Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТ ПОРТФОЛИОСЫ 4 page
Жеке тапсырмалар / Практикалық жұмыстар: 1.Компьютер класына арналған сабақ жоспарларын дайындау. 2. Интерактивті тақта бойынша слайдтар,сабақтардың тіл дамытуға арналған материалдары. 3.Электронды презентациялар/слайдтар; 4.Презентациялық техникалармен жабдықталған сыныптан жұмыс түрлері.
7.ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 1.Мектеп педагогикалық кеңесінің педпрактикадан өткен студенттедің жұмысы туралы мәселе қараған хаттамасынан көшірме; 2.Педагогикалық практикадан өтуші студентке мектеп педкеңесінің берген мінездемесі. 3.Студенттің педпрактика кезінде жасаған оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі есебі; 4.Практика кезінде өткізген сабақтарының жоспары; 5.Жеке оқушыға жасаған педагогика-психологиялық мінездеме; 6.Студенттің жүргізген күнделігі; 7.Пән бойынша жүргізген сыныптан тыс жұмыстарының үлгісі; 8.Практика кезінде жасалған оқу-әдістемелік, көрнекі, дидактикалық материалдар; 9.Сабаққа талдау жасаған дәптері; 10.Студенттің әдістемелік жұмыстарға байланысты жұмыстары.
8. ПРАКТИКА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ ГРАФИГІ
ОСЫМШАЛАР. Сабақты бақылауға және оны талдауға арналған тапсырмалар Тапсырма Оның мақсаты - сабақтың кезеңдік арақатынасы мен іс-әрекетіне, студенттердің назарын сабақ құрылымына, сонымен қатар, сабақтың басты мақсатына қалай жетіп, мұғалімнің қазақ тіліне деген қызығушылықты қалай дамытатындығына аударту. Практика басында студенттерге сабақтың мақсаты түсіндірілуі тиіс. Кейін сабақ барысында студенттер өздері сабақ мақсатын анықтауға міндетті. 1. Сабақтың кезеңдерін бірізді бөліп, оны сабақтың басты мақсатында іске асырылуын көрсету. 2. Мұғалім сабақтың бір кезеңнен екінші кезеңіне өтіуі қалай орындалатындығын көрсетуі қажет. 3. Әр кезеңдегі іс-әрекетті айқындау. 4. Қолданған әдістердің сапасы мен санын көрсетіп, олардың мақсатқа сәйкестігін көрсету. 5. Мұғалімнің жұмысы, қазақ тілін оқуға деген қызығушылықты қалай арттырады және дамытады, соны көрсету. Тапсырма Оның мақсаты - оқушылардың сабақтағы белсенділігін, яғни мұғалім мен оқушының сөйлеу қарым-қатынасын анықтау. 1. Сабақ басындағы мұғалім мен оқушының сөйлеуі; 2. Жаңа материалдармен таныстыру кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі; 3. Жаттығу жұмыстарын орындау кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі; 4. Ауызша, жазбаша, оқу кезінде және шығармашылық жаттығуларды орындау кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі; 5. Қателерді түзеу кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі; 6. Үй жұмысын беру және түсіндіру кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі. Тапсырма Оның мақсаты – дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жұмыстарды тексеру. 1. Дыбыстарды дұрыс айтуға арналған арнайы жұмыстардың кезеңдерін айқындау. 2. Фонетикалық тамшылардың мазмұны мен ұйымдастырылуын тексеру. 3. Фонетикалық материал қалай түсінідіріледі (жаңа дыбыстарды түсіндіру тәсілі, фонетикалық ережелердің сипаты мен орны). 4. Фонетикалық материал қалай бекітіледі (машықтану жаттығулардың бірізділік сипаты, оқушылардың жеке және топтық жұмыстарын ұйымдастыру). 5. Айтылым, жазылым, оқылымды дамытумен байланысты дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жұмыстар жүргізіледі. 6. Фонетикалық қателер қалай түзетіледі (қайталау арқылы ма әлде түсіндіру арқылы ма). Тапсырма Оның мақсаты - сабақтағы лексикалық жұмыстарды тексеру. 1. Берілген сөздіктегі жаттауға қиын сөздерді бөліп көрсету. 2. Әрбір сөздің мағынасын ашып, негіздеу. 3. Оның фонетикалық және грамматикалық жағы қалай меңгеріліп жатқандығын тексеру. 4. Сөздік жұмыс оқылым, жазылым және айтылыммен байланысты сөйлеу әрекеттерінде қалай жүзеге асатындығын анықтау. 5. Сөздердің бекітілуі мен жаттығулардың іске асуы. 6. Бұрын меңгерілген сөздерді қайталай отырып, жаңа сөздермен жұмыс қалай жүргізіледі. 7. Лексиканың меңгерілуі қалай бақыланады. 8. Сөздермен жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың филологиялық ой-өрістерін кеңейту үшін оларды қалай ынталандырады. Оқушылардың сөздік қорын көбейту жұмыстары қалай жүргізіледі. Тапсырма Оның мақсаты - сабақ кезіндегі грамматикалық жұмыстарды тексеру. 1. Мұғалім оқушыларды жаңа грамматикалық тақырыптарды игеруге қалай дайындайды. 2. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру қалай іске асады; алынған грамматикалық құбылыс қолданылатын сөйлеу әрекетінің түрі таңдалынады; грамматикалық материалдарды саналы меңгеру принципі; грамматикалық материалды беруде жағдаяттық көзқарас қалай жүзеге асырылады. 3. Грамматикалық материалмен жұмыс істеу кезінде қандай көрнекіліктер қолданылады. 4. Жаттығулардың бекітілуі (сипаты: бірізділік, сөздік материал, сөйлеу бағытындағы жаттығулар т.б.) қалай іске асады. 5. Берілген грамматикалық құбылыс айтылым, жазылым, оқылым кезінде қалай жүзеге асады. 6. Грамматикалық материалдың меңгерілуі қалай бақыланады.
Тапсырма Оның мақсаты - сабақтағы тыңдалым жұмыстарын бақылау. 1. Тыңдалымға оқытуға байланысты кезеңдерді көрсету. 2. Сабақтағы мұғалімнің тілі қандай және оқушылар мұғалімнің сұрақтарына қалай жауап береді. 3. Тыңдалымды үйретуге қалай және қандай ТҚ (техникалық құралдар) қолданылады. 4. Тыңдалымға берілген материалды мазмұны, көлемі, сөйлеу темпі жағынан талдау. 5. Тыңдаған мәтінді түсіну деңгейі қалай бақыланады. 6. Тыңдалымға арналған жұмыс пен айтылымның дамуы қалай байланысады.
Тапсырма Оның мақсаты - сабақтағы монологтік сөйлеу жұмысының ұйымдастырылуын бақылау. 1. Сабақта монологтік сөйлеудің қандай кезеңдеріне жұмыстар берілген. 2. Дайындалған монологтік сөйлеумен жұмыс жасау. 3. Дайындалмаған монологтік сөйлеумен жұмыс жасау. 4.Оқушылардың монологтік сөйлеу әрекетінің мазмұны, көлемі, тілдік материалдары, дұрыстығы, темпі. 5. Оқушылардың монологтік сөйлеу тіліндегі қателерді жөндеу әдістемесі.
Тапсырма Оның мақсаты - диалогтік сөйлеудің қалай іске асатындығын бақылау. 1. Сабақта диалогқа оқытудың бірлігі не? 2. Сабақта диалогты бастауды қалай ынталандыруға болады. 3. Сабақта диалогқа арналған қандай жұмыс кезеңдері жоспарланған. 4. Диалокке оқытуда аудио-визуалды құралдар қалай қолданылады. 5. Оқушылардың диалогтік сөйлеуінің көлемі, дұрыстығы, темпі.
Тапсырма Оның мақсаты - сабақтағы оқылымды бақылау. 1. Оқылымға дайындық қалай жасалынады: - оқылым кезінде тілдік материал қалай меңгеріледі; ауызша немесе оқу процесінде; - мәтінге енгізу сипаты қандай? 2. Сабақта дауыстап оқу және іштей оқудың арақатынасы қандай? 3. Дауыстап оқу қалай жүргізіледі: - дауыстап оқудың әр түрлі түрлері қалай қолданылады? - жеке және хормен оқудың арақатынасы қандай? - техникалық құралдар қалай қолданылады? - оқылымдағы қателер қалай жөнделеді? 4. Іштей оқу қалай жүзеге асады: - түсінуді алдын ала сұрақ қою арқылы ынталандыру және негізгі ақпаратты алу; - мәтіннің жалпы мазмұны бойынша жұмыс.
Тапсырма Оның мақсаты - жазылымға үйретуді бақылау. 1. Жазылым қолданылған сабақтың кезеңдерін бөліп көрсету, олардың қызметін айқындау. 2. Тілдік материалдың бекітілуіне арналған графикалық және орфографиялық тәсілдерге үйретуге арналған жаттығулар қалай жасалынады, жазбаша тіл қалай дамиды. 3. Сабақта жазбаша бақылау жұмысы болды ма? Болса ол сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес пе? Оның мазмұны мен ұйымдастырылуына сипаттама беру керек. 4. Жазбаша үй жұмыстарының көлемі мен сипаты қандай? Оларға сабақ барысында қандай дайындықтар жүргізілді? 5.Оқушылардың дәптерлері қандай күйде? Оны тексеру қалай жүреді? 6.Қатемен жұмыс жүйесі қандай?
Тапсырма 1. Кластың тілдік дайындығы мен сабақтар топтамасы тұрғысынан сабақтың мақсатын көрсету, оны негіздеу. 2. Сабақтың бірізді кезеңдерін атау. Сабақты құрудың логикасын негіздеу (алдыңғы кезеңмен байланысы) сондай-ақ, кезеңдердің біртіндеп күрделенуі сақталған ба? 3. Мұғалімнің қолданған тәсілдері мен оқыту әдістеріне сипаттама беру, олардың саны және сабақтың мақсатына сәйкестігі. 4. Оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекетін белсендіру әдістерін көрсету, оларды сипаттау. 5.Сабақтың жалпы тиімділігін айқындау, қамтамасыз ету. Біздің ойымызша, жоғарыда берілген тапсырмалар студенттерге сабақтың жекелеген қырларына сын көзбен қарап, шет тілін үйрету процесіне тереңірек үңілулеріне мүмкіндік жасайды. Бірақ біз студенттер осы берілген тапсырмалармен ғана сабақты талдауы қажет деген ойдан аулақпыз. Топтың әдіскері студенттерге сабақты толық, дәйекті түрде талдау жасауы үшін бағыт-бағдар беруі тиіс.
|