Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТ ПОРТФОЛИОСЫ 3 page





Практиканың өтуінің мақсаты білім нәтижесінің (БН) төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:

білім:

· Тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

· Кәсіби-педагогикалық және тұлғалық-кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі).

· Кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.

· пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметін толық орындауға, оқушылармен оқу-тәрбие жұмысының жүйесін өткізуге дайындау.

білік:

· Дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану.

· Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

· Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

· Болашақ мұғалімдерінің педагогикалық жағдысы мен іскерліктерін, кәсіптік бейімділіктерін қалыптастыру, дамыту.

дағды:

· Мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;

· Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

· Оқу-тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан-жақты көмек көрсету

Аталған БН төмендегі компетенциялардың қалыптасуының негізі болып табылады: (ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 (2009.09.01) (университеттің ПП 08.06/16) және негізгі білім бағдарламасын (НББ) игеру нәтижесіне сәйкес) жалпы мәдени компетенциялар (ЖК)

Ақпараттық– технологиялық құзыреттілік: Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша материалдарды ақпараттық-технологиялық тұрғыда талдай білу, білім мен ақпаратты игере білу.

Этномәдениеттанымдық құзыреттілік:

қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне мән бере отырып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, халық ауыз әдебиетімен, мақал-мәтелдерімен, шешендік өнерімен, қанатты сөздерімен ұлттық ойындарымен, ұлттық кәсібімен қолөнер бұйымдарымен, ұлттық сазды аспаптарымен, ұлттық тағамдарымен, т.б. танысып, жаңа ақпараттар алуы.

Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі: Пән бойынша практикалық тұрғыда талдау жасай білу;

кәсіптік компетенциялар (КК)

Тілдік құзыреттілік:

Коммуникативтік құзыреттілік:

. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі: Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша теориялық білімді игеріп, практикалық дағды алу. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша зерттеу жүргізе білу.

2. ЖКО НББ құрылымында практиканың орны.

Педагогикалық практиканың мазмұны

2. Меңгеру:

- құжаттар /мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық, сабақ жоспары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б./;

- өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейі;

- жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

- оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің психологиялық аспектісі / сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызығушылығы, педагогтік этика, танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, қарым-қатынас, сабақтағы микроклиматы/;

- пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;

- пән бойынша оқушылардың іскерлігі; білім деңгейі:

- сыныптағы тәрбие процесі /жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субъект-субъекттік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез-құлық тәртібі/;

2. Іске асыру:

- пән мұғалімінің және сынып жетекшілерінің іс-әрекеті;

- жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтан психологиялық-педагогикалық талдауы;

- оқытудың интерактивтік әдістері, қазіргі инновациялық технологияларды пайдаланылған оқыту әрекеттері;

- оқыту әдістерін және қазіргі комьпютерлік технологияларды пайдалану;

- ата-аналармен жұмыс әдістері мен жекеленген түрлерінің ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру /ата-аналар жиналысына дайындық, сұқбаттасу, сауалнамалық сұрақ/;

- оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмыстар;

- жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық-педагогикалық талдауы;

- пән бойынша оқушылардың жалпы мектептік іс-шаралар өткізу және дайындық /пәндік кештер, апталық, олимпиада, конкурстар, білім күні/;

- ұжымдық шығармашылық іс-әрекет негізінде жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралар өткізу тақырыптар кештер, күзгі баллдар және т.б.

3. Қатысу:

- мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы;

- пән-мұғалімдернің әдістемелік бірлестік жұмыстары;

- сынып жетекшісінің семинар жұмыстары;

- кіші педагогикалық жұмыстары /студенттердің/;

- оқыту іс-әрекетінің анализі және өзіндік анализі;

- оқушылармен тәрбие жұмыстарының анализі және өзіндік анализі.

Педагогикалық практика кезінде болашақ мұғалімдерде педагогикалық қызметтің құрамындағы төмендегідей біліктер мен дағдылар қалыптасуы тиіс.

І. Конструктивті-жоспарлау қызметі

1. Оқытудың мақсатына сәйкес түрлі тиімді әдістер мен тәсілдерді қолданып әр түрлі сабақтарды жоспарлау.

2. Оқу материалын таңдау және көлемін анықтау.

3. Оқушылардың қызығушылығы мен жеке танымдық қажеттілігін және дайындық деңгейін ескере отырып сөйлеу әрекетінің әр түріне үйрету үшін мәтіндерді таңдау.

4. Жаттығулардың түрлерін, олардың әдістемелік мақсатын, сөйлеу дағдысы мен білігін меңгеру кезеңдеріне сәйкес жаттығулардың орындалу бірізділігін, сонымен бірге оқу материалының қиындығын және оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып анықтау.

5. Оқу процесіне қажетті көрнекілік құралдарды жасау, ресімдеу.

6. Кластан тыс жұмыстарды жоспарлау.

7. Педагогикалық практика кезінде студенттердің жұмыстарының кестесін құру, жеке күнтізбелік жоспар құру.

ІІ. Ұйымдастырушылық қызмет

Студент істей білуі керек:

1.Сабақта жоспарланған жоспарды орындауды ұйымдастыру.

2.Жоспарланған сабаққа сәйкес оқушылардың коммуникативтік-білімділік іс-әрекетін ұйымдастыру.

3.Жұмыстың жаппай, топтық және жеке түрлерін үйлесімді бірлікте пайдалану.

4.Оқу процесінде оқушылардың аудиовизуалды техникалық құралдарын тиімді пайдалану.

5.Оқушыларға тілді үйретуде өзіндік жұмыстың барынша тиімді тәсілдерін үйрету.

6.Сабақта және сабақтан тыс уақытта тілдік ойындар, жарыстар мен конкурстар ұйымдастыру.

ІІІ. Коммуникативтік-білім берушілік қызмет

Коммуникативтік-білім берушілік қызмет оқушы мен мұғалімнің арасында дұрыс қарым-қатынас орната білуді білдіреді.

Бұл үшін студент-практикант үйренуі тиіс:

1. Мұғалім-класс, мұғалім-оқушы, мұғалім-класс, оқушы-оқушы қатынасында жұмыс істеу.

2. Оқушылардың тілдік әрекетін ынталандыру үшін жоспарланған тілдік жағдаяттарды пайдалану.

3. Оқушылардың сөйлеу біліктері мен білімдерін бақылауды анықтау және дағды мен біліктің қалыптасу деңгейін дұрыс анықтап, бағалай білу.

4. Оқушылардың тіліндегі қателердің сипатын, олардың себебін және болдырмау немесе алдын алу және жөндеу тәсілдерін анықтау.

5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру үшін әр түрлі жұмыстарды пайдалану.

IV. Тәрбиелік қызмет

Студент-практикант істей білуі тиіс:

1. Оқушыларды отансүйгіштікке, өз туған елінің және басқалардың мәдениеті мен салтын, дәстүрін құрметтеуге, дәріптеуге үйрету.

2. Оқушыларда адамгершілік, эстетикалық тәрбиелерді қалыптастыру.

V. Зерттеушілік қызмет

Студент-практикант істей білуі тиіс:

1.Студент-практикант өзінің, жолдастарының, пән мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін бақылап, талдап, қорытынды жасауы тиіс.

2.Өзі жұмыс істеген класты зерттеу.

3.Пән бойынша оқулық, оқу құралдарына әдістемелік талдау жасау.

4.Оқушылардың білімділігі мен тәрбие деңгейін анықтау, олардың өзара қарым-қатынасын зерттеу.

Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің педагогикалық тәжірибесі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және студенттердің теориялық білімдерін бекітіп, тереңдетуді мақсат етеді. Педагогокалық практика студенттерді мұғалімдік мамандыққа іс жүзінде дағдыландырып, озат іс тәжірибені игеруді үйретеді.

 

№ қ/с Құзіреттілік аттары НББ-ның негізгі бөлімдері НББ-ның қосымша бөлімдері
Жалпы мәдени құзіреттіліктер
  Этномәдениеттанымдық құзыреттілік    
  Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі    
Кәсіптік құзіреттіліктер
  Тілдік құзыреттілік    
  Ақпараттық– технологиялық құзыреттілік    

 

3.Практиканың құрылымы және мазмұны.

Практиканың жалпы көлемі _____диф.сынақ санынан, 6 кредиттен тұрады.

 

3.1. Практиканың мазмұны

Педагогикалық практика – студенттерге кәсіптік білім беру жүйесіндегі ерекше сана. Мұғалім кадрларын кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық практика маңызды роль атқарады. Болашақ мұғалімдерді теориялық жағынан оқыту мен олардың оқу-тәрбие мекемелеріндегі өздігінен атқаратын жұмысын байланыстырушы буын болып табылады, студенттерді педагогикалық қызметінің бастапқы тәжірибесімен қаруландырады.

І. Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері мыналар:

1.Болашақ мұғалімдердің педагогикалық дағдысы мен іскерліктерін, кәсіптік бейімділіктерін қалыптастыру, дамыту.

2.Студенттердің болашақ мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, педагогикалық қызметке шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу.

3.Оқу-тәрбие жұмысындағы бүгінгі заман талабына сай алдыңғы қатарлы педагогикалық ізденістермен, озат педагогикалық тәжірибемен танысу.

4.Оқу-тәрбие мекемелеріне бала тәрбиелеу міндеттерін шешуде жан-жақты көмек көрсету. Педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметін толық орындауға, оқытушылармен оқу-тәрбие жұмысының жүйесін өкізуге дайындау.

Өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар беру ісі еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде оқушының жан-жақты дамуына ықпал етеді. Еңбекке дұрыс, жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастыру, еңбекті ең маңызды іс ретінде қабылдата білу оқушыға болашақта қызметтің кез келген саласында қажет сапа. Сондықтан бұл шараға оқу-тәрбие саласында қызмет жасайтын әрбір азамат жауакершілікпен қарап, оқушыларға мамандықтар туралы маңызды мәлімет беретін түрлі оқу-тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруы парыз:

5.Сынып жетекшісіне көмек көрсету. Ол үшін кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, әдебиеттер жөнінде оқушылар алдында шолу жасау.

6.Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру.

7.Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер, нақты бір мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру.

8.Жұмысты осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.

9.Кәсіптік бағдар беру жүйесіне байланысты студент- практикант білуі тиіс ұғымдар:

Кәсіптік диагностика кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың дайындығын, ынтасын және қабілетін анықтайды. Ол үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекеттерінің жемісін талдау; практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда, отбасында, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу; әңгіме-сұхбат; педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі.

Тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісін ұсынған профессор К.К. Платонов. Бұл әдістің мәні: мұғалімдерден, ата-аналардан, оқу-өндірістік практиканы басқарған нұсқаушыдан және дәрігерден түскен мінездеме мәліметтеріне сүйеніп, сынып жетекшісі оқушыға объективті мінездеме береді. Кәсіптік білім беру – кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру.

Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек:

1.Оқушылардың білім деңгейі.

2.Оқушылардың жеке қасиеттері.

Кәсіптік консультация - әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы көмек көрсету.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Сынып жетекшісі үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарында:

- оқушылардың отбасын зерттеу;

- ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;

- сыныптағы ұжымдық істерге ата-аналарды тарту;

- сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын педагогткалық басқару;

- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

- ата-аналарды оқушылардың оқу, тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру, хабардар етуді қамтамасыз ету жұмыстары міндетті түрде қамтылуы тиіс.

 

4.Бақылау формасы.

Ағымдағы аттестация студенттерге практика жетекшісінің төмендегі уақыт интервалдарындағы қойған баллдарына сәйкес жүргізіледі:

1.мектептегі қатысымды тексеру;

2.зерттеу жұмыстарының жүргізу барысын қадағалау.

3.жеке тапсырма/практикалық жұмыстарды орындауы;

4.студенттің жеке басының сапасына (ұқыптылығы, ұйымдастырушылығы, орындаушылығы, жаңашылдығы т.б.)

Аралық бақылау практика біткеннен кейін мына формада жүргізіледі:

портфолио материалдарындайындау,

практиканың есебін қорғау (аралық бақылау бітіртуші кафедра ұйымдастырған комиссиясы бойынша практиканың құжаттарын қабылдау, кәсіпорынның (ұйымның) берген мінездемесі мен бағасы, студенттің практиканың өтуі бойынша ауызша баяндамасы арқылы жүзеге асырылады).

 

5.Практиканың оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі.

 

Негізгі әдебиеттер:

 

1.Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1995. - 5-12 беттер.
2. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1988. - 3-25 б.
3.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А., 1999. -5-18 бет.
4.Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясы. Алматы, 1974.
5.Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.
6.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: Оқу кұр.-А.: Санат, 1996 – 240 б.
7.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы: қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері/ А. Байтұрсынов. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 448 бет.
8.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі: Оқулық/ М.Балакаев, Т. Сайрамбаев. - Б.м.: Санат, 1997. - 230 бет.
9.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі/ М.Балақаев. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 247 бет.
10.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы: синтаксис/ М.Балақаев. - Б.м.: Мектеп, 1966. - 340 бет.
11.Бектаева Ш. Қазақ тілі: оқу құралы/ Ш.Бектаева. - Б.м.: Санат,1995. -176 б.
12.Болғанбайұлы Э., Г.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы/ - Б.м.: Санат, 1997. - 256 бет.
13.Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасынын негіздері: оқу құралы/ А. Жапбаров. - Б.м.: Қаз. унив.-ті, 1991. - 160 бет.
14.Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар/ С.М.Исаев. - Б.м.: Ана тілі, 1992. - 144 бет.
15.Исаев С.М. Қазақ тілі: оқу құралы/ С.М.Исаев. - Б.м.:Кайнар,1993.–170 б.
16.Қараев М. Қазақ тілі: Оқу кұралы – Алматы: Ана тілі, 1993 – 216 бет
17.Қыдырбекұлы Б. Түгел сөздің түбі бір: Оқу кұралы. – А.: 1993 – 176 бет
18.Кулкенова О. Тіл ұстарту: Жаттығулар жинағы. – Алматы, 1992 – 96 бет
19.Маманов И. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 1989- 176 бет
20.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы- Алматы: 1992 – 135 бет
21.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс: Оқу кұралы. – Алматы: 1999-199 бет
22.Омарова А.К. Қазақ тілі: Лексикология, фразеология, лексикография: Оқу кұралы. – Алматы: 2003 – 127 бет
23.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі: Оқу кұралы. – А.: 2000-208 бет
24.Оралбаева Н. қазақ тілі: Оқу құралы – Алматы: Ана тілі, 1992 – 250 бет
25.Серғалиев М.Қазіргі қазақ әдеби тілі: Оқу кұралы –А.:Ана тілі,1991–216 б.
26.Томанов М. Қазақ тілінің тарихы грамматикасы: Фонетика, морфология- Алматы: Мектеп, 1981 – 205 бет
27.Айғабылов А. Қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Санат, 1995 -136б.
28.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы: оқулық /С.Аманжолов. - Б.м.: Санат, 1994. - 320 б
29.Достанов М. Қазақ тілі сөздерінің фонетика-лексикалық және грамматикалык ерекшеліктерін қатар талдау әдістері/ М.Достанов. - Б.м.: Рауан, 1991. - 168 бет.
30.Жалмаханов Ш.Ш. Көп мағыналы зат есімдердің мағыналық құрамы/ Ш.Жалмаханов. - Б.м.: РБК 1999
31.Жұбанов Е.К. Халык әдебиеті тілін оқытудың лингвистикалық аспектері/ Е.К.Жұбанов. - Б.м.: РИО, 2003. - 98 бет.
32.Жұбанов Е. Қазақтын ауызекі көркем тілі/ Е.Жұбанов. - Б.м.: Ғылым, 1996. – 200 бет.
33.Жұбанов К. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/ К.Жұбанов. - Б.м.: Ғылым, 1999. - 581 бет.
34.Ишмухамедова Э. Қызықты грамматика: Синтаксис пен пунктуация: 2 кітап/ Э. Ишмухамедова. - Б.м.: Мектеп, 1984.
35.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі: 49000 сөз. - Б.м.: "Қазақстан", 1988. - 400 бет.
36.Казахско-русский, русско-казахский словарь/ сост. М.Избасаров. - Б.м.: Credo, 2001. - 234 с.
37.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – Алматы: Ана тілі, 1998
38.Қордабаев Г. Қазақ тіл білімінің мәселері-Алматы: Рауан, 1991
39.Кестелі грамматика: Оқу құралы. - Б.м.: Ана тілі, 1995. - 208 бет.
40.Мұратбек Б.К. Қазақ тілінің стилистикасы/ Б.К.Мұратбек. - Б.м., 2004. - 73 б.
41.Мырзабеков С. Қазақ тілінің айтылымы- Алматы: 2001-320 бет
42.Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі: Оқу кұралы. – Алматы: Ғылым, 2001
43.Оразов М. Қазақ тілінің семанитикасы. – Алматы: Рауан, 1991 – 216 бет
44.Садирова К. Көп компонентті салалас кұрмалас сөйлемдер – Ақтөбе: РИО, 2002 -89 бет
45.Сарыбаев Ш. Қазақ т ілі білімі мәселелері – Алматы: Арыс. 2000
46.Сәдуақас Н.Ә. Қ. Жұбанов және қазақ тілінің дыбыс жүйесі: Көмекші оқу кұралы, 2004-169 бет
47.Серғалиев М. Етістікті сөз тіркістерінің синонимиясы: Оқу кұралы. – А., 1991 – 78 бет
48.Смағұлов Г. Фразеологизмдердің вариантылығы: Көмекші оқу құралы. – А., Санат. -1996
49.Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. Сөздердің қолданылу тарихынан – А., Арыс, 2004 – 232 б.
50.Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі – А: Арыс, 2004. – 208 бет
51.Тектіғұл Ж. Тарихи грамматика танымдары. – Алматы: Ғылым, 1999
52.Тектіғұл Ж. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы: Монография. – Алматы: Ғылым 2002
53.Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе/ 54.Ж.Тектіғұл. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 2000. - 100 бет.
55.Тектіғұл Ж Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/ Ж.Тектіғұл. – А.:"Ғылым",2002.-142 б.
56.Тектіғұл Ж. Кейбір тілдің элементтердің этимологиялық табиғаты: Лекциялар желісі- Ақтөбе: РИО, 1994 – 42 бет
57.Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы; Ғылым, 2002
58.Хасанұлы Б. Қ. Жұбанов мұралары: Отандық жалпы тіл білімі әлеуметтік лингвистика психолингвистика бастаулары. – Ақтөбе, РИО, 2000-119 б
59.Хасенов А. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1985 – 153 бет
60.Исабаев А. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А., 1992.-23-58 б.
61.Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту. – А., 1982.
62.Оралбаева К., Жақсылықова Н. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1996. - 10-28 беттер.
63.Жұмабаев М. Педагогика.- Алматы, 1988. - 99-112 беттер.
64.Мұхамбетова С. Педагогика.- Ақтөбе, 1999. - 52-55, 32-49 беттер.
65.Катенбаева Б. Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы.- Алматы, 1975.
66.Құрманова Н.Ж. Мұхлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі.- А., 2000.
67.Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. – А., 1989.
68.Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту.- Алматы, 2001.
69.Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. – А., 2003.
70.Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі.- Алматы, 1995.
71.Шакенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар: Оқу құралы. – Ана тілі, 1991 – 120 бет

 

Date: 2016-06-06; view: 1142; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию