннан соң 7 сағаттан және суы кеткен соң 2 сағаттан кейін. Ұрық тігінен орналасқан, басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Дәрігер саусақтарын қасағадан жоғары бағыттаған кезде ұрық басы симфиздан жоғары орналасқан. Жүрек соғуы анық, ретті 138 рет/ мин. жамбас өлшемдері: D.sp. 26cm, D.Cr.-26cm, D.Tr.-30cm, C.ext.-17cm.. Вастен белгісін анықтаңыз: //

Біркелкі//

Әлсіз оң//

Теріс//

+Оң//

Әлсіз теріс

***

Босанушы М., 23 жаста. Жамбас өлшемдері: D.sp. 25cm, D.Cr.-28cm, D.Tr.-31cm, C.ext.-17,5cm. Жамбас өлшемдерін бағалаңыз: //

Жай жалпақ жамбас 1дәр. //

+Жай жалпақ жамбас 2дәр. //

Жай жалпақ жамбас 3дәр. //

Жай жалпақ жамбас 4 дәр. //

Жалпақрахитикалық жамбас 1дәр

***

 

Перзентханаға алғаш босанушы келіп түсті, 19 жаста, жүктілік мерзімі 39-40 апта, шағымдары ішінің асты толғақ тәрізді ауырсынуға. Босануда 2 сағат, су бүтін. Жамбас өлшемдері:25-28-31-17 см. Тамыр соғуы 80 рет/мин, АҚҚ 120/80 мм с.б. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Жүрек соғуы 132 рет/мин. РV: жатыр мойнының ашылуы 2 см, қағанақ қабы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Мүйіске саусақ жетеді. Диагональді коньюгата 10 см. Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 1 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 2 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 3 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Жай жалпақ жамбас 1 дәр. Босанудың 1кезеңі. //

+Жүктілік 39-40 апта. Жай жалпақ жамбас 2 дәр. Босанудың 1кезеңі

***

Алғаш босанатын әйел босануда 7 сағат, бел аймағындағы қатты ауырсынуға шағымданады, толғақтар 4-5 минут сайын 30-35 секунд, айқын ауырсынады. Қайталап вагинальді зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылу динамикасы жоқ (жатыр мойнының ашылуы - 5 см, қағанақ қабы бүтін). Босану ағымы немен асқынды: //

Босану әрекетінің біріншілік әлсіздігімен//

Босану әрекетінің екіншілік әлсіздігімен//

+Дискоординирленген босану әрекетімен//

Жатыр мойнының дистоциясымен//







Date: 2015-07-02; view: 1141; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.059 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию