Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аутоиммундық аурулар туралы түсінік, анықтамасы, түрлеріне сипаттама беріңіз.





Аутоиммундық ауру – бұл патогенезінде аутоантиденелердің және/немесе жасушалық иммундық жауаптың қатысуымен жүретін патологиялық процесс.Аутоиммундык аурулардың көпшілігінің пайда болуы иммунологиялың үйлесімділікке (толеранттілікке) байланысты. Организмнің иммундық жүйесі ұрықтың жатырда даму кезінде көптеген ағзалар антигендерімен (аутоантигендермен) кездесіп олармен әсерлесетін тимоциттерді жояды (элиминация- лайды). Бірақ, кейбір ағзалардың антигендері физиологиялық кедергілерге байланысты иммундық жүйеден оқ- шауланып, олар үшін «жат» болып қалады. Міне, осы ағзалардың (кез, қалканша, без, бүйрекүсті бездері, еркек жыныс бездері, ми және нерв ткані) антигендері әр түрлі жағдайларда қанға өткенде иммундық жүйеде оларға қарсы антиденелер түзіледі. Антиген-антидене реакциясы осы сау ағзаларды зақымдап, нағыз аутоиммундық ауруларға шалдықтырады. Нағыз аутоиммундық аурулардың морфологиялық көріністері бір-біріне ұқсас. Олар иммундық жүйе ағзаларының, әсіресе лимфа түйіндерінің, көкбауырдың гиперплазиясымен және осы ағзаларда лимфоретикулярлық, плазмоцит, макрофагтық клеткалардың жиналып қалуымен (плаз- матизация) сипатталады. Белсенді лимфоциттер мен макрофагтар нысана ағзаларға паренхима элементте- ріне өзінің цитотоксиндік әсерін көрсетеді.

Аутоиммундық аурулардың дамуына жарақаттану, вирустық инфекциялар, созылмалы қабыну түрткі болады. Антигендері бір ағзаға тән аурулар физиологиялық окшаулану процесінің бүзылуы нәтижесінде дамиды, антигендері, белгілі бір ағзаға тән емес аутоиммундык ау- рулардың пайда болуы иммундық жүйенің өзіндегі өзгерістеріне байланысты.

Аутоиммунды аурулардың органспецификалық, органбейспецификалық және араласқан түрі бар. Органспецификалық деп аутоантиденелердің ортақ антигендері бар жасушалар, немесе тіндермен байланысу зардабынан туған ауруларды айтады (Хашимото тиреоидиты, біріншілік микседема, тиреотоксикоз т.б.). Органбейспецификалыққа аутоантиденелердің қайшылас антигедері бар әр түрлі жасушалар, тіндермен байланысуынан пайда болған аурулар жатады (жүйелік қызыл жегі, ревматоидық артрит). Араласқан түрде екі механизм қатарлас жүреді.

Вакциналар, анықтамасы, вакцинаны алғашқы рет ағзаға енгізгенде антиденелердің түзілу процесінің кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

Вакциналар (лат vassa-сиыр) жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында белсенді спецификалықщ иммунитетті қалыптастыру үшін арналған ауру қоздырғыштарының немес олардың протективті антигендерінің препараты.

Вакцинадан кейін дамитын иммунитетте үш кезең ажыратылады.Бұл кезеңдер антидене түзілуімен,сондай -ақ жасушалық иммунитеттің де қалыптасуымен сипатталады.

Бірінші,жасырын кезең антиген енгеннен бастап антиденелердің, цитотоксикалық жасушалардың баяу жоғары сезімталдылықтың эффекторлары пайда болғанға дейінгі уақыт.Бұл кезең бірнеше тәулікке дейін созылады.

Өсу кезеңі - қанда антиденелер мен иммунды хабар жасушалардың жинақталуы,оның ұзақтығы әртүрлі антигендер үшін 4 күннен бастап 4 аптаға дейін созылуы мүмкін.Мәселен,қызылша вакцинасына антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды,сондықтан оны қызылшаның алдын алу үшін жұқпа көзімен жанасқаннан кейін 3 тәулік ішінде қолдануға мүмкіндік береді.Басқа жағдайларда қорғанысты қамтамасыз ететін деңгейге дейін иммунитет күшінің жоғарылау аурудың жасырын кезеңінен ұзақ болады,сол себептен постэкспозициялық профилактиканың тиімділігі төмен болуы мүмкін.Мысалы,көк жөтел мен күл кезінде өсу кезеңі сәйкесінше 2 және 3 аптаға созылады.

Иммунитеттің төмендеу кезеңі - алдымен жылдам,кейіннен баяу жүреді және бірнеше жылға немесе оншақты жылдарға созылады.IgМ және IgА антиденелердің деңгейі IgG титріне қарағанда жылдам төмендейді.Иммунитет жылдам төмендеген сайын иммунитетті ұстап тұру үшін вакциналарды керекті мөлшерде жиі енгізіп тұру керек.

 







Date: 2016-08-29; view: 1280; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию