Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Баяу дамитын аллергиялық реакцияның механизмі: иммунологиялық, патохимиялық және патофизиологиялық кезеңдеріне сипаттама беріңіз.





БДЖС тек XX ғасырдың- 40-50 жылдары зерттеушілердің назарын аударды. Өйткені ағзалардың басқа организмге ауыстырып отырғызылуына байланысты тін үйлесімсіздігін зеттеу кездерінде трансплатциялық иммунитет деген түсінік қалыптасты. Бөтен қондырымды тойтарудың негізгі жолы жасушалардың қатысуымен болатыны белгілі болды.

Иммундық серпілістер сатысы. Аллерген болып нәруыздар мен гликопротеиндер және тін нәруыздарымен байланыса алатын химиялық заттар есептеледі. Бұл серпілістер молекулалық массасы кішкене және антиденелер өндірілуін сергітетін қабілеті аз нәруыздарға дамиды. Содан оларға:

· Вирустардың нәруыздары;

· Химиялық заттар (динитрохлорбензол, никель тотығы, бояулар, дәрі-дәрмектер, өсімдік улары т.с.с.);

· Өндірістік және тұрмыстық (әсемдік бұйымдар, кір жуғыш ұнтақтар) заттар;

· Ауыстырылып қолданылатын, тін нәруыздары т.с.с. – жатады.

· Жасушалық иммундық жауап Т-жасушаларымен қамтамасыз етіледі. Олар цитотоксиндік және баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС) түрлерінде болады. Цитотоксиндік түрі CD8+ корецепторлары бар Тк-лимфоциттерінің, ал БДЖС – CD4+ корецепторлары бар Тх-лимфоциттердің және макрофагтардың қатысуларымен дамиды.

· Организмге сырттан енген немесе өзінде құрылған аллергендер макрофагтармен байланыстырылып, өңдеуден өткеннен кейін, интерлейкин-12 және γ-интерферон өндіріп, жәрдемші Тх0 жасушаларынан Тх1 лимфоциттері өсіп-өнеді. Бұлар интерлейкин-2 өндіріп, БДЖС-қа жауапты сезімталдығы көтерілген Т- эффектор лимфоциттеріне, цитотоксиндік Т-жендет және Т-жады жасушаларының өсіп-өнуін сергітеді. Организмге аллерген қайталап түскенінде жедел иммундық жауап қайтаруда Т-жады жасушаларының маңызы өте зор. Сезімталдығы көтерілген Т-эффекторлар мен Т-жендет жасушалары аллерген (бактериялар, дәрілер, химиялық заттар) орналасқан немесе аутоаллергендері бар ағзалар мен тіндерге немесе ауыстырылып отырғызылған ағзаға жабысады. Содан олар аллергенмен байланысады.

· Патохимиялық өзгерістер сатысы. Аллергені бар жасушаларға жабысқан сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттері және макрофагтар аллергияның осы түрінің медиаторларын - цитокиндерді өндіріп шығарады. Мәселен, макрофагтар интерлейкин 1, 8, интерферондар, өспелерді жоятын фактор, гистамин бөліп шығаратын фактор, өсу факторларын, простагландин Е2 өндіреді. Т-лимфоциттер интерлейкин 2, 3, 4, 5, гистамин бөліп шығаратын фактор, базофилдерді өсіретін фактор, сүйек кемігінде колония құрылуын сергітетін фактор, макрофагтардың белсенділігін арттыратын фактор, макрофагтардың миграциясын тежейтін фактор, хемотаксистік фактор, лимфотоксин, ауыстыру факторын т.с.с. көптеген цитокиндер өндіреді.

· Артынан интерлейкиндердің әсерлерінен нейтрофилдердің, эозинофилдердің, лаброциттердің, базофилдердің әсерленулері болып, олардан простагландиндер Е2 , Д2, лейкотриендер С4, Д4, Е4, В4 және тромбоциттердің агрегациясын туындататын фактор, гистамин босап шығады,

· Бұлар қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, жасушалардың қимыл-қозғалыстарын өзгертеді, қабынуға қатысатын жасушалардың белсенділігін арттырады, жасушалардың өсіп-өнуі мен жетілуіне ықпал етеді, иммундық қабілетті жасушалардың бірігіп өзара әрекеттесуін реттейді. Олар макрофагтарға және нейтрофилдерге, лимфоциттерге, фибробластарға, сүйек кемігінің бағаналы жасушасына, өспе жасушаларына, ауыстырылып отырғызылған ағза жасушаларына, аутоаллергені бар ағза жасушаларына т. б. әсер етеді.

· Патофизиологиялық бұзылыстар сатысы. Цитокиндердің әсерлерінен аллерген орналасқан жерде бірнеше сағаттың ішінде макрофагтар, лимфоциттер, моноциттер жиналып қалады, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, қабыну дамиды. Жасушалар мен тіндердің бүліністері цитокиндердің, Т-жендет жасушаларының, макрофагтардың лизосомалық ферменттерінің әсерлерінен дамиды. Осыдан жасуша өзінің қозғалысын жоғалтады, бөлінуін тоқтатады, бір ядролы жасушалардың тіндерге шығуынан оларда тығыз сіңбелер қалыптасып, аллергиялық түйіршіктелген (гранулематоздық) қабыну дамиды. Осы жолмен ауыстырылып отырғызылған қондырым тойтарылады, аутоаллергиялық аурулар, жанаспалы дерматиттер т.с.с. аурулар дамиды.







Date: 2016-08-29; view: 660; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию