Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Т-жүйенің иммунитет жауабын реттеуге қатынасуы
Антигенге иммунитет жауабын реттеуге Т-лимфоциттердің барлық субпопуляциялары араласады: АРК, Т-Т-көмекшілер және Т-эффекторлар субпопуляциялары. Осы реттелудің негізгі механизмі жасуша кооперациясы арқылы жүреді. Бұл процесте Т-В-көмекшілер мен Т-супрессорлар зор роль атқарады. Жасушалық иммунитет медиаторларының синтезделіп бөлініп шығуы арқасында жасушалардың дамуы, көбеюі, қозғалу бағыты олардың функционалдық белсенділігі мен кооперациясы іске асады. Т-В-көмекшілер өмірі ұзақ, радиоактивті сәулеге төзімді, тимустәуелді антигендерді айырып тануда макрофагтармен бірлесіп қызмет жасайтын жасушалар. Оларда С3-компонент пен F-фрагмен рецепторлары болмайды. Организмге антиген екінші рет енгенде биологиялық белсенді заттар – медиаторлар бөліп шығарады. Олар сол антигенге сәйкес В-лимфоциттер клонына әсер етіп көбейіп, дамытып плазмалықжасушаларға айналдырады. Бұл медиаторлар антиденегенез индукторлары деп те аталады. 93.Т-супрессор жасушаларының реттеуші қызметін, әсер ету механизмін сипаттаңыз Т-супрессорлар. Бұл жасушалар иммунитет реакцияларында ерекше, реттегіш роль атқарады. Олардың өмірі қысқа, көп Ө-антигені болады. Fc-фрагментінің рецептора бар, бірақ С3-компонентінің рецепторы болмайды. Т-супрессорлар Т-тәуелді және Т-тәуелсіз антигендермен әсерлеседі. Т-супрессорлардың екі субпопуляциясы бар: Т-В-супрессор және Т-Т-супрессор. Т-В-супрессор антидене түзілуін тежейді, Т-Т-супрессор Т-өлтіргіш түзілуін азайтып иммунитеттің жасушалық реакциясын төмендетеді. Т-супрессорлар белсенуі үшін антигендер организмге екінші рет енуі керек. Т-супрессорлар өз қызметін гуморалдық медиаторлар арқылы жасайлы. Олар арнайы және жалпылама деп екі түрге бөлінеді. Арнайы белгілі бір антигенге иммунитет жауабын төмендетеді, ал жалпы медиаторлар кез келген антигенге иммунитет жауабын азайтады. Жалпылама Т-супрессор лимфоциттерге митогендер әсер еткенде түзіледі. Кейбір жалпылама медиаторларда Fc-рецепторларының қасиеті бар, сондықтан иммуноглобулиндермен тікелей әрекеттесе алады, басқалары В-лимфоциттердің көбеюі мен дамуын іріктей отырып тежейді немесе Т-лимфоцит субпопуляциясына әсер етеді. Арнайы иммунитет жауабында Т-супрессорлар нысанасы ретінде антиген құрылысына, иммунитеттеу әдісіне, иммунитет жауабы сипатына байланысты Т және В-лимфоциттер болады. Сонда жүретін процестер сипаты: · Т-В-супрессорлар ИгG, ИгЕ синтезіне қатты әсер етіп, ИгМ синтезіне әлсіз әсер етеді; · қапер жасушаларына қарағанда бүлінбеген интактылы жасушалар оңай тежеледі; · күшті иммунитет жауабы, әлсізіне қарағанда оңай тежеледі; · жасушалық иммунитеттен гөрі гуморалдық иммунитет қаттырақ тежеледі. Т-супрессорлар иммунитет жауабының алғашқы кезеңдерінде араласады: ДНК синтезі тежеледі, сол арқылы белгілі бір лимфоциттер субпопуляциясының көбеюі төмендейді, дамуы тежеледі. Соның салдарынан антиденелер жабысқақтығы төмендейді, Т-эффекторлар саны азаяды. Антиденелер жабысқақтығы төмендеуі ИгМ-нен басқа барлық Иг-дар синтезінің азаюымен байланысты. Т-супрессорлардың реттегіш ролі иммунитет жауабының тегі бөтен және өзінің антигендерге күшінің азаюымен, ұзақтығын қысқартумен байланысты. Сонымен қатар иммунитет жауабы тізбегінің кезегі өзгеруімен және белгілі бір антигендерге иммунитет төзімділігі пайда болуымен байланысты. Т-супрессорлардың қызметі кейбір баяу жүретін инфекцияларда болатын иммунитеттік төзімділікке де қатысы бар. Супрессор белсенділігінің төмендеуі аутоиммундық ауруларға себеп болады. Ал белсенділігінің артуы қатерлі ісік формаларына әкеп соғады. Т-супрессорлардың қызметі нәтижесінде иммунитеттік төзімділік пайда болады. 94.Иммунологиялық төзімділіктің (толеранттылық) анықтамасын жазыңыз. Иммунологиялық төзімділік дегеніміз – белгілі бір антигенмен шақырылған және осы антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың болмауы (ареактивтілік). Ал басқа антигендерге қалыпты иммундық жауап сақталады. Төзімділік иммундық тапшылық жағдайлардан мүлдем өзгеше, себебі иммундық тапшылық жағдайлар кезінде иммундық жүйенің бұзылыстары салдарынан көпшілік антигендерге иммундық жауап қалыптаспайды немесе төмендейді. Төзімділік құбылысын теориялық түрде алғаш рет Ф. Бернет тұжырымдады. Клон сұрыптау теория бойынша эмбрионалды кезеңде, ағзаның антигендерімен әрекеттесуге қабілеті бар лимфоциттер клоны элиминацияланады. Тек «бөгде» антигендерге жауап бере алатын лимфоциттер клоны ғана қалады. Қорыта айтқанда, организмнің «өзінің» антигендеріне ареактивтілік – иммунологиялық төзімділік қалыптасады. Осы көзқарастан айтқанда иммунологиялық төзімділік дегеніміз – белгілі антигенмен кездесу нәтижесінде түзілген, осы антигенге арнайы және осы антигенге жауап беретін лимфоциттердің клонының болмауымен сипатталатын иммунологиялық ареактивтілік Иммунологиялық төзімділік дегеніміз – антигенмен шақырылған арнайы иммунологиялық ареактивтілік. Иммунологиялық төзімділікті екіге бөледі: табиғи жасанды. Табиғи төзімділік негізінен эмбрионалды кезеңде организмнің меншікті антигендеріне қарсы қалыптасады. Ол әдетте, толық болады және қалыпты жағдайда өмір бойы сақталады. Табиғи төзімділіктің бұзылуы аутоиммундық аурулардың дамуына әкеледі. Төзімділікті жасанды түрде кез-келген антигенге қалыптастыруға болады. Мұндай төзімділік жасанды деп аталады. Егер антигенді организмге эмбрионалды немесе ерте постнаталды кезеңде енгізсе, онда сол антигенге қарсы қалыптасатын төзімділік өзінің сипаттамасы бойынша табиғи төзімділіктен ажыратылмайды. Бірақ, ол төзімділікті сақтап қалу үшін организмде сол антиген біраз мөлшерде болуы керек. Date: 2016-08-29; view: 941; Нарушение авторских прав |