Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Клапандары





Сақтандырғыш клапан жанармай айдау сорабының жетекті қозғалтқышын желілік асқын жүктемелерден, сондай – ақ жанармай жүйесінің төмен қысымды жағындағы жанармай ағынының үзілісінен болатын жоғары қысымнан толық қорғайды, ал реттеу клапаны жанармайды бүркудің электрондық басқару жүйесінің жоғары қысымды сораптарына келіп түсетін жанармайдың қажет қысымын ұстауға арналған.

 

Сақтандырғыш клапан

Жанармай жүйесінің сақтандыру және реттеу клапандарының өзара айырмашылықтары бар, сондықтан оларды өзара айырбастауға болмайды. Сақтандыру клапаны бүйірінде мөртаңбаланған «8431-2» нөмірімен, ал ретеуші клапан - «8431-1» нөмірімен сәйкестендіріледі.

Сақтандыру клапаны жанармай құбырындағы жанармай айдау сорабы мен жанармай сүзгісінің аралығында орнатылған. Клапан зауыттық жағдайларда 140-150 фунт/кв.дюйм (965-1034 кПа) қысымда жұмыс істеуге реттелген және клапанды бас жанармай багімен байланыстырылатын орама кері желімен бірге орнатылады. Клапан жанармай айдау сорабының жетекті қозғалтқышын желілік асқын жүктемелерден, сондай – ақ жанармай жүйесінің төмен қысымды жағындағы жанармай ағынының үзілісінен болатын жоғары қысымнан толық қорғайды.

Сурет

Қысымды реттеу клапаны.

Реттеу клапаны, қозғалтқыштан шығатын кері жанармай құбырлары мен жанармай багінің аралығында орнатылады. Зауыттық жағдайларда бұл клапан, жанармай бүркудің электрондық басқару жүйесінің жоғары қысымды сораптарына келіп түсетін, жанармайдың қажет қысымын ұстауға арналған. Қысымды бақылау терезесі жанына орнатылатын тестік келтеқұбыр, манометрдің көмегімен немесе қозғалтқышты іске қосу постындағы жанармай жүйесінің қысымын өлшейтін манометр көрсеткіштерін қадағалай отырып, бақылауға болады. Жүйедегі қысым қозғалтқыштың БОС ЖҮРІСТІ жұмысы кезінде 88-92 фунт-кв.дюйм (607-634 кПа) құрауға тиіс және қозғалтқыштың толық жүктемелі жұмысы кезінде, сондай–ақ қозғалтқыштың номиналдық қуатына қарай ең жоғары жылдамдықта 4-20 фунт/кв.дюйм (28-138 кПа) дейін төмендеуі мүмкін.

Реттеуші клапанды баптау кезінде жанармай сүзгісі таза болуға тиіс, ал байқау терезесі учаскесіндегі ағын ауа көбікшелерінен бос болуға тиіс.

Уақыттың белгілі кезеңдерінде қысымның бірте – бірте төмендеуі реттеуші клапанның дұрыс іріктелмегенін емес, жанармай сүзгінің бітеліп қалғанын көрсетеді. Сүзгілеу элементтерін ауыстыру қажет.

 

 

 

 

Сурет

Цилиндр клапандарының итергіштері мен стершендерінің

арасындағы саңылау.

Қозғалтқыштың сенімділігі мен жанармайдың жану процессін қамтамасыз ету үшін цилиндрдегі клапандарының итергіштерімен стержендереннің арасындағы саңылаудың дұрыс таңдалғаны қажет. Клапандағы итергіштермен стержендердің арасындағы саңылауды тексеру мынадай түрде орындалады.

1. Барлық цилиндрдегі цилиндрді декомпресстеу тығынын бір айналымға толық бұрау керек.

 

Сурет

2. Барлық цилиндрдің клапанды қорабының қақпақтарын алу керек.

 

Сурет

 

3. От алдыруды оздыру бұрышын бекіту тетігін бақылау люгінің қақпағын және үлестіргіш біліктің шестернясының қаптамасындағы білік айналдару қондырғысына қол жеткізетін люк қақпағын ашу керек.


Сурет

 

4. Жиектемені қозғалтқыштың ішіне толық кіретіндей етіп және оған енгізілген аспаппен бірге тарату білігі шестернясының қаптамасына тірелетіндей етіп орналастыру керек. Одан соң жиектемені білік айналдыру қондырғысына қол жеткізуге арналған люк қақапағынан ағытылған бұрандармен шестерня қаптамасына бекіту керек.

5. Білік айналдыру қондырғысын тарату білігінің шестернясымен ілініскенге дейін ішіне енгізіп, білік айналдыру қондырғысында біржолғы қозғалысы 1,0 дюйм зырылдауық (трешеточный) гайка кілтін немесе орнықтырғыштың орнында екеніне көз жеткізіп пневматикалық гайка бұрағыштарды орналастыру керек.

6. Иінді білікті оның қалыпты бағыты бойынша, білік айналдыру құрамындағы от алдыруды оздыру бұрышын орнату тетігіндегі көрсеткіш, білік айналдыру қондырғысының жанында орналасқан тарату білігінің от алдыруды оздыру бұрыштарының төлқұжаттық кестесінде көрсетілген тиісті цилиндр үшін шамасы, (бұрышы) шестернядағы алдыруды оздыру бұрышының белгісімен сәйкес келгенге дейін баяу айналдыра беру керек

 

7. Реттелетін цилиндрдегі барлық клапандары тиісті сығылу тактісі жағдайында болып, оның жабық тұрғанына куә болу керек. Егер клапандар жабық тұрса, клапандар күйентелерін азғантай жылжытуға орын қалады. Егер тексерілетін цилиндр тиісті сығылу тактісі жағдайында тұрған болса, клапанның көлденең роликтері, жұдырықшаның төбесінен тыс, ал атап айтқанда оның шеңберінде тұрады. Жоғары қысымды жанармай сорабының сырғыма ролигі тиісті жұдырықшаның төбесіне көтерілген доғасында тұратын болады.

8. Клапандағы итергішпен стерженнің арасынадағы саңылауы төмендегі мәнде

болуы үшін клапанның итергішін бекітетін контргайканы босатып, содан – соң

ұзын бұрағыштың көмегімен итергіштегі реттеу бұрандасының жағдайын

таңдау керек. Клапандардың итергіштерімен өзекшелерінің арасындағ саңылау

мынадай мәнде болуы керек.

1) Енгізу клапан – 0,018 ден 0,020 дюймға дейін (0,46 – 0,51 мм)

2) Шығару клапан – 0,028 ден 0,030 дюймға дейін (0,71-0,76 мм)

 

Сурет

9. Барлық контргайкаларды тарттырып, қайта саңылауды тексеру керек

10. Келесі цилиндрге өтіп, иіндібілікті бұрап клапанның итергіші мен стерженнің


арасындағы саңылауларды талап етілген жағдайына орнату керек. Осы

операцияны барлық цилиндрлерде қайталап барлық клапандардағы

итергіштермен стержендердің арасындағы талап етілетін саңылауларын орнату

керек.

11. Барлық цилиндрлердегі саңылауларды реттеу аяқталғаннан кейін цилиндрлердің

клапанды қорабының қақпақтарын орнына орнату керек.

Декомпрессия тығынын қатайту керек.

Цилиндрдің енгізу саңылауы.

Енгізу саңылауларын тазалап тұру керек, тек қана ластан тазаланған енгізу саңылауы, қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз ете алады.

1. Қозғалтқыш ажыратылған (іске қосылмаған кезде) енгізу коллекторындағы қысқаш саңылауын енгізу керек, цилиндрдің енгізу саңылауына қол жеткізу үшін коллектордың түтікшесі мен корпусты секциясын алу керек.

 

 

Сурет

 

Сурет

 

 

Сурет

 

2. Әр бір цилиндрлердің енгізу клапандарының және клапанды қораптарының рубашкасының барлық көрінетін беттеріндегі күйік қабатының қалыңдығы 1/8 дюймнан асса қозғалтқыштың барлық цилиндрлеріндегі енгізу саңылауларын тазалап шығу керек.

Сурет

 

Иінді біліктің төзімді мойынтірегінің саңылауы.

Иінді біліктегі төзімді мойынтірегінің саңылауын тексерудің ең ыңғайлы жолы қозғалтқышты тоқтатқаннан кейін орындаған жөн. Егер саңылаудың өте үлкен екені көрініп тұрса, GEK- 61350 құжатын қарау керек, онда талап етілетін саңылау және осы ақауларды қалпына келтіру тәсілдері жөнінде түсінік берілген.

1. Иінді біліктің күйін тексеру үшін люк қақпақтары алынған және қозғалтқыш тоқтатылған кезінде магнитті табанды дөңгелек шкаласы бар индикаторды орнату керек. (Анологический прибору 147×1229)

2. Дизель блогына магниттік табанын орнатып, иінді біліктің механикалық өңделген қарсы салмағының бет жүзіне қарай бағыттау керек.

3. Монтировканың көмегімен иінді білікті алға және артқы жағдайына жылжыту керек, ол иінді біліктің төзімді мойынтірегінің саңылаумен тең болуы керек. Егер жалпы саңылау техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжатта көрсетілген мәнінен жоғарыда болса, онда иінді біліктің төзімді мойынтірегін жаңасына ауыстыру керек.


Сурет

Сораптардың және тісті берілістің жетек муфтасы







Date: 2015-07-01; view: 1910; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию