Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференцировкасы.





Сүйек кемігінде түзілген іТ-лимфоциттер қан ағысымен тимустың қыртысты аймағына келіп орналасады.

Бұл үрдісте тимустың эпителиалды жасушалары түзетін хемокиндер маңызды қызмет атқарады (хемокинндер іТ-лимфоциттерді тимусқа тартады). іТ-лимфоциттер тимусқа өту үшін гематотимикалық тосқауылдан өтуі тиіс. Бұл тосқауылдан өту іТ-лимфоциттердің мембранды молекулалары (протеогликан CD44, гиалурон қышқылының қалдықтары, β-интегрин және басқа) мен жасушааралық матрикс молекулаларының (фибронектин, тосқауыл жасушаларының мембраналық молекулалары) өзара әсерлесуіне негізделген.

60.Тимус гормондары, олардың Т-лимфоциттер дифференциациялануындағы маңызын сипаттаңыз. Тимустың гормондары кальций мен фосфор метаболизмiне, глюкозаның алмасуы мен утилизациясына, бұлшықет тонусына, бойға және жыныстық жетiлуге әсер ететiнi анықталған. Бірақ тимустың ең негізгі эндокриндік қызметі –иммуногенезге реттегіштік әсер етуі. Сонымен бірге, тимустыңгормондары, тимустың өзінің ішіндегі және одан тыс лимфоциттердіңдифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткi лимфоидтық

мүшелерде Т-лимфоциттердің соңғы пiсiп-жетілуін реттейдi және де сүйек кемiгiнде Т лимфоциттер ізашарларының дифференциялану үрдiсiне әсер етеді. Тимус гормондарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады. Біріншіден, тимустың қыртысында Т-лимфоциттер ізашарларының дифференциялануының алғашқы кезеңдеріне әсер ететін І және ІІ топтағы

тимопоэтиндер. Екіншіден - тимозин туыстастығының гормондары (тимозин αI с м.м. 3108; βI с м.м. 8451; β2 с м.м. 4982 және т.б.). Бұлгормондар өте көп мөлшердегі глутамин және аспарагин қышқылынантұратын салыстырмалы орташа молекулалық салмақты полипептидтерболып табылады. Олардың Т-лимфоциттердің дифференциялану үрдiсiне әсер механизмi, жасушаның маңызды реттегіштік жүйесi болыптабылатын, лимфоциттердің циклдік нуклеотидтер (цАМФ, цГМФ) жүйесіне әсер етумен байланысты. Тимуста тимопоэтиндер мен тимозиндерден басқа, лимфоциттердің миграция, дифференциялану және пролиферация үрдiсiне әсер ететінбірнеше гуморалдық факторлар түзiледi. Бұл мысалы, тимикалық гуморалдық фактор, тимикалық сарысулық фактор және тағы басқалары.







Date: 2016-08-29; view: 791; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию