Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Турбокомпессорды орнату





Орнату

Сақтаныңыз! Егер турбокомпессор ақаулығына байланысты бөлшектенетін болса, жаңа турбокомпрессорды орнатпас бұрын, оның бастапқы ақаулық себебін жою керек.

Турбокомпрессорды орнату процедурасы төмендегі іс-әреттерді қарастырады:

1. Турбокомпрессорға бөгде материалдардың түспегеніне көз жеткізу үшін, орнатылатын турбокомпрессордың ойықтары мен тесіктеріндегі барлық сақтандыру қақпақтары мен тығындарын ашу керек.

Сақтаныңыз! Егер турбокомпрессор жылдамдық датчикпен жабдықталған болса, датчик қондырмасының астындағы тесіктің қақпақпен немесе тығынмен жабылғанына көз жеткізу керек. Олай болмаған жағдайда, лас заттар турбокомпрессорге, одан әрі қозғалтқышқа түседі.

2. Жаңа турбокомпрессорды орнатар алдында турбокомпрессор қаңқасының жоғарғы бөлігіндегі майқұйғыш ернегі арқылы аздап мотор майын құйып, роторды бірнеше рет айналдыру керек.

 

Сурет.

3. Турбина корпусына жаңа төсемдері бар су құбырын орнату керек.

4. Бос жақтағы қаптама турбокомпрессордың қондыру бетін тазалау керек және қажет болса, екі бағытсұққыштың қабыршақтарын алып тастау керек.

5. Lupriplate Lube «А» аэрозолды майлау қабатын сұққыштарға жағып, суға арналған енгізу тесіктеріне екі жаңа тығыздауыш сақина орнату керек. Турбокомпрессорды кранмен көтеру үшін көтеру қапсырмасын және/немесе такелажды шынжырды пайдалану керек.

6. Турбокомпрессордың төрт тірегін тазартып, ондағы қабыршақтарды алып тастау керек (егер бұл қажет деп табылса). Артқы екі тіректегі тесіктерді бағытсұққыштармен қосу керек. Турбокомпрессорды бағытсұққыштарға жіберу кезінде еппен шайқау керек.

7. Контршайбаны төрт бұраманы орнату керек. Бұрамаларды қатты тарту керек.

 

Сурет.

Қауіпті! Турбокомпрессорды көтергіш кранның ілмегінен босатар кезде турбокомпрессордың құрастыру бұрамаларының мықтап тартылғанына көз жеткізіңіз.

8. Майлау жүйесінің май құбырларын жуып, үрлеу керек. Өлшеу диафрагмасы бар жетекті май құбыры мен май бұру құбырын өз орнына-бос жақтағы қаптама мен турбокомпрессордың арасына орнату керек.

 

Сурет.

9. Егер қолданылатын болса, компрессордың ауыз жағына металл ауа өткізгіш орнату керек. Ауа өткізгішке жұмсақ қап кигізіп, оны екі қамытпен бекіту керек.

10. Турбокомпрессор мен үрлемелі ауаны салқындатқыштары арасына екі бұру ауа өткізгішін төмендегі тәсіл бойынша орнату керек. Жаңа төсемді қолдана отырып, шығару коллекторын турбинаның ауыз жағындағы түйінге қосу керек. Коллекторды турбокомпрессорға бекіту үшін барлық бұрамалардың бұрандаларының таза болуын қамтамасыз ету керек. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТАН бұрандаға арналған қою май түрін, сондай – ақ тарту моментінің мәндерін қараңыз.

 

Сурет.

Сақтаныңыз! Жоғары температураға шыдамайтын болғандықтан, шығар иінге каталог бойынша 115х1268 нөмірлі GE қара тығыздағыш сақиналарын тағуға болмайды.

11. Жаңа төсемді екі компрессиондық жалғастырғышты су бұру коллекторына орнату керек.

12. Үрлемеленетін ауа салқындатқыштарының тірек білеуін орнату керек.

13. Өшіргішті (глушитель) немесе шығатын газ құбырын орнатып, оларды қарсышайбаны жаңа бұрамалармен бекіту керек. Бұрамаларды мәні ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТА көрсетілген моментпен тарту керек.


 

Сурет.

14. Сапунды немесе картердің коалесцирлеуші сүзгісін өшіргіге немесе шығатын газ құбырына қосу керек. Егер қолданылатын болса дефлектор түтіктерін орнату керек.

15. Дизель бөліктерінің құлыптарын жауып, тиісті тазартуға жатқызылатын сумен салқындату жүйесін алдан ала дайындалған сумен толтыру керек.

Қондырғының дұрыстығын тексеру

Қондырғының дұрыстығын тексеру

Ескерту: Енді турбокомпрессорды орнату аяқталғаннан кейін, турбокомпрессордың өз мүмкіндігіне сай жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін, бірнеше тексеру жұмыстарын жүргізу керек.

1. Турбокомпрессорды орнатып, қозғалтқышты іске қосқаннан кейін, турбокомпрессормен шығатын газ құбырынан құрағыштардың (компонентов) үйкелісінен туындайтын бөгде дыбыстардың шығатын-шықпайтынын тыңдау керек.

2. Егер мүмкіндік болса, қозғалтқышты жүктемелеу керек. Ауа тарту коллекторындағы қысымды бақылап, турбокомпрессордың тиісті жағдайда жұмыс істейтініне көз жеткізу керек.

Турбокомпрессорда су, май, ауа, шығатын газдар шығуының бар жоғын тексеру керек, егер олар бар болса, олардың пайда болу себептерін жою керек

Модуль

7FDL қозғалтқышының жоғары қысымды жанармай жүйесі

Кіріспе

2 деңгейдің «7FDL қозғалтқышының жоғары қысымды жанармай жүйесі» модулін үйренуге кірісеміз. Бұл модуль жанармайды бүркудің Bosch ІІ электронды басқару жүйесімен жабдықталған қозғалтқыштағы жанармай жүйесінің түйіндері мен агрегаттарын бөлшектеу және орнату тәртібін сипаттайды.

Бөлімдер

1 Бөлім: Жоғарғы қысымды жанармай жүйесіне жалпы сипаттама

2 Бөлім: Жоғары қысымды жанармай сораптарын бөлшектеу

3 Бөлім: Жоғары қысымды жанармай сораптарын орнату

4 Бөлім: Жанармай бүріккішті (фурсунка) босатып алу

5 Бөлім: Жанармай бүріккішті орнату.

Мақсаты

Модульді оқып үйренгеннен кейін, сіздер:

- Жоғары қысымды жанармай жүйесінің түйіндері мен агрегаттарының орындары мен не мақсатқа арналғанын білуге;

- Жоғары қысымды жанармай жүйесінің жай-күйін тексеру процедуралары мен ТҚ білуге;

- Жоғары қысымды жанармай жүйесінің түйіндері мен агрегаттарын босатып алуға және орната білуге тиіссіздер.


Жоғары қысымды жанармай жүйесіне жалпы сипаттама

Қызметі

7FDL дизельді қозғалтқыштың жоғары қысымды жанармай жүйесінің түйіндерімен және агрегаттарымен жинақталады. Бұл түйіндер мен агрегаттардың техникалық қызмет көрсетуі тепловозды дұрыс жұмыс жағдайында ұстауға кезеңдік ТҚ бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

Аталған жүйе цилиндрлерге келіп түсетін жанармайдың қысымын көтеруге, сондай-ақ дизельді қозғалтқыш цилиндрлерінің әрқайсысынан белгіленген уақыт аралығында шығатын жанармайдың белгіленген көлемінің бір қалыпты берілуіне арналған.







Date: 2015-07-01; view: 715; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию