Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сорапты орнату
Сақтаныңыз! Жоғары қысымды жанармай сорабын орнатар алдында жанармай құбырларына, қосу түйіндері мен қозғалтқышқа қандай да бір лас заттар мен бөгде материалдардың түсіп кетпегеніне көз жеткізу керек. Барлық қосылыстарды орындауға дейін қақпақтарды ашуға және тығыншаларды алуға болмайды. 1. Сорап негізінің жырашығына тік нысанды жаңа сақина тығыздауышты орналастыру керек және оның жырашыққа нақты ыңғайласып, оны толық орнықтыруға қол жеткізу керек.
Сурет. Сақтаныңыз! Дұрыс орналастырылмаған сақина тығыздауыш жанармайдың ағуына және/немесе құрастыру бұрамасының бұзылуына себепкер болуы мүмкін. 2. Сорапты тығыздыққа қатысты дәл орналастыру үшін, бағытсұққыштарды (направляющие штифты) сораптың алдыңғы құрастыру тесіктеріне енгізу керек. Бұл сондай-ақ сорапты орнату кезінде тығыздықтардың ығысуына жол бермейді. Сурет. 3. Сорапты бағытсұққышқа (направляющие штифты) жіберер алдында екі бұраманы артқы құрастыру тесіктеріне кіргізу керек.
Сурет. 4. Жырашықтағы сақина тығыздаушы майыстырып алмас үшін, сорапты еппен цилиндрге жібереді. 20-сурет. 5. Бағытсұққыштарды (направляющие штифты) суырып алу керек, олардың орнына құрастыру бұрандамаларын орнатып, әр кезеңдегі моменті 30 фунт.к-ке арттыра отырып, тартудың берілген моментіне қол жеткізгенше бірнеше кезеңмен «айқастырып» тарту керек.
Сурет. Ескерту: Құрастыру бұрандамалары «айқастыру» сұлбасы бойынша тартылса, май ағуына, бұрандама жүктемелерінің әртүрлі болуына, жоғары қысымды жанармай жүйесі түйіндері мен агрегаттарының және бекіту бөлшектерінің зақымдануына жол бермейді. 6. Жаңа сақина тығыздауышты төмен қысымды екі бұрыштық түтікшелерге орнату керек. Сақиналарға Lubriplate spray lube A аэрозолды қою майын жағу керек. Тіреу шайбасы мен сақина тығыздағышты бұрандамалы емес бөлігіне, контргайкага жақынырақ орналастыру керек. 7. Төменқысымды бұрыштық түтікшені (угловой патрубок) жоғары қысымды жанармай сорабына орнату керек. Түтікті қолмен тарта отырып, тіреу шайбаның шығыңқы бетіне жанасуына қол жеткізу керек. Түтіктің бағытын анықдау үшін оны толық бір айналымға бұру керек және талап етілетін күйде ұстап тұрып, тіреу шайба шығыңқыға келіп тірелетіндей және ондағы сақина тығыздауыш жырашыққа тығыздалатындай етіп, қарсышайбаны тарту керек. Контргайканы гайканы берілген моментке тарту керек.
Сурет. Сурет. Сурет. 8. Төмен қысымды жанармай құбырларының үштармақтары Bosch ІІ жүйесінде өзара айырбастауға келмейді. Жанармай беру құбырының үштармағы «І» әрпімен, ал бұру құбырының үштармағы «О» әрпімен таңбаланған. Соған сәйкес таңбалар сораптарда да бар. Төмен қысымды жанармай құбырларының үштармақтарын бұрыштық келтеқұбырға (угловым патрубкам) қосып, қосылымдарды берілген моментке тарту керек.
Сурет. Сурет. Ескерту: Жанармайдыжеткізу және бұру құбырларының үштармақтары ұқсас емес. Орнату кезінде олардың таңбалануына назар аудару керек. 9. Сораптың соленоидты клапаны түйіспелерінің қыспақтарын төменде сипатталғандай орнату керек. Қыспақтарды қондырғы бұрамаларына еппен орналастыру керек. Кертіктің жіңішке бөлігі толығымен бұрама басының астына келетіндей етіп, қыспақты артқа қарай тарту керек. Қыспақтың бұрамаларын берілген моментке тарту керек. Соленоидтың қабын тілшесінен ұстай отырып, қаптың алдыңғы бөлігін қыспақтар блогінің негіздемесіндегі жырашыққа енгізу керек.
Сурет.
Сурет. Ескерту: Қыспақтан электр сымы өтетін қаптың жиегінен екі түсті тығыздағыштың көрініп тұрғанын көз жеткізу керек. 10. Жоғары қысымды жанармай құбырының, сораптың қосу түйіндері мен бүріккіштің (фурсунка) ұштарындағы қорғаныш қақпақтарын ашу керек. Жоғары қысымды жанармай құбырын орнатып, салмалы гайканы қолмен бұруға болатынына көз жеткізу керек. Одан соң оларды берілген моментке тарту керек. 11. Цилиндрдің клапан қорапшаларының қақпақтарын орнатып, компрессияны азайтудың барлық тығындарын тарту керек. Білік айландыру құрылғының жетекті қозғалтқышы мен құрал-жабдыққа арналған құрсаужиекті босатып алу керек, тұтандыруды оздару бұрышын қондыру тетігіне қол жеткізуге арналған люктің қақпағы мен білікті айландыру құрылғыға қол жеткізуге арналған люктің қақпағын орнату керек. Осымен жоғары қысымды жанармай сорабын орнату процедурасы аяқталады. Сорапты орнатудың дұрыстығын тексеру 1. Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін, қосылыстарда ысыраптың жоқтығын, сондай-ақ цилиндрлердегі жанармай тұтанудың дұрыстығын тексеру керек. 2. Қозғалтқышқа өз жүктемесінде 30 минут жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, онда ысыраптың бар-жоғын тексеру керек. Қозғалтқышты сөндіріп, сораптың құрастыру бұрандамаларын тарту керек.
Жанармай бүріккішті ағытып алу Жанармай бүріккішті бөлшектеу 1. Ағытар алдында жоғары қысымды сорап пен бүріккіш арасындағы жанармай құбырын қатты қылшықтан жасалған шеткамен тазарту керек.
Сурет. 2. Қыспа тақтайшадан екі контргайканы босатып алу керек. Қыспа тақтайшаны алу керек. Жасыл екі резеңке менжетті (көмкермені) босатып алып, сақтап қою керек.
Сурет. 3. Операцияның орындалуын жеңілдету үшін соққылы ажыратқышты пайдалана отырып, цилиндрдің жанармай бүріккішін босатып алу керек. Бүріккіштің шашыратқыш шетіндегі мыс төсемнің алынып тасталғанына көз жеткізу керек.
Сурет. Жанармай бүріккішті орнату Бүріккіштің ұяшығын дайындау Ескерту: Егер цилиндрден жанармай бүріккішін ағытып алу кезінде қиындықтар туындаса, онда оның ақаулығының басты себебі цилиндрдің клапан қорапшасындағы бүріккіштің астындағы қазаншұңқырдың күйемен, от қабыршақтармен ластануы болып табылады. Жаңа бүріккішті орнатар алданда ең алдымен ұяшықты тазалау керек. Қажет болған жағдайда бүріккіштің ұяшығын цилиндрдің қозғалтқышта тұрған кезінде-ақ тазалау болады. Ол үшін цилиндр клапандарының жабық екеніне және цилиндрдің клапан қорапшасының қақпағының өз орнында екеніне көз жеткізің. Тазарту үшін қол бұрғымен қозғалысқа келтірілетін 15 дюймдық жалғамадағы жұмысшы диаметрі 1 дюймдық жұмыс бастиекті қолдану керек. 1. Цилиндр қаптамасындағы бұрамасұқпалар (шпилки) орналастырылатын орын дарды тазарту керек. 2. Бүріккіштің сыртындағы жырашыққа жаңа сақина тығыздауыш орнату керек. 3. Бүріккішті орнату кезінде сақина тығыздауышты қорғау үшін қою май немесе Lubuiplate түріндегі (тип) май қабатын жағу керек. Жанармай бүріккішті орнату 1. Жанармай бүріккіштің (фурсунка) кіші жағын қазаншұңқырға енгізу керек. 2. Жасыл манжеттерді (көмкермелерді) бүріккіштің бұрамасұқпаларына енгізу керек. Сурет. 3. Қыспа тақтайшаны өз орнына орнату керек. 4. Тығыздағыш бұрандалы шайбалар мен алты қырлы гайкаларды орнатып, оларды қолмен тартып бұрау керек.
Сурет. 5. Бірте-бірте бір жақтан екінші жаққа ауыса отырып, гайкаларды тартудың берілген моментіне жеткізгенше бұрау керек. 6. Жоғары қысымды жанармай құбыры мен цилиндрдің клапан қорапшасының қақпағын өз орнына орнату керек. Жанармай бүріккішті орнату іс-шаралары осымен аяқталды. Модуль Негізгі мойынтіректер (Коренные подшипники) Кіріспе 2 деңгейдің «Негізгі мойынтіректер (Коренные подшипники )» модулін үйренушілерге ризалығымызды білдіреміз. Бұл модуль сіздерді негізгі мойынтіректердің орналасуымен, арналуымен, түйіндерімен және бөлшектерімен, сондай-ақ оларды бөлшектеу және орнату кезінде қолданылатын арнайы құрал-жабдықпен таныстырады. Бөлімдер 1 Бөлім: Негізгі мойынтіректердің қызметі 2 Бөлім: Негізгі мойынтіректердің түйіндері мен агрегаттары 3 Бөлім: Негізгі мойынтіректерді бөлшектеу 4 Бөлім: Негізгі мойынтіректерді орнату 5 Бөлім: Тірек мойынтіректердің жартықаңқаларын ауыстыру Мақсаты Бұл модульді үйренуді аяқтағаннан кейін, сіз: - Негізгі мойынтіректердің қызметі мен орналасуын білуге; - Негізгі мойынтіректердің жай-күйін тексеру және техникалық қыззмет көрсетуі кезінде қолданылатын өлшемдерді білуге; - Негізгі мойынтіректердің бөлшектер алдында жасалатын дайындық әрекеттерін білуге; - Негізгі мойынтіректерді қалай бөлшектеп, орнатуға болатынын білуге тиіссіз. Негізгі мойынтіректердің қызметі Қызметі Жинақтағы негізгі мойынтіректер дизель блогына иінді білікті орнатуға арналған. Date: 2015-07-01; view: 748; Нарушение авторских прав |