Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сипаттама. Жанармай жүйесі жанармайдың үздіксіз берілуі үшін жанармайды бүркудің электронды басқару жүйесіне





Жанармай жүйесі жанармайдың үздіксіз берілуі үшін жанармайды бүркудің электронды басқару жүйесіне арналған.

Жанармай жүйесі қос параллелді магистральдар бойынша дизелді қозғалтқышқа жанармай жіберетін төменгі қысымды жүйе болып табылады. Жанармай жанармай ыдысынан сорылып алынады да, жылынады, сүзгі арқылы өтеді де, ең соңында қозғалтқыштың барлық күштік түйіндерінде орнатылған жоғары қысымды жанармай сорғыларына келіп түседі.

Жанармай жүйесінің сорып алу секциясы жанармай ыдысы мен жанармайды қайта айдау сорабының аралығына орналасқан. Термостатпен басқарылатын араластырғыш клапан (АМОТ) жанармайды қайта айдау сорабының алдыңғы учаскенің жанармай температурасын ретке келтіреді. Жанармайды қыздыру үшін салқындатылған сумен салқындату жүйесінен жылытқыш сұйықтық ретінде пайдаланылатын қыздырғыш қолданылады.

Жанармай жүйесінің төмен қысымды секциясы жанармайды қайта айдау сорабы мен реттеуші клапанның арасында орналасады. Сораптың сыртқы жағында орнатылған сақтандыру клапаны сорапты жанармай жүйесінің төменгі қысымды секциясындағы жанармай жолындағы кедергілермен шарттастырылатын артық жүктемеден сақтандырады. Сораптан шыққан жанармай қоскамералы жанармай сүзгісіне келіп түседі. Сүзгіден шыққан соң қос параллелді магистральдарындағы берілген қысымның қалыпты ұсталуын қамтамасыз етеді.

Төмен қысымды май құбырларынан шыққан жанармай қалдықтары жанармай беруді бақылаудың учаскесіне келіп түседі де, жанармай ыдысына қайта оралады. Тексеру шынысы арқылы көрінетін жанармай ағыны жанармайды қайта айдау сорабының қалыпты жұмыс жасап тұрғанын көрсетеді. Қозғалтқыштың екі жағындағы жанармайды құйып алуға арналған желілер жанармайды бүркуге арналған жабдықтың қозғалыстағы түйіндері мен агрегаттарын майлау үшін қолданылған артық жанармайды жинақтауға және артық жанармайдың жанармай ыдысына қайта оралуына жағдай жасайды.

1-сурет.Жанармай жүйесінің сызбасы.

Негізгі түйіндер мен агрегаттар







Date: 2015-07-01; view: 1307; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию