Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Иммундық комплекстік аурулардың (ИКА) патогенезі мен клиникалық үлгілеріне сипаттама беріңіз.
Жоғары сезімталдық механизмдерінің III түрі - иммундық кешен аурулары (ИКА). Ол айналымдағы иммундық кешендердің көп түзілуімен түсіндіріледі, оның құрамына IgG(1,3) және IgM кіреді, әр қарай олар капиллярлар эндотелийіне, паренхиматозды мүшелердің мембраналарына, синовиалдық қабықтарда жиналып – иммундық кешен преципитаттарын құрайды. Әр карай комплемент жүйесінің классикалық жолымен белсенуі болады. Осыдан деструкциялық – қабыну үрдісі дамиды. Қабыну – экссудациялық түрде өтеді. Комплементтің белсенуінен түзілген С5а комплненті базофилдер, эозинофилдер және нейрофилдер хемотаксистік әсер етіп, қабыну ошағына шығуын қамтамасыз етеді. Иммундық кешендер Fc-рецепторлар арқылы макрофагтарды белсендіріледі, олар болса қабынуды дамытуда басты қызмет атқаратын цитокиндерді, негізінен IFN-a және ИЛ- 1 бөледі. Иммундық кешендер базофилдермен Fc- рецепторлар арқылы байланысып, олар экссудациялық қабынуды күшейтетін вазобелсенді аминдердің гистамин, серотонин бөлуін тудырады. Полиморфты-ядролық лейкоциттер экзоцитоз жолы арқылы иммундық кешендер жиналған жерде өзінің лизосомалық ферменттерін шығарады, осыдан тіндердің зақымдалуы жүреді. И ммундық кешен ауруларының дамуына келесі жағдайлар ықпал етеді: · Фагоцитарлық жүйенің үнемі немесе бір уақытта қарқынды жүктемеден соң көп көлемде иммундық кешендердің түзілуі. · Майда дисперсиялық иммундық кешендердің көп мөлшерде түзілуі, олар комплемент жүйесін белсендіре алмағандықтан, фагоцитозға нашар ұшырасады. Майда дисперсиялық иммундық кешендер антиденелердің немесе антигендердің мөлшерде көп болған жағдайда түзіледі. · Қан ағысының баяулауы және микроайналымның бұзылуы. · Фагоцитарлық жүйенің жеткіліксіздіктері Иммундық кешен ауруларының клиникалық мысалдары: · аутоиммундық аурулар кезіндегі васкулиттер, · гломерулонефриттер, · артриттер, · жүйелі қызыл жегі кезіндегі васкулиттер мен люпус-нефриттер. · Жұқпалы аурулар кезіндегі васкулиттер, · жедел және созылмалы сарысу аурулары. Date: 2016-08-29; view: 769; Нарушение авторских прав |