Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аллергиялық аурулардың этиологиясы ,аллергендерге сипаттама беріңіз.
Аллергиялық аурулардың пайда болу себебі - аллергиялық реакция дамытатын аллерген. Аллерген мен антигеннің айырмашылығы: егер организмге енген зат аллергиялық реакция берсе, ол - аллерген, ал тек иммундық реакция дамытса - антиген. Аллергендер антигенге ұқсас (белок, организмге бөтен зат). Сонымен бірге аллергиялық реакцияны антигендік қасиеті жоқ заттар да шақыра алады. Олар - микромолекулалы қосындылар, мысалы - дәрілер, химиялық қарапайым заттар (бром, йод, хром, никель т.б.), кейбір белок емес күрделі затгар (микроб өнімдері, полисахаридтер т.б.). Аллергендер екі топқа бөлінеді: экзо- және эндоаллергендер (аутоаллергендер). А.Д. Адо мен А.А. Польнер (1963) жзогендік аллергендерді пайда болуына байланысты бөлді: 1) инфекциялық емес аллергендер - тұрмыстық, эпидермалдық, шаң-тозаң, тағам, өндірістік; 2) инфекциялық аллергендер - бактериалық, саңырауқұлақтық, вирустық. Тұрмыстық аллергендердің негізі - үйдің шаңы. Құрамы күрделі: киімнің, жиһаздың, төсек-орынның ұсақ бөлшектері, саңырауқұлақтар, бактериялар, үй жәндіктерінің бөлшектері. Оныңішінде аллергендік әсері коп-кенелер, аквариум балықтарын қоректендіретін дафниялар. Тұрмыстық аллергендер тыныс алу жолының аллергиялық ауруларын шақырады. Жәндік аллергендері - шағатын, тістейтін (сілекейі) жәндіктердің аллергендеріЭпидермалық аллергендерге жануарлардың жүні, қайызғағы, құстың жүні, балықтың қабырғасы жатады Кәсіби сенсибилизация (малшыларда, виварий және шаштараз, құс ұстаушыларда) ринит, бронх демікпесін, есекжем сияқты аллергиялық аурулардыдамытады. Дәрі аллергені - гаптен. Егерде адамның бір дәріге аллергиясы болса, молекуласының антигендік үқсастығы бар басқа дәрілерге де алллергия дамиды. Тозаң аллергендері; жел арқылы ұрықтанатын, тозандары 35 мкм-ден үлкен болмайтын өсімдіктер аллергендеріАстық тұқымдастардың (бидай, арпа, атқонақ, сұлы, бидайық) бәріне бірдей аллергені бар. Әр географиялық аймақта өзіне тән аллергия беретін өсімдіктері табылғанТағам аллергеңдері. Балык, бидай, бұршақ, қызанақ аллергияны жиі береді. Тағамға қосынды химиялық заттар (бояу, қош иістеу, ашытқы т.б.) аллерген болуы мүмкін. Өндіріс аллергендері. Үйде, өндірісте химиялық заттармен жанасу көбейді. Өндіріс аллергендері көбінесе гаптендер. Жиі кездесетін өндіріс аллергендеріне скипидар, майлар, никель, хром, мышьяк, деготь, смола, бояулар, танин, пирогалол, детергентгер, хлорбензол, нафталин және шаш, қас бояулары жатады. Date: 2016-08-29; view: 719; Нарушение авторских прав |