Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Астронимдер мен космонимдер 4 page





4. Жұмысты осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.

5. Кәсіптік бағдар беру жүйесіне байланысты студент- практикант білуі тиіс ұғымдар:

Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың дайындығын, ынтасын және қабілетін анықтайды. Ол үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекеттерінің жемісін талдау; практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда, отбасында, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу; әңгіме-сұхбат; педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі.

Тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісін ұсынған профессор К.К. Платонов. Бұл әдістің мәні: мұғалімдерден, ата-аналардан, оқу-өндірістік практиканы басқарған нұсқаушыдан және дәрігерден түскен мінездеме мәліметтеріне сүйеніп, сынып жетекшісі оқушыға объективті мінездеме береді. Кәсіптік білім беру – кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру.

Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек:

1. Оқушылардың білім деңгейі.

2. Оқушылардың жеке қасиеттері.

Кәсіптік консультация - әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы көмек көрсету.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарында:

- оқушылардың отбасын зерттеу;

- ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;

- сыныптағы ұжымдық істерге ата-аналарды тарту;

- сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын педагогткалық басқару;

- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

- ата-аналарды оқушылардың оқу, тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру, хабардар етуді қамтамасыз ету жұмыстары міндетті түрде қамтылуы тиіс.

4.Бақылау формасы.

Ағымдағы аттестация студенттерге практика жетекшісінің төмендегі уақыт интервалдарындағы қойған баллдарына сәйкес жүргізіледі:

1. мектептегі қатысымды тексеру;

2. зерттеу жұмыстарының жүргізу барысын қадағалау.

3. жеке тапсырма/практикалық жұмыстарды орындауы;

4. студенттің жеке басының сапасына (ұқыптылығы, ұйымдастырушылығы, орындаушылығы, жаңашылдығы т.б.)

Аралық бақылау практика біткеннен кейін мына формада жүргізіледі:

портфолио материалдарындайындау,

практиканың есебін қорғау (аралық бақылау бітіртуші кафедра ұйымдастырған комиссиясы бойынша практиканың құжаттарын қабылдау, кәсіпорынның (ұйымның) берген мінездемесі мен бағасы, студенттің практиканың өтуі бойынша ауызша баяндамасы арқылы жүзеге асырылады).

 

5. Практиканың оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1995. - 5-12 беттер.
2. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999. -5-18 беттер.
3. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А., 1988. - 3-25 беттер.
4. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясы. Алматы, 1974.
5. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: Оқу кұралы-Алматы: Санат, 1996 – 240б.
7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы: қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері/ А. Байтұрсынов. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 448 бет.
8. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі: Оқулық/ М. Балакаев, Т. Сайрамбаев. - Б.м.: Санат, 1997. - 230 бет.
9. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі/ М. Балакаев. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 247 бет.
10. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы: синтаксис/ М. Балақаев. - Б.м.: Мектеп, 1966. - 340 бет.
11. Бектаева Ш. Қазақ тілі: оқу құралы/ Ш. Бектаева. - Б.м.: Санат, 1995. - 176 б.
12. Болғанбайұлы Э. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы/ Э. Болғанбайұлы, Г. Қалиұлы. - Б.м.: Санат, 1997. - 256 бет.
13. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасынын негіздері: оқу құралы/ А. Жапбаров. - Б.м.: Қаз. унив.-ті, 1991. - 160 бет.
14. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндег і негізгі грамматикалық ұғымдар/ С. М. Исаев. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 144 бет.
15. Исаев С.М. Қазақ тілі: оқу құралы/ С. М. Исаев. - Б.м.: Кайнар, 1993. – 170 б.
16. Қараев М. Қазақ тілі: Оқу кұралы – Алматы: Ана тілі, 1993 – 216 бет
17. Қыдырбекұлы Б. Түгел сөздің түбі бір: Оқу кұралы. – Алматы: 1993 – 176 бет
18. Кулкенова О. Тіл ұстарту: Жаттығулар жинағы. – Алматы, 1992 – 96 бет
19. Маманов И. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 1989- 176 бет
20. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы- Алматы: 1992 – 135 бет
21. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс: Оқу кұралы. – Алматы: 1999-199 бет
22. Омарова А.К. Қазақ тілі: Лексикология, фразеология, лексикография: Оқу кұралы. – Алматы: 2003 – 127 бет
23. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі: Оқу кұралы. – А.: 2000-208 бет
24. Оралбаева Н. қазақ тілі: Оқу құралы – Алматы: Ана тілі, 1992 – 250 бет
25. Серғалиев М.Қазіргі қазақ әдеби тілі: Оқу кұралы – Алматы: Ана тілі, 1991 – 216 бет
26. Томанов М. Қазақ тілінің тарихы грамматикасы: Фонетика, морфология- Алматы: Мектеп, 1981 – 205 бет
27. Айғабылов А. Қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Санат, 1995 -136б.
28. Аманжолов С. Қазақ әдеби тіл і синтаксисінің қысқаша курсы: оқулық/ С. Аманжолов. - Б.м.: Санат, 1994. - 320 б.

Қосымша әдебиеттер

29. Достанов М. Қазақ тілі сөздерінің фонетика-лексикалық және грамматикалык ерекшеліктерін қатар талдау әдістері/ М. Достанов. - Б.м.: Рауан, 1991. – 168 б.
30. Жалмаханов Ш.Ш. Көп мағыналы зат есімдердің мағыналық құрамы/ Ш. Ш. Жалмаханов. - Б.м.: РБК 1999
31. Жұбанов Е.К. Халык әдебиеті тілін оқытудың лингвистикалық аспектері/ Е. К. Жұбанов. - Б.м.: РИО, 2003. - 98 бет.
32. Жұбанов Е. Қазақтын ауызекі көркем тілі/ Е.Жұбанов. - Б.м.: Ғылым, 1996. – 200 бет.
33. Жұбанов К. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/ К.Жұбанов. - Б.м.: Ғылым, 1999. - 581 бет.
34. Ишмухамедова Э. Қызықты грамматика: Синтаксис пен пунктуация: 2 кітап/ Э. Ишмухамедова. - Б.м.: Мектеп, 1984.
35. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі: 49000 сөз. - Б.м.: "Қазақстан", 1988.-400 бет.
36. Казахско-русский, русско-казахский словарь/ сост. М. Избасаров. - Б.м.:Credo, 2001-234 с.
37. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – Алматы: Ана тілі, 1998
38. Қордабаев Г. Қазақ тіл білімінің мәселері-Алматы: Рауан, 1991
39. Кестелі грамматика: Оқу құралы. - Б.м.: Ана тілі, 1995. - 208 бет.
40. Мұратбек Б.К. Қазақ тілінің стилистикасы/ Б.К.Мұратбек. - Б.м., 2004. - 73 бет.
41. Мырзабеков С. Қазақ тілінің айтылымы- Алматы: 2001-320 бет
42. Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі: Оқу кұралы. – А.: Ғылым, 2001
43. Оразов М. Қазақ тілінің семанитикасы. – Алматы: Рауан, 1991 – 216 бет
44. Садирова К. Көп компонентті салалас кұрмалас сөйлемдер – Ақтөбе: РИО, 2002 -89 бет
45. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі білімі мәселелері – Алматы: Арыс. 2000
46. Сәдуақас Н.Ә. Қ. Жұбанов және қазақ тілінің дыбыс жүйесі: Көмекші оқу кұралы, 2004-169 бет
47. Серғалиев М. Етістікті сөз тіркістерінің синонимиясы: Оқу кұралы. – А., 1991 – 78 бет
48. Смағұлов Г. Фразеологизмдердің вариантылығы: Көмекші оқу құралы. – А., Санат. -1996
49. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. Сөздердің қолданылу тарихынан – А., Арыс, 2004 – 232 бет
50. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі – А: Арыс, 2004. – 208 бет
51. Тектіғұл Ж. Тарихи грамматика танымдары. – Алматы: Ғылым, 1999
52. Тектіғұл Ж. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы: Монография. – Алматы: Ғылым 2002
53. Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе/ 54. Ж. Тектіғұл. - Алматы: Републикалық баспа кабинеті, 2000. - 100 бет.
55. Тектіғұл Ж Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/ Ж.Тектіғұл. – А.: "Ғылым", 2002. - 142 б.
56. Тектіғұл Ж. Кейбір тілдің элементтердің этимологиялық табиғаты: Лекциялар желісі- Ақтөбе: РИО, 1994 – 42 бет
57. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы; Ғылым, 2002
58. Хасанұлы Б. Қ. Жұбанов мұралары: Отандық жалпы тіл білімі әлеуметтік лингвистика психолингвистика бастаулары. – Ақтөбе, РИО, 2000-119 б
59. Хасенов А. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. – А: Мектеп, 1985 – 153 бет
60. Исабаев А. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А., 1992. - 23-58 б.
61. Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту. - Алматы, 1982.
62. Оралбаева К., Жақсылықова Н. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1996. - 10-28 беттер.
63. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1988. - 99-112 беттер.
64. Мұхамбетова С. Педагогика. Ақтөбе, 1999. - 52-55, 32-49 беттер.
65. Катенбаева Б. Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы. А., 1975.
66. Құрманова Н.Ж. Мұхлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. Алматы, 2000.
67. Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1989.
68. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. Алматы, 2001.
69. Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. Алматы, 2003.
70. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1995.
71. Шакенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар: Оқу құралы. – Ана тілі, 1991 – 120 бет  

5.Практиканың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.

Жеке тапсырмалар / Практикалық жұмыстар:

1. Компьютер класына арналған сабақ жоспарларын дайындау.

2. Интерактивті тақта бойынша слайдтар,сабақтардың тіл дамытуға арналған материалдары.

3. Электронды презентациялар/слайдтар;

4. Презентациялық техникалармен жабдықталған сыныптан жұмыс түрлері.

 

6.ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1. Мектеп педагогикалық кеңесінің педпрактикадан өткен студенттедің жұмысы туралы мәселе қараған хаттамасынан көшірме;

2. Педагогикалық практикадан өтуші студентке мектеп педкеңесінің берген мінездемесі.

3. Студенттің педпрактика кезінде жасаған оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі есебі;

4. Практика кезінде өткізген сабақтарының жоспары;

5. Жеке оқушыға жасаған педагогика-психологиялық мінездеме;

6. Студенттің жүргізген күнделігі;

7. Пән бойынша жүргізген сыныптан тыс жұмыстарының үлгісі;

8. Практика кезінде жасалған оқу-әдістемелік, көрнекі, дидактикалық материалдар;

9. Сабаққа талдау жасаған дәптері;

10. Студенттің әдістемелік жұмыстарға байланысты жұмыстары.

 

7. ПРАКТИКА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ ГРАФИГІ

Мерзімі Бақылау мазмұны Бақылау жасаушы Бақылау түрлері мен әдістері
1-апта Практикант-студенттердің тәртібі, практикаға қатысымы Әдіскер Бақылау, қадағалау
2-апта Практикант-студенттердің сабаққа дайындығын бақылау Әдіскер Сабақтарға кіру,кеңес беру
3-апта Практикант-студенттердің сабаққа дайындығын бақылау Әдіскер Сабақтарға кіру,кеңес беру
4-апта Практикант-студенттердің сабаққа дайындығын бақылау Әдіскер Сабақтарға талдау жасау
5-апта Бұған дейінгі бақылау барысындағы ұсыныстар мен ескертулердің нәтижесі Әдіскер Сабақтарға талдау жасау
6-апта Практика нәтижесі бойынша есеп алу Әдіскер Құжаттарды тапсыру

 

 

  Курс компоненттері Бағалауы Максимальды баға
  Мектеп жетекшісінің бағалау критерийлері    
  Педагог –психолог бағалауының критерийлері    
  ЖОО әдіскері бағалауының критерийлері    
  ЖОО комиссиясы бағалауының критерийлері    
  Барлығы    

 

І. Мектептің бағалауы  
  Инновациялық технологияны қолдаңған сабаққа психолог- педагогикалық талдау жасау  
  Инновациялық технологияны, интерактивті әдістерді қолданып сабақ өткізуі  
  Компьютер технологияны қолданып сабақ өткізуі  
  Ынтымақтастық формалары мен әдістердін қолдана жұмыс жүргізуі  
  Жалпы мектепішілік тәрбие шараларына психологиялық-педагогикалық талдау жасауы  
  Пән бойынша мектепішілік шаралар өткізуі  
  Мектепішілік тәрбиелік шаралар өткізуі  
  Зерттеу жұмыстарының атауы Материал саны Балл
  Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі деңгейін зерттеуі    
  Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу    
Оқу-тәрбиелік қызметтің психологиялық аспектілерін зерттеу
  Сабақтың психологиялық құрылымы    
  Оқушылар мотивациясы    
  Педагогикалық этика    
  Таным белсенділігін ерекшеліктері    
  Қарым -қатынас    
  Микроклимат    
Сыныптың тәрбиелік үдерісін зерттеу
  Даму заңдылықтарын ескеру    
  Тұлғаның әлеуметтік белсенділігі   0.5
  Оқушылардың мінез-құлқы   0.5
  Барлығы    
         

 

  Оқу процесінде оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімінің мазмұнын білу: -оқу материалын таңдау және көлемін анықтау; -оқушылардың сөйлеу біліктері мен білімдерін бақылауды анықтау және дағды мен біліктің қалыптасу деңгейін дұрыс анықтап, бағалай білу.  
  Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудың әдіс-тәсілдерін білу: -оқытудың мақсатына сәйкес түрлі тиімді әдістер мен тәсілдерді қолданып әр түрлі сабақтарды жоспарлау; -оқушылардың тіліндегі қателердің сипатын, олардың себебін және болдырмау немесе алдын алу және жөндеу тәсілдерін анықтау.  
  Оқу процесін ұйымдастырудың түрлерін білу: -сабақта жоспарланған жоспарды орындауды ұйымдастыру; -жоспарланған сабаққа сәйкес оқушылардың коммуникативтік-білімділік іс-әрекетін ұйымдастыру; -жұмыстың жаппай, топтық және жеке түрлерін үйлесімді бірлікте пайдалану.  
  Оқу процесінде инновациялық технологияны қолдану: -оқу процесінде педагогикалық технологияны тиімді пайдалануы; -сабақта және сабақтан тыс уақытта тілдік ойындар, жарыстар мен конкурстарды ұйымдастыруы.  
  -қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың білімдік, дамытушылық, тәрбиелеушілік міндеттерін анықтай, ұйымдастыра және өткізе білуі.  
  -оқушылардың білімділігі мен тәрбие деңгейін анықтау, олардың өзара қарым-қатынасын зерттеу; -өзі жұмыс істеген класты зерттеу.  

ОСЫМШАЛАР.

Сабақты бақылауға және оны талдауға арналған тапсырмалар

Тапсырма

Оның мақсаты – сабақтың кезеңдік арақатынасы мен іс-әрекетіне, студенттердің назарын сабақ құрылымына, сонымен қатар, сабақтың басты мақсатына қалай жетіп, мұғалімнің қазақ тіліне деген қызығушылықты қалай дамытатындығына аударту. Практика басында студенттерге сабақтың мақсаты түсіндірілуі тиіс. Кейін сабақ барысында студенттер өздері сабақ мақсатын анықтауға міндетті.

1. Сабақтың кезеңдерін бірізді бөліп, оны сабақтың басты мақсатында іске асырылуын көрсету.

2. Мұғалім сабақтың бір кезеңнен екінші кезеңіне өтіуі қалай орындалатындығын көрсетуі қажет.

3. Әр кезеңдегі іс-әрекетті айқындау.

4. Қолданған әдістердің сапасы мен санын көрсетіп, олардың мақсатқа сәйкестігін көрсету.

5. Мұғалімнің жұмысы, қазақ тілін оқуға деген қызығушылықты қалай арттырады және дамытады, соны көрсету.

Тапсырма

Оның мақсаты - оқушылардың сабақтағы белсенділігін, яғни мұғалім мен оқушының сөйлеу қарым-қатынасын анықтау.

1. Сабақ басындағы мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

2. Жаңа материалдармен таныстыру кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

3. Жаттығу жұмыстарын орындау кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

4. Ауызша, жазбаша, оқу кезінде және шығармашылық жаттығуларды орындау кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

5. Қателерді түзеу кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі;

6. Үй жұмысын беру және түсіндіру кезіндегі мұғалім мен оқушының сөйлеуі.

Тапсырма

Оның мақсаты – дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жұмыстарды тексеру.

1. Дыбыстарды дұрыс айтуға арналған арнайы жұмыстардың кезеңдерін айқындау.

2. Фонетикалық тамшылардың мазмұны мен ұйымдастырылуын тексеру.

3. Фонетикалық материал қалай түсінідіріледі (жаңа дыбыстарды түсіндіру тәсілі, фонетикалық ережелердің сипаты мен орны).

4. Фонетикалық материал қалай бекітіледі (машықтану жаттығулардың бірізділік сипаты, оқушылардың жеке және топтық жұмыстарын ұйымдастыру).

5. Айтылым, жазылым, оқылымды дамытумен байланысты дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жұмыстар жүргізіледі.

6. Фонетикалық қателер қалай түзетіледі (қайталау арқылы ма әлде түсіндіру арқылы ма).

Тапсырма

Оның мақсаты - сабақтағы лексикалық жұмыстарды тексеру.

1. Берілген сөздіктегі жаттауға қиын сөздерді бөліп көрсету.

2. Әрбір сөздің мағынасын ашып, негіздеу.

3. Оның фонетикалық және грамматикалық жағы қалай меңгеріліп жатқандығын тексеру.

4. Сөздік жұмыс оқылым, жазылым және айтылыммен байланысты сөйлеу әрекеттерінде қалай жүзеге асатындығын анықтау.

5. Сөздердің бекітілуі мен жаттығулардың іске асуы.

6. Бұрын меңгерілген сөздерді қайталай отырып, жаңа сөздермен жұмыс қалай жүргізіледі.

7. Лексиканың меңгерілуі қалай бақыланады.

8. Сөздермен жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың филологиялық ой-өрістерін кеңейту үшін оларды қалай ынталандырады. Оқушылардың сөздік қорын көбейту жұмыстары қалай жүргізіледі.

Тапсырма

Оның мақсаты - сабақ кезіндегі грамматикалық жұмыстарды тексеру.

1. Мұғалім оқушыларды жаңа грамматикалық тақырыптарды игеруге қалай дайындайды.

2. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру қалай іске асады; алынған грамматикалық құбылыс қолданылатын сөйлеу әрекетінің түрі таңдалынады; грамматикалық материалдарды саналы меңгеру принципі; грамматикалық материалды беруде жағдаяттық көзқарас қалай жүзеге асырылады.

3. Грамматикалық материалмен жұмыс істеу кезінде қандай көрнекіліктер қолданылады.

4. Жаттығулардың бекітілуі (сипаты: бірізділік, сөздік материал, сөйлеу бағытындағы жаттығулар т.б.) қалай іске асады.

5. Берілген грамматикалық құбылыс айтылым, жазылым, оқылым кезінде қалай жүзеге асады.

Date: 2016-06-06; view: 990; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию