Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орналасуы





Күштік түйіндер дизель блогына бұрандармен бекітіледі. Олар қозғалт- қыштың екі жағында қатар орналасып, жинақта, цилиндрлердің оң және сол блоктарын құрайды.

 

 

Жай – күйін тексеру және техникалық қызмет көрсету

Ескерту: Блоктардың балық күштік түйіндердің жай-күйін тексеру техникалық қызмет көрсетудің жоспар кестесінде қарастырылмағанмен, тепловоз жабдықтарын үнемі тексеру барысында сіздер қозғалтқыштан бөгде дыбыстардың бар-жоғын тексеруге, күштік түйіндерге байланысты сіздің назарыңызды аударуы мүмкін, қозғалтқыштан майдың ағуын көзбе-көз тексеріп отыруыңыз керек.

Тексеру мен техникалық қызмет көрсетудің ұсынылған кестесіне күштік түйіндерді тексеру енгізілмеген, кейбір секцияларға немесе блоктардың түйіндері мен бөлшектеріне ТҚК нақты талаптары қолданылады.

Екі жыл өткен соң

- Картердегі барлық түйіндермен бөлшектерді (шатундар мен цилиндр гильзаларының, сондай-ақ поршень етектерінің сызаттарын) көзбе- көз тексеру.

- Цилиндрлердің енгізу тесіктеріндегі күйеқабаттарын тексеру.

- Клапандардың итергіштері мен өзектерінің арасындағы саңылауды тексеру, қажет болса ретке келтіру.

- Жанармай бүріккіштерді 6500 мотосағат жұмыс істегеннен (орташа жұмыс істеу сағатпен) кейін немесе екі жыл өткеннен кейін алмастыру немесе қайта жаңарту керек.

Күштік түйіндерді бөлшектеу (жинақтағы тіркеме шатун)

Бөлшектеуге дайындық

Ескерту:

Күштік түйінді бөлшектер алдында оған қол жеткізу үшін бірнеше алдын алу операцияларын жүргізу керек.

1. Біріншіден, тепловозды қолданыстағы зауыттық, федералдық, аймақтық немесе жергілікті ережелерге сәйкес сенімді тіркеу керек. Тепловоз қозғалтқышын салқындату үшін сұйықтықты ағызып жіберу керек.

2. Бөлшектенетін цилиндрдің клапанды қорапшасының қақпағындағы таңба салынған бекіту бұранын ағыту керек. Қысқыш тақтаны 900-қа бұру керек. Цилиндрдің клапанды қорапшасының қақпағын алып, оны сенімді жерге қою керек.

 

Сурет

3. Енгізу коллекторындағы төрт қыспақты сақинаның бұрандаларын ашып алып, құбырларды енгізу коллекторының жапсарлас секцияларына салу керек.

 

Сурет

 

4.Енгізу коллекторының секциясын бөлшектеуге тиіс күштік түйіннен алып қою керек. Енгізу коллекторының жапсарлас секцияларына бұрын қойылған құбырларды шығарып, алып тастау керек.

 

3 – сурет.

 

5.Енгізу су коллекторының жалғастырғышындағы бұрандарды ашып алу керек.

 

 

Сурет.

 

6. Коллекторды су жинағышының жапсарлас секциясына жылжыту керек. Бөлшектелуге тиіс күштік түйіннің су енгізу коллекторын алу керек. Одан соң коллекторды да ашып, алып қою керек.

 

Сурет.

7. Түйіннің артқы қабырғасының жоғарғы бөлігіндегі су жіберу түтікше мен

компрессиондық иінді ағытып алу керек.

 

Сурет.

8.Төмен қысымды жанармай құбырын ағытып алу керек. Резеңке қаптың артқы тілшігінен ұстай отырып, соленоидты клапанның қабын оны сәл көтеріп алға жылжыта отырып, еппен шешіп алу керек. Электр қысқыштардың бекіту бұрамаларын ағыту керек. Бұрамалар толық алынбайды. Қысқышты цилиндр жаққа қарай оның ойығының кең бөлігі қысқыштың бекіту бұрамасының дәл астына келетіндей етіп жылжытып, бұраманы босату керек. Еппен көтеріп, қыспақты алу керек.


 

Сурет.

Ескерту: Күштік түйінді бөлшектеу үшін жанармайды бүркудің механикалық басқару жүйесіндегі қозғалтқыштардан жоғары қысымды жанармай сорабын, жоғары қысымды жанармай құбырын және бүріккішті ағытып алу талап етілмейді. Алайда жанармайды бүркудің электронды басқару жүйесіндегі 7FDL қозғалтқышындағы жоғары қысымды жанармай сораптарын міндетті түрде ағытып алу керек.

9. Барлық цилиндрлердегі компрессияны төмендету тығындарын толық бір айналымға бұрау керек.

 

Сурет.

10. Оталдыруды оздыру бұрышын бекіту тетігінің бақылау люгінің қақпағын және үлестіргіш біліктің тістегіршігінің қаптамасындағы білік айналу қондырғысына қол жеткізетін люк қақпағын ашу керек.

 

Сурет.

11. Жиектемені қозғалтқыштың ішіне толық кіретіндей етіп және оған енгізілген аспаппен бірге таратқыш білігі тістегіршіктің қаптамасына тірелетіндей етіп орналастыру керек. Одан соң жиектемені біліктің айналу қондырғысына қол жеткізуге арналған люк қақапағынан ағытылған бұрандар мен шестерня қаптамасына бекіту керек. Біліктің айналу қондырғысын таратқыш білігінің тістегершігімен ілініскенге дейін ішіне енгізіп, біліктің айналу қондырғысында біржолғы қозғалысы 1,0 дюйм зырылдауық гайка (гайковерт) кілтін немесе орнықтырғыштың орнында екеніне көз жеткізіп пневматикалық гайка (гайковерт) бұрағыштарды орналастыру керек. Иінді біліктің қалыпты бағыты бойынша, біліктің айналу құрамындағы оталдыруды оздыру бұрышын орнату тетігіндегі көрсеткіш, біліктің айналу қондырғысының жанында орналасқан таратқыш білігінің от алдыруды оздыру бұрышының белгісімен тура келгенге дейін баяу айналдыра беру керек. Тиісті цилиндр үшін шамасы (бұрышы) төлқұжаттық кестесінде көрсетілген

 

Сурет.

 

 

12. Клапанды күйентелерді қолдана отырып, қысқа өтпелі итергішті, одан соң екі тік итергішті ағытып алу керек.

 

Сурет.

Ескерту: Итергіштерді иінтірек тәрізді аспаптарды қолдану арқылы немесе шамадан тыс күш жұмсап, майыстыруға болмайды. Жинақтағы жанармай сорабының итергіші цилиндрмен бірге бөлшектеледі.


13. Цилиндрдің клапанды қорапшасының қақпағы ашылғанда Pneutorgue кілтінің тірек раманы жинақтағы цилиндрдің жоғарғы жағына орнату керек.

 

Сурет.

14. Pneutorgue кілтін қойылған ұзартқышпен және арнайы бастиекпен үйлестіре отырып, цилиндрдің төрт бекіту бұранын бірнеше рет айналдырып бұрау керек.

 

Сурет.

15. Енді бекіту бұрандарын шынықтырылған шайбамен бірге ағытып алуға болады.

Сақтаныңыз! Егер бөлшектеуді жеңілдету үшін бұранның басын қыздыруға тура келсе, оны енді пайдаланбайтындай етіп, лақтырып тастау керек, өйткені бұранның созылу кезіндегі беріктік шегі қыздыру салдарынан өзгеріп кетеді.

Қозғалтқыштың оң жағындағы цилиндрді бөлшектеу

 

Сонымен, біз қозғатқыштың жоғарғы жазықтығындағы цилиндрді бөлшектеуге дайындадық. Енді бізге картердегі күштік түйіннің құрамындағы жабдықты бөлшектеуге дайындау керек.

Ескерту: Картерде орналасқан жинақтағы күштік түйін жабдығын дайындау жөніндегі әрекеттер бөлшектелетін күштік түйіннің қозғалтқыштың оң (тіркеме шатундар жағы) немесе сол (бас шатундар жағы) жағында орналасуына байланысты.

Қозғалтқыштың оң жағындағы (тіркеме шатундар жағы) жинақтағы күштік түйінді бөлшектеуге қажетті әректтерден бастаймыз.

1. Иінді білікті тіркемелі бұлғақтың саусақтарын бекіту бұрандарына қол жеткізетін күйге келтіріп бұру керек. Бұрандарды босатып, оларды тарту төлкелерімен бірге ағытып алу керек. Соңғысын көтеру кезінде цилиндр гильзасының ішіндегі жинақтағы поршенді ұстап тұру үшін арнайы құрылғыны (J HOOk) пайдалану керек. Тіркеме бұлғақ енді ағытылды.

 

Сурет.

2. Цилиндрдің артқы қабырғасындағы салқындатқыш суды әкетуге арналған келтеқұбырға көтеру аспабын орнату керек. Көтеру аспаптың жинағына қойылатын беріктігі жоғары бұрандарды ғана пайдалану керек.

 

Сурет.

 

3. Аспаптың ішкі бөлігіндегі көтеру нүктесіне кранның көтеру аспабын жалғау керек. Бұл түйінді шығарып алуға қажетті 221/2 град бұрыш жасап күштік түйінді ілуге мүмкіндік береді. Күштік түйінді еппен қозғалтқыштан шығарып алу керек.


Сурет.

Жинақтағы күштік түйінді текшеге немесе сәйкес келетін контейнерге орналастыру керек. Жинақтағы күштік түйінді бөлшектеу аяқталды.

 

Күштік түйіндерді орнату (жинақтағы тіркеме шатун)

Орнату

Күштік түйінді орнату толығымен бөлшектеу тәртібіне кері тәртіпке орындалады.

1. Тепловозды қолданыстағы зауыттық, федералдық, аймақтық немесе жергілікті ережелерге сәйкес тіркеу керек.

2. Оң және сол блоктағы барлық күштік түйіндерін бөлшектегеннен кейін оларды қозғалтқышқа орнатуды бас бұлғақтар орналасқан сол жақ цилиндрлер блогынан бастаған жөн.

3. Орнатылатын күштік түйіндегі клапандардың итергіштері мен өзектерінің арасындағы саңылау барынша ұлғайғанша реттегіш бұрамаларды босату керек.

 

Сурет.

4. Жанармай сорабының итергішін бағыттауышты және онымен түйіндескен бөлшектерді бөлшектеу керек. Бағыттауышты босатып алғаннан кейін итергішті бөлшектеу үшін айқындау сүңгілерін сақтап қойыңыздар. Картер ойығына бір қолыңызды тығып, барлық түйіндер мен агрегаттарды ағытып алу керек. Бағыттаушы итергішін және бұрын пайдаланылған тығыздағыш сақиналарды ағытып алып, қоқысқа тастау керек. Күштік түйінді әрбір ауыстырған сайын осы тәсілмен әрекет жасау керек. Бағытауышы тығыздағыш сақинаны ауыстырып, жаңа сақинаны Lubriplate Spraylube А майымен майлау керек. Бұл болашақта май шығынын болдырмайды.

Сурет.

Сурет.

5. Сырғақты және жинақтағы бағыттауышты орнына еппен қондыру керек. Барлық бөлшектердің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу керек. Ағаш балғаның сабының ұшымен немесе жұмсақ аспаппен бағыттауыштың бойынан тықылдатып ұра отырып, оны төмен түсіру керек. Бағыттауышты біртегіс орналастыру үшін тиісті аспапты қолданып, бағыттауышты сол күйінде бекіту үшін сұққышты тығу керек.

Сурет.

6. Клапандардың сырғақтарының бағыттауыштарын салу керек. сұққыштарын Түйінді жоғарыда сипаттағандай бөлшектеу керек. Клапан сырғақтары бөлшектерінің саны жанармай сорабының бөлшектер санына қарағанда аз. Жаңа тығыздауыш сақиналарды салып, оларды Lubriplate Spraylube А майымен майлау керек, дұрыстығын анықтап, орына қою керек. Айқындау сұққышын орнату керек. Ағаш сапты балғаның түбімен түйін бойынша ақырын қаға отырып, орнына түсіру керек.

7. Lubriplate Spraylube А майын жанармай сорабының клапандарының итергіштері мен итергіш бағыттауышының тығыздауыш сақиналарының перифериясы бойынша жағу керек. Сол маймен қабатын қалың етіп, цилиндр қаптамасының шығыңқы төменгі бөлігінің радиусы бойынша майлау керек және сол жерге жаңа тығыздауыш сақинаны орнату керек.

8. Бағыттауыштарды цилиндрдің бөлшектеу бұрандарының астындағы тесіктерге орнатып, бұрандарды қолмен тарту керек. Цилиндрің үшкір бөлігінің жоғарыда тұрғанына көз жеткізу керек.

9. Қыспақты аспапты (зажимное приспособление (J-clamp) пайдалана отырып, поршенді орнында ұстау керек.

 

Сурет.

10. Дизель блогының цилиндр келіп тіркелетін жоғарғы бетін сүрту керек. Жинақтағы цилиндрді 221/2 град бұрышта ілуге арналған көтергішті (подьемник) пайдалану керек.

11. Жинақтағы цилиндрді бағыттауыштар бойынша айқындау керек. Дизель блогындағы тіркеме шатунды бағыттай отырып, цилиндрді ақырын әрі еппен түсіру керек.

12. Картер ойығына қолыңызды тығып, бас шатунды тіркеме щатунның саусағына кигізу керек. Жинақтағы цилиндрді орнына жіберу керек.

13. Қыспақты аспапты алып тастау керек. Тіркеме шатун саусағының бұрандарына Molykote GN Paste қою майын жағу керек. Тіркеме шатун саусағының бекіту бұрандарына тарату төлкелерімен бірге орнату керек. Бұрандарды талаптарға сәйкес тарту керек.

14. Цилиндрді цилиндрлер блогының жоғарғы бөлігіне қатысты дұрыс жағдайда орнату үшін, ең алдымен бағыттауыштардың тікендерін (шипы) алып тастау керек. Бөлшектеу бұрандарына қарайтын шайбалардың беттерінің қалай өңделгенін тексеру керек. Тозған және шамадан тыс тартылған бұрандарды лақтырып тастау керек. Шайбалардың беттері мен бұрандардың бұрандасын ТҚ нұсқаулығында көрсетілген маймен майлау керек. Бұрандарды қолмен бұрау керек. Бұрандарды орнына ілгенен кейін, уақытты үнемдеу үшін пневматикалық гайка кілтті пайдалану керек. Цилиндрдің бөлшектеу бұрандарын Pneutorque пневматикалық гайка кілтімен тарту керек.

15. Кілттің тұғырын орнату керек. Pneutorque кілтінің реттегішін оның жүктемесіз айналу уақытында төлқұжаттық кестеде келтірілген көрсеткіштерге сәйкес сәтке орнату керек.

16. Цилиндр шеңберіндегі бұрандарды диагональ бойынша бұрау керек. Тарту үдерісі екі немесе үш рет жүргізілу керек. Белгіленген моментке жеткен кезде кілт бұранға күш түсіруді тоқтатады. Бұл бұрандарды бұрау кезінде көрсетілген майлау ерекшелігі мен тарту моментін пайдалану маңызды. Жекелеген бұрандардың тартылуын тексеру үшін момент бойынша шектеулі қолмен бұрайтын тегір кілтті ұқыпты пайдаланған жөн.

 

Сурет.

Ескерту: Белгіленген тарту моментінен асып кету бұранның созылуына немесе тіпті бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондай-ақ белгіленген моменттен кем тартылмағаны да жөн. Бұрандардың дұрыс тартылуы жинақтағы цилиндрді өз орнына барлық үдерісіндегі маңызы зор.

17. Цилиндрді (немесе күштік түйінді) орнына мықтап бекіткеннен кейін енгізу су коллекторын қосу керек. Орнатудың әрбір операциясында жаңа төсемдерді немесе тығыздауыш сақиналарды пайдалану керек. Төсемдер жинағы қозғалтқышты жаңартуға арналған бөлшектер тізімдемесінде орналасқан.

 

Сурет.

18. Сорылған ауаны беретін енгізу коллекторын қосу керек. Жаңа тығыздауыш сақиналарды пайдалану керек. Қыспақты сақиналар арасындағы сорылған ауаны беруге арналған құбырды дәл ортаға орналастыру керек. Бұрандарды толық тарту үшін моменті шектелген гайка кілтті пайдалану керек.

 

 

Сурет.

19. Шығатын газдардың енгізу коллекторын қосу кезінде жаңа тығыздауыштар орнату керек. Ернекті қосылыстардың төрт бұранын шектелген момент бойынша тарту керек.

20. Су ағызу құбыры мен сығылу сақинаны (компрессорнное кольцо) жалғау керек. Цилиндр қаптамасы мен сақинаның түйіспелерінде жаңа төсемдер орнату керек.

21. Егер бұрын қолданылған итергіштер пайданылатын болса, оларды мұқият тексеру керек. Итергіштерді үстел бетінде немесе басқа бір жазықтық бетінде дөңгелете отырып, сіздер оның біртүзулігін тексере аласыз. Итергіштердің домалақтанған шеттерінің жырылмағанын немесе майыспағанын тексеру керек. Итергіш шеттерінің өз ұяларына тығыз орналасқанына көз жеткізу керек. Майысқан немесе зақымданған барлық итергіштерді лақтырып тастау керек. Итергіштердің ішінде жағар майды күйентелерге беруге арналған арна бар, сондықтан олардың тазалығын тексеру керек. Енгізу және шығару клапандарының итергіштері ұқсас, демек, өзара айырбастауға болады. Сондай–ақ итергіштің басы төмен не жоғары қараса да айырмашылығы жоқ. Оларды цилиндрдің тиісті арналарына енгізу керек.

 

Сурет.

22. Итергіш сырғағының роликтері итергіштерді толық орнатқан кезде қажетті саңылауды қамтамасыз етуге арналған жұдырықшалардың көтеріңкі учаскелерінен тыс орналасуға тиіс. Роликтер жұдырықшалардың негізгі шеңберінен табылуы үшін, иінді білікті белгіленген бұрышқа бұру қажеттілігі туындауы мүмкін. Енгізу клапандарының итергіштерін оларды күйентелердегі ұяларына енгізу үшін клапанды күйентелерді басуға араналған аспапты пайдалану керек. Одан кейін шығару клапандарының қысқа итергіштерін олардың ұяларына енгізу мүмкін болу үшін, шығару клапандарының күйентесін төмен басу керек.

23. Соңғы реттеу операцияларын орындағаннан кейін, барлық қақпақтар мен қаптамаларды орнына орнатуға болады. Тепловозға қозғалтқыштағы жұмыстарды бастар алдында ағызып алынған сұйықтарды құю керек.

Осымен тіркеме бұлғақтар жағындағы күштік түйіндерді орнату рәсімі аяқталады.

Күштік түйіндерді бөлшектеу. (жинақтағы бас шатун)

Бөлшектеуге дайындық

1. Біріншіден, тепловозды қолданыстағы зауыттық, федералдық, аймақтық немесе жергілікті ережелерге сәйкес сенімді тіркеу керек. Тепловоз қозғалтқышын салқындату үшін сұйықтықты ағызып жіберу керек.

2. Бөлшектелетін цилиндрдің клапанды қорапшасының қақпағындағы таңба салынған бекіту бұранын ағыту керек. Қысқыш тақтаны 900- қа бұру керек. Цилиндрдің клапанды қорапшасының қақпағын алып, оны сенімді жерге қою керек.

Сурет.

3. Енгізу коллекторындағы төрт қыспақты сақинаның бұрандарын ағытып алып, құбырларды енгізу коллекторының шектесетін секцияларына салу керек.

 

Сурет.

4. Енгізу коллекторынының секциясын бөлшектелуге тиіс күштік түйіннен алып қою керек. Енгізу коллекторының шектесетін секцияларына бұрын қойылған құбырларды шығарып алу керек.

 

Сурет.

5. Енгізу су коллекторының жалғастырғышындағы бұрандарды ағытып алу керек.

Сурет.

6 Жалғастырғышты су коллекторының шектесетін секциясына жылжыту керек.

Бөлшектелуге тиіс күштік түйіннің су енгізу жинағышын алу керек. Жалғастырғышты да ағытып, алып қою керек.

Сурет.

 

7 Түйіннің артқы қабырғасының жоғарғы бөлігіндегі су жіберу түтікше мен

компрессиондық иінді ағытып алу керек.

 

Сурет.

Сақтаныңыз! Машинист кабинасындағы борт желісінің бақылау ажыратқышы (LCCD) мен жанармай сорабының ажыратқышының (FPB) «ажыратылған» күйіне қойылғанына көз жеткізіңіздер.

8. Төмен қысымды жанармай құбырын ағытып алу керек. Резеңке қаптың артқы тілшігінен ұстай отырып, соленойдты клапанның қабын оны сәл көтеріп алға қарай жылжыта отырып, еппен шешіп алу керек. Электр қыспақтардың бекіту бұрамаларын ағыту керек. Бұрамалар толық алынбайды. Қыспақты цилиндр жаққа қарай оның ойығының кең бөлігі қыспақтың бекіту бұрамасының дәл астына келетіндей етіп жылжытып, бұраманы босату керек. Еппен көтеріп, қыспақты алу керек.

Сурет.

Ескерту: Бұл жағдайда жоғары қысымды жанармай сорабын, жоғары қысымды жанармай құбырын және бүріккішті ағытып алу талап етілмейді.

9. Барлық цилиндрлердегі компрессияны төмендету тығындарын толық бір айналымға бұрау керек.

 

Сурет.

10. От алдыруды оздыру бұрышын бекіту тетігін бақылау люгінің қақпағын және үлестіргіш біліктің шестернясының қаптамасындағы білік айналдыру қондыр ғысына қол жеткізетін люк қақпағын ашу керек.

 

Сурет.

11.Жиектемені қозғалтқыштың ішіне толық кіретіндей етіп және оған енгізілген аспаппен бірге тарату білігі шестерняның қаптамасына тірелетіндей етіп орналастыру керек. Одан соң жиектемені білік айналдыру қондырғысына қол жеткізуге арналған люк қақпағын ағытылған бұрандармен шестерня қаптамасына бекіту керек. Білік айналдыру қондырғысын тарату білігінің шестернясымен ілініскенге дейін ішіне енгізіп, білік айналдыру қондырғысында біржолғы қозғалысы 1,0 дюйм зырылдауық гайка кілтін немесе орнықтырғыштың орнында екеніне көз жеткізіп пневматикалық гайка бұрағышты орналастыру керек. Иінді білікті оның қалыпты бағыты бойынша, білік айналдыру құрамындағы от алдыруды оздыру бұрышын орнату тетігіндегі көрсеткіш тарату білігінің от алдыруды оздыру бұрышының белгісімен тура келгенге дейін баяу айналдыра беру керек, бұрыштардың шамасы (бұрышы) тиісті цилиндр үшін төлқұжаттық кестесінде көрсетілген.

 

Сурет.

12. Клапанды күйентелерді қолдана отырып, қысқа өтпелі итергішті, одан соң екі тік

итергішті ағытып алу керек.

 

Сурет.

Ескерту: Итергіштерді иінтірек тәрізді аспаптарды қолдану арқылы немесе шамадан тыс күш жұмсап, майыстыруға болмайды. Жинақтағы отын сорабының итергіші цилиндрмен бірге бөлшектенеді.

13. Цилиндрдің клапанды қорапшасының қақпағы ашылғанда Pneutorque кілтінің тірек жақтауын жинақтағы цилиндрдің жоғарғы жағына орнату керек.

 

Сурет.

14.Pneutorque кілтін қойылған ұзартқышпен және арнайы бастиекпен (головкой) үйлестіре отырып, цилиндрдің төрт бекіту бұранын бірнеше рет айналдырып бұрау керек.

 

Сурет.

19. Енді бекіту бұрандарын шынықтырылған шайбалармен бірге ағытып алуға

болады.

Сақтаныңыз! Егер бөлшектеуді жеңілдету үшін бұранның басын қыздыруға тура келсе, оны енді пайдаланбайтындай етіп, лақтырып тастау керек, өйткені бұранның созылу кезіндегі беріктік шегі қыздыру салдарынан өзгеріп кетеді.

Қозғалтқыштың сол жағындағы цилиндрді бөлшектеу

 

Енді картердегі күштік түйіннің құрамындағы қозғалтқыштың сол жағындағы жабдықты бөлшектеуге дайындауымызға болады.

Ескерту: Егер сіздер қозғалтқыштың сол жағындағы күштік түйінді бөлшектейтін болсаңыздар, сіздерге жинақтағы бас шатунның түйінін алуға тура келеді.

1. Жинақтағы бас шатунды бөлшектер алдында ең алдымен иінді білікті тіркеме шатунның саусақтарын бекіту бұрандарына қол жеткізетін күйге келтіріп бұру керек. Иінді біліктің орнын өзгертуге арналған рычагты пайдалана отырып, білікті бұру құрылғысының көмегімен тіркеме шатун мен поршенің құрамындағы түйінді цилиндрге енгізіп, поршенді берілген жағдайда ұстап тұруға арналған аспаптың көмегімен бекіту керек. Жинақтағы бас шатунды бөлшектеуге орын босату үшін осылай жасау қажет.

 

Сурет.

2. Қозғалтқыштың иінді білігін бас шатунның мойынтірек қақпағын ашуға қол жететіндей жағдайға ауыстыру керек. Мойынтірек қақпағын шатунға бекіткені бұрандарды босатып алу керек және бас шатунның мойынтірек қақпағын бөлшектеуге арналған арнайы аспапты қолдана отырып, мойынтірек қақпағын бөлшектеп, картерден алып қою керек.

 

Сурет.

3. Түйінді көтеру кезінде тепловоздың өзге де түйіндері мен агрегаттарын зақымдап алмас үшін бас шатунның артына сақтандыру төсенішін орнату керек.

4. Жинақтағы цилиндрді бөлшектеу кезінде оның ішіндегі поршенді ұстау үшін

(J HOOk) аспабын орнату керек.

Ескерту: Енді барлық дайындық операциялары аяқталғаннан кейін дизель

блогынан жинақтағы цилиндрді бөлшектеп алуға болады.

5. Цилиндрдің артқы қабырғасындағы салқындатқыш суды әкетуге арналған түтікшеге көтеру аспабын орнату керек. Көтеру аспаптарының жинағына қойылатын беріктігі жоғары бұрандарды ғана пайдалану керек.

 

Сурет.

6.Аспаптың ішкі бөлігіндегі көтеру нүктесіне кранның көтеру аспабын жалғау

керек. Бұл түйінді шығарып алуға қажетті 221/2 град бұрыш жасап күштік

түйінді ілуге мүмкіндік береді. Күштік түйінді еппен қозғалтқыштан шығарып

алу керек.

7. Жинақтағы күшті түйінді текшеге немесе сәйкес келетін контейнерге орналастыру

керек.

Жинақтағы күшітк түйінді бөлшектеу аяқталады.

 

Күштік түйіндерді орнату (жинақтағы бас шатун)

Орнату

Күштік түйінді орнату толығымен бөлшектеу тәртібіне кері тәртіпте орындалады. Бұл бөлімде біз қозғалтқыштың сол жағындағы күштік түйінді орнатуды қарас- тырамыз.

1. Тепловозды қолданыстағы зауыттық, федералдық, аймақтық немесе жергілікті ережелерге сәйкес тіркеу керек.

2. Оң және сол блоктардың барлық күштік түйіндерін бөлшектегеннен кейін оларды қозғалтқышқа орнатуды бас шатундар орналасқан сол жақ цилиндрлер блогынан бастаған жөн.

3. Орнатылған күштік түйіндегі клапандардың итергіштері мен өзектерінің арасындағы саңылау барынша ұлғайғанша реттеуші бұрамаларды босату керек.

 

 

Сурет.

4. Жанармай сорабының итергішін, бағыттауышты және онымен түйіндескен бөлшектерді бөлшектеу керек. Бағыттауышты босатып алғаннан кейін итергішті бөлшектеу үшін анықдау сұққыштарын сақтап қойыңыздар. Картер ойығына бір қолыңызды тығып, барлық түйіндер мен агрегаттарды ағытып алу керек. Бағыттауыштың итергішін және бұрын пайдаланылған тығыздауыш сақиналарды ағытып алып, қоқысқа тастау керек. Күштік түйінді әрбір ауыстырған сайын осы тәсілмен әрекет жасау керек. Бағыттауыштағы тығыздауыш сақинаны ауыстырып, жаңа сақинаны Lubriplate Spraylube A майымен майлау керек. Бұл болашақта май ағуын болдырмайды.

 

Сурет.

Сурет.

5. Сырғақты және жинақтағы бағыттауышты орнына еппен қондыру керек. Барлық бөлшектердің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу керек. Бұл бөлшектерді орталық жағдайға орнату керек. Ағаш балғаның сабының ұшымен немесе жұмсақ аспаппен бағыттауыштың бойынан тықылдатып ұра отырып, оны төмен түсіру керек. Бағыттауышты біртегіс орналастыру үшін тиісті аспапты қолданып, бағыттауышты сол күйінде бекіту үшін сұққышты тығу керек.

 

Сурет.

6. Клапандардың сырғақтарының бағыттауыштарын салу керек. Анықтау сұққыштарын жоғалтпау керек. Түйінді жоғарыда сипатталғандай бөлшектеу керек. Клапан сырғақтары бөлшектерінің саны жанармай сорабының бөлшектер санынан едәуір аз. Жаңа тығыздауыш сақиналарды салып, оларды Lubriplate Spraylube A майымен майлау керек. Дұрыстығын анықтап, орнына қою керек. Анықтау сұққышын орнату керек. Ағаш сапты балғаның түбімен түйін бойынша ақырын қаға отырып, орнына түсіру керек.

7. Lubriplate Spraylube A майымен жанармай сорабының клапандарының итергіштері мен итергіш бағыттауышының тығыздауыш сақиналарының перифериясы бойынша жағу керек. Сол маймен қабатын жұқалап, цилиндр қаптамасының шығыңқы төменгі бөлігінің радиусы бойынша майлау керек және сол жерге жаңа тығыздауыш сақинаны орнату керек.

8. Бағыттауыштарды цилиндрдің бөлшектеу бұрандарының астындағы тесіктерге орнатып, бұрандарды қолмен тарту керек. Цилиндрдің үшкір бөлігінің жоғарыда тұрғанына көз жеткізу керек.

 

Сурет.

9. Қыспақты аспапты (J-clamp) пайдалана отырып, поршенді штогымен бірге орнында ұстау керек. Одан соң мойынтірек фиксаторларын орнату керек. Мойынтіректің жоғарғы жаңа қаңқасын тексеру керек және оны таза мотор майымен майлау керек.

10. Иінді біліктегі сақтандыру төсенішін алу керек. Қылшық қалдырмайтын шүберекпен иінді біліктің мойнын және мойынтіректің жаңа төменгі жартықаңқасын сүрту керек. Мойынтіректің жартықаңқасы мен мойынды майлау керек.

11. Дизель блогының цилиндр келіп тіркелетін жоғарғы бетін сүрту керек. Жинақтағы цилиндрлі 221/2 град бұрышта ілуге арналған көтергішді (подемник) пайдалану керек.

12. Жинақтағы цилиндрді бағыттауыштар бойынша анықтау керек. Дизель блогындағы тіркеме бұлғақты бағыттай отырып, цилиндрді ақырын әрі еппен түсіру керек.

13. Картер ойығына қолыңызды тығып, бас бұлғақты тіркемелі бұлғақтың саусағына кигізу керек. Жинақтағы цилиндрді орнына жіберу керек.

 

 

Сурет.

14. Мойынтірек фиксаторлары мен қыспақты аспапты (J-clamp) алып тастау керек. Бас шатун мойынтірегінің қақпағын орнына қондыру үшін тиісті көтеру аспабын пайдалану керек. Бас шатун мен мойынтірек қақпағының зауыттық нөмірлері ұқсас болуға және бір жақтан көрініп тұруға тиіс. Бұрандарға Molykote GN Paste қою майын жағу керек. Бұрандарды техникалық талаптарға сәйкес тарту керек.

15. Цилиндрді цилиндрлер блогының жоғарғы бөлігіне қатысты дұрыс жағдайда орнату үшін, ең алдымен бағыттауыштардың тікенін (шипы) алып тастау керек. Бөлшектеу бұрандарына қарайтын шайбалардың беттерінің қалай өңделгенін тексеру керек. Тозған және шамадан тыс тартылған бұрандарды лақтырып тастау керек. Шайбалардың беттері мен бұрандардың бұрандасын ТҚ нұсқаулығына көрсетілген маймен майлау керек. Бұрандарды қолмен бұрау керек. Бұрандарды орнына ілгеннен кейін, уақытты үнемдеу үшін пневматикалық гайка кілтті пайдалану керек. Цилиндрдің бөлшектеу бұрандары Pneutorque пневматикалық гайка кілтімен тарту керек.

16. Кілттің тұғырын орнату керек. Pneutorque кілтінің реттегішін оның жүктемесіз айналу уақытында төлқұжаттық кестеде келтірілген техникалық деректерге сәйкес сәтке орнату керек. Цилиндр шеңберіндегі бұрандарды диагональ бойынша бұрау керек. Тарту үдерісі екі немесе үш рет жүргізілуі тиіс. Белгіленген моментке жеткен кезде кілт бұранға күш түсіруді тоқтатады. Бұл бұрандарды бұрау кезінде көрсетілген майлау ерекшелігі мен тарту моментін пайдалану маңызды. Жекелеген бұрандардың тартылуын тексеру үшін момент бойынша шектеулі қолмен бұрайтын гайка кілтті ұқыпты пайдаланған жөн.

Сурет.

Ескерту: Белгіленген тарту моментінен асып кету бұранның созылуына немесе тіпті бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондай-ақ белгіленген моменттен кем тартылмағаны да жөн. Бұрандардың дұрыс тартылуының жинақтағы цилиндрді өз орнына орнатудың барлық үдерісінде маңызы зор.

17. Цилиндрді (немесе күштік түйінді) орнына мықтап бекіткеннен кейін енгізу су коллекторын қосу керек. Орнатудың әрбір операциясында жаңа төсемдерді немесе тығыздауыш сақиналарды пайдалану керек. Төсемдер жинағы қозғалтқышты жаңартуға арналған бөлшектер тізімдемесінде орналасқан.

18. Сорылған ауаны беретін енгізу коллекторын қосу керек. Жаңа тығыздауыш сақиналарды пайдалану керек. Қыспақты сақиналар арасындағы сорылған ауаны беруге арналған құбырда дәл ортаға орналастыру керек. Әрқашан кілттерді және өзге де аспаптарды дұрыс таңдап пайдалану керек.

 

Сурет.

Сурет.

19. Шығатын газдардың енгізу коллекторын қосу кезінде жаңа тығыздауыштар орнату керек. Ернемекті қосылыстардың (фланцевого соединение) төрт бұранын шектелген момент бойынша тарту керек.

20. Су ағызу құбыры мен сығылу иінін жалғау керек. Цилиндр қаптамасы мен иіннің түйіспелерінде жаңа төсемдер орнату керек.

21. Егер бұрын қолданылған итергіштер пайдаланылатын болса, оларды мұқият тексеру керек. Итергіштерді үстел бетінде немесе басқа бір жазықтық бетінде дөңгелете отырып, сіздер оның біртүзулігін тексере аласыз. Итергіштердің домалақтанған шеттерінің өз ұяларына тығыз орналасқанына көз жеткізу керек. Майысқан немесе зақымдалған барлық итергіштерді лақтырып тастау керек. Итергіштердің ішінде жағар майды күйентелерге беруге арналған арна бар, сондықтан олардың тазалығын тексеру керек. Енгізу және шығару клапандарының итергіштері ұқсас, демек өзара айырбастауға болады. Сондай-ақ итергіштің басы төмен не жоғары қараса да айырмашылығы жоқ. Оларды цилиндрдің тиісті арналарына енгізу керек.

 

Сурет.

22. Итергіш сырғағының роликтері итергіштерді толық орнатқан кезде қажетті саңылауды қамтамасыз етуге арналған жұдырықшалардың көтеріңкі учаскесінен тыс орналасуға тиіс. Роликтер жұдырықшалардың негізгі шеңберінен табылуы үшін, иінді білікті белгіленген бұрышқа бұру қажеттілігі туындауы мүмкін. Енгізу клапандарының итергіштерін олардың күйенте леріндегі басуға арналған аспапты пайдалану керек. Одан кейін шығару клапандарының қысқа итергіштерін олардың ұяларына енгізу мүмкін болу үшін, шығару клапандарының күйентелерін төмен басу керек.

23. Соңғы реттеу операцияларын орындағаннан кейін, барлық қақпақтар мен қаптамаларды орнына орнатуға болады. Тепловозға қозғалтқыштағы жұмыстарды бастар алдында ағызып алынған сұйықтықтарды құю керек.

Осымен күштік түйіндерді (жинақтағы бас шатундар) орнату жұмыстары аяқталады.

Модуль

Үлестіргіш білік

Кіріспе

2 деңгейдің «Үлестіруші білік» модулін үйренуге кірісеміз. Бұл модульде үлестіргіш біліктің орналасуы, қызметі сондай-ақ бөлшектеу және орнату жұмыстары сипатталады.

Бөлімдер

1 Бөлім: Қызметі және орналасуы

2 Бөлім: Жай-күйін тексеру және техникалық қызмет көрсету

3 Бөлім: Үлестіргіш білікті бөлшектеу

4 Бөлім: Үлестіргіш білікті орнату

 

Мақсаты

Бұл модульді үйренгеннен кейін, сіздер:

- Үлестіргіш біліктің қызметі мен орналасуын түсінуге;

- Үлестіргіш біліктің жай-күйін тексеру және ТҚ кезінде қолданылатын өлшемдерді білуге және түсінуге;

- Үлестіргіш білік секцияларын қалай бөлшектеуді және орнына орнатуды білуге тиіссіздер.

Қызметі және орналасуы

Қызметі

Үлестіргіш білік екі мақсатқа арналған. Біріншісі енгізу және шығару клапандарын ашу тетіктеріне механикалық энергияны берумен шектеледі.

Үлестіргіш біліктегі жұдырықшалар оның әрбір айналымында итергіштердің орнын жоғары ауыстырады. Итергіштер цилиндрлердің клапан қорапшаларындағы енгізу және шығару клапандарын ашатын күйентелерді (серіппелі) қозғалысқа келтіреді.

Үлестіргіш біліктің екінші мақсаты итергіштің көмегімен жоғары қысымды жанармай сораптарының плунжерін қозғалысқа келтіру болып табылады. Плунжер жанармай қысымының оны бүрку кезінде шашыратуға қажетті деңгейге көтерілуін қамтамасыз етеді.







Date: 2015-07-01; view: 879; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.116 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию