Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сипаттама. Жанармай жүйесінің сақтандыру және реттеуші клапандарының өзара айырмашылықтары бар
Жанармай жүйесінің сақтандыру және реттеуші клапандарының өзара айырмашылықтары бар, сондықтан оларды өзара айырбастауға болмайды. Сақтандыру клапаны бүйірінде мөртаңбаланған «8431-2» нөмірімен, ал ретеуші клапаны «8431-1» нөмірімен сәйкестендіріледі. Сақтандыру клапаны жанармай құбырындағы жанармай айдау сорабымен жанармай сүзгісінің аралығында орнатылған. Клапан зауыттық жағдайларда 140-150 фунт/кв.дюйм (965-1034 кПа) қысымда жұмыс істеуге реттелген және клапанды бас жанармай ыдысымен байланыстырылатын орама кері желімен бірге орнатылады. Клапан жанармай айдау сорабының жетекті қозғалтқышын желілік асқын жүктемелерден, сондай-ақ жанармай жүйесінің төмен қысымды жағындағы жанармай ағынының үзілісінен болатын жоғары қысымнан толық қорғайды. Реттеуші клапан қозғалтқыштан шығатын кері жанармай құбырлары мен жанармай ыдысының аралығында орнатылады. Зауыттық жағдайларда бұл клапан жанармайды бүркудің электрондық басқару жүйесінің жоғары қысымды сораптарына келіп түсетін жанармайдың қажет қысымын ұстауға арналған. Қысымды тексеру шынысының жанына орнатылатын тестік келтеқұбыр манометрдің көмегімен немесе қозғалтқышты іске қосу постындағы жанармай жүйесінің қысымын өлшейтін манометр көрсеткіштерін қадағалай отырып бақылауға болады. Жүйедегі қысым қозғалтқыштың бос жүрісі жұмысы кезінде 88-92 фунт-кв.дюйм (607-634 кПа) құрауға тиіс және қозғалтқыштың толық жүктемелі жұмысы кезінде, сондай-ақ қозғалтқыштың номиналдық қуатына қарай ең жоғары жылдамдықта 4-20 фунт/кв.дюйм (28-138 кПа) дейін төмендеуі мүмкін. Реттеуші клапанды ретке келтіру кезінде жанармай сүзгісі таза болуға тиіс, ал тексеру шынысы учаскесіндегі ағын ауа көбікшелерінен бос болуға тиіс. Уақыттың белгілі кезеңдерінде қысымның бірте-бірте төмендеуі реттеуші клапан тағайыншамасының дұрыс іріктелмегенін емес, сүзгінің бітеліп қалғанын көрсетеді. Мұндай жағдайда сүзгі элементтерін ауыстыру қажет.
5 – сурет. Сақтандыру және реттеуші клапандар Date: 2015-07-01; view: 620; Нарушение авторских прав |