Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орналасуы. Турбокомпрессор қозғалтқыштың бос жағына орналастырылады





Турбокомпрессор қозғалтқыштың бос жағына орналастырылады.

 

Жай – күйін тексеру және техникалық қызмет көрсету

Жай – күйін тексеру

Турбокомпрессордың жай– күйін тексеру ТҚ кестесінде қарастырылмағанмен, тепловозды үнемі тексеруден өткізу барысында сіздерге турбокомпрессордың ақаулығы туралы кұмән тудыратын ерекше дыбыстарға құлақ түріп, майдың ағуы бар – жоғына көз салғандарыңыз жөн.

Ескерту: Турбокомпрессордың одан әрі пайдалануына жарамдылығын бағалаудың ең артық жолы оның жұмыс сипаттамаларын (және оның қозғалтқыш жұмысына әсері) тепловоздың жүктемелі кезіндегі сынақтар үдерісінде қадағалау болып табылады.

Жүктемелі сынақтар кезінде контроллер «8» позициясында тұрғанда, үрлемеленетін ауаның қысымына (МАР), шығатын газдардың түсіне, сондай–ақ турбокомпрес сордың май мен судың ағуына және/немесе турбокомпрессорды механикалық жабдықтау кезіндегі ағаттықтарға назар аудару қажет.

Тепловоздың жүктемелі кезінде сынақтар жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қозғалтқышты сөндіріліп, глушителі алынған тепловозда төмендегідей операциялар орындалуға тиіс:

1. Шұғыла шашатын жарық көзі мен турбина қалағы көрінетіндей орналастырылған айнаны қолдана отырып, шығатын газ құбыры арқылы осы қалақтардың бөгде заттар әсерінің нәтижесінде зақымдалуларының бар жоғын тексеру керек. Қалақтардың жай-күйін тексеру уақытында ілгектің көмегі арқылы роторды сәл көтеріп, толық бір айналымға бұру арқылы оның еркін айналысына көз жеткізу керек.

2. Турбинаның ауатаратқышын шығатын газдар коллекторының температуралық компенсаторын алып тексеруге болады. Бұл бөгде заттар әсерінің нәтижесінде туындаған зақымдануларды, сондай – ақ саңылаулар шамаларының мөлшерге сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.

3. Егер мүмкін болса, компрессордың ауатартқышынан қамыттары мен жұмсақ қабын шешіп алып, компрессор қанатшаларында зақымданулар мен ақаулардың бар – жоғын тексеру керек. Ротордың еркін айналатынына көз жеткізу үшін, оны қолмен айналдырып көру керек. Механикалық үйкеліс іздерінің бар – жоғын тексерген жөн.

Ескерту: Айналымын тексеру кезінде турбокомпрессордың айналу жылдамдығы тұрақты жылдамдықта бірте – бірте ақырындап төмендеуге тиіс. Сынақ уақытындағы күрт кідіріс мойынтіректің ақаулығын немесе турбокомпрессордың түйіндері мен бөлшектерінің өзара әрекетінде проблемалардың бар екенін көрсетеді.

 

Турбокомпрессорды бөлшектеуге дайындау

Бөлшектеуге дайындық

Ескерту: Турбокомпрессорды бөлшектер алдында оны бөлшектеуге қол жеткізу үшін бірқатар алдын алу операцияларын орындау қажет.

9 алдын алу операцияларын орындау қажет:

1. Қолданыстағы зауыттық, федералдық, аймақтық немесе жергілікті ережелерге сәйкес тепловоз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.

2. Сумен салқындату жүйесіндегі суды төгіп тастау керек.

Ескерту: Егер сіздер бұл процедурамен таныс болмасаңыз, тепловозбен қатар қойылатын ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ қараңыздар.

3. Турбокомпрессорды бөлшектеу үшін оған қол жеткізу мақсатында турбокомпрессордың жоғарғы бөлігіндегі тексеру люгін ашу керек.

4. Өшіргіштен (Глушителя)немесе шығатын газ құбырынан сапунды немесе коалесцирлеуші сүзгісін босату керек. Турбинаның қаптамасынан өшіргіш пен шығатын газ құбырын ағытып алу керек.

 

Сурет.

5. Су бұру құбырынан үрлемеленетін ауаның тірек білеуі мен екі компрессор жалғастырғышын ағытып алу керек.

6. Шығару коллекторын турбинаның қабылдау түйінінен босатып алып, құйма өткізгішті тірек блогына қою керек немесе су коллекторына іліп қою керек. Өткізгіштің бекіту бұрамаларын турбокомпрессордың турбинасының кіру ернегіне аударып қою керек.

 

Сурет.

7. Турбокомпрессордың екі құбырының қосылысын бекітетін қысқыш сақиналардағы бұрамаларды ағыту арқылы турбокомпрессор мен үрлемеленетін ауаның салқындатқыштары арасындағы ауа бұру құбырларын бөлшектеу керек. Су бұру құбырларын үрлемеленетін ауаның тиісті салқындатқыштарына енгізіп, қысқыш сақиналарды ағытып алу керек.

 

Сурет.

8. Компрессордың ауатартқышындағы екі қамыты мен жұмсақ қабын шешіп алу керек.

9. Қозғалтқыштың бос жағындағы қаптама мен турбокомпрессордың қаңқа- сының арасынан өтетін өлшегіш диафрагмалы жеткізгіш май құбыры мен майлау жүйесінің бұру май құбырын ағытып алу керек.

 

Сурет.

Ескерту: Біз енді қозғалтқыштан турбокомпрессорды ағытып алуға дайынбыз.

Сақтаныңыз! Турбокомпрессорға немесе майлау жүйесінің май жеткізгіш құбырына қандайда да бір қоқыстың немесе бөгде материалдардың түсіп кетпеуін өте мұқият қадағалау керек. Майлау жүйесіндегі тесіктерді дереу тығынмен немесе қақпақпен жабу керек.

Турбокомпрессорды бөлшектеу

Енді қозғалтқыштан турбокомпрессорды босату үшін жасалатын алдын алу операцияларының бәрін орындап болғаннан кейін, біз бөлшектеу операцияларының бір ізділігін қарастыруымыз керек. Оған сәйкес процедура төменде сипатталған:

Қауіпті! Турбокомпрессордың құрастыру бұрамаларын ағытар алдында, оның көтергіш кранмен сенімді ұсталып тұрғанына көз жеткізіңдер.

1. Бос жағындағы қаптамаға бекітілген турбокомпрессордың төрт бұрамасын қарсы шайбалармен бірге ағытып алу керек.

 

Сурет.

2. Қозғалтқыштан турбокомпрессорды босатып алу үшін турбокомпрессормен қойылған көтергіш қапсырманы және/немесе такелажды шынжырды қолдану керек. Бағытсұққыштармен ұсталып тұрған артқы екі қондырғы тіректерді босатып алу үшін, өрлеу басынан турбокомпрессорды ақырын шайқау керек.

 

Сурет.

3. Алынған турбокомпрессорды цех еденіне сенімді орналастыру үшін су бұру коллекторын босатып алып, оны турбокомпрессорға қайта орнату үшін сақтап қою керек.

Сақтаныңыз! Егер турбокомпрессор ақаулығына байланысты (жаңа агрегатпен алмастыру мерзімінің жетуіне байланысты емес) бөлшектенетін болса, турбокомпрессорды мұқият зерттеп, ақаулығының алғашқы себебін анықтау керек.

Егер турбокомпрессордың істен шығуына бөгде материал себеп болса, ол матералдың қозғалтқыштағы кез келген ізін міндетті түрде жою керек. Ол үшін қозғалтқыштың шығару коллекторы мен ауа сүзгісінің алынып тазартылуы мүмкін, сондай-ақ сүзгілердің ауа ресиверінің жай–күйін тексеріп тазалау керек. Сонымен қатар үрлемеленетін ауа салқындатқыштарының қабылдау жағында бөгде материалдардың бар-жоғын тексеру керек.

Date: 2015-07-01; view: 935; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию