Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Эритроциттерге қарсы антиденелерді анықтау(Кумбс реакциясы) реакциясын жазыңыз.
Кумбс реакциясы — серологиялық сынақ. Жартылай (ақау) антиденелерді іздеу үшін қолданылады. Эритроциттердің бетіне қондырылған ақау антиденелер антиглобулинді қан сарысуымен қосылып агглютинация туғызады Агглютинациялық реакция – АР (лат.agglutinatio – желімдеу) корпускулалық (бактериялар, эритроциттер, не басқа жасушалар, сонымен қатар макромолекулалық агрегаттар) антигендерді антиденелермен байланыстыру арқылы өтетін қарапайым реакция. АР-дың бірнеше нұсқасы қолданылады: жайылма, болжамдау, жанама және т.б. Агглютинациялық реакцияның нәтижесі оң болған кезде көрінетін тұнба пайда болады. Реакцияның жүру механизімі 20-сызбанұсқада көрсетілген. АР-ды пайдаланудың мақсаттары: аурудың қан сарсуындағы антиденені анықтау үшін. Мысалы, сарыпта (Райт, Хеддельсон реакциялары), іш сүзегінде (Видаль реакциясы) және тағы басқа жұқпалы ауру түрлерінде; аурудан бөлініп шығарылған қоздырғыштың түрін анықтауға; эритроциттердің аллоантигеніне қарсы моноклоналды антиденелерді қолдану арқылы қанның қай топқа жататынын анықтау үшін. Ауруда антидене бар екенін анықтау үшін агглютинация реакциясының жайылған түрін қояды: сарсудың әртүрлі ерітіндісіне диагностикум (физиологиялық ерітіндідегі өлтірілген микробтар) қосылады, термостатқа +37˚ С -та бірнеше сағаттқа қойылғаннан кейін ең жоғарғы сұйылтуда пайда болған тұнбаны байқайды (сарсудың титрі). Агглютинацияның сипаты және шапшаңдығы антигенмен антидененің түріне байланысты. Мысал ретінде О –диагностикум мен (О-антиген) Н-диагностикумді (Н-антиген) келтіруге болады. О диагностикумымен агглютинация (өлтірілген микробтардың жасушасы) ұсақ дәнді тұнба ретінде болса, ал Н –диагностикумымен (талщықты антигендері бар) ірі дәнді, жапалақтаған түрде тұнба береді. Егерде аурудан алынған микробтардың түрін анықтау қажет болса,онда агглютинация реакциясының болжау түрін қояды. Реакция зат шынысының бетінде қойылады. Реакцияның нәтижесі оң болған кезде, реакцияның жайылған түрін қояды. Туыстығы бар әртүрлі микробтар агглютинациалық сарсудың бір түрімен агглютинацияға түсуі мүмкін. Ол көрніс микробтардың қай түрге жататындығының дәлелдеудін қыйындатады. Сондықтан, сарысуды қайшылас агглютинация беретін антиденелерден тазартады. Ондай сарысулар адсорбталған (тазартылған) агглютинациялық сарысу деп аталады. Ондай сарысудың тек қана микробтың бір дарасына қарай бағытталған өзіндік антиденелері болады. Агглютинациялық монорецепторлық диагностикалық сарысуды алу тәсілін 1902 жылы А.Кастеллани ұсынған. Жанама гемагглютинациялық реакция (ЖГАР). Реакцияның принципі антигенмен антидене қондырған эритроциттерді, не латексті қолдануға негізделген (21-сызбанұсқа). Олар сарысудағы антигендермен не антиденелермен өзара қатынасқанда бірімен бірі жабысып пробиркада ирекшетті көріністі тұнба түседі. Реакцияның нәтижесі теріс болған кезде «түйме» тәрізді тұнба болады (22-сызбанұсқа). Әдетте бұл реакцияны эритроциттерге қондырған антигендер арқылы сарсудағы антденелерді анықтайды. Реакция керісінше вариант түрінде қолданылуы мүмкін, яғни эритроциттерге қондырылған антиденелермен антигенді анықтайды, бірақ бұл вариант сирек қолданылады. Аталған вариант «керісінше гемагглютинациялық реакция» деп аталады (КГАР). КГАР–ды жұқпалы аурудың диагнозын қою үшін, адам ағзасының гормондарға, дәріге сезімталдығын анықтау үшін тағы басқа жағдайларды дәлелдеуге қолданады. Коагглютинациялық реакция. Қоздырғыштың жасушаларын алдын ала иммунды сарысумен өңделген стафилококтардың көмегімен анықтайды. Стафилококтардың құрамындағы А-ақуызы антидененің Fc- бөлшегіне тектестігі бар болғандықтан олар антиденелермен бейспецификалық байланысқа түсе алады да, содан кейін ол антиденелер белсенді орталығымен өзіне сәйкес микробтармен байланысып, сонының нәтижесінде стафилококтан, антденеден және анықталып отырған микробтардан тұратын жапалақталған тұнбаға түседі. Гемагглютинацияны тежеуші реакция (ГАТР) Реакция вирустың антигендерін иммунды сарысуыдың антиденелері тосқауылдап, вирустың эритроциттерді агглютинацияға түсіру мүмкіншілігін жоғалтуына негізделген (23-сызбанұсқа).. ГАТР–ды, қоздырғыштары эритроцитпен байланысу мүмкіншілігі бар вирустар тудыратын аурулардың диагнозын қою үшін қолданады (тұмау, қызылша, қызамық, кенелік энцефалит). Агглютинациялық реакциялар медицинаның басқа саласында да, мысалы, қанның кай топқа жататынын, резус-факторды, антирезустық антиденелерді (Кумбс реакциясы) анықтау үшін қолданылады. Жанама Кумбс реакциясы. Резус факторға қарсы пайда болатын антиденелер бірваленттік толық емес түрге жатады. Олар эритроциттермен спецификалық байланысады, бірақ агглютинацияға жеткізе алмайды. Однай антиденелерді анықтау үшін жанама Кумбс реакцисын қолданады. Рекция өткізу үшін антирезустік антидене+резус оң эритроциттер жүйесіне агглютиация туғызатын антиглобулинді сарысу қосады (24-Сызбанұсқа). Мысалы, реакцияны перзенттің гемолитикалық ауруының диагнозын қойғанда пайдаланады. Date: 2016-08-29; view: 953; Нарушение авторских прав |