Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Астронимдер мен космонимдер 1 page





Ж.

Бағдарлама ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандық ҚР МЖМБС 6.08.073-2010 мамандық ҚР МЖМБС 6.08.073-2010, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013 ж) талаптарына сай жасалды.

 

 

Бағдарлама құрушылар:

Ф.ғ.к., доцент Б.Т.Мұратбек

 

 

Эксперт (тер):

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ә.Сәдуақас

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Н.Аитова

 

 

Бағдарлама филология факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған.

 

ОӘК төрағасы________________ф.ғ.к., АҚМУ доценті М.Т.Күштаева

Оқытуды ұйымдастыру басқармасының бастығы _______________А.У.Бекбауова

 

Практика жетекшісі_________________А.Ж.Карагулова

 


 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ

1.Практиканы өтуінің мақсаты

Қазақ диалектологиясы – университеттің «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білімді мамандар дайындау мақсатында өткізілетін аса қажетті лингвистикалық пәндердің бірі. Осы пәннен алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан игерту мақсатыңда студенттерді оқу практикасына жіберу (кейде қаржы мәселесіне байланысты бұл тәжірибе студенттердің түрғылықты жерлерінде өткізілуі де мүмкін) университеттердің түрғылықты жерлерінде өткізілуі де мүмкін университеттердің оқу-практикалық тәжірибесінде бұрыннан кездеседі.Мұндай тәжірибенің диалектология ғылымы үшін де тигізер пайдасы зор. Бұл шара тілдегі говорлардың өзара қарым-қатынасын, байланысын, территориясын анықтауға және қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді топтастыруға жәрдемін тигізеді. Қазіргі таңда диалектологиялық экспедициялар сонымен бірге, ономастикалық материалдарды да жинауды өзіне мақсат тұтады. Ономастикалық материалдар - тіл мен тарихтың, мәдени байлықтың қайнар бұлағы. Оларды жинап, есепке алып хаттау ана тіліміздің сыр-сипатын тереңдей зерттеу, үшін қажет.

Экспедицияның негізгі мақсаты– зерттелетін ауданды жан-жақты қамтып, жергілікті қарт адамдар мен туған жерінен ұзап шықпаған адамдардың және үй шаруасындағы әйелдердің тілінде кездесетін материалдарды жинақтау болып табылады.

Практиканың өтуінің мақсаты білім нәтижесінің (БН) төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:

білім:

тілдік материал жинау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді жетік меңгеру;

жергілікті халықпен тығыз байланыс жасап, жақындаса білу;

білік: ғылыми әдебиеттермен жеткілікті таныс болуы

дағды: - зерттеу нысанасы болған аудынның экономикалық және мәдени дамуын назарға алу (зерттеп жүрген ауыл - село жөнінде де мәліметі болуы керек);

диалектологиялық, ономастикалық материалдардыдүрыс сүрыптай білу

(тақырыптық топтарға бөлу) және паспорттау;

 

2.ЖКО НББ құрылымында практиканың орны.

Болашақ кәсіби маманды дайындауда диалектологиялық практиканың маңызы ерекше. ЖОО–ның тұтас оқу процесінің негізгі бөлігі болып саналады, педагог мамандардың теориялық және практикалық білімдерінің бірлігін қамтамасыз етеді.

Диалектологиялық практикамынадай қызметтерді атқарады: бейімдеу, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, анықтау.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері кешенді түрде мыналарды қалыптастырады: педагогикалық ғылым саласындағы өндірістік және диплом алдындағы практикаларды жүйелеу және тиімді ұйымдастыру үшін ҚР МЖМБС (5. 04.019-2006) және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің кәсіптік практика туралы Ережелеріне сәйкес студенттерді (түлектерді) бітіртетін кафедралар кәсіптік практика бойынша оқу-әдістемелік кешен құрастыруға тиіс (ПОӘК).

Қоғамның жаңа әлеуметтік – экономикалық даму жағдайында, әлемдік мәдени – білім беру кеңістігіне шығу, дамыған елдердегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымдардың қазіргі даму тенденциясы, әлемдік педагогикадағы жинақталған тәжірибелерді талдау, т.б. қазіргі педагог мамандарды сапалы даярлауды талап етеді.

3.Практиканың мазмұны

Практикадан өту үшін студент білуі керек: тілдік материал жинау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді жетік меңгеру; жергілікті халықпен тығыз байланыс жасап, жақындаса білу, ғылыми әдебиеттермен жеткілікті таныс болуы, зерттеу нысанасы болған аудынның экономикалық және мәдени дамуын назарға алу (зерттеп жүрген ауыл-село жөнінде де мәліметі болуы керек); диалектологиялық, ономастикалық материалдардыдүрыс сүрыптай білу (тақырыптық топтарға бөлу) және паспорттау;

 

3.1.Практика жұмысын ұйымдастырудың жоспары

1. Зерттелетін ауданды белгілеу, арнайы бағдарлама дайындау.

2. Экспедиция құрамын анықтау, олардың ішінен староста тағайындау.

3. Экспедицияның жол қаражатын, күнделікті тұрмыс - тіршілігіңе кететін қаржы көлемін анықтап, смета жасау.

4. Экспедиция мүшелерін ғылыми әдебиеттермен, фотоқондырғымен, магнитофонмен, диктофонмен, видеоқондырғылармен қамтамасыз ету.

5. Экспедицияқұрамын материалды жинау барысында қолданылатын сұраулықтармен қамтамасыз ету.

6. Зерттелетін аудандағы басшылықпен алдын ала келіссөздер жүргізу, тұратын мекен - жайды нақтылау, көлік мәселесін шешу.

Жауапты: Экспедиция жетекщісі

4.Бақылау формасы.

Апта № Бақылау мазмұны Бақылау түрі
  Практика өтетін жергілікті жермен танысу Күнделік
  Жергілікіті жердіңі тұрғындарымен танысу. Күнделік
  Студент жинайтын тілдік материалдар жөнінде жоспар жасау Конспект
  Жер-су атауларының шығу тарихы мен аттарын жинаудың тәсілдерін анықтау Конспект
  Салт, әдет-ғұрып, ойын аттарына байланысты материалдар жинақтау. Конспект
  Жергілікті жердің бұрынғы ескі атауларын қазіргі атаулармен салыстыру. Конспект
  Жұлдыз, аспан әлеміне қатысты атауларды жинақтау. Конспект
  Дилектологиялық, ономастикалық материалды айтушы автор туралы мәлімет жинақтау. Есеп

 

 

5.Практиканың оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі.

 

Негізгі әдебиет:

1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Оқулық Алматы– 1991 ж.

2. Мұхамбет Х.К. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері – А., 2001.

Қосымша әдебиеттер:

3. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – А., 1997.

4. Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы (филология факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал). - Алматы, 1980.

5. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін: Очерктер. -Алматы, 1994.

6. Момынова Б. Қазақ әдеби тілі тарихын зерттеу жүйесі. - Алматы, 2001.

7. Жұбанов Е. Халық әдебиеті тілін зерттеудің лингвистаспектілері. ДДА, 1997.

8. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. (ұжымдық еңбек) 5-шығуы. - Алматы, 1967.

9. Жүнісов Н. Қазақ тілінің ерекшеліктері. - Алматы, 1981.

10. Сарыбаев Ш., Нақысбеков О. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. - А, 1989.

11. Досқараев Ж. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. 2-бөлім. Лексика.-Алматы, 1965.

12. Нақысбеков О. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. - Алматы, 1972.

13. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. - Алматы, 1969.

14. Қазақ тілінің 2 томдық диалектологиялық сөздігі. 1 том, А-Е, - А, 1996, 2 том, Ж-Я, - Алматы, 1999.

15. Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. - Алматы, 1985.

16. Аралбаев Ж. Изучение фонетики казахских говоров. - Алматы, 1979.

17. Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер (жинақ). - Алматы, 1983.

18. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру.-Алматы, 1985.

 

6.Практиканың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.

Диалектологиялъщ материалдың тақырыптық топтары

1. Үй шаруашылығына, бұйымдарына байланысты атаулар.

2. Ыдыс - аяқ атауларына байланысты сөздер.

3. Құрал - сайман атаулары.

4. Мал шаруашылығына байланыстыатаулар.

5. Салт, әдет-ғұрып, ойын аттарына байланыстысөздер.

6. Киім- кешек атаулары.

7. Азық - түлік, тагам атаулары.

8. Туыстық атаулары.

9. Табиғатқа, уақыт мерзіміне байланысты атаулар.

10. Қимыл әрекетті білдіретін сөздер.

11. Заттың сын - сипатын білдіретін сөздер.

12. Кәсіби сөздер (Қай шаруашылыққа байланысты).

 

7.ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Практика жетекшісінде болатын пікір күнделігі.

1. Студенттердің өздерінде болатын жүмыс күнделігі (материалдарды жинау барысындағы күнделікті іс-әрёкеттері түсіріледі).

2. Материалдарды жинау үшін жасалған жұмыс жоспары.

3. Календарлық жоспар.

4. Диалектологиялық, ономастикалық материалдарды айтушы автор туралы құжаттама (анкета).

5. Диалектологиялық, ономастикалық материалдардың құжаттамасы.

а) материалдың реттік нөмірі
ә) жазып алынған жері

б) қандай тақырыптың топқа жататыны

в) қандай тілдік ерекшеліктерімен жұ мсалатыны.
6. Жетекшінің мінездемесі мен қорытындысы.

8.ПРАКТИКА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ ГРАФИГІ

Мерзімі Бақылау мазмұны Бақылау жасаушы Бақылау түрлері мен әдістері
1-күн Практикант-студенттердің жұмыс жасау тәртібі, практикаға қатысымы Практика жетекшісі Бақылау, қадағалау
2-күн Жинақталған материалдардың сапасы мен санын тексеру Практика жетекшісі Жазбаларын тексеру
3-күн Практика күнделігін сапалы және уақытында толтырылуы Практика жетекшісі Бақылау, жазбаларын тексеру
4-күн Жинақталған материалдармен жасалған жұмыс нәтижелерін тексеру Практика жетекшісі Жұмыс мазмұнымен танысу
5-күн Бұған дейінгі бақылау барысындағы ұсыныстар мен ескертулердің нәтижесі Практика жетекшісі Ескертпелермен жұмыс
6-күн Практика нәтижесі бойынша есеп алу Практика жетекшісі, комиссия мүшелері Қорытынды есеп

9.ПРАКТИКА ҚОРЫТЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Курстың компонеттері Баға өлшемі Максималды балл
  Экспедиция жетекшісінің қорытынды бағасы    
  Еңбек тәртібін сақтау    
  Практика күнделігін сапалы және уақытында толтырылуы    
  Диалектологиялық қызметтің бағыты    
  Жинақталған материалдардың саны мен сапасы    
  Студент есебінің сапалық деңгейі және мазмұны    
  Барлығы    

Студенттердің білімдерін бағалау

Баға Әріптік эквивалент Рейтингтік балл пайызбен (%) Балмен
Өте жақсы А А - 95 – 100 90 – 94 3,67
Жақсы В + В В - 85 – 89 80 – 89 75 – 79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- Д+ Д 70 – 74 65 – 69 60 – 64 55 – 59 50 – 54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттанарлықсыз Ғ 0 - 49  


10.ҚОСЫМШАЛАР.

1) Жер-су аттарын (топонимияны) жинау туралы сұраулық

1. Бұл жердегі елді мекеннің атын қазақша не деп атайды? Оның бұрын аттары болған ба, қалай аталған, болса қашан, не себептен өзгерген? Осы жер атының қойылуы туралы қандай тарихи деректер, ел аузында аңыз-әңгімелер бар? Егер жер аты кісі атына, ру атына қойылған болса, қашан, неге аталғанын жазыңыз.

2. Қазіргі елді мекеннің аты бұрынғы, ежелгі атымен аталған ба, әлде кейінгі кезде өзгеріп, қаулы-қарармен қойылған ба? Соңғы жылдары таратылған аудандар, олардың құрамындағы ауыл-селолар қайсы ауданға қосылған?

3. Осы маңдағы жер, су, тау, көл, сор, шоқы, тоғай, төбе, жыра, сай, құдық, ыза, саз, жайлау, т.б. аттары туралы қандай аңыз-әңгімелер бар?

4. Жер-су аттарының айтылуында жергілікті ерекшеліктер байқала ма? (Мысалы, Жүзағаш деудің орнына Дүзағаш, Жаңақала деудің орнына Янақала деген сияқты).

5. Бұл жердің қаулы-қарар бойынша қойған ресми аты қандай? Оның ресми атынан басқа бұрығы аты немесе қосалқы аты бар ма?

6. Бұл жерде өзен, не өзеннің тармағы бар ма? Ол қалай аталады? Оның басы қай жерден немесе қайсы өзеннен, көлден, таудан басталады, не деп аталады?

7. Бұл маңда қорған, үңгір т.б. бар ма? Бар болса олар қалай аталады, неге олай қойылған?

8. Бұл жерде қазір қандай халықтар тұрады? Қазақтың қандай тайпалары рулары мекендейді? Бұл маңда бұрын басқа халықтар немесе тайпалар болған ба? Олар туралы аңыз-әңгімелер бар ма?

9. Өзіңіз тұрған аудан, ауыл, селомен шектес, көршілес территорияда үқсас жер-су аттары қалай аталады, ол туралы аңыз-әңгімелер бар ма?

10. Бұл маңда түсініксіз жер-су аттары бар ма? Олар туралы ел ішінде қандай әңгімелер бар? Түсініксіз атауларды жергілікті адамдар қай тілдің қандай мағынадағы сөзі деп ойлайды?

11. Бұл маңда шөп, аң, жәндік аттарына қойылған жер-су аттары бар ма? Сол шөп, яки жан-жануарлар қазір бар ма, жоқ әлде құрып кеткен бе?

12. Өзіңіз тұрған, көрген жердегі жер-су аттары мен естіген жер-су аттары туралы қандай аңыз-әңгімелер білесіз?

13. Сіз тұрған өлкеде араб, моңғол, парсы, орыс т.б. халықтардың атаулары бар ма?

14. Қазір қала, село, ауылдық, селолық округтер аталып отырған жерлердің бұрынғы ескі, қазақша атаулары қандай еді?

15. Жер-су аттарының этимологиясы туралы облыстық, аудандық газеттерде мақалалар бар ма, болса қай жылы, қай күні шыққан?

16. Жер-су аты туралы мәлімет бергенде, олар орыс тілінде қалай жазылып жүргенін қоса айтыңыз.

17. Сол жердегі орысша жер-су аттарын (село, поселке) қазақша қалай айтады? Бастапқы орысша қалпында ма, әлде қазақ тіліне бейімдеп атай ма? Мәселен, Калинино селосы дей ме, аулы ма? Калинин селосы деп атайма, Максимовка - Максимов селосы дей ме?

18. Ауылдық, селолық округтердің атаулары бұрынғы қалпында атала ма, әлде жаңаша, өзгерген қалпында атала ма?

2) Жер-су аттарын жинаудыц тәсілдері

1. Өзіңіз барған, немесе тұратын жердегі жер-су аттарын түгел қамтыңыз. Жер-су аттары туралы мәліметті ежелгі тұрғындардан, кәрі адамдардан, қойшылардан, аңшылардан білгір адамдардан көбірек сұраңыз.

2. Қазір қолданудан шыққан кейбір жер-су аттары болса, оны да жазып алыңыз.

3. Жер-су аттары туралы мәліметті бір адамнан сұрап қана қоймай, мүмкіндігінше бір топ адамнан сұраңыз. Тегінде бұндай әңгімеге неғұрлым көп адам қатысса, сол құрлым мәлімет толық болады, айтушылар бірінің білмегенін бірі еске түсіреді, бірін-бірі толықтырады.

4. Қандай жер-су атын жазып алсаңыз да, оның адресін (ауданын, облысын) дұрыс көрсетіңіз. Кейбір объектінің орнын анық көрсету үшін белгілі бір пункттің батысында, шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде деген сөздерді пайдаланыңыз. Мүмкіндігінше, ол жерден неше километр екенін айтыңыз. Кейбір атау өзенге байланысты болса, оның ағысына қарап, оң жағасында, сол жағасында деген сөздерді пайдаланыңыз. Мүмкіндігінше, ол жерден неше километр екенін айтыңыз. Кейбір атау өзенге байланысты болса, оның ағысына қарап, оң жағасында, сол жағасында деген сөздерді қолданыңыз.

Егер сол атау көл, сор, саздақ, ойпаттың жағасында болса, батыс жағында, шығыс жағында, солтүстік жағында деген сөздерді пайдаланыңыз.

5. Жер-су аттарына байланысты мәліметтер аңыз-әңгімелер басқа кісіден алынса, кімнен алынғанын, ол адамның атын, фамилиясын, адресін, жасын, мамандығын жазып беріңіз.

6. Жалпы есімге ауысқан жер-су аттары да толық жиналады. Мәселен, жерұйық, жиделібайсын, барсакелмес, итжеккенге айдады, тескентау, америка ашты т.б.

7. Әдеби тіліміз бен жергілікті тілде кеңінен қолданылатын географиялық терминдер мен жалпы есім сөздердің барлық түрлері жиналып, дәптерге жазылады. Мысалы: жота, қырат, бел, асу, құдық, бастау, бұлақ, сор, тыма (тұма), аспан, қолат, сай, жылға, жыра, аңғар, шығанақ, айлақ, сияқты сөздер.

8. Географиялық карталар мен әрбір облыс, аудан, елдімекендерде кездесетін орысша жер-су аттары дерлік жиналады.

Ескерту: жинау, жазып алу кезінде олардың негізгі тұлғасы сақталады. Егерде ол атаулар жергілікті орыс тұрғындарының сөйлеу тілінде айтылып, қолданылу тұлғасында кездессе, сол қалпында жазылып алынады.

9. Қазақстан территориясындағы украин, өзбек, ұйғыр, дұңған, корей, неміс т.б. халықтар тіліндегі жер-су аттары болса сол тілдердің айтылу әрі жазылу нұсқасында жазылып алынады.

Астронимдер мен космонимдер

(Жұлдыз, аспан әлемінде қатысты атаулар).

1. Ай, күн, жұлдыз аттары түгел жиналады. Экспедиция кезінде жергілікті халық тіліндегі варианттары тұтас жазылып алынады. Мысалы: Шолпан екінші бір жерде Жарық жұлдыз, Ақ жұлдыз аталады. Есекқырған халық арасында Сарыжұлдыз, Жарықжұлдыз, Шабансары деген атауларға ие. Жетіқарақшы жұлдызын Алматы обл. тұрғындары Жетіген деп те атайды. Құсжолы оңтүстікте Сабанжолы, Сабаншының жолы деп те аталады т.б.

2. Ай, күн жүлдыздарға байланысты аңыздар, алуан түрлі ертегі, әңгімелер, егерде мүмкін болса, олардың кейбіреулерінің мағынасы жазылып алынады. Мыс.: Шолпан, Үркер деген атаулардың мағынасы не?

3. Жұлдыздар мен аспан шырақтарының бұрынғы ескі аттары жергілікті тұрғындар тілінде айтыла ма? Айтылса қандай тұлғада, қалай айтылады?

 

1. Бұл жердегі елді мекеннің атын қазақша не деп атайды? Оның бұрын аттары болған ба, қалай аталған, болса қашан, не себептен өзгерген? Осы жер атының қойылуы туралы қандай тарихи деректер, ел аузында аңыз-әңгімелер бар? Егер жер аты кісі атына, ру атына қойылған болса, қашан, неге аталғанын жазыңыз.

2. Қазіргі елді мекеннің аты бұрынғы, ежелгі атымен аталған ба, әлде кейінгі кезде өзгеріп, қаулы-қарармен қойылған ба? Соңғы жылдары таратылған аудандар, олардың құрамындағы ауыл-селолар қайсы ауданға қосылған?

3. Осы маңдағы жер, су, тау, көл, сор, шоқы, тоғай, төбе, жыра, сай, құдық, ыза, саз, жайлау, т.б. аттары туралы қандай аңыз-әңгімелер бар?

4. Жер-су аттарының айтылуында жергілікті ерекшеліктер байқала ма? (Мысалы, Жүзағаш деудің орнына Дүзағаш, Жаңақала деудің орнына Янақала деген сияқты).

5. Бұл жердің қаулы-қарар бойынша қойған ресми аты қандай? Оның ресми атынан басқа бұрығы аты немесе қосалқы аты бар ма?

6. Бұл жерде өзен, не өзеннің тармағы бар ма? Ол қалай аталады? Оның басы қай жерден немесе қайсы өзеннен, көлден, таудан басталады, не деп аталады?

7. Бұл маңда қорған, үңгір т.б. бар ма? Бар болса олар қалай аталады, неге олай қойылған?

8. Бұл жерде қазір қандай халықтар тұрады? Қазақтың қандай тайпалары рулары мекендейді? Бұл маңда бүрын басқа халықтар немесе тайпалар болған ба? Олар туралы аңыз-әңгімелер бар ма?

9. Өзіңіз тұрған аудан, ауыл, селомен шектес, көршілес территорияда үқсас жер-су аттары қалай аталады, ол туралы аңыз-әңгімелер бар ма?

10. Бұл маңда түсініксіз жер-су аттары бар ма? Олар туралы ел ішінде қандай әңгімелер бар? Түсініксіз атауларды жергілікті адамдар қай тілдің қандай мағынадағы сөзі деп ойлайды?

11. Бұл маңда шөп, аң, жәндік аттарына қойылған жер-су аттары бар ма? Сол шөп, яки жан-жануарлар қазір бар ма, жоқ әлде құрып кеткен бе?

12. Өзіңіз тұрған, көрген жердегі жер-су аттары мен естіген жер-су аттары туралы қандай аңыз-әңгімелер білесіз?

13. Сіз тұрған өлкеде араб, моңғол, парсы, орыс т.б. халықтардың атаулары бар ма?

14. Қазір қала, село, ауылдық, селолық округтер аталып отырған жерлердің бұрынғы ескі, қазақша атаулары қандай еді?

15. Жер-су аттарының этимологиясы туралы облыстық, аудандық газеттерде мақалалар бар ма, болса қай жылы, қай күні шыққан?

16. Жер-су аты туралы мәлімет бергенде, олар орыс тілінде қалай жазылып жүргенін қоса айтыңыз.

17. Сол жердегі орысша жер-су аттарын (село, поселке) қазақша қалай айтады? Бастапқы орысша қалпында ма, әлде қазақ тіліне бейімдеп атай ма? Мәселен, Калинино селосы дей ме, аулы ма? Калинин селосы деп атайма, Максимовка - Максимов селосы дей ме?

18. Ауылдық, селолық округтердің атаулары бұрынғы қалпында атала ма, әлде жаңаша, өзгерген қалпында атала ма?

Ескерту: жинау, жазып алу кезінде олардың негізгі тұлғасы сақталады. Егерде ол атаулар жергілікті орыс тұрғындарының сөйлеу тілінде айтылып, қолданылу тұлғасында кездессе, сол қалпында жазылып алынады.

9. Қазақстан территориясындағы украин, өзбек, ұйғыр, дұңған, корей, неміс т.б. халықтар тіліндегі жер-су аттары болса сол тілдердің айтылу әрі жазылу нұсқасында жазылып алынады.

Date: 2016-06-06; view: 2125; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию