Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орналасуы. Үлестіргіш біліктер дизель блогының екі жағындағы цилиндр блоктарының астында орналастырылады
Үлестіргіш біліктер дизель блогының екі жағындағы цилиндр блоктарының астында орналастырылады. Жай-күйін тексеру және техникалық қызмет көрсету Мақсаты Үлестіргіш біліктердің жай-күйін күн сайын тексеру талап етілмегенмен, сіздер қозғалтқыштың жай-күйін күнделікті жалпы тексеруден өткізгенде, үлестіргіш біліктің жұмысында болуы мүмкін ақаулықтарды көрсететін кез келген бөгде дыбысқа құлақ салғандарыңыз жөн. Екі жылда бір рет тексеру Картердегі барлық түйіндер мен агрегаттардың жай-күйін көзбе-көз тексеру екі жылда бір рет орындалады. Үлестіргіш біліктер кез келген тозу мүмкіндіктерін, мысалы, беттерінде шектен тыс кедір-бұдырлардың немесе тереңдігі 0,025 дюйм (0,6мм) және одан жоғары тозудың пайда болуы, анықтауға тексеріледі. Ақаулар табылған жағдайда, үлестіргіш біліктер ауыстырылады.
Сурет. Егер үлестіргіш біліктің тозуы 0,025 дюймнан (0,6 мм) аспайтын болса, онда ол қалыпты жұмыс істейді және оны алмастыру да қажет емес. 2-ші және 3-ші суреттерде көрсетілген жұдырықшалардың тозуы мөлшерден аспайды. Жұдырықша бетінің кейбір учаскелері ағарған және дақтар бар, бірақ олар қолға біртегіс сезіледі, мұндай беттер қалыпты болып есептеледі және оларға ешқандай ішкі әрекеттер әсер етпейді. Одан төмен көрсетілген жұдырықшаларда домалау жолдары көрініеді, бірақ бетінің кедір-бұдырлығы қолға байқалмайды. Бұл беттердегі өзгерістер (көзбе-көз бақылау кезіндегі)шамалы, жұдырықшалар мөлшерге сәйкес, сырғақтың жұмысына түзетулер енгізу қажет деп табылмайды.
Сурет.
Сурет. 4-ші және 5-ші суреттерде көрсетілген жұдырықшалар едәуір тозуымен сипатталады. Уақытынан бұрын түскен зақымданулар көзге көрінеді, кедір-бұдыры қолға сезіледі, бірақ тозу тереңдігі 0,001 дюймнан (0,025 мм) аз. Мұндай күйдегі жұдырықшалар едәуір зақымданған болып есептелмейді, оларды әлі де пайдалануға болады. Сурет. Сурет 6-шы суретте көрестілген жұдырықшалардың тозуы ерекше көзге түседі. Жұдырықшаның бетіндегі сырғымадан (роликтен) түскен терең із анық көрінеді. Сондай-ақ зақымданған бетте питингтті терең тоттану іздері мен кедір-бұдыры жоғары учаскелері болуы мүмкін. Егер тозу тереңдігі немесе питтингтік білік пен тоттанулар 0,001 дюймнан (0,025 мм) асатын болса, үлестіргіш білік пен клапан сырғақтары бірден ауыстырылуға тиіс.
Сурет. Үлестіргіш білікті бөлшектеу Бөлшектеуге дайындық Ескерту: Үлестіргіш білікті бөлшектер алдында үлестіргіш біліктің қажет секцияларына қол жеткізу үшін алдын ала операциялар жүргізілу керек. Ол үшін төмендегідей жеті әрекет орындалу қажет: 1. Тепловоздың қолданыстағы зауыттық, федералдық, аймақтық және жергілікті ережелерге сәйкес қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. 2. Қозғалтқыштың (блоктың) үлестіргіш білік секциясы бөлшектелетін жағындағы барлық цилиндрдің қақпақтарын ашу керек.
Сурет. 3. Клапан серіппелерін басып, қозғалтқыштың тиісті жағындағы әр цилиндрдің ұяшығынан клапандардың итергіштерін суырып алу керек. Күйентені төмен басуға арналған қыспақты аспапты (зажимное приспособление) қолдану керек. (GЕ 147х1040-1 аспап)
Сурет. Сақтаныңыз! Егер үлестіргіш білік секциясы клапан итергіштер ағытылмай, иінді білік талап етілген күйге қойылғаннан кейін бөлшектелетін болса, онда поршендар клапандарды соққылып, қозғалтқыштың бұл агрегаттары зақымдан атын болады. 4. Қозғалтқыштың үлестіргіш білік секциясы бөлшектелетін жағындағы барлық цилиндрдің жоғары қысымды жанармай сораптарын ағыту керек.
Сурет. 5. Қозғалтқыштың үлестіргіш білік секциясы бөлшектелетін жағындағы картер жабдығының бақылауға арналған люктерінің барлық қақпақтарын ашу керек.
Сурет. 6. Енгізу және шығару клапандары сырғақтарының роликтерін сәл көтеріп, оларды сол күйінде бағыттаушы сырғақтарының бұранда тесіктеріне орнатылған 0,25-20 тұрпатты бұрандармен бекіту керек.
Сурет. Сурет. Сурет. Ескерту: Жанармай сораптарының сырғақтарын (ползун) көтеру үшін арнайы көтергіш аспабын (GЕ 147х2397 сайман) пайдалану керек немесе ролик пен жұдырықшаның арасына ағаш сына қою керек. Жанармай сораптарының сырғақтарын осы күйде берілген күйдегі роликтерді бекітуге арналған клапан сырғақтарына 0,25-20 түріндегі бұрандармен бекітілген тақтаның көмегімен (TESCO Т57150аспап) ұстау керек. 7. Иінді білікті үлестіргіш білік секциясына бөлшектелетін жағына қарсы картерді тексеруге арналған люктің ернемектеріндегі идентификациялық белгілер көрінгенше бұру керек.
Сурет. Ескерту: Ернемектегі идентификациялық белгілер «L» (сол жағы) немесе «R»(оң жағы) түрінде мөртаңбаланған. Олар бөлшектелетін секцияның қозғалтқыштың қай жағында орналасқанын көрсетеді. Сондай-ақ келесі ернемектің жиегінде мөртаңбаланған цифрлармен цилиндрге қатысты үлестіргіш білік секцияларын қатыстық орналасулары сәйкес келетін болса, өзара айырбастап қолданылады, бірақ қозғалтқыштың әр жағының үлестіргіш біліктерін өзара айырбастауға болмайды.
Бөлшектеу Үлестіргіш біліктің барлық секцияларының қозғалтқыштың генераторы жағында орналасқан тісті беріліспен келтірілетін есте сақтау қажет. Үлестіргіш біліктің генераторға жақын орналасқан шеткі секциясы үлестіргіш біліктің жетекші жағы деп аталатын жағында орналасады, ал генератордан ең алыс орналасқан секция үлестіруші біліктің бос жағы деп аталады. Бұл туралы біле отырып, секциялардың бекіту бұрандарын белгілі бірқалыпты босату керек. Кез келген жағдайда жетекті жағынан бастау керек және үлестіргіш біліктің еркін жағына қарай бағыт алып қозғалу керек. Аталған рәсім төменде сипатталған: 1. Үлестіргіш біліктің жетекті жағына қараған секциялардың ернемекті қосылыстарының сегіз бұранын бұрап алу керек. Одан кейін үлестіргіш білік пен дизель блогының арасына орнатылған секцияны дизель блогының көмегімен бөлу керек. Үлестіргіш біліктің бос жағындағы секцияны қозғалтқыштың бос жағына қарай бағыттап, диаметрі ¾ дюймды бұранды суырып алу үшін мантировкамен көтеру керек.
Сурет. Ескерту: Егер білікті қозғалтқыштан шығарып алуға тырысатын болсаңдар, үлестіргіш біліктің секциялары арасындағы ернемекті қосылыстар бұрандарының бастары оның мойынтірегінен шықпайды. Жалғастырғыш бұрандарды бұрап алу үшін үлестіргіш білікті жеткілікті ара қашықтыққа ауысытырып қою керек. Бұрандардың бастары үлестіргіш біліктің мойынтірегіне зақым келтіруі мүмкін болғандықтан, үлестіргіш білікті өте алысқа да орналастыруға болмайды. 2. Үлестіргіш біліктің жетекті жағынан алынған секциялар арасындағы ернемекті қосылыстардан сегіз бұранды бұрап, шығарып алу керек. Ең соңынан, үлестіргіш біліктің секциясын картерді бақылауға арналған люгі арқылы шығарып алу керек.
Сурет
. Үлестіргіш білікті орнату Орнату Үлестіргіш біліктің секцияларын орнату кезінде төмендегі әрекеттер орындалады: 1. Үлестіргіш біліктің жаңа секциясын жоғарыда орындалған жұмысқа кері тәртіп бойынша орнату керек. Ескерту: Үлестіргіш білікті жинақтау немесе оның секцияларын алмастыру кезінде барлық секциялар біліктің ұзындығы бойынша олардың орналасуына қарай дұрыс таңбалануға тиіс. 2. Үлестіргіш біліктің жетекші жағынан бастап, біліктің жетекті шестернясына бұрандармен бекітілетін тайғанақты мойынтірегі бар секцияның ернемегіндегі белгі цилиндрлердің сәйкес блогындегі (№6 немесе 8) біліктің осы жағындағы цилиндрдің нөмірімен бір сызықта орналасуға тиіс. Үлестіргіш білік секцияларының соңындағы цилиндрлердің блогын таңбалайтын әріптер (LнемесеR (сол немесе оң)) біліктің келесі секциясындағы белгімен бір сызықта болып табылуы тиіс. 3. Үлестіргіш біліктің келесі секциясындағы келесі цилиндрдің нөмірі (4/5 сияқты таңбаланған №5 немесе 3/7 сияқты таңбаланған№7) тайғанақты мойынтірегі бар алдыңғы секцияның келесі жағындағы ернемектегі белгімен бір сызықта табылуға тиіс. Осы тәсілмен қозғалтқыштың бос жағына дейін тайғанақты мойынтірегі бар келесі секцияға және үлестіргіш біліктің басқа секцияларына ауысып отыру керек. 4. Үлестіргіш біліктің секцияларын көтеру үшін (TESCO T55991) аспабын қолдану керек. Ернемектер мен жұдырықшалардың тазалығына және оларда қабыршақтанулардың болмауына аса назар аудару керек. Бұранда мен бұрандардың шеттерін майлау керек. Үлестіргіш біліктің бекіту бұрандарын «айқаспа-айқас» сұлбасы бойынша үлестіргіш біліктің бұрандарына арналған моменті бойынша шектеулі кілтті қолдану арқылы алдын ала тартып бұрау керек. Одан соң сол сұлба бойынша бұрандардың гайкаларын тартып қысудың қажет моментіне дейін бұрап тастау керек. 1 – кесте.
5. Берілген жағдайдағы жанармай сораптарының итергіштерінің роликтерін ұстауға арналған тақталарды босату керек, сондай-ақ қозғалтқыштың тиісті жағындағы барлық бағыттаушы сырғақтарды бекіту бұрандарын ағыту керек. Барлық жоғары қысымды жанармай сораптары мен клапан итергіштерді орнына орнатып, оларды бастапқы қалпына келтіру керек. Модуль Date: 2015-07-01; view: 1394; Нарушение авторских прав |