Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сипаттама. Резеңкелі жетекті жалғастырғыш, иінді білік пен көмекші тетіктер жетегінің тісті шестернялары арасындағы үйкелісу
Резеңкелі жетекті жалғастырғыш, иінді білік пен көмекші тетіктер жетегінің тісті шестернялары арасындағы үйкелісу құрылғысының қызметін атқарады. Егер май немесе су сорабына келетін шестернялар тетігі сыналанып қалатын болса, жалғастырғыш қиылады, және иінді білікті сорабтардың тісті берілісінен ажыратады. Осылай зақымданған сорабтармен иінді біліктің айналуына жол берілмейді. 1. Қозғалтқыш іске қосылмай тұрған кезінде қозғалтқыштың бос жағындағы қаптамаға қарап тұрған су сорабына майлау майын құятын құбырлы торды алу керек.Қаптаманың ойығы арқылы мантировканы ішіне енгізіп оның күшпегіне қатысты 0,03-0,06 дюймға, иінді біліктің шестернасын абайлап бұрау керек. Егер бул ретте муфтаның қиылуы іске аспаса, мантировканы алған сәтте шестерня бұрынғы жағдайына тез қайтып келеді
Сурет
2. Екінші және өте сапалы түрде тексеру үшін фонарь мен әйнек керек болады. Тексеру, қозғалтқыштың бос жағындағы қаптаманың ойығы арқылы иінді білік шестерняларының артқы беттерін және оның күшпектерін қарап шығумен жүзеге асырылады.
Сурет Сурет
3. Кем дегенде бірдей номермен монтаждау белгісі сәйкес келіп тұрғаны көрініп тұруы тиіс. Егер резеңкелі муфта зақымданған болса, осы белгілер бірігеді. Номерлердің сәйкес келмеуі, муфтаның кесілгенін көрсетеді және жаңасына алмастырылуы тиіс. Сурет Үлестіргіш біліктің шестернялар блогы. Үлестіргіш біліктің шестярналар блогі, генератор жағынан иінді білікке орнатылған ажырайтын шестернямен әрекетке келеді. Цилиндрлердегі тетіктермен тораптарының жұмысы, поршеннің жүрісімен синхрондалуы үшін үлестіргіш біліктің үш шестерняларының барлығының жұмысы ажырайтын шестерняның жұмысымен синхрондалуы тиіс. Қозғалтқыш қосылмай тұрған кезде сол жақтағы үлестіргіш біліктің шестернялар қаптамасын, дизель блогынан ажыратып алу керек. Дизель блогындағы қуыс арқылы иінді білікті ақырын бұрап көзбен шестернялардың барлық тістерінің тозуын тексеру керек. Тістердің шамадан тыс тозуы және металдың түсінің өзгеруі, қызып кетуі салдарынан болады. Иінді біліктегі ажырайтын шестерняның және үлестіргіш білік шестерналарының келісімді жұмыс шартын тексеру үшін қозғалтқыштың оң жақ блоктағы №1 - цилиндрдің поршені сығылу тактісінде жоғары өлі нүктеде тұратындай етіп бұру керек. Бұл ретте от алдыруды оздыру бұрышын қондыру механизмінің көрсеткіші 0 белгісіне қарсы тұру керек. Сурет
Сурет Ысыраптар, шығатын газдар мен шуыл. Қозғалтқыштың бос жүріс режимінде жұмыс жасап тұрғанда сыртқы май ағуын тексеру керек. Бет жүзінде майлы пленканың немесе майлау майының аққан іздері жанармай мен жағармайдың аққанын куәландырады. Судың ағуы әсерінен тотығудың пайда болуы салқындататын судың аққанын көрсетеді. Сырдың қабыршақталуы мен қара күйенің пайда болуы шығару құбырынан газдардың шығып тұрғанын куәландырады. Қозғалтқыштың сыртқы беттеріндегі ашық-қоңыр дақтану жанармайдың аққанын көрсетеді. Шуыл. Қозғалтқыштың бос жүрісі кезіндегі жұмыс істеуін тыңдап, барлық цилиндрлерде және газ шығару құбырларда шамадан тыс немесе өзгеше шуылдың шығып тұрғанын ажырата білу керек. Осындай ақаулықтарға қосымша, клапандардың итергіштері мен стержендерінің арасындағы саңылаудың шамадан тыс ұлғаюы шықылдаған дыбыс естіледі, ал шығару клапанында ақаулықтың болуы газ шығару құбырынан қарапайым кезеңдегі шуылдан да өте қатты шуыл естіледі, осындай тексерулер жүргізгенде қозалтқыштың басқа орындарындағы ақауларды анықтауға мүмкіндік береді, мысалы подшипниктердің соғылуы шамадан тыс саңылау. Шығатын газдар: Қозғалтқыштың бос жүрісі кезінде шығатын газдарының түсін бақылау қажет. 1. Негізінде шығару газдарының түсі мөлдір немесе ашық сұр болғаны дұрыс. 2. Шығару газдарының көкшіл түсті болуы құрамында майлау майының артық болғанын көрсетеді, яғни цилиндр гильзасы беттерінде кедір-бұдырдың болуы салдарынан поршень сақинасының ақаулығы, трубокомпрессор подшипниктері немесе салниктерінің жай-күйінің төмен болғандығынан көрсетеді. 3. Шығару газдарының ақ түсті болуы құрамында судың бар екені жөнінде куәландырады, бұл уақытша құбылыс болуы мүмкін немесе қозғалтқыш әлі қызып үлгермеген. Модуль 7FDL Қозғалтқыштың жұмысын жүзеге асыратын ішкі жүйелері. Кіріспе. Осы модулде дизель мен жүйлердің өзара әрекет етуі сондай-ақ 7FDL қозғалтқыштың ішкі жүйесінің контурлары қарастырылады.. Бөлімдері: 1 Бөлім: Дизельдің ішкі майлау жүйесі контуры. 2 Бөлім: Дизельдің ішкі су мен салқындату жүйесі контуры. 3 Бөлім: Дизельдің ішкі жанармай жүйесі контуры 4 Бөлім: Дизельдің ішкі жануға ауаны беру жүйесі контуры. 5 Бөлім: Дизельдің ішкі шығару жүйесі контуры. Мақсаты. Осы модулді оқып үйренгеннен кейін: ● 7FDL қозғалтқыштың негізі агрегаттары мен тораптарының көмекші жүйелермен өзара әрекет етуін білу ● Дизелді қозғалтқыштың ішкі жұмысын жүзеге асыратын әр бір нүкте контур- лары Қозғалтқыштың ішкі майлау жүйесі контуры. Date: 2015-07-01; view: 1199; Нарушение авторских прав |