Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Астронимдер мен космонимдер 3 page





7.ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1.Студент-практикант күделігі

2.Студент-практиканттың есебі

8.ПРАКТИКА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ ГРАФИГІ

Мерзімі Бақылау мазмұны Бақылау жасаушы Бақылау түрлері мен әдістері
1-күн Практикант-студенттердің кітапханаларда жұмыс жасау тәртібі, практикаға қатысымы Практика жетекшісі Бақылау, қадағалау
2-күн Кітапхана қоры бойынша жасалған жұмыс нәтижелерін тексеру Практика жетекшісі Жазбаларын тексеру
3-күн Сөздіктермен жұмыс нәтижесін тексеру Практика жетекшісі Бақылау, жазбаларын тексеру
4-күн Көркем шығармалармен жасалған жұмыс нәтижелерін тексеру Практика жетекшісі Жұмыс мазмұнымен танысу
5-күн Бұған дейінгі бақылау барысындағы ұсыныстар мен ескертулердің нәтижесі Практика жетекшісі Ескертпелермен жұмыс
6-күн Практика нәтижесі бойынша есеп алу Практика жетекшісі, комиссия мүшелері Қорытынды есеп

9.ПРАКТИКА ҚОРЫТЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Курстың компонеттері Баға өлшемі Максималды балл
  Практика жетекшісінің қорытынды бағасы    
  Еңбек тәртібін сақтау    
  Практика күнделігін сапалы және уақытында толтырылуы    
  Тілтанымдық қызметтің бағыты    
  Жинақталған материалдардың саны мен сапасы    
  Студент есебінің сапалық деңгейі және мазмұны    
  Барлығы    

ОСЫМШАЛАР.

Студент-практикант күделігінің формасы

Үлгі:

Күні, уақыты Жұмыс барысы туралы жазбалар Дерек көздері туралы мәлімет Практика жетекшісінің пікірі
       
       
       
       
       

Студент-практиканттың есебінің формасы

Үлгі:

 

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ тілі теориясы және оқыту технологиясы кафедрасы

 

 

Тіл танымдық оқу практикасы бойынша

ЕСЕП

 

 

050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының

203-топ студенті _______________

Практика жетекшісі___________________

 

Ақтөбе

20___

 

1. Практиканың ұйымдастырылуы мен өту барысына сипаттама.

2. Практика барысының жоспарға сәйкес өтуі мен жоспарланған жұмыстардың орындалуы.

3. Қорытынды және ұсыныстар.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

 

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі проректор

____________Айпеисова С.А.

«____» ___________2014 ж.

 

ПРАКТИКАНЫҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Педагогикалық практика

 

Дайындау бағыты 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

 

Бітіртуші кафедра Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

 

Жұмыс бағдарламасын дайындаушы кафедра

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

 

 

Семестр Өтілу сағат көлемі Дәріс/экскурсия (сағ.) Жеке тапсырма/ практикалық жұмыс орындау (сағ.) Аралық бақылау түрі (диф.сынақ)
  4 кредит - - +
3 курс        
         

 

Ақтөбе қаласы

Ж.

Бағдарлама ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты 6. 08.073 -2010 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013 ж) талаптарына сай жасалды.

 

Бағдарлама құрушылар:

ф.ғ.к., аға оқытушы К.Ә. Қондыбай

 

Эксперт (тер):

Ф.ғ.к. доцент М.Қ.Аманғазиева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

 

Бағдарлама филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған.

 

ОӘК төрағасы________________ М.Т.Күштаева

Оқытуды ұйымдастыру басқармасының бастығы _______________А.У.Бекбауова

 

Практика жетекшісі_________________А.Ж.Карагулова

 


 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ

Практика болашақ педагогтардың педагогикалық білік, дағдыларын, педагогикалық танымдары мен педагогтардың негізгі кәсіптік сапаларын қалыптастыру дамытуға нақты көмектеседі.

Қоғамның жаңа әлеуметтік – экономикалық даму жағдайында, әлемдік мәдени – білім беру кеңістігіне шығу, дамыған елдердегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымдардың қазіргі даму тенденциясы, әлемдік педагогикадағы жинақталған тәжірибелерді талдау, т.б. қазіргі педагог мамандарды сапалы даярлауды талап етеді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Үздіксіз педагогикалық практика: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді-шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие іс-әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Педагогикалық практика мына талаптар арқылы өткізіледі:

- мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

- студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.

- Психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

- Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау.

- Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы;

Практиканы жүзеге асыру: оның құрамы, ұйымдастыру мен өткізудің негізгі типтік орындары, нәтиженің қорытындысы және презентация. Жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицейлер. Ұйымдастыру және қорытынды конференциялар ұйымдастыру, фольклорлық және диалектологиялық, тіл-танымдық практикалар жергілікті жерде экспедиция барысында жүргізіледі.

Жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицейлер.

Әдеттегідей, өндірістік тәжірбе ғылыми орталықтарда, кафедралар және кәсіпорындарында жүргізіледі.

1.Практиканы өтуінің мақсаты: Педагогикалық практика мектептерде, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарында жүргізіледі.

Өндірістік және педагогикалық практика жетекшісін кафедра профессор-оқытушылар құрамынан тағайындайды.

Студент педагогикалық практикасын мектептерде, лицейде және гимназияда өткізе алады. Практикада мектептегі қазақ тілі және әдебиет сабақтарын және сыныптан тыс, мектептен тыс мекемелерде шараларды өткізу дағдыларын меңгеру ұйғарылады және де мектеп құжаттарын жүргізуді үйренеді. Педагогикалық практика 4 курста базалық мектептерде оқытушылардың жетекшілігімен өткізіледі.Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы білім беретін мектептер және инновациялық мектеп типтері (мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер, көркем-өнер мектептері және басқалар).

Практиканың өтуінің мақсаты білім нәтижесінің (БН) төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:

білім:

· Тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

· Кәсіби-педагогикалық және тұлғалық-кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі).

· Кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.

· пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметін толық орындауға, оқушылармен оқу-тәрбие жұмысының жүйесін өткізуге дайындау.

білік:

· Дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану.

· Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

· Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

· Болашақ мұғалімдерінің педагогикалық жағдысы мен іскерліктерін, кәсіптік бейімділіктерін қалыптастыру, дамыту.

дағды:

· Мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;

· Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

· Оқу-тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан-жақты көмек көрсету

Аталған БН төмендегі компетенциялардың қалыптасуының негізі болып табылады:

(ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 (2009.09.01) (университеттің ПП 08.06/16) және негізгі білім бағдарламасын (НББ) игеру нәтижесіне сәйкес) жалпымәдени компетенциялар (ЖК)

Ақпараттық– технологиялық құзыреттілік Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша материалдарды ақпараттық-технологиялық тұрғыда талдай білу, білім мен ақпаратты игере білу.

Этномәдениеттанымдық құзыреттілік.

қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне мән бере отырып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, халық ауыз әдебиетімен, мақал-мәтелдерімен, шешендік өнерімен, қанатты сөздерімен ұлттық ойындарымен, ұлттық кәсібімен қолөнер бұйымдарымен, ұлттық сазды аспаптарымен, ұлттық тағамдарымен, т.б. танысып, жаңа ақпараттар алуы.

Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі Пән бойынша практикалық тұрғыда талдау жасай білу;

кәсіптік компетенциялар (КК)

Тілдік құзыреттілік

Коммуникативтік құзыреттілік

Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша теориялық білімді игеріп, практикалық дағды алу. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша зерттеу жүргізе білу

2.ЖКО НББ құрылымында практиканың орны.

Педагогикалық практиканың мазмұны

1. Меңгеру:

- құжаттар /мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық, сабақ жоспары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б./;

- өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейі;

- жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

- оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің психологиялық аспектісі / сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызығушылығы, педагогтік этика, танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, қарым-қатынас, сабақтағы микроклиматы/;

- пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;

- пән бойынша оқушылардың іскерлігі; білім деңгейі:

- сыныптағы тәрбие процесі /жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субъект-субъекттік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез-құлық тәртібі/;

2. Іске асыру:

- пән мұғалімінің және сынып жетекшілерінің іс-әрекеті;

- жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтан психологиялық-педагогикалық талдауы;

- оқытудың интерактивтік әдістері, қазіргі инновациялық технологияларды пайдаланылған оқыту әрекеттері;

- оқыту әдістерін және қазіргі комьпютерлік технологияларды пайдалану;

- ата-аналармен жұмыс әдістері мен жекеленген түрлерінің ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру /ата-аналар жиналысына дайындық, сұқбаттасу, сауалнамалық сұрақ/;

- оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмыстар;

- жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық-педагогикалық талдауы;

- пән бойынша оқушылардың жалпы мектептік іс-шаралар өткізу және дайындық /пәндік кештер, апталық, олимпиада, конкурстар, білім күні/;

- ұжымдық шығармашылық іс-әрекет негізінде жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралар өткізу тақырыптар кештер, күзгі баллдар және т.б.

3. Қатысу:

- мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы;

- пән-мұғалімдернің әдістемелік бірлестік жұмыстары;

- сынып жетекшісінің семинар жұмыстары;

- кіші педагогикалық жұмыстары /студенттердің/;

- оқыту іс-әрекетінің анализі және өзіндік анализі;

- оқушылармен тәрбие жұмыстарының анализі және өзіндік анализі.

Педагогикалық практика кезінде болашақ мұғалімдерде педагогикалық қызметтің құрамындағы төмендегідей біліктер мен дағдылар қалыптасуы тиіс.

І. Конструктивті-жоспарлау қызметі

1. Оқытудың мақсатына сәйкес түрлі тиімді әдістер мен тәсілдерді қолданып әр түрлі сабақтарды жоспарлау.

2. Оқу материалын таңдау және көлемін анықтау.

3. Оқушылардың қызығушылығы мен жеке танымдық қажеттілігін және дайындық деңгейін ескере отырып сөйлеу әрекетінің әр түріне үйрету үшін мәтіндерді таңдау.

4. Жаттығулардың түрлерін, олардың әдістемелік мақсатын, сөйлеу дағдысы мен білігін меңгеру кезеңдеріне сәйкес жаттығулардың орындалу бірізділігін, сонымен бірге оқу материалының қиындығын және оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып анықтау.

5. Оқу процесіне қажетті көрнекілік құралдарды жасау, ресімдеу.

6. Кластан тыс жұмыстарды жоспарлау.

7. Педагогикалық практика кезінде студенттердің жұмыстарының кестесін құру, жеке күнтізбелік жоспар құру.

ІІ. Ұйымдастырушылық қызмет

Студент істей білуі керек:

1. Сабақта жоспарланған жоспарды орындауды ұйымдастыру.

2. Жоспарланған сабаққа сәйкес оқушылардың коммуникативтік-білімділік іс-әрекетін ұйымдастыру.

3. Жұмыстың жаппай, топтық және жеке түрлерін үйлесімді бірлікте пайдалану.

4. Оқу процесінде оқушылардың аудиовизуалды техникалық құралдарын тиімді пайдалану.

5. Оқушыларға тілді үйретуде өзіндік жұмыстың барынша тиімді тәсілдерін үйрету.

6. Сабақта және сабақтан тыс уақытта тілдік ойындар, жарыстар мен конкурстар ұйымдастыру.

ІІІ. Коммуникативтік-білім берушілік қызмет

Коммуникативтік-білім берушілік қызмет оқушы мен мұғалімнің арасында дұрыс қарым-қатынас орната білуді білдіреді.

Бұл үшін студент-практикант үйренуі тиіс:

1. Мұғалім-класс, мұғалім-оқушы, мұғалім-класс, оқушы-оқушы қатынасында жұмыс істеу.

2. Оқушылардың тілдік әрекетін ынталандыру үшін жоспарланған тілдік жағдаяттарды пайдалану.

3. Оқушылардың сөйлеу біліктері мен білімдерін бақылауды анықтау және дағды мен біліктің қалыптасу деңгейін дұрыс анықтап, бағалай білу.

4. Оқушылардың тіліндегі қателердің сипатын, олардың себебін және болдырмау немесе алдын алу және жөндеу тәсілдерін анықтау.

5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру үшін әр түрлі жұмыстарды пайдалану.

IV. Тәрбиелік қызмет

Студент-практикант істей білуі тиіс:

1. Оқушыларды отансүйгіштікке, өз туған елінің және басқалардың мәдениеті мен салтын, дәстүрін құрметтеуге, дәріптеуге үйрету.

2. Оқушыларда адамгершілік, эстетикалық тәрбиелерді қалыптастыру.

V. Зерттеушілік қызмет

Студент-практикант істей білуі тиіс:

1. Студент-практикант өзінің, жолдастарының, пән мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін бақылап, талдап, қорытынды жасауы тиіс.

2. Өзі жұмыс істеген класты зерттеу.

3. Пән бойынша оқулық, оқу құралдарына әдістемелік талдау жасау.

4. Оқушылардың білімділігі мен тәрбие деңгейін анықтау, олардың өзара қарым-қатынасын зерттеу.

Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің педагогикалық тәжірибесі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және студенттердің теориялық білімдерін бекітіп, тереңдетуді мақсат етеді. Педагогокалық практика студенттерді мұғалімдік мамандыққа іс жүзінде дағдыландырып, озат іс тәжірибені игеруді үйретеді.

 

№ қ/с Құзіреттілік аттары НББ-ның негізгі бөлімдері НББ-ның қосымша бөлімдері
Жалпы мәдени құзіреттіліктер
  Этномәдениеттанымдық құзыреттілік    
  Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі    
Кәсіптік құзіреттіліктер
  Тілдік құзыреттілік    
  Ақпараттық– технологиялық құзыреттілік    

 

3.Практиканың құрылымы және мазмұны.

Практиканың жалпы көлемі _____диф.сынақ санынан, 4 кредиттен тұрады.

3.1. Практиканың мазмұны

Педагогикалық практика – студенттерге кәсіптік білім беру жүйесіндегі ерекше сана. Мұғалім кадрларын кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық практика маңызды роль атқарады. Болашақ мұғалімдерді теориялық жағынан оқыту мен олардың оқу-тәрбие мекемелеріндегі өздігінен атқаратын жұмысын байланыстырушы буын болып табылады, студенттерді педагогикалық қызметінің бастапқы тәжірибесімен қаруландырады.

І. Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері мыналар:

1. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық дағдысы мен іскерліктерін, кәсіптік бейімділіктерін қалыптастыру, дамыту.

2. Студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, педагогикалық қызметке шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу.

3. Оқу-тәрбие жұмысындағы бүгінгі заман талабына сай алдыңғы қатарлы педагогикалық ізденістермен, озат педагогикалық тәжірибемен танысу.

4. Оқу-тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан-жақты көмек көрсету. Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметін толық орындауға, оқытушылармен оқу-тәрбие жұмысының жүйесін өкізуге дайындау.

Өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар беру ісі еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде оқушының жан-жақты дамуына ықпал етеді. Еңбекке дұрыс, жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастыру, еңбекті ең маңызды іс ретінде қабылдата білу оқушыға болашақта қызметтің кез келген саласында қажет сапа. Сондықтан бұл шараға оқу-тәрбие саласында қызмет жасайтын әрбір азамат жауакершілікпен қарап, оқушыларға мамандықтар туралы маңызды мәлімет беретін түрлі оқу-тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруы парыз:

1. Сынып жетекшісіне көмек көрсету. Ол үшін кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, әдебиеттер жөнінде оқушылар алдында шолу жасау.

2. Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру.

3. Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер, нақты бір мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру.

Date: 2016-06-06; view: 1747; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию