Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 9.2-сурет. Хориокарцинома 6 page





1) Жатырдың жұмыр байламы

2) Жатырдың жалпақ байламы

3) Кардинальды байлам

4) Сегізкөз – остистая байламы

5) Жамбас түбі

6) Сегізкөз – жатырлық байлам

7) Барлық аталғандар;

3. Жыныс мүшелерінің төмен түсуі мен сыртқа шығуының негізгі себебі – бұл:

1) Жиі жыныс мүшелерінің қабыну аурулары анамнезінде;

2) Вульва краурозы;

3) Спланхоптоз

4) Босану жарақаттары нәтижесінде дамыған жамбас түбі шамасыздығы;

5) Барлық аталғандар

4. Жамбас мүшелері пролапсын ортопедиялық емдеу әдістері:

1) Жамбас түбі шамасыздығы синдромында пролапс манифестациясына дейін негізгі болып табылады;

2) Пролапсты емдеудің эффективті әдісі;

3) Жамбас түбі шамасыздығында қынап биоценозын сақтауға мүмкіндік беретін технология;

4) Паллиативті

5) Барлық аталғандар

5. Жыныс мүшелері пролапсын эффективті оперативті емдеу әдістері бағытталған:

1) Жамбас түбін нығайтуға;

2) Жатырдың көтеруші аппаратын нығайтуға;

3) Қатты жатыр фиксациясын;

4) Жатырдың бекітуші аппаратын нығайтуға;

5) Қынап облитерациясын;

6) Барлық аталғандар.

6. Жамбас мүшелері пролапсын хирургиялық емдеу көлемін таңдау және көрсеткіштері анықталады:

1) Ішкі жыныс мүшелерінің төмен түсу дәрежесіне;

2) Жыныс мүшелері анатомо – функциональды өзгерістермен;

3) Жыныстық өмірді, репродуктивті қызметті қалпына келтіру және сақтау қажеттілігі мен мүмкіндігімен;

4) Көршілес жатқан мүшелер(қуық пен тік ішек) қызметі бұзылысының ерекшеліктерімен;

5) Науқас жасымен;

6) Хирургиялық араласулар мен анестезиологиялық құрал қаупімен, ілеспелі экстрагенитальды аурулармен;

7. Зәрді ұстай алуға қандай факторлар әсер етеді:

1) Сыртқы

2) Физиологиялық

3) Аралықтық

4) Ішкі

5) Функциональды

6) Барлық аталғандар.

8. Стресстік зәрді ұстай алмауы бар науқастарды тексергенде қандай функциональды сынамалар қолданылады:

1) Стоп – тест

2) Бақылау төсеніші

3) Жөтелу тесті

4) Жүктемемен тест

5) Қуықты толтырумен жүргізілетін тест

6) Барлық аталғандар.

9. Қуық гиперактивтілігі мен стресстік зәрді ұстай алмау арасындағы дифференциальды диагностика ненің негізінде жасалады:

1) Зәр шығаруға императивті шақырулар;

2) Кіші дәретке жиі шақырулар;

3) Клиникалық зәр анализі нәтижелері;

4) Жөтелгенде, түшкіргенде зәрдің еріксіз шығуы;

5) Уродинамикалық тескеру нәтижесі;

6) Барлық аталған белгілер;

10. Стресстік зәрді ұстай алмауды емдеу үшін қолданылады:

1) Транквилизаторлар

2) Мінез – құлықтық терапия

3) М – холиноблокаторлар

4) Слингті операциялар

5) Вальсальва сынамасы

 

Тапсырмалар.

11.Науқас, 50 жаста., әйелдер консультациясына физикалық жүктемеден кейін күшейетін іштің төменгі бөлігінде және бел аймағындағы төмен тартып ауырсыну, сыртқы жыныс мүшелері аймағында бөгде дене сезімі және дискомфорт, уақыт өте келе пайда болған кіші дәретке жиі шығу, тәулігіне 1 – 2 ретке дейін ыстық леп құйылуларға шағымданып келді. Анамнезінде 2 босану, біріншісі аралықтың жыртылысымен асқынған, ал екіншісі ерекшеліксіз өткен. 48 жасқа дейін менструация циклы бұзылмаған: менструациясы әрбір 28 күн сайын 5 – 6 күн, аз мөлшерде, ауырсынусыз. Соңғы етеккірі 5 жыл бұрын, осыған дейін бір жыл көлемінде(48 жас) – 35 – 40 күн сайын, ретті, 3 – 4 күннен, жұғынды түрінде, ауырсынусыз. Қынап арқылы қарағанда: жыныс саңылауы үңірейген, күшенген кезде қынап кіреберісі маңында цисто- және ректоцеле түзілісімен қынаптың алдыңғы және артқы қабырғасы шығып тұр. Жатыр мойны цилиндр формалы, таза, кілегей қабаты ақшыл қызғылт. Жатыр қалыпты көлемді, тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз, retroflexio – retroversio қалпында. Жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Бөліністері кілегейлі, ақшыл түсті, жұғынды түрінде. Диагноз қандай? Жүргізу жоспары және операция көлемі қандай?


12.Әйелдер консультациясы дәрігеріне 57 жастағы пациент физикалық күш түскенде, күлгенде, дефекация актісінде зәрдің еріксіз кетуіне шағымданып келді. Анамнезінде – 2 босану per vias naturales. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру жүргізу керек? Дәрігер тактикасы қандай?

 

ТАРАУ.

Әйел жыныс мүшелерінің жарақаттық зақымданулары.

Сабақтың мақсаты: студенттерді әйел жыныс мүшелерінің жарақаттық зақымдануларымен таныстыру, диагностикалау әдістерін, шұғыл көмек көрсету және емін үйрету.

Студент білуі тиіс: әйел жыныс мүшелерінің жарақаттық зақымдануларының мүмкін себептері, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі және травматизм алдын алуы.

Студент жасай білуі керек: әйел жыныс мүшелерінің жарақаттық зақымдануларын диагностикалау, алғашқы көмекті көрсету және ем тағайындау.

Сабақ жүргізу орны: оқу бөлмесі, гинекологиялық бөлім, операциялық бөлме.

Безендірілуі: таблицалар, слайдтар, демонстрационды фильмдер, презентациялар.

Сабақты ұйымдастыру жоспары:

- Тақырыпқа негізделіп құрылған сұрақтар;

- Студенттің білім деңгейін бақылау;

- Оқу бөлмесі. Компьютерлі презентацияны қолдану арқылы тақырыпты теориялық талдау.

- Гинекологиялық бөлімде жұмыс жасау: тақырыпқа сай аурулары бар 2 – 3 науқас демонстрациясы. Ауру тарихын талдау, операцияға қатысу.

- Оқу бөлмесінде сабақты талқылау, сұрақтарға жауап беру. Үйге тапсырма.

 

 

Әйел жыныс мүшелерінің жарақаттық зақымданулары – тек босану асқынуы мен ургентті оперативті гинекологияның мәселелерінің бірі ғана емес, сонымен қатар жамбас түбі шамасыздығы, жатыр денесі мен мойнының аурулары, жыныс мүшелері жыланкөздері, диспаренурия сияқты асқынуларға әкеледі. Жыныс мүшелерінің жарақаттары медициналық аспектіден басқа, көбінесе этикалық және құқықтық ерешеліктермен(қыз балаларда тұрмыстық жарақаттар, жыныстық бұрмалану және зорлау нәтижесіндегі жарақаттар) тығыз байланысты.


Әйел жыныс мүшелері жарақаттарының классификациясы қандай?

Әйел жыныс мүшелерінің жарақаттық зақымдануларының үлкен әр түрлілігің систематизациялау үшін келесі классификация қоданылады:

· Бөгде дене;

· Жыныс мүшелерінің зақымданулары мен жаңа жарақаты;

· Жатыр денесі мен мойны, қынап қабырғасы, аралық, кіші жыныс ернеулерінің акушерлік жарақаттары;

· Жыныс актісіне тәуелді жаңа зақымданулар:

- Қыздық перде зақымданулары(дефлорация);

- Қынап қабырғасының жыртылысы;

· Жыныс актісіне тәуелсіз жаңа зақымданулар:

- Өтпес жарақаттан болатын зақымданулар;

- Оперативті араласулар кезіндегі асқынулар;

· Кескіш және шаншығыш құралдармен болған жарақатар(оған әйел жыныс мүшесін алып тастау да жатады).

· Күйіктер:

- Термиялық

- Химиялық

· Жыныс мүшелерінің көне зақымданулары және тыртықтық өзгерістер;

· Қынап және аралық зақымданулары(жыртылыстар).

· Жатыр мойны зақымданулары.

· Жатыр денесі зақымданулары.

· Зәр – жыныс және ішектік – жыныстық жыланкөздері.

Қынаптағы бөгде денелер.

Акушерлік асқынулармен байланысы жоқ ең көп тараған жағдайлар – жыныс мүшелері қуысына бөгде дененің түсуі.

Жыныс мүшелері қуысына бөгде дененің түсуіне қандай себептер әкеледі?

Патологияның бұл түрі болуы мүмкін:

· Медициналық көмек көрсету кезінде(жатырлық сақиналар – пессариялар, дәкелік және мақталы тампондар);

· Жүктілікке қарсы заттарды қолданғанда(ер және әйел адамдардың презервативтері, мойындық қақпақшалар, қынаптық диафрагмалар, ВМК)

· Гигиеналық тампондарды салу кезінде;

· Жүктілікті үзу, маструбация мақастында әр түрлі заттарды енгізу барысында;

Жыныс мүшелері қуысына бөгде дене түскеннен кейін қандай клиникалық көрініс дамиды?

Жыныс мүшелерінде бөгде дененің қысқа мерзімді болуы гигиена ережелерін сақтау нәтижесінде дені сау әйелдерде тез қалпына келетін қынаптық флора құрамының уақытша өзгерісіне әкелуі мүмкін. Бұрын дамыған қынап дисбиозы фонында, егер гигиена ережелері (менструация, контрацепция заттары, сексуальды акт кезінде тампон қолдану),сонымен қатар медициналық көмек көрсету кезінде асептика және антисептика ережелері бұзылса, жыныс мүшелері қуысына бөгде дененің түсуі дисбиотикалық процесс пен қабынудың күшеюіне әкеледі.


Жыныс мүшелері қуысында бөгде дененің ұзақ уақыт болуы қандай клиникалық көрініспен жүреді?

Қынапта бөгде дененің ұзақ уақыт болуы нәтижесінде вагинит дамиды. Ең жиі кездесетін шағымдар – қынап аймағында қышыну, көп мөлшерде, жиірек сасық бөліністер(бели), кейде қанды бөліністер. Одан әрі ойық жаралар дамуы мүмкін, ол зәр – жыныс және ішектік – жыныстық жыланкөздер дамуына әкеледі. Жатыр қуысына түскен бөгде денелер асептика ережелерін сақтау, манипуляция, процедура ұзақтығы және денсаулық жағдайына тәуелсіз эндометриоз (септикалық немесе асептикалық) дамуына әкеледі.

Вагиниттің себебі бөгде дененің түсуі болғанын қалай білуге болады?

Анамнезін мұқият жинау, қынап арқылы қарау және айнамен қарау арқылы гинекологиялық тексеру вагинит себебі бөгде дененің түсу екенін оңай болады.

Жатыр қуысында бөгде денені қалай диагностикалайды?

Диагностика жасауға мұқият анамнез жинау, цервикальды канальда бөгде дене визуализациясы және арнайы гинекологиялық тексеруде пальпацияда жатырдың ауырсынуы көмектеседі. Бұл әдістердің аз ақпараттылығында УДЗ және рентгендік тексеру қолданады.

Жыныс мүшелері қуысында бөгде дене бар әйел адамдарды қалай емдейді?

Емі бөгде денені алып тастау, 1: 4000 – 1: 6000 калий перменганаты бүріккіш дезинфекциялық ерітіндісі және басқа да антисептиктерді тағайындау арқылы жүргізіледі. Тіндер некрозы жағдайында – зақымдалған тіндердің хирургиялық өңдеуін жүргізу және аймақтың анатомиялық бүтіндігін қалпына келтіру керек, қажет жағдайда дренаждар мен катетерлер қойылады. Ауыр вагинит, эндометрит, цервициттің клиникалық көрінісі антибактериальды терапия тағайындауды қажет етеді. Реабилитация мақсатында антибактериальды терапиядан кейін қынап микробиоценозын қалпына келтіру қажет.

 

Жыныс мүшелерінің жаңа зақымданулары.

Жыныс мүшелері зақымдануының уақытына байланысты жаңа және көне болуы мүмкін.

Әйел адамдарда жыныс мүшелерінің жаңа зақымдануларының негізгі себебі қандай?

Жыныс мүшелерінің жаңа зақымданулары жиірек босану процесінде дамиды – жатыр, жұмсақ босану жолдарының жыртылысы немесе артифициальды абортта.

Әйел жыныс мүшелері зақымдануының акушерлік емес себептері қандай?

Жыныс мүшелері жыныстық акт, гинекологиялық араласулар кезінде зақымдалуы мүмкін.

Жыныс мүшелері жаңа жыртылысында қандай симптомдар болады?

Жыныс мүшелері жыртылысының симптомдары ауырсыну және қан кетулер, кейде көп мөлшерде. Қан кету вена, кавернозды лакуналар, артерия тармақтарының жарылуы нәтижесінде дамиды, өйткені жыныс мүшелері көптеген тамыр тармақтары арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Қыздық перденің зақымдануы қашан және қалай дамиды?

Қыздық перденің зақымдануы алғашқы жыныстық қатынаста(дефлорация) дамиды. Қыздық перде жиектерінің жыртылысы бұл кезде терең болмайды және аз мөлшердегі қан кетумен жүреді. Кейде алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перденің жыртылысы оның негізіне дейін жетеді және көп мөлшерде қан кетумен сипатталады. Бұндай патологиялық жыртылыстың себебі шектен тыс беріктілік(ригидтілік), қыздық перде еттілігі, жыныс мүшелерінің дұрыс дамымауы, сонымен қатар шектен тыс физикалық әсер ету болып табылады.

Қынаптың акушерлік емес зақымдануы қашан және қалай дамиды?

Қынаптың зақымдануы оның дұрыс дамымауы, серпімділігінің төмендеуі немесе шектен тыс қабырғасының жұмсаруы нәтижесінде болады. Қынап қабырғасының әдетте артқы немесе бүйір күмбездері аймағының жоғарғы үштен бір бөлігі жыртылады. Қынаптың бүйір қабырғасының терең жыртылысында жамбастық клетчатка шешіледі. Сирек жағдайда қынаптың бүйір қабырғасы тік ішек – жатырлық саңылауды жабатын ішастар бүтіндігінің бұзылысымен жүреді. Бұл жағдайда ішек тұзақтарының түсуі байқалуы мүмкін.

Әйел жыныс мүшелері жыртылысына қалай диагностика жүргізеді?

Жыртылыс диагностикасы қиындық тудырмайды, егер жыртылысқа тән анамнезді және зақымданған жыныс мүшелерін қарау үшін қол жетімділік болса.

Әйел жыныс мүшелері жыртылысын қалай емдейді?

Инфицирленбеген жағдайда емі хирургиялық: асептикалық жағдайда қансыраған тамырларды байлайды және жыртылған тіндер жиектеріне тігіс салады. Егер қансыраған тамыр табылмаса, онда қансыраған аймаққа кетгутті тігіс салынады. Егер қынап қабырғасының жаңа жыртылысы терең енген болса, онда қабат бойынша және кезектілікпен тігіс салынуы тиіс. Ішек зақымдануы лапаротомия жасауға көрсеткіш болып табылады.

Инфицирленген зақымдануларда қансыраған тамырды байлау немесе жара жиектеріне тігіс салмай, сәйкес аймақты тігумен шектелген жөн. Жара беткейін антисептикалық ерітінділермен өңдейді және антибиотик ерітінділермен инфильтрациялайды.

Жыныс мүшелері бүтіндігінде ятрогенді зақымданулар дамуы мүмкін бе?

Жыныс мүшелері зақымдануы кейбір медициналық манипуляцияларда кездейсоқ дамуы мүмкін: цервикальды канал металл кеңейткішімен кеңейтіп қарағанда, жатырішілік араласулар кезінде(зондылау, эндометрийді қыру, жатыр қуысын қатты гистероскоппен және гистероскопиялық оперативті араласуларда қарау). Сонымен қатар операция кезінде қуық, несепағар, жатырдың кездейсоқ зақымдануы болуы мүмкін.

Жыныс мүшелерінің ятрогенді зақымдануында тактика қандай?

Барлық жағдайда манипуляцияны дереу тоқтату қажет, қан кету көзін анықтау және гемостазды қамтамасыз ету.

Әйел жыныс мүшелерінің тұйық жарақаты дамуы мүмкін бе?

Мүмкін. Тұйық жарақат соғылу немесе басқа да себептер(жамбас сүйектері зақымдалғанда, оқ атылып жараланғанда және т.б.) нәтижесінде дамиды.

Жыныс мүшелері тұйық жарақатының клиникалық көрінісі қандай?

Жыныс мүшелерінің көптеген қантамырлармен қанмен қамтамысыз етілгендектен гематома дамиды, гематома жара орнына байланысты – сыртқы жыныс мүшелері, аралық, қынап аймағында орналасады. Жарақат аймағында ауырсыну пайда болады, кіші дәретке жиі және ауырсынып шығу дамиды. Гематоманың ішек және қынап айналасы клетчатканың таралуында тенезмдер, зәр шығару және дефекация кезінде қиындықтар туындайды. Жарақат орнының ісінуі көкшіл – қара немесе көкшіл – қызыл түске ауысады.

Тұйық жарақатта кіші жамбас клетчаткасының зақымдануы неге қауіпті?

Кіші жамбас клетчаткасы – борпылдақ, қанмен жақсы қамтамасыз етілген тін. Клетчатка зақымдануы клетчаткалық кеңістіктерге таралатын интенсивті ішке қан кетуге алып келеді. Клетчаткалық кеңістікке 2 – 2,5 л қан сияды(жедел массивті қан жоғалту), оны тез анықтау және қан кету көлемін бағалау қиынға түседі. Гематоманың клетчаткаға таралуы кезінде бірінші орында геморрагиялық шокқа дейін жедел анемия баратын тұрады, сыртқы қан кетуге қарамастан. Гематоманы сыртқы жыныс мүшелерін қарау және қынап арқылы тексеру кезінде анықтауға болады.

Жыныс мүшелерінің тұйық жарақатын қалай емдейді?

Емі ең алдымен қан кетуді тоқтатуға, гематома беткейінің бүтіндігін сақтауға, ауырсынуды азайтуға бағытталған болуы тиіс. Осы мақсатта тыныштық, ауырсынуды басатын дәрілік заттар тағайындайды, мұзды қабық қояды. Егер гематома анемия белгілермен бірге өршісе, онда гематоманы кең медиальды тілікпен ашады, қан ұйындыларын алып тастайды, қансыраған тамырларды тігеді. Гематома қуысын дренаждайды. Профилактикалық мақсатта антибиотиктер тағайындайды. Көп мөлшерде қан қетуде айналымдағы қан көлемін толтырады, геморрагиялық шоктың алдын алуын жүргізеді.

Клитор жарақаты немен ерекшеленеді?

Бұл мүше қан тамырлары және нерв ұштарына өте бай болғандықтан, клитор жарақаты ауырсынумен жүреді және қауіпті, өте көп мөлшерде қан кетумен сипатталады, сондықтан жедел хирургиялық емдеуді қажет етеді – жараны біріншілік хирургиялық өңдегеннен кейін қан тоқтату мақсатында тігіс салу.

Қандай жағдайлар көбінесе жатыр мойны жарақатына алып келеді?

Жатыр мойны көбіне босану кезінде, сирек жағдайда – аборт кезінде зақымданады.

Жыныс мүшелерін қандай күйіктер зақымдайды?

Сыртқы жыныс мүшелері, қынап және жатыр мойнының күйіктері көбінесе химиялық болады және залалсыздандыру препараттарының шектен тыс мөлшерінде дамиды. Сирек жағдайда – қынапқа ыстық сумен спринцовка жасағанда дамуы мүмкін. Емі хирургияда дене күйігінде қолданылатын әдістерден амырмашылығы жоқ.

 

 

Зорлау.

Зорлау дегеніміз не?

Зорлау – жәбірленушіге күш қолдану немесе қорқыту нәтиежесінде, жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу. Көп жағдайда зорлау объектісі – әйел адам, ал субъектісі – ер адам. Зорлау нәтижесінде жәбірленушілер жасөспірім қыздар(14 жасқа дейін), кәмелет жасқа толмаған қыздар(14 – 18 жас), кәмелет жасқа толғандар(18 жастан жоғары), үлкен жастағы әйелдер, преклонды жастағы әйел адамдар болуы мүмкін.

Зорлаудың қандай белгілерін квалификациялайды?

Зорлаудың квалификациялық белгілері:

· Жыныстық қатынасқа күш көрсету арқылы түсу немесе жыныстық қатынасқа түсуге оқталу;

· Физикалық күш қолдану – дене жарақатын, денсаулыққа зиян келтіру және басқа да физикалық әсер ету.

· Қорқыту, психологиялық шабуыл жасау және жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін заттарды қолдану, сөздермен тіл тигізіп кеміту.

· Денсаулық жағдайына байланысты физикалық немесе психикикалық дәрменсіздікті және жәбірленуші психикасының патологиялық жағдайын пайдалану. Бұл жағдайда жәбірленуші қарсыласа алмайды немесе болып жатқан жағдайды(жасөспірім қыздар, психикалық аурулары бар науқастар, т.б.) түсінбейді.

· Жоғарыда айтылған әрекеттердің комбинирленген сипаты.

Зорлау ісіне байланысты экспертизаны қашан жүргізеді?

Зорлауға байланысты сот – медициналық акушерлік – гинекологиялық тексеруді арнайы дайындығы бар тек сот – медициналық эксперті дәрігері жүргізеді. Егер тексеру үшін басқа арнайы медициналық мағлұмат қажет болса, арнайы специалисттермен комиссия құрылады.

Экспертиза жүргізбестен бұрын экспертке не жасау қажет?

Егер жәбірленушінің кім екені анықталмаса экспертиза жүргізбестен бұрын, эксперт жәбірленушіні паспорт немесе басқа да фотосы бар құжатқа қарап, толтырады.

Зорлау ісі жөнінде сот – медициналық экспертизаның объектісі не(кім) болуы мүмкін?

Сот – медициналық экспертизаның объектілері:

· Зорлау нәтижесіндегі жәбірленушілер;

· Зорлық жасаған күдіктілер;

· Биологиялық текті заттық дәлелдер;

Сот – медициналық экспертизада дәрігер қандай сұрақтарды шешеді?

Сот – медициналық тексеруде келесідей сұрақтарға жауап беру керек:

· Жәбірленушімен жыныстық акт болды ма немесе болмады ма;

· Жәбірленушіде дене жарақаты бар ма, оның сипаты, локализациясы, пайда болу уақыты және механизмі, сонымен қатар денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығына байланысты дәрежесі қандай екенін;

· Жәбірленуші дәрменсіз жағдайда болды ма(егер осындай сұраққа негіз болса).

Жыныстық акт болғанын қалай қоюға болады?

Жәбірленушімен жыныстық акт болғанын жәбірленушінің жыныс мүшелерін тексеру арқылы қоюға болады.

Жыныстық акт (латынша coitus) – көбеюдің биологиялық процесін құрайтын, ер және әйел адам арасындағы жұп физиологиялық акт. Сәйкесінше психосексуальды дайындықтан кейін эрегирленген жыныс мүшесінің қынапқа иммиссиясы (енуі), содан кейін фрикция (жыныс мүшесінің кері – ілгерілмелі қозғалысы) жүзеге жасады және эякуляция (сперманың шығарылуы) болады.

Әйел адамдарда бұрын жыныстық қатынас болғанының белгілері болып табылады:

· Қыздық перде жыртылысының қанауы, ол қан ұйындыларымен жабылуы мүмкін. Жыртылыс аймағының кілегей қабаты қызарған, ісінген (жыныстық акттан кейін алғашқы 2 – 3 күн);

· Қынапта сперманың анықталуы (жыныстық актіден кейін сперматозоидтар қынапта шамамен 3 – 5 тәулік болады). Сперманы алу қажет және оның группоспецификалық қасиеттерін анықтау мақсатында тексеруге жіберу.

· Жүктілік;

· Венерологиялық ауруды жұқтыру.

Дефлорация фактісін қалай қояды?

Дефлорация – қыздық перде зақымдануы. Әрбір жағдайда дефлорация себебін анықтап алу қажет. Көп жағдайда дефлорация жыныстық акт кезінде жыныс мүшесінің қынапқа енуі нәтижесінде дамиды. Дефлорация бұзық әрекеттердің нәтижесі де болуы мүмкін – қынапқа саусақтарды, бөгде заттарды енгізу, маструбация кезінде. Дефлорация садисттік іс – әрекеттер нәтижесінде болуы мүмкін – қынапқа әр түрлі заттарды енгізу: таяқшалар, флакондар, түтікшелер және т.б. Кездейсоқ жағдайларда да дефлорация дамуы мүмкін – острица, аскаридамен тітіркену кезінде, тері – венерологиялық ауруларда қасыну. Дефлорация фактісін жәбірленушінің жыныс мүшелерін тексеру арқылы қояды. Ол үшін қыздық перденің ерекшеліктерін анықтап алу қажет: анатомиялық түрі(формасы), қалыңдығы, серпімділігі, созылыңқылығы, тесік көлемі, бос жиектерінің конфигурациясы, табиғи қуыстың болуы және топографиясы, басқа өзгерістер – гиперемия, ошақтық қан құйылулар, т.б.







Date: 2016-06-06; view: 1070; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.037 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию