Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТ ПОРТФОЛИОСЫ 2 page





5) белсенді қабылдауды қамтамасыз ететін шараның ақпараттылығы мен эмоциялық әсерлілігі. Шараның еліктірушілігі мен қызықтыруы негізінде сынып жетекшісінің жалпы мәдениеті, оның оқушылардың қызығушылығын, жас ерекшеліктерін, талаптарын ескеру білігі туралы айтуға болады;

6) дайындық кезеңінің қысқалығы. Тек шара ғана емес, сондай-ақ оған дайындық та тәрбиелейтіндігі белгілі. Мұнда мұғалім мен оқушылырдың дайындыққа кетірген уақытының мақсатқа бағытталып, аз жұмсалуы, ал оқушылардың белсенділігінің толық болу маңызды. Іс-шараға дайындық сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетеді. Іс-шараның қалай өткендігі, оған қанша оқушы қатысқандығы туралы ақпаратты тәрбиелік шараны талдау кезінде мұғалімнің өзінен алуға болады;

7) өткізілген шараға оқушылардың қанағаттанғандығы. Бұл сынып жетекшісінің педагогтық шеберлігінің жалпы көрсеткіші. Жақсы ұйымдастырылып, өткізілген шара нәтижесінде балалар ортасында белгілі бір қайшылықтар шешіліп, оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты алып, бекітеді, іскерлік, дағдыларды, пайдалы әдеттерді меңгереді. Оқушылардың қанағаттанғандықтарын олардың көңіл-күйлері, әрекеттері, шараға қатысушыларға қатынастары арқылы білуге болады;

8) шараның жүргізілу мәдениеті, нақтылығы, жоспардың бірізділігі, кезеңге бөлінуі,оқушылардың сезімдерін еркін көрсетуі, олардың өз бетімен жұмыс жасауы.

9) шараның нәтижелілігі мен сапасын сынып жетекшісінің өзіндік бағалауы, оның өз ісіне деген талап қоюшылығын көрсетеді.

 

Қосымша 11

Сынып ұжымын зерттеудің үлгі схемасы және оған мінездеме беру

1. Сынып ұжымы туралы жалпы мәлімет және оның қалыптасуының тарихы (оқушылар саны, ішінде ер бала, қыз баласы, жас ерекшелігіне қарай құрамы және т.б.).

2. Әрекетінің мазмұны мен сипаты.

Үлгерімі мен тәртібінің жалпы сипаты; жекелеген оқушылардың бағаларын тексеру, оларға сынып ұжымының, активінің, сынып жетекшісінің талабы; өзара көмек, оның формалары және ұйымдастыру; сыныптың сабақтағы және үй жұмысын орындаудағы тәртібі; оқу жұмысындағы теріс моменттер (көшіріп алу, т.б.).

Сабақтан тыс кездегі сынып өмірі: саяси жағдайларға, музыкаға, өнерге, әдебиетке, спортқа т.б. қызығушылық; бұл қызығушылықтардың көріну формасы: оқырман конференциясына, кино, театрға бару, көргенді талқылау, диспут және т.б.); сыныптың жалпы мектеп өміріне араласуы.

Қоғамдық пайдалы еңбек және оның ұжымның сыныптан тыс өміріндегі орны; еңбек түрлері және оны атқарудың сипаты; саналы тәртіптің көрінуі.

Шефтік ұйымдармен байланыс; оның көрінуінің формалары, ата-аналар қоғамдастығының сыныпқа ықпалы.

3. Сынып ұжымын басқару және оны ұйымдастыру.

Сынып белсенділері: староста және оның жұмысы: сынып ұйымдары; сынып белсенділерінің сипаты (олардың идеялық деңгейі, құлшынысы, даралығы, табандылығы, өзіне және өзгелерге талап қоя білуі, жолдастары арасындағы беделі, ұйымдастырушылық қабілеттері, жекелеген оқушыларға қамқорлығы, қоғамдық пікірге көзқарасы, жеке тұлға аралық қатынастар жүйесіндегі жағдайы).

Ұжым ішіндегі өзара қарым-қатынас: ұйымшылдық дәрежесі, сыныптың құндылық-бағдарлы бірлігі, өзара талаптың көрінуі, достық қамқорлығы, өзара көмек, гуманизм, сыйлау, ұжымшылдық; шағын топтардың болуы немесе жоқтығы; олардың сыныптың ортақ істеріне қызығушылық дәрежесі; ұжымдағы сын және өзін-өзін сынау; ер балалар мен қыз балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшеліктері.

Сынып жетекшісінің жеке тұлғасы және оның сыныпқа ықпалы: білімділігі, жалпы мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, оқушылар психологиясын, олардың қызығушылықтарын білуі, басқарудағы жалпы стилі және т.б.; сыныптың сынып жетекшісіне қатынасы, оның оқушылар алдындағы беделі.

4. Қайсыбір оқушы тұлғасына деген ұжым ықпалының және ұжымға деген оқушы тұлғасы ықпалының нақты үлгісіне анализ.

1. Жалпы қорытындылар.

2. Ұжым дамуының деңгейі.

Сыныптағы жалпы эмоциональдық климат сипаты: сергек, өмірге құштар, инертті және т.б.

Тәртібі. Ұжым өмірін ұйымдастырудағы негізгі қателіктер және оның мүшелері арасындағы конфликтіні анықтау, оны жою жолдары.

 

Студент-практиканттың қолы:

Қосымша 12

Жеке оқушыға психолого-педагогикалық мінездеменің үлгі схемасы

Басты бағдарламада ең маңызды жеке анализіне жататын төмендегі схема-мінездеме берілгенде белгілі бір берілген бағытпен пайдалану керек, оның ішінде, мінездеме материалы мен оның жазуына көп мағына бөлу керек.

І. Ортақ мәселе.

Оқушының фамилиясы, аты-жөні, туған жылы, сыныбы, ортақ дене дамуы, денсаулығы, жанұядағы жағдайы мен тұрмысы, жанұядағы орынды тәрбие алу жайы.

ІІ. Ұжым арасындағы өзара қарым-қатынас пен мектепке деген ынта, көзқарас.

1. Әр кластың ортақ мінездемесіне оқушының даму қабілеті дәстүрлі тәрбиесі мен класс ұжымының талабы жатады.

2. Ұжымдағы жағдайы /сүйіспеншілік пен өз бағасын пайдалана біле ме? Оны қалай айыруға болады?/

3. Кластастарымен қарым-қатынасы /оларды ұнатады, көңілі бейжай, ұнатпайды, ұжым ұсынысымен санасады ма? Достары бар ма? Достығы неге байланысты? Жолдастарымен ұрыс-керіс болып қала ма және де қандай себеппен?/

4. Ұжымдағы өз бағасына /жағдайына/ көңілі тола ма және де қандай жағдайда жүргісі келеді?

5. Мектепте жүргеніне көңілі тола ма? Қандай қасиетін ұнатып қадірлейді?

6. Мұғалімдермен қарым-қатынасы олармен тіл табысуы, сүйіспеншілігі, сыйластығы қандай?

ІІІ. Оқу

1. Оқу үлгерімі /үлгіл бағалары, әр кластағы үлгерім деңгейі/

2. Білім ой-өрісі.

3. Сөз дамуы /оның түрлілігі, мінез-құлқы, сөз байлығы, өз ойын жазбаша және ауызша жеткізе білу қабілеті/

4. Оқуға деген ынтасы мен көзқарасы /қызығып оқи ма, қандай пәнге ынтасы бар, бағаға қалай қарайды, ата-ана мен оқытушының мақтауы мен ескертуіне қалай қарайды, оқуға деген ең басты мәселенің мотиві/

5. Оқуға деген қабілеті.

А) көңіл бөлу ерекшелігі /айтылға сөздің даму дәрежесі, көңіл бөлуі, оның беріліп оқуы, тұрақтылығы, өзін-өзі әр жағдайда ұстай білуі/.

Б) оқудың материалдық мағынасын қабылдау түсінігі, түйсіну жылдамдығы, оқу деңгейі мен алдын-ала есте сақтау мінезінің даму қабілеті, жылдам жаттап алу мен ойда ұстау, алдын-ала жаттап алу жолдарын біле ме? Есте сақтау жүйріктігі мен мықтылығы, қабылдау жеңілдігімен және есте сақтау индивидуалдық ерекшеліктері.

В) Ой жүйесінің дамуы. Пәннің баянды баянсыз белгілерін айыра білуі және де пайда болу туралы; ортақ және өзіндік деңгейі, тіл табыса ала ма, өз бетімен тұжырым жасай білуі, әрбір жағдайдан тез шығу жағын таба біле ме?

Г) Қиялдау қабілетінің дамуы. /оның әр түрлі оқу өнеріндегі творчестволық пен туынды байлығы/.

Д) Оқу жұмысына деген ынтасы /оқи білуі, күн тәртібін сақтауы, ұйымшылдығы, өз бетімен кітаппен жұмыс жасай ала ма? Материалды жаттауы, өзін-өзі ұстауы, жоспар құруы, конспект жасай білуі/.

Е) Еңбек. /еңбек сабағы мектеп пен үйдегі пайдалы еңбек, еңбекке деген ынтасы, жақсы бар ынтасымен істегенді қадірлей ме? Ортақ еңбекке тигізген пайдасына қызығушылығы бар ма? Еңбек еткенді ұната ма?

 

Студент-практиканттың қолы:

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1995. - 5-12 беттер.
2.Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1988. - 3-25 беттер.
3.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А., 1999. -5-18 б.
4.Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясы. Алматы, 1974.
5.Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.
6.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: Оқу кұралы-А.: Санат, 1996 – 240б.
7.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы: қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері/ А.Байтұрсынов. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 448 бет.
8.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі: Оқулық/ М.Балакаев, Т.Сайрамбаев. - Б.м.: Санат, 1997. - 230 бет.
9.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі/ М.Балакаев. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 247 бет.
10.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы: синтаксис/ М.Балақаев. - Б.м.: Мектеп, 1966. - 340 бет.
11.Бектаева Ш. Қазақ тілі: оқу құралы/ Ш.Бектаева. - Б.м.: Санат, 1995. - 176 бет.
12.Болғанбайұлы Э. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы/ Э.Болғанбайұлы, Г.Қалиұлы. - Б.м.: Санат, 1997. - 256 бет.
13.Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасынын негіздері: оқу құралы/ А.Жапбаров. - Б.м.: Қаз. унив.-ті, 1991. - 160 бет.
14.Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар/ С.М.Исаев. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 144 бет.
15.Исаев С.М. Қазақ тілі: оқу құралы/ С.М.Исаев. - Б.м.: Кайнар, 1993. – 170 бет.
16.Қараев М. Қазақ тілі: Оқу кұралы – Алматы: Ана тілі, 1993 – 216 бет
17.Қыдырбекұлы Б. Түгел сөздің түбі бір: Оқу кұралы. – Алматы: 1993 – 176 бет
18.Кулкенова О. Тіл ұстарту: Жаттығулар жинағы. – Алматы, 1992 – 96 бет
19.Маманов И. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 1989- 176 бет
20.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы- Алматы: 1992 – 135 бет
21.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс: Оқу кұралы. – Алматы: 1999-199 бет
22.Омарова А.К. Қазақ тілі: Лексикология, фразеология, лексикография: Оқу кұралы. – Алматы: 2003 – 127 бет
23.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі: Оқу кұр. –А.:2000-208 бет
24.Оралбаева Н. Қазақ тілі: Оқу құралы – Алматы: Ана тілі, 1992 – 250 бет
25.Серғалиев М.Қазіргі қазақ әдеби тілі: Оқу кұралы –.: Ана тілі, 1991 – 216 бет
26.Томанов М. Қазақ тілінің тарихы грамматикасы: Фонетика, морфология- Алматы: Мектеп, 1981 – 205 бет
27.Айғабылов А. Қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Санат, 1995 -136б.
28.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы: оқулық/ С. Аманжолов. - Б.м.: Санат, 1994. - 320 б
29.Достанов М. Қазақ тілі сөздерінің фонетика-лексикалық және грамматикалык ерекшеліктерін қатар талдау әдістері/ М. Достанов. - Б.м.: Рауан, 1991. - 168 бет.
30.Жалмаханов Ш.Ш. Көп мағыналы зат есімдердің мағыналық құрамы/ Ш. Ш. Жалмаханов. - Б.м.: РБК 1999
31.Жұбанов Е.К. Халык әдебиеті тілін оқытудың лингвистикалық аспектері/ Е.К.Жұбанов. - Б.м.: РИО, 2003. - 98 бет.
32.Жұбанов Е. Қазақтын ауызекі көркем тілі/ Е.Жұбанов. - Б.м.: Ғылым,1996.–200 б.
33.Жұбанов К. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/ К.Жұбанов. - Б.м.: Ғылым, 1999. - 581 бет.
34.Ишмухамедова Э. Қызықты грамматика: Синтаксис пен пунктуация: 2 кітап/ Э.Ишмухамедова. - Б.м.: Мектеп, 1984.
35.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі: 49000 сөз. - Б.м.: "Қазақстан", 1988. - 400 б.
36.Казахско-русский, русско-казахский словарь/ сост. М. Избасаров. - Б.м.:Credo, 2001-234 с.
37.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – Алматы: Ана тілі, 1998
38.Қордабаев Г. Қазақ тіл білімінің мәселері-Алматы: Рауан, 1991
39.Кестелі грамматика: Оқу құралы. - Б.м.: Ана тілі, 1995. - 208 бет.
40.Мұратбек Б.К. Қазақ тілінің стилистикасы/ Б.К.Мұратбек. - Б.м., 2004. - 73 бет.
41.Мырзабеков С. Қазақ тілінің айтылымы- Алматы: 2001-320 бет
42.Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі: Оқу кұралы. – А.: Ғылым, 2001
43.Оразов М. Қазақ тілінің семанитикасы. – Алматы: Рауан, 1991 – 216 бет
44.Садирова К. Көп компонентті салалас кұрмалас сөйлемдер – Ақтөбе: РИО, 2002 -89 бет
45.Сарыбаев Ш. Қазақ т ілі білімі мәселелері – Алматы: Арыс. 2000
46.Сәдуақас Н.Ә. Қ.Жұбанов және қазақ тілінің дыбыс жүйесі: Көм.оқу кұралы, 2004-169 бет
47.Серғалиев М. Етістікті сөз тіркістерінің синонимиясы: Оқу кұралы. – А., 1991 – 78 бет
48.Смағұлов Г. Фразеологизмдердің вариантылығы: Көмекші оқу құралы. – А., Санат. -1996
49.Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. Сөздердің қолданылу тарихынан – А., Арыс, 2004 – 232 бет
50.Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі – А: Арыс, 2004. – 208 бет
51.Тектіғұл Ж. Тарихи грамматика танымдары. – Алматы: Ғылым, 1999
52.Тектіғұл Ж. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы: Монография. – Алматы: Ғылым 2002
53.Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе/ 54.Ж.Тектіғұл. - Алматы: Републикалық баспа кабинеті, 2000. - 100 бет.
55.Тектіғұл Ж Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/ Ж.Тектіғұл. – А.: "Ғылым", 2002. - 142 б.
56.Тектіғұл Ж. Кейбір тілдің элементтердің этимологиялық табиғаты: Лекциялар желісі- Ақтөбе: РИО, 1994 – 42 бет
57.Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы; Ғылым, 2002
58.Хасанұлы Б. Қ.Жұбанов мұралары: Отандық жалпы тіл білімі әлеуметтік лингвистика психолингвистика бастаулары. – Ақтөбе, РИО, 2000-119 б
59.Хасенов А. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. – А.: Мектеп, 1985 – 153 бет
60.Исабаев А. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А., 1992. - 23-58 б.
61.Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту. - Алматы, 1982.
62.Оралбаева К., Жақсылықова Н. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1996. - 10-28 беттер.
63.Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1988. - 99-112 беттер.
64.Мұхамбетова С. Педагогика. Ақтөбе, 1999. - 52-55, 32-49 беттер.
65.Катенбаева Б. Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы. - А., 1975.
66.Құрманова Н.Ж. Мұхлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. Алматы, 2000.
67.Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1989.
68.Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. Алматы, 2001.
69.Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. Алматы, 2003.
70.Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1995.
71.Шакенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар: Оқу құралы. – Ана тілі, 1991 – 120 бет

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

 

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі проректор

____________Айпеисова С.А.

«____» ___________2014ж.

 

ПРАКТИКАНЫҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Педагогикалық практика

 

 

Дайындау бағыты 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

 

Бітіртуші кафедра Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

 

 

Жұмыс бағдарламасын дайындаушы кафедра

Қазақ тілі теориясы және оқыту технологиясы кафедрасы

 

 

Семестр Өтілу сағат көлемі Дәріс/экскурсия (сағ.) Жеке тапсырма/ практикалық жұмыс орындау (сағ.) Аралық бақылау түрі (диф.сынақ)
  6 кредит - - +
4 курс        
         

 

Ақтөбе қаласы

Ж.

Бағдарлама ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мамандық ҚР МЖМБС 6.08.073-2010, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Ереже (21.11.2013ж.) талаптарына сай жасалды.

 

Бағдарлама құрушылар:

ф.ғ.к., аға оқытушы К.Ә.Қондыбай

 

 

Эксперт (тер):

Ф.ғ.к. доцент М.Қ.Аманғазиева, С.Бәйішев атындағы

Ақтөбе университеті

 

Бағдарлама филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған.

 

ОӘК төрағасы________________ М.Т.Күштаева

Оқытуды ұйымдастыру басқармасының бастығы _______________А.У.Бекбауова

 

Практика жетекшісі_________________А.Ж.Карагулова

 


 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АННОТАЦИЯСЫ

Практика болашақ педагогтардың педагогикалық білік, дағдыларын, педагогикалық танымдары мен педагогтардың негізгі кәсіптік сапаларын қалыптастыру дамытуға нақты көмектеседі.

Қоғамның жаңа әлеуметтік – экономикалық даму жағдайында, әлемдік мәдени – білім беру кеңістігіне шығу, дамыған елдердегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымдардың қазіргі даму тенденциясы, әлемдік педагогикадағы жинақталған тәжірибелерді талдау, т.б. қазіргі педагог мамандарды сапалы даярлауды талап етеді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Үздіксіз педагогикалық практика: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді-шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие іс-әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Педагогикалық практика мына талаптар арқылы өткізіледі:

- мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

- студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.

- Психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

- Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау.

- Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы;

Практиканы жүзеге асыру: оның құрамы, ұйымдастыру мен өткізудің негізгі типтік орындары, нәтиженің қорытындысы және презентация. Жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицейлер. Ұйымдастыру және қорытынды конференциялар ұйымдастыру, фольклорлық және диалектологиялық, тіл-танымдық практикалар жергілікті жерде экспедиция барысында жүргізіледі.

Жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицейлер.

Әдеттегідей, өндірістік тәжірбе ғылыми орталықтарда, кафедралар және кәсіпорындарында жүргізіледі.

1.Практиканы өтуінің мақсаты:

Педагогикалық практика мектептерде, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарында жүргізіледі.

Өндірістік және педагогикалық практика жетекшісін кафедра профессор-оқытушылар құрамынан тағайындайды.

Студент педагогикалық практикасын мектептерде, лицейде және гимназияда өткізе алады. Практикада мектептегі қазақ тілі және әдебиет сабақтарын және сыныптан тыс, мектептен тыс мекемелерде шараларды өткізу дағдыларын меңгеру ұйғарылады және де мектеп құжаттарын жүргізуді үйренеді. Педагогикалық практика 4 курста базалық мектептерде оқытушылардың жетекшілігімен өткізіледі.Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы білім беретін мектептер және инновациялық мектеп типтері (мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер, көркем-өнер мектептері және басқалар).

Date: 2016-06-06; view: 1661; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию