Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орналасуы. 16 цилиндрлі 7FDL қозғалтқышында иінді біліктің ұзындығы бойынша тоғыз негізгі мойынтірек





16 цилиндрлі 7FDL қозғалтқышында иінді біліктің ұзындығы бойынша тоғыз негізгі мойынтірек, 12 цилиндрлі 7FDL қозғалтқышында жеті негізгі мойынтірек, ал 8 цилиндрліде – бес негізгі мойынтірек орналастырылады.

Негізгі мойынтіректер қалай жұмыс істейді

7FDL қозғалтқышының цилиндрлеріндегі жанармай жанған кезде поршендердің желілік орналастыру энергиясы шатундардың көмегімен иінді біліктің айналым қозғалысының энергиясына айналады.

Дизель блогіндегі иінді білікті сенімді орната отырып, негізгі мойынтіректер бұл энергияны ұстап тұруға көмектеседі. Негізгі мойынтіректер тиісті түрде жұмыс істеген кезде, цилиндрлердегі газдарды кеңейту энергиясы иінді білік арқылы қозғалтқыштың артқы бөлігіне тиімді беріледі.

Сақтаныңыз! Егер негізгі мойынтірек тозса немесе дұрыс орнатылмаса, соңы апатқа ұшыратуы мүмкін. Мойынтіректің ішпегі иінді біліктің бойында шектен тыс сығылулар мен дірілдердің пайда болуына әкеліп соғатын негізгі мойынның бетін зақымдауы мүмкін.

Осындай шектен тыс сығылулар қозғалтқыштың ПӘК төмендетіп қана қоймай, қозғалтқыштың өзге де түйіндері мен агрегаттарының зақымдануына себепкер болуы мүмкін.

Негізгі мойынтіректердің түйіндері мен бөлшектері

Түйіндер мен бөлшектер

Ескерту: Негізгі мойынтіректерінің кезеңдік тексерілуі қарастырылмағанмен, қозғалтқыштың жай-күйін күнделікті тексеру барысында ақаулықты анықтауға мүмкіндік беретін бөгде дыбыстарға құлақ салу керек.

Иінді білікте тұрған негізгі мойынтіректің құрамына дизель блогында орналастырылатын жоғарғы ішпек, төменгі қақпақта ұсталып тұратын төменгі ішпек кіреді. Дизель блогына қоса орнатылған екі бұрамасұққыш (шпилки) әрбір қақпақ арқылы өтіп, олардың әрқайсысын дизель блогына мықтап бекітеді.

Әрбір бұрамасұққыштағы (шпилки) гайкалар тиісті түрде тартылса, мойынтіректің түйіндері мен бөлшектерінің бір-біріне және мойынтірек қақпағының дизель блогіне мықтап қысылуына жағдай жасайды. Дизель блогына қақпақты бекіту үшін қолданылатын бұрамасұққыштарға қоса мойынтіректің төменгі қақпағы дизель блогына оң және сол қабырғаларына қосатын тартпалы екі бұранмен орнықтырылады.

Негізгі мойынтіректің қақпақтары дизель блогындағы иінді білікті орнықтырады. Иінді біліктің бойында тоғыз негізгі мойынтірек орнатылған. Олардың әрқайсысы екі ішпектен және блок пен қозғалтқыш блогының бүйір қабырғаларына бекітілетін қақпақтан тұрады.

Негізгі мойынтіректерді бөлшектеу

Бөлшектеу

Ескерту: Негізгі мойынтіректердің жай-күйін кезеңдік тексеру қарастырыл мағанмен, егер анықталған белгілер бұзылу мүмкіндіктерін көрсететін болса, бір жолғы тексерулер қажеттілігінің туындауы мүмкін.

Негізгі мойынтіректерді бөлшектеуге дайындық барысында 15 алдын алу операциясын жүргізу қажет.

1. Қолданыстағы зауыттық, федералдық, аймақтық және жергілікті ережелерге сәйкес тепловозды тиісті қалыпта орнықтыру керек.

2. Картерге қол жеткізу үшін қозғалтқыштың екі жағындағы тексеру люктерінің қақпақтарын ашу керек.

 

Сурет.

3. Иінді білікті нақты негізгі мойынтірекпен қатар орналасқан бұлғақтар жоғары өлі нүктеге барынша жақындайтындай күйге түскенше бұру керек.


4. Негізгі мойынтіректің гайкаларымен жұмыс істеу үшін электрлі гидравликалық жетекті кілт артықшылықа ие болады. Босатылған немесе тартылған гайкаға кигізіледі. Келесі тесік реактивті моментті сезіну үшін шектес гайкаға кигізіледі.

 

Сурет.

5. Кілттің жұмыс бастиегін босатылған гайкаға қондырып, жетекті қосу бастырмасын басу керек және негізгі мойынтірек гайканы екі немесе үш кері айналымға бұрау керек. Негізгі мойынтірек қақпағын бекітетін қалған гайкаларға да солай жасау керек.

6. Дизель блогының бүйір қабырғаларына төменгі ішпек қақпағын бекітетін тартпалы бұрандарды да босату керек.

7. Бүйірдегі мойынтірек қақпағының бекіту бұрандарын үш немесе төрт айналымға кері бұрау керек. Бөлшектенген қақпақтардың бұрандарын суырып алу керек.

8. Негізгі мойынтірек қақпағын шығарып алуды оңайлату үшін дизель блогын сығуға арналған гидрожетекті құрылғы қолданылады. Дизель блогына күш түскен кезде қақпақ оны бекіту гайкаларынан құлап түсуге тиіс. Егер қақпақ өз ұяшығынан түспесе, диаметрі екі дюйм, ұзындығы екі футқа жақын жез штангамен қақпақтың бойымен ақырын тықылдатып, оны ұяшықтан түсіру керек.

 

Сурет.

9. Гайкаларды алып, мойынтіректің қақпағын төменгі ішпегімен бірге көтеру керек.

 

Ескерту: Мойынтіректің әр қақпағында нөмірі мен оның қатысты жағдайын көрсететін нөмірі болады. Ұқсас нөмірлер дизель блогінде ойылған. Сондай–ақ қақпақтағы бағытсұққыштың астындағы тесікке де назар аударған жөн. Дизель блогіндегі сәйкес сұққыш қақпақты кері бағдарлауға мүмкіндік бермейтін осы тесікке кіргізіледі. Нөмірлер дизель блогының алдыңғы оң тіреушіне ойылып жазылады. Әрбір қақпақты бір ғана тәсілмен, бір ғана жағдайда, бір ғана блокқа осы тесіктерді қоса кеулей жонусыз орнатуға болады.

 

Сурет.

10. Егер мойынтірек ішпегі қақпаққа «жабысып» қалатын болса, оны иінтірекпен алуға болмайды. Иінтірек қақпақтың ішкі бетіне зиян келтіруі мүмкін. Ішпекті түсіріп алу үшін, шикі былғарымен қапталған немесе пластмассадан жасалған балғаны пайдалану керек.


Сурет.

11. Мойынтірек қақпағының түйісу бетінің жай-күйін тексеру керек. Егер онда қажалулар немесе ұсақ-түйек ақаулар болса, оларды еппен барқыт егеумен немесе ажарлағыш таспен алып қырып тастау керек. Сонымен қатар қақпақтың бүйір жақтары мен бекіткіш гайкалардың қақпаққа жанасатын учаскесін тексеру керек.

 

6 – сурет.

12. Кей кездері жоғары ішпекті қолмен суырып алуға болады. Бірақ оны дизель блогынан шығарып алу үшін иінді білікті бұрап алуға арналған құрал-сайман қажет болады.

13. Иінтіректі иінді біліктің майөткізгіш тесігіне кіргізіп, қозғалтқыштың бос жағынан оған қарап тұрғанда, сағат тілінің бағытымен оның орнату табаншасына қарай бұру керек, ол ішпекті шығарып алуға мүмкіндік береді.

 

7 – сурет.

Қауіпті! Негізгі мойынтіректерді шығарып алу кезінде шектен тыс сақтық керек. Қолсаусақтарының қысылып немесе сығылып қалуына жол бермеу керек.

14. Мойынтірек ішпегінің дизель блогынан босауын қозғалтқыштың ішкі жағынан бақылап тұруы керек. Ол үшін иінді білікті толық айналымның жартысына дейін бұру қажет етіледі.

15. Түсейіндеген кезде ішпекті ұстап қалып, қозғалтқыштан шығарып алу керек.

Негізгі мойынтіректерді орнату (Коренные подшипники)

Орнату

1. Негізгі мойынтіректің екі ішпегінің (вкладыш) де жай-күйін тексергеннен кейін, оны орнату іс-шараларын иінді біліктің негізгі мойынан, дизель блогындағы мойынтірек қақпақтарын және мойынтірек ұяшығын тазартудан бастау керек.

2. Мойынтіректің жоғарғы ішпегін дизель блогына орнатар алдында негізгі мойынды және ішпектің сол мойынмен түйісетін бетін майлау керек.

 

Сурет.

Сақтаныңыз! Ішпектің тіреуіш бетіне (немесе қақпақ жағына) май жағуға болмайды.

3. Ішпекті иінді білікке орнату керек. Ішпекті босатып алу кезінде пайдаланылған жабдықпен қозғалтқыштың бос жағынан қарағанда, мойынтірек ішпегі блоктың ұяшығына тұратындай күйде сағат тіліне қарсы бағытқа бұру керек, бұл жағдайда тиісті кертікке орнату табаншасы ең соңынан кіреді.


Ескерту: Мойынтірек шетжағының дизель блогымен бетпе-бет орналас- қанына көз жеткізіңдер.

4. Иінді білікті кері бағытқа бұрып, оны бұрауға арналған аспапты шығарып алу керек.

5. Негізгі мойынтіректердің жай – күйін тексеру немесе ауыстыру кезінде тіреуіш сақиналардың да жай – күйін тексеру қажет. Олар генератор жағынан санағанда екінші мойынтіректің екі жағында және тек жоғарығы жағында орналасады. Бұл сақиналар жеке осінің бағытындағы иінді біліктің ығысуын бақылауға арналған. Сақиналар шектен тыс тозуы жеткенде ауыстырылуға тиіс. Ауыстыру процедурасы «Дизельді қозғалтқышты тексеру және реттеу операциялары» модулінде сипатталған.

6. Төменгі ішпекті негізгі мойынтіректің қақпағына орнатар алдында қақпақтың негізі мен ішпектің артқы тілімшесін (пластина) таза матамен сүрту керек. Осы бетте жатқан кез келген бөгде материал мойынтіректің өз уақытынан бұрын істен шығып қалуына себепкер болуы мүмкін.

7. Орнату табаншаларын қақпақтағы кертіктермен үйлестіре отырып, ішпекті қақпаққа салу керек.

8. Шикі былғарымен қапталған немесе пластмассадан жасалған балғамен ішпекті бойлай тықылдата отырып, өз орнына қондырады. Еш уақытта болат балғаны пайдалануға болмайды. Ішпек шетжағы қақпақтың оң жақ бетімен бетпе – бет орналастырылғанына көз жеткізің.

Сурет.

9. Мойынтірек қақпағын орнықтырар алдында созылуды өлшеуге арналған құралдың көмегімен бұрамасұққыштардың бастапқы ұзындығын анықтау керек. Өлшеу нәтижелері гайкалар тартылғаннан кейін созылу талаптарына сәйкес келетін – келмейтінін белгілеу үшін қолданылады.

10. Төменгі ішпекті мойынтіректің қақпағын иінді біліктен ағытпай–ақ өз орнына орнатуға болады. Қақпақтың астына картер табанының арасындағы қабырғасына тірелетін таза тақтайша төсеу керек. Мойынтіректің оң жақ беті мен қақпақтың бүйіржақтарын майлау керек.

11. Бұрамасұққыштардың бұрандасы мен гайкалардың шайбалармен түйісетін жақтарына ТҚ жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес қою май жағу керек. Қою май типін алмастыруға болмайды.

 

Сурет.

12. Шайбамен түйісетін жағында кедірлері бар гайкаларды алмастыру керек. Егер негізгі мойынтіректің қақпағы қозғалтқыштан алынған болса, енді оны өз орнына қоятын кез келді.

13. Бағытсұққыш астындағы тесіктің қажет жақта орналасқанына көз жеткізгеннен кейін, қақпақты көтергіш аспапқа орналастыру керек.

14. Қақпақты көтеріп, гайкаларды бұрау керек. Оларды қолмен барынша бұрау керек.

 

Сурет.

15. Босаңдату аспабындағы сораптың қысымын төмендетіп, иінді біліктегі гидроцилиндрді алып тастау керек.

16. Қақпақтың бекіту бұрандарына бүйірінен жаңа нығыздауш сақиналар орнату керек. Әрбір нығыздауш сақинаға, гайкалардың оң жақ беттері мен бұрандамалардың бұрандаларына Lubriplate Lube A аэрозолды қою майын жағу керек.

Сурет.

17. Қақпақтың бүйіріндегі бекіту бұрандарын салып, оларды қолмен тартып бұрау керек. Бұл бұрандарды кілтпен соңғы моменттің ширегіне дейін немесе шамамен 90 фунтқа.с дейін тартып бұрау керек.

Сурет.

18. Электр гидравликалық жетекті кілтпен негізгі мойынтірек қақпағының бекіту гайкаларын тартуға кірісу керек. Сомындарды бірте-бірте, бір жақтан екінші жаққа ауыса отырып, берілген моментке қол жеткізгенше тартып бұрау керек, одан кейін кілтті босатып алу керек.

Сурет.

19. Бұрамасұққыштардың созылу деңгейін талаптарға сәйкес тексеру үшін созылуды өлшеуге арналған аспапты пайдалану керек. Қозғалтқыштың істен шығып қалуының алдын алу үшін бұл өте маңызды.

Сурет.

Сурет.

20. Жаңа мөлшерленген кілтпен қақпақтың бүйіріндегі барлық бұрандамаларды берілген моментке дейін тартып бұрау керек.

Тіреуіш мойынтіректердің жартықаңқаларын алмастыру

(замена полукорпусов упорных подшипников)







Date: 2015-07-01; view: 1074; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.02 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию