Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Астронимдер мен космонимдер 5 page





6. Грамматикалық материалдың меңгерілуі қалай бақыланады.

Тапсырма

Оның мақсаты - сабақтағы тыңдалым жұмыстарын бақылау.

1. Тыңдалымға оқытуға байланысты кезеңдерді көрсету.

2. Сабақтағы мұғалімнің тілі қандай және оқушылар мұғалімнің сұрақтарына қалай жауап береді.

3. Тыңдалымды үйретуге қалай және қандай ТҚ (техникалық құралдар) қолданылады.

4. Тыңдалымға берілген материалды мазмұны, көлемі, сөйлеу темпі жағынан талдау.

5. Тыңдаған мәтінді түсіну деңгейі қалай бақыланады.

6. Тыңдалымға арналған жұмыс пен айтылымның дамуы қалай байланысады.

Тапсырма

Оның мақсаты - сабақтағы монологтік сөйлеу жұмысының ұйымдастырылуын бақылау.

1. Сабақта монологтік сөйлеудің қандай кезеңдеріне жұмыстар берілген.

2. Дайындалған монологтік сөйлеумен жұмыс жасау.

3. Дайындалмаған монологтік сөйлеумен жұмыс жасау.

4.Оқушылардың монологтік сөйлеу әрекетінің мазмұны, көлемі, тілдік материалдары, дұрыстығы, темпі.

5. Оқушылардың монологтік сөйлеу тіліндегі қателерді жөндеу әдістемесі.

Тапсырма

Оның мақсаты - диалогтік сөйлеудің қалай іске асатындығын бақылау.

1. Сабақта диалогқа оқытудың бірлігі не?

2. Сабақта диалогты бастауды қалай ынталандыруға болады.

3. Сабақта диалогқа арналған қандай жұмыс кезеңдері жоспарланған.



4. Диалокке оқытуда аудио-визуалды құралдар қалай қолданылады.

5. Оқушылардың диалогтік сөйлеуінің көлемі, дұрыстығы, темпі.

Тапсырма

Оның мақсаты - сабақтағы оқылымды бақылау.

1. Оқылымға дайындық қалай жасалынады:

- оқылым кезінде тілдік материал қалай меңгеріледі; ауызша немесе оқу процесінде;

- мәтінге енгізу сипаты қандай?

2. Сабақта дауыстап оқу және іштей оқудың арақатынасы қандай?

3. Дауыстап оқу қалай жүргізіледі:

- дауыстап оқудың әр түрлі түрлері қалай қолданылады?

- жеке және хормен оқудың арақатынасы қандай?

- техникалық құралдар қалай қолданылады?

- оқылымдағы қателер қалай жөнделеді?

4. Іштей оқу қалай жүзеге асады:

- түсінуді алдын ала сұрақ қою арқылы ынталандыру және негізгі ақпаратты алу;

- мәтіннің жалпы мазмұны бойынша жұмыс.

Тапсырма

Оның мақсаты - жазылымға үйретуді бақылау.

1. Жазылым қолданылған сабақтың кезеңдерін бөліп көрсету, олардың қызметін айқындау.

2. Тілдік материалдың бекітілуіне арналған графикалық және орфографиялық тәсілдерге үйретуге арналған жаттығулар қалай жасалынады, жазбаша тіл қалай дамиды.

3. Сабақта жазбаша бақылау жұмысы болды ма? Болса ол сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес пе? Оның мазмұны мен ұйымдастырылуына сипаттама беру керек.

4. Жазбаша үй жұмыстарының көлемі мен сипаты қандай? Оларға сабақ барысында қандай дайындықтар жүргізілді?

5.Оқушылардың дәптерлері қандай күйде? Оны тексеру қалай жүреді?

6.Қатемен жұмыс жүйесі қандай?

Тапсырма

1. Кластың тілдік дайындығы мен сабақтар топтамасы тұрғысынан сабақтың мақсатын көрсету, оны негіздеу.

2. Сабақтың бірізді кезеңдерін атау. Сабақты құрудың логикасын негіздеу (алдыңғы кезеңмен байланысы) сондай-ақ, кезеңдердің біртіндеп күрделенуі сақталған ба?

3. Мұғалімнің қолданған тәсілдері мен оқыту әдістеріне сипаттама беру, олардың саны және сабақтың мақсатына сәйкестігі.

4. Оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекетін белсендіру әдістерін көрсету, оларды сипаттау.



5.Сабақтың жалпы тиімділігін айқындау, қамтамасыз ету.

Біздің ойымызша, жоғарыда берілген тапсырмалар студенттерге сабақтың жекелеген қырларына сын көзбен қарап, шет тілін үйрету процесіне тереңірек үңілулеріне мүмкіндік жасайды. Бірақ біз студенттер осы берілген тапсырмалармен ғана сабақты талдауы қажет деген ойдан аулақпыз. Топтың әдіскері студенттерге сабақты толық, дәйекті түрде талдау жасауы үшін бағыт-бағдар беруі тиіс.

 






Date: 2016-06-06; view: 605; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию