Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орналасуы. Дизельді қозғалтқыш жинағындағы әрбір цилиндр жоғары қысымды жанармай сораптарымен және жанармай
Дизельді қозғалтқыш жинағындағы әрбір цилиндр жоғары қысымды жанармай сораптарымен және жанармай бүріккішпен жинақталады. Бұл компоненттер жинақтағы цилиндрдің жоғарғы бөлігінде орналастырылады.
Жай-күйін тексеру және техникалық қызмет көрсету Дизельді қозғалтқышты күнделікті тексеру барысында кез келген бөгде дыбыстың, ысыраптардың бар-жоғын анықтап, болған жағдайда оларды жою шараларын қабылдау қажет. 1. Кезеңділігі 92 күндік тексеру Тепловоздың борттық жабдығын тексеру барысында жоғары қысымды жанармай жүйесінің тиісті жағдайда жұмыс істеп тұрған-тұрмағанын білуге мүмкіндік беретін «Цилиндрлердегі жанармайдың жануын» тексерулер. 2.Кезеңдегі екі жыл сайынғы тексеру Жанармай бүріккіш 6500 мотосағат жұмыс істегеннен кейін немесе әрбір екі жыл сайын, қайсысының мүмкіндігі бұрын болуына қарай, алмастырылуға немесе қайта жөнделуге тиіс. Тапсырылған сәтте жоғары қысымды жанармай құбырларының қосылыстарын тарту қажет. 3.Кезеңділігі төрт жыл сайынғы тексеру Жоғары қысымды Bosch ІІ жанармай сораптары, қайсысының мүмкін болуына қарай, 13000 мотосағаттық жұмыс күшінен кейін немесе жұмыс істеу мерзіміне төрт жыл толғаннан кейін ауыстырлуға тиіс.
Жоғары қысымды жанармай сораптарын бөлшектеу Жоғары қысымды жанармай сораптарын бөлшектеуге дайындық Ескерту: Жоғары қысымды жанармай сорабын ағытып алар алдында бірқатар алдын алу операцияларын орныдау қажет. 1. Қолданыстағы зауыттық, федералдық, аймақтық немесе жергілікті ережелерге сәйкес тепловоз қауіпсіздігін қамтамсыз ету керек. Машинист кабинасындағы борт желісінің бақылау ажыратқышының (LCCB) «ағытылған» деген жағдайда тұрғанына көз жеткізің. 2. Барлық цилиндрлердегі компрессияны төмендету тығындарын толық бір айналымға бұрау керек.
1 – сурет. 3. Жанармай сорабын бөлшектеу қажет болғанда, цилиндрдің клапан қорапшасының қақпағын ашу керек. От алдырудың оздыру бұрышын орнату тетігіне қол жеткізу үшін люктің қақпағын және білік айналдыру қондырғысының жағындағы білік айналдыру қондырғысына қол жеткізу люктің қақпағын ағытып алу керек.
Сурет. 4. Жиекқұрсауды (оправку) қозғалтқыштың ішіне толық кіретіндей және оған енгізілген құралмен бірге үлестіргіш білік шестернясының қаптамасына келіп тірелетіндей етіп орналастыру керек. Одан кейін жиекқұрсауды шестерня қаптамасына білікті айландыру құрылғыға қол жеткізуге арналған бұрамалармен бекіту керек. Білік айналдыру қондырғысын тарату білігінің шестернясымен ілініскенге дейін ішке енгізіп, білік айналдыру қондырғысында біржолғы қозғалысы 1,0 дюйм зырылдауық гайка кілтін немесе орнықтырғыштың орнында екеніне көз жеткізіп пневматикалық гайка бұрағышты орналастыру керек. Иінді білікті оның қалыпты бағыты бойынша, білік айналдыру құрамындағы от алдырудың оздыру бұрышын орнату тетігіндегі көрсеткіш, білік айналдыру қондырғысының жанында орналасқан (бөлшектенуге тиісті жоғары қысымды жанармай сорабы осыған жатқызылатын) тарату білігінің от алдырудың оздыру бұрыштарының төлқұжаттық кестесінде көрсетілген тиісті цилиндр үшін шамасы (бұрышы) шестернядағы от алдырудың оздыру бұрышының белгісімен тура келгенге дейін баяу айналдыра беру керек.
Сурет. Сурет. Сақтаныңыз! Машинист кабинасындағы борт желісінің бақылау ажыратқышы (LCCD) мен жанармай сорабы ажыратқышының (FPB) OFF («ажыратылған») жағдайында тұрғанына көз жеткізің. 5. Резеңке қаптың артқы тілшесінен ұстай отырып, соленоидты клапанның қабын ақырын көтеріп, оны алға қарай итеріп еппен шешіп алу керек. Электр қысқыштардың бекіту бұрамаларын босату керек. Бұрамалар толығымен алынбайды. Бұраманы жіберіп, қысқышты цилиндр жаққа қарай кертпенің жалпақ бөлігі қысқышты бекіту бұрамасының астына келетіндей етіп жылжыту керек. Еппен көтеріп, қысқышты босатып алу керек.
Сурет. 6. Ағытып алар алдында жоғары қысымды сораппен бүріккіш (фурсунка) аралығында орналасқан жоғары қысымды жылу құбырын қатты қылшықты темір шоткамен тазалау керек. Жоғары қысымды май құбырын ағытып алу керек.
Сурет. 7. Барлық тесіктерді пластмассадан жасалған немесе бұрандалы қақпақтармен жабу керек. Сурет. 8. Сораптың бұрыштық келтеқұбырларынан төмен қысымды жанармай әкелу және әкету үштармақтарын ағыту керек.
Сурет. 9. Сораптан бұрыштық түтікшеннің екеуін де босатып алу керек. Магистральдан жанармайды құйып алғаннан кейін төмен қысымды түтікшелерді жабу керек. Пластмасса тығындармен сораптың енгізу және шығару тесіктерін жабу керек. 9 –сурет. Жоғарғы қысымды жанармай сорабын бөлшектеу Жоғарғы қысымды жанармай сорабын бөлшектеу үдерісінде сақина қымтағыштың зақымдалуын тексеру керек. Зақымданған сақина қымтағыш қондырғыны орнатуда болуы мүмкін қателікті көрсетеді. Егер шын мәнінде сол қателік орын алған болса, барлық құрастыру бұрамаларын алып тастап, жаңасына ауыстыру қажет. Сорапты ағытып алу үшін төрт операция орындалу керек: 1. Арнайы сомын кілттермен сорап негізі бекітілген құрастыру бұрамаларын бұрап алу керек. 2. Сорапты қозғалтқыштан еппен көтеру керек. Сурет. 3. Цилиндр қаптамсындағы жырашықтан тікбұрыш нысандағы тығыздауыш сақинаны шығарып алу керек. Цилиндр қаптамсындағы жырашықтың тығыздауыш сақина астының лас еместігіне және онда бөгде материалдардың (кір, қоқыс, шығарып алынған қымтағыштың «күйіп кеткен» қалдықтары) жоқтығына көз жеткізу керек. Шығарып алынған тығыздауыш сақинаның нысанында оны сораппен цилиндр қаптамасы негізінің түйіндесу жазық тығында орнату кезінде ақаулық белгілерінің (мысалы, қысылып қалған іздер) бар-жоғын тексеру керек. Қосарлы төсемнің жоқтығына көз жеткізу керек. Тексеру аяқталғаннан кейін пайдаланылған тығыздауыш сақинаны лақтырып тастау керек. Оны қайта қолдануға болмайды.
Сурет. Сақтаныңыз! Егер аталған тығыздауыш сақинаны тексеру кезінде оны орнатарда орын алған қателіктер кездесетін болса, құрастыру бұрамаларының төртеуін де лақтырып тастау керек. 4. Қозғалтқышқа қандай да бір бөгде материалдың түсіп кетпеуі үшін, пайдала нылған жанармай сорабы алынған учаскені жауып қою керек.
Сурет. Жоғары қысымды жанармай сорабын бөлшекеу процедурасы осымен аяқталды. Жоғары қысымды жанармай сораптарын орнату Дайындық әрекеттері Жоғары қысымды жанармай сорабын орнатуға дайындық үдерісінде ең алдымен итергіш ұзындығын ретке келтіру қажет. От алдырудың оздыру бұрышын реттеу тетігіне қол жеткізуге арналған люктегі көрсеткіштің сорап итергішінің ұзындығын реттеу орындалып отырған цилиндрге сәйкес талап етілетін мәнге қарсы тұрғанына көз жеткізің. 1. Жоғары қысымды жанармай сорабын қозғалтқышқа орнатар алдында итергіш ұзындығының өлшегішін «нөлге» қою керек. Цилиндрдің төменгі бет бөлігіндегі қақпақты итергіштің ұзындығын реттеу тетігінен бет бөлігіндегі қақпақты итергіштің ұзындығын реттеу тетігінен алу керек. Саңырауқұлақ тәріздес контргайканы босатып, итергіш ұзындығын кішірейту керек, одан кейін итергіштің реттеу гайкасын сағат тілінің айналуы бойынша төрт-бес айналымға бұру керек.
Сурет. Сақтаныңыз! Итергіштің реттеу гайкасын босату үшін екі сомын кілті қолданылады: ашасы 13/8 дюйм кілт итергіштің реттеу тығырығына, ал ашасы 11/8 дюйм кілт контргайкага орнатылады. 2. Енді итергіштің қажетті ұзындығын орнату операцияларын орындауға кірісеміз. Ескерту: Реттеу жөніндегі қандай да бір операцияларды орындау кезінде иінді білікті бұрауға болмайды. 3. Итергіштің ұзындығын өлшеуге арналған құралмен бірге қойылған бақылау блогын қолдана отырып, сораптағы құралдың өлшегішін нөлге келтіру керек.
Сурет. 4. Сораптың орнына цилиндрге сораптың өлшеу блогын бұрамалармен бекіту керек. 5. Итергішті сәл көтеріп, өлшеу блогындағы өлшегіштің тілшесі нөлдік белгіге келуіне қол жеткізу керек. Мұны итергіштегі реттеуші сомынды сағат тіліне қарсы айналдыра отырып, қамтамасыз ету керек. Итергіштің реттеуші гайкадағы саңырауқұлақ тәріздес контргайканы берілген сәтте тарта отырып, итергішті сол күйінде бекіту керек. Сораптың өлшеу бөлігін босатып, цилиндрдің оң жақ бетіндегі сорап итергішінің ұзындығын реттеу тетігінің қақпағын жаңа төсеммен бірге орнына қою керек.
Сурет. Сурет. Date: 2015-07-01; view: 1641; Нарушение авторских прав |