Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет 9.2-сурет. Хориокарцинома 7 page
Жыныстық акт нәтижесінде дефлорация болмауы мүмкін бе? Кейде жыныстық акт болғанда дефлорация болмауы мүмкін. Жыныстық акт нәтижесінде неге дефлорация болмауы мүмкін? Дефлорация болмайды: · Қыздық перденің ерекше түрлерінде(шашақты, жапырақ тәрізді, түтіктәрізді, ерін тәрізді, валикбілік сияқты, т.б.) · Қыздық перденің жақсы созылуында; · Гименальды тесік көлемінің үлкен болуында(диаметрі 3 см және одан жоғары); · Қыздық пердеде 2 – 3 табиғи қуыстың болуы; · Айтылған факторлардың бірге кездесуі. Экспертиза кезінде бұрын жыныстық қатынаста болған жәбірленушіде эксперт неге көңіл аудару керек? Эксперт: · Қыздық перденің сипатын; · Анықталған зақымданулардың сипатын, механизмін және себебін анықтау (эрегирленген жыныс мүшесімен, саусақпен, қатты немесе тескіш- – кескіш құралдармен); · Бұл зақымданулардың дамыған уақытын; Сонымен қатар, қыздық перде зақымдануының күнін, нақты орналасу орнын, формасын және морфолгиялық көрінісін анықтау қажет: · Жиектерінің жағдайы (қансыраған, тыртықтанған); · Жиектерінің тереңдігін (қыздық перде биіктігінің жартысына немесе негізіне дейін жететін тесілуі, жыртылысы, т.б.); · Жиектерінің тығыздығы және беткейінің түсі; · Қыздық перде аймағында қан құйылулар. Жыныстық қатынастан кейін қандай уақыт аралығында зорлау ісі бойынша қыз балада (девственница) экпертиза жүргізу нәтижелі? Қыздық перде зақымдануының жазылу уақыты оның анатомиялық құрылымының ерекшеліктеріне, зақымдану көлеміне, жазылуды тежейтін факторларға (қайталамалы травматизация, инфекциямен қосарланған) байланысты. Егер жазылуды тежейтін факторлар жоқ болса, зақымданғаннан кейін алғашқы апта соңына қарай қабыну көріністері азаяды, ал 14– - 15 күнде әдетте тыртықтанады (зақымдану уақытын нақты қою мүмкін емес). Қыздық перде жазылуының қандай этаптары кезеңдері бар? Қыздық перденің жаңа, грануляциялық, жаңа тыртықтанған, тыртықтанған және бұрынғы жыртылыстары бар. Қыздық перденің жаңа жыртылысын қалай ажыратады? Жаңа жыртылыс дефлорациядан кейін 1 – 3 тәулік аралығында болады. Қыздық перденің жара беткейі қансырап тұрады, қан ұйындыларымен жабылған. Жыртылыс жиектері ісінген, айналасында көптеген ошақты және ұсақнүктелі қан құйылулар бар. Жара беткейінің шеттерінде қыздық перде тіні гиперемияланған. Қыздық перденің грануляциялық жыртылысы немен сипатталады? Грануляциялық жыртылыс дефлорациядан кейін 2 – 8 тәулік аралығында байқалады. Жыртылыс жиектері қызыл түсті, ісінген, қанталаумен, жара беткейінде астында грануляциялық тіні бар серозды – іріңді немесе серозды – фибринозды жабындылар анықталады. Механикалық тітіркендіру кезінде қан кету байқалуы мүмкін. Ошақты және ұсақ нүктелі қан құйылулар ашық түсті емес. Жыртылыс жиектері кейде ақшыл түсті болуы мүмкін. Қыздық перденің жаңадан тыртықтанған жыртылысы қалай көрінеді? Қыздық пердеде жаңа тыртық қыздық перде қалыңдығына байланысты дефлорациядан кейін 4 – 10 тәулік аралығында дамиды. Жыртылыс жиектері тығызданған және қалыңдаған, ақшыл түсті, дөңгеленген. Механикалық тітіркендіру кезінде қан кету байқалуы мүмкін. Ашық түсті емес ошақты және ұсақ нүктелі қан құйылулар болуы мүмкін. Қыздық перденің тыртықтанған жыртылысының сипаты қандай? Қыздық перденің тыртықтанған жыртылысы дефлорациядан кейін 12 – 15 тәулікте болады. Бұндай жыртылыс жиектері тегіс емес, дөңгеденген, қалыңдаған, ақшыл түсті. Қай уақытта қыздық перде жыртылысын бұрынғы деп айтуға болады? Жыртылыс дефлорациядан кейін 10 – 15 тәуліктен соң бұрынғы болып саналады. Жыртылыс жиектері дөңгеленген, тығызданған, ақшыл түсті және тыртықты тін анық көрінеді. Жыныстық қатынаста өмір сүретін әйел адамды зорлағанда жыныстық жақындасу фактін қалай қояды? Жыныстық қатынаста өмір сүретін немесе босанған әйелді зорлағанда дефлорация болмайтыны анық. Жыныстық жақындасу негізгі объективті белгісі қынапта сперманың болуы. Сперманың қынапта болуы фактін қалай қоюға болады? Қынапта және жатыр мойнының сыртқы ернеуінде сперманың болуы фактін қою үшін корнцанг көмегімен стерильді дәкелік тампонмен 2 – 3 әйнек бетіне жұғынды түрінде алады. Бөлме температурасында кептірілгеннен кейін жұғын алынған тампон мен әйнектерді буып түйеді және сперманың тиісті тобын анықтау және сперматозоидтарды табу үшін сот – биологиялық бөлімге жібереді. Бақылау мақсатында тампон дайындалған дәке үлгісінде жібереді. Қышқыл фосфатаза зәрде, қалыпты қынап бөліндісінде және адам организмнің барлық тіндерінде болады. Қышқылды фосфатаза концентрациясы жаңа эякулят құрамында жоғарылайды және 400 – 800 ЕД жетеді. Қынап, тік ішек және ауыз сынамаларында қышқыл фосфатазаның жоғарылауы – жаңа эякуляцияның дәлелі. Қынапта сперманы анықтау экспертизасы қай уақытта тиімді эффективті емес? Қынаптағы сперманы экспертиза жүргізуге байланысты жыныстық акттен кейін 5 тәулік ішінде алу керек. Айтылған уақыттан кейін қынаптан сперманы анықтау үшін лабораторлы анализ жасау нәтижесіз (сперма лизисі). Егер эякуляция болмаса, презерватив қолданылса немесе сперманың әйел жыныс жолдарынан тыс ағуы болса, қынапта сперма анықталмайды. Жыныстық акт фактісін дәлелдеу мүмкін болмағанда зорлау фактісін қалай қоюға болады? Зорлау болған барлық жағдайларда жәбірленушінің жыныс мүшелері экспертизасын дәлелдеу мүмкін емес. Жәбірленуші мен күдіктінің жыныс мүшелері аймағында, денесінде және киімінде сперма дақтарын анықтау маңызды болып табылады. Күдікті экспертизасы қалай жүргізіледі? Күдіктінің сот- – медициналық экспертизасы денесін, сосын жыныс мүшелерін қараудан басталады. Күдікті денесіндегі кез келген зақымдануына сәйкесінше сот- – медициналық бағалау беру керек. Жыныс мүшелерін қарау кезінде жыныс мүшесі басы мен денесі қатпарларынан әйнектерге 2 – 3 жұғын алады. Әйнектерді қынап клеткаларын анықтау мақсатында сот – цитологиялық экспертизаға жібереді. Қынап клеткаларының морфологиялық ерекшеліктеріне бойынша жәбірленушінің менструальды циклының мүмкін уақытын қояды. Күдіктінің жыныс мүшелерінде жыныстық жақындасудың бұзық түрлерін дәлелдеу мақсатында нәжіс элементтерін, глист жұмыртқаларын, тік ішектің кілегей қабатының клеткалары, ішектік флора немесе сілекей элементтерін, ауыз қуысының микрофлорасын табу керек.ү Сперманың тиісті тобын анықтау неге негізделген? Ер адам спермасында(басқа секрет және эксреттердегі сияқты) қандағы изосерологиялық жүйе АВО антигендері бар, олардың тиісті тобы сәйкес келеді. Нақты бір ер адаммен жыныстық қатынас болғанын дәлелдеу үшін әйел адам қынабында, денесі және киімінде анықталған сперманың тиісті тобымен салыстырады. Физикалық күштеу фактісін қалай дәлелдейді? Физикалық күштеу кезінде жәбірленуші денесінде жиірек айқын белгілер анықталады (қарсыласу нәтижесінде пайда болған ұру іздері). Әрбір жағдайда сот – медициналық эксперт қансыраған, тырналған жара орнын(мойында, бөксенің ішкі беткейінде, сүт бездерінде) сипаттап жазды. Кейде аяқ – колдары түтікті сүйектері және мұрын сүйегі сынықтары, бас миының шайқалуы, мойын және ірі тамырлардың басылуы, мойынның қолмен басылуынан асфиксия бас ми қан айналымы бұзылысымен, склера және конъютиваға қан құйылулар байқалады. Зорлаудың ең ауыр салдары – жәбірленуші өлімі, денсаулығына ауыр зиян келтіру, ВИЧ – инфекция жұқтыру және т.б. Экспертизадан кейн жәбірленушіге қатысты дәрігер тактикасы қандай болуы керек? Инфекция қаупі қалыпты жыныстық актпен салыстырғанда, зорлау кезінде жоғары. Сондықтан барлық жәбірленушілерге антибиотиктермен профилактикалық мақсатта ем жүргізу керек. Кең спектрлі антибиотиктерді тағайындайды, оларға жыныстық жолмен берілетін инфекциялар қоздырғышына сезімтал - макролидтер (джозамицин, эритромицин), цефалоспориндер(цефтриаксон), полусинтетикалық пенициллиндер(амоксициллин), тетрациклиндер(доксициклин) жатады. Қынаптық қолдану үшін антибактериальды препараттарды тағайындауы мүмкін(повидон – йод, тержинан және т.б.). көрсеткіш бойынша сіреспелік анатоксин енгізіледі. Пациентпен жоспарланбаған жүктілік даму қаупін талқылап, посткоитальды контрацепция заттарын тағайындайды.
Әйел жыныс мүшесін алып тастау. Әйел жыныс мүшесін алып тастау (әйелдің сүндеттеу) – әйел жыныс мүшелерін толық немесе жартылай алып тастау. Бұл манипуляция ер адамның сүндеттеуіне ұқсас, бірақ әйел жыныс мүшелерінің бұрмалану дәрежесі кеңдеу, сол себепті сексуальды және репродуктивті қызмет бұзылысына алып келеді. Әйел жыныс мүшесін алып тастауды не үшін жүргізеді? Бұл дәстүрдің түп негізі көне африканды халықтар тарихында, фараон арасында жатыр. Әйел жыныс мүшесін алып тастаудың дамуы патриахальды қоғамда әйелдің әлеуметтік рөліне негізделген, олар көптеген құқықтардан айырылады, соның ішінде, сексуальды қанағаттанудан да. Әйел жыныс мүшесін алып тастау дәстүрі қай елдерде бар? Көптеген жылдар бойы бұл жабайы дәстүрге Африка көптеген мемлекетері және басты религиозды діни конфессияның өкілдері қарсы болғанына қарамастан, жылына 2 млн қыз әйел жыныс мүшесін алып тастаудан зардап шегеді. Әйел жыныс мүшесін алып тастау – 43 африка елдерінің 26 – сында, сонымен қатар, Оман, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, ИндияҮндістан, Индонезия, Малайзия этникалық топтарының дәстүрлерінің бірі, бұл елдерде әйел жыныс мүшесін алып тастау 98 % - ға жетеді. Әлемде 100 млн астам әйел адам бұл процедураға душар болады., Ббұл Жердегі әйел қауымының 5% құрайды. Әйел адамдар қай жаста бұл процедуараға душар болады? Әйел жыныс мүшесін алып тастау процедурасы көбінесе 7 – 10 жас аралығында, кейде одан да ерте жастағы қыз балаларға жасалады, ал кейбір елдерде (Мали, Нигерия) әйелдер бірінші баласын босанғаннан кейін душар болады. Әйел жыныс мүшесін алып тастаудың қандай варианттар бар? Әйел жыныс мүшесін алып тастау әр түрлі вариантта жасалуы мүмкін – клитор басын алып тастау немесе клиторэктомия, ол кіші жыныс ернеулерінің алып тастаумен бірге жүруі мүмкін, клитор үсті аймағында тігіледі – 85 % - ды құрайды. Фараоновтық алып тастау процедурасы – үлкен және кіші жыныс ернеулерін алып тастау, клиторктомия және жыныс ернеулерінің қалдық бөлігін ұзына бойы тігіп шығу, сол кезде тек зәр шығару және менструальды қан шығу үшін орын қалады. Бұл процедуралар ритуальы татуировкамен, күйдірумен және т.б. манипуляциялармен жүргізіледі. Әйел жыныс мүшесін алып тастау процедурасына қандай симптоматика тән? Әйел жыныс мүшесін алып тастау қарқындыинтенсивті ауырсыну және қан кетумен жүреді, ол жедел анемия, шокқа (13 % әйел адамдарда) әкелуі мүмкін. Вирусты гепатит және сіреспелік инфекцияны қоса алғанда инфекцияланғаницирленген жаралар және тұйық құралдарды қолданғанда, процедура салдарын асқындырады. Әйел жыныс мүшесін алып тастаудың асқынуы қандай? Тыртық нәтижесінде тері және вульваның кілегей қабатының серпімділігінің жоғалуы жыныстық қатынастың ауырсынумен болуына алып келеді, ал кейбір жағдайларда – аноргазмия және психикалық стресс нәтижесі, клиникалық ағымды ауырлатады. Әйел жыныс мүшесін алып тастауға душар болған 16 – 20 % әйел адам зәр шығару, жедел өрлемелі зәр шығару жүйесі инфекциясымен зардап шегеді. Ал бұл процедуараға душар болған 25 % әйел адамдарда бедеулік дамиды. Әйел жыныс мүшесін алып тастау дәстүрі сақталған елдерде процедура салдарынан ана және перинатальды өлім көрсеткіші 2 есе жоғарылайды. Әйел жыныс мүшесін алып тастау дәстүрі неге сақталған? Қорқынышты көрінісіне қарамастан, әйел жыныс мүшесін алып тастау Еувропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Австралия елдерінде иммигранттар арасында практиканың жалғасуына байланысты әлі сақталған. Дәстүрдің өте күшті сақталғандығы соншалық, тіпті, әйел адамдардың өздері – бұл процедураны міндетті деп санайды, себебі «тазалыққа кепілдік береді», социальды әлеуметтік ортада адаптациябейімделу, сонымен қатар, неке перспективасын береді (ер адамдар әйел жыныс мүшесін алып тастамаған әйел адамдармен некеге тұрмайды).
Әйел жыныс мүшелерінің көне зақымданулары. Әйел жыныс мүшелерінің көне зақымдануларының негізгі себебі қандай? Жатыр мойны көбінесе босану барысында және аборт кезінде зақымданады. Жатыр мойнының тыртықтық деформациясы оның екіншілік біте бастауы кезінде тігілмегендіктен болады. Жатыр денесінің зақымдануы аборт барысында(перфорация) және босану кезінде (жатыр жыртылуы, кесарь тілігінен кейінгі тыртық) болады. Сонымен қатар, жатыр денесінің бүтіндігі жатыр қуысын диагностикалық қыру кезінде, эндометрий полипін алғанда немесе миоматозды түйін сылу кезінде бұзылады. Егер зақымданулар уақытында анықталып, асептикалық тігілген болса, онда ол алғаш біте тастауы кезінде жазылады және қауіп тудырмайды. Кейбір жағдайларда жараның инфицирленуінде, жара жиектерінің мадекваттыдұрыс емес қойылуында жараның екіншілік біте бастауы тыртықтың қалыптасуымен болады. Қынап және аралықтың тыртықтық өзгерістері жиі кездеседі. Бұл патологияның негізгі себебі – қынап және аралықтың босану кезінде зақымдануы болып табылады. Аралық зақымдануынан кейін адекватты емес қалыптасуы бұл аймақтың үдемелі анатомиялық және функциональды толыққанды болмауына әкеледі. Жатыр мойнының көне жыртылысы қалай көрінеді? Жатыр мойнының көне жыртылысы анатомиялық құрылым бұзылысымен, тыртық деформациясымен, эктропионмен(цервикальды каналдың кілегей қабатының айналып кетуі) көрінеді, бедеулік, жүктілікті көтере алмаушылық, менструация циклы бұзылысы, кейде іштің төменгі бөлігінде және бел аймағындағы ауырсынумен жүреді. Жатыр денесінің көне зақымдануының симптоматикасы қандай? Жатырдың көне зақымдануларының симптомдары бедеулік, менструация циклының бұзылысы, іштің төменгі бөлігіндегі тартып ауырсыну болуы мүмкін. Жатырдағы тыртықтық өзгерістер босану барысында дамитын ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін, мысалы, жатыр жыртылуы, босану қызметінің аномалиясы, гипо- немесе атониялық қан кету. Қынап және аралықтың көне зақымдануларының қандай көріністері бар? Қынап және сыртқы жыныс мүшелерінің тыртықты деформациясы жыныстық акт кезінде ауырсыну (диспареуния) тудырады, кейде тіпті жыныстық акт мүмкін болмайды, сонымен қатар отырған қалыпта, дефекация кезінде, кіші жамбас аймағына физикалық күш түскенде(ұзақ уақыт вертикальды қалыпта отыру) дискомфорт сезімі болады. Аралық шамасыздығының үдемелі синдромында жыныс саңылауының үңіреюі, жыныс мүшелері пролапсының дамуы, зәр шығару және дефекация бұзылысы, қынап биоценозының бұзылысы, қынаптың құрғауы, диспареуния, аноргазмия, іштің төменгі бөлігінде және аралық аймағында ауырсыну сияқты белгілер болады. Жатыр мойнының көне зақымдануларын қалай емдейді? Жатыр мойнының тыртықты деформациясын жою үшін көптеген операциялар ұсынылған. Оған Эммета операциясы, Штурмдорф бойынша конус тәрізді ампутация, Шредер бойынша сына тәрізді ампутациясы, жатыр мойнының жоғары ампутациясы жатады. Бұл операциялардың барлығында жатыр мойны немесе оның бөлігі алынып тасталады. Бұл әдістердің физиологиялық емес болуы олардың кен қолданылуын шектейді. Біз В.И.Ельцов – Стрелков бойынша жатыр мойны пластикасын және жатыр мойнының радиотолқынды конизациясын ұсынамыз.
Әйел жыныс мүшелерінің жыланкөздері. Жыланкөз дегеніміз не? Жыланкөз – көршілес жатқан екі қуысты мүше арасында немесе қуыс мүше мен сыртқы тері жамылғысы арасында түзілген жасанды жол. Несеп – жыныстық мүшелер қатысқан жыланкөздер несеп – жыныстық жыланкөздер деп аталады. Жыланкөздердің қандай түрлері бар? Несеп – жыныстық жыланкөздер ажыратылады: · Қуықтық(қуық – қынаптық, қуық – жатырлық, қуық – жатыр қосалқыларымен); · Несепағарлық (несепағар – қынаптық, несепағар – жатырлық); · Уретроқынаптық және уретро – қуық – қынаптық; · Комбинирленген (несепжыныстық, несепішектік); · Ауыр несепжыныстық жыланкөздер; Жыланкөз қалыптасуының себептері қандай? Жыланкөздер дамуы мүмкін: · Акушерлік жарақаттар(негізгі себебі) · Операция және манипуляция барысында ішек және несеп – жыныстық мүшелерінің жарақаттары; -даму ақаулары; -таралу стадиясындағы қатерлі түзілістер; -тіндердің сәулелік зақымдануы; -іріңдік және де басқа бөліністердің қынаптан зәр шығару мүшелеріне немесе қынаптан тік ішекке өтуі; -ішектің төменгі бөлігінің туберкулезі; -бір-біріне жақын жатқан мүшелердің кездейсоқ жарақаты; Зәр шығару мүшелеріндегі жыланкөздердің пайда болу себептері
14.1 сурет жыныс мүшелерінің жыланкөздері: а- қуықтық – қынаптық; б- қуықтық - жатыр мойындық; в – уретрақынаптық; г- несепағар - қынаптық
Жыныс мүшелерінің жыланкөздері себептері арасында акушерлік жарақат басым болып келеді. Жыныс мүшелерінің жыланкөздері патологиялық босанудан кейінгі жағдай болып табылады. Зәр шығару каналы және қуықтың мойыншасы кіші жамбас кіреберісі ұрықтың жүру жолында орналасқандықтан мұндай жарақаттар көптеп кездеседі.Ал,сигма тәрізді ішекпен тік ішекте топографиясына байланысты мұндай жарақаттар кездеспейді деуге болады. Жыныс мүшелерінің жыланкөздерінің эпидемиологиясы Генитальді жыланкөздердің шынайы таралуы белгісіз. Себебі, мұнай науқастар урологиялық, жалпы хирургиялық, проктологиялық стационарларда емделеді. Дамыған елдерде бұл сырқаттардың таралу жиелігі өте төмен. Ал, Африка елдерінде жыныс мүшелерінің жыланкөздерін емдетін арнайы мамандандырылған клиникалар жұмыс жасайды (sistula clinic). Өкініштісі бұл елдерде ана өлімі мен мүгедектігінің ең негізгі себебі - босанудан кейінгі асқынулар болып тұр. (FIGO, 2003) Жыныс мүшелерінің және ішектердің жыланкөздеріне күмәнді симптомдары? Науқастан анамнез жинау барысында жыланкөздерді анықтауға және таралуын, көлемін білуге болады. Егер зәрдің тоқтаусыз ағуымен, бірақ өздігінен зәр шығару сақталса, онда несепағар - қынаптық немесе кішкентай көлемдегі қынап - қуықтық жыланкөзге күмәнданамыз. Жыланкөздердің негізгі симптомдары: · сыртқы жыныс мүшелерінің қабыну процестері,қынап, қуық, несепағар, бүйрек астаушаларының, бүйрек паренхимасының қабынуы; · зәр және нәжісті ұстай алмау; · Жыланкөз аралықтарынан және қынаптан іріңдіктің ағуы (пиосальпинкс, тік ішек жатырлық абцесс, т.б); Күмәнді жағдай туғанда хирург қандай тағайындаулар жасау керек? Егер күмәнді белгі туындаса, жедел емін іздеу қажет. Қандай зерттеу әдісі жыланкөздердің таралу жолын анықтауға көмек береді? Үлкен көлемді жыланкөздер айнамен қарауда және қынап арқылы зерттеу барысында көрінеді. Жыланкөздердің жолын қуықты толтырып, қынап арқылы зондтау барысында білуімізге болады. Ол үшін 200 мл стирильді қылғылт түсті дизинфекциялық ерітінді қажет (0,1%этакридин ерітіндісі, метилен көгі ерітіндісі, 0,1% калий пермаганатының ерітіндісі). Айнамен қынаптық зерттеу кезінде қылғызт түсті ерітіндінің жыланкөз тіліктерімен ағуын көреміз, осы арқылы оның көлемін, орналасуын білеміз. Нақты жыланкөздердің орналасуын, көлемін цистоскоп және хромоцистоскоп көмегімен анықтаймыз. Біріккен жылан көөздер кезінде суда ерігіш контрасты зат көмегімен рентгенді зерттеу жүргіземіз (фистулография).
Жыланкөздерді қалай емдейміз? Жыланкөздердің емі тек оперативті жүргізіледі. Операция жыланкөз анықталғаннан соң, 2-6 ай аралығында жасалады. Операция принципі жыланкөздерді тігу барысында қынап қабырғасын қуық қабырғасынан ажыратып, қозғалғыштығын сақтау. Осыдан кейін, қуықтың бұлшықет қабаты арқылы лигатура өтуі үшін жара жиектерін түйінді – бөліктік тігіспен біріктіреді. Екіншілік түйінді тігіс қатарын қуықтың қабырғасына, ал үшіншілік -қынап қабырғасына салынады. Операциядан кейінгі кезеңгі тұрақты катетр, қуық антисептик ерітіндісімен шаю, антибактериальды терапия тағайындалады. 12.2 сурет. Қынаптық - ішектік жыланкөздерді тігу түрлері (1- сыртқы өзек; 2- жыланкөз): І- сыртқы өзекті тігу; а- тілік жолы; б- бұлшық ет қабаты белгіленген; в – бірінші қатарлы тігіс(бұлшықеттік); г – екінші қатарлы тігіс (кілегей қабатқа); ІІ – сыртқы өзекке тігіс салмай; а – жыланкөзді тілу сызығу; б- бірінші қатарлы тігіс (бұлшықеттік); в- бірінші қатарлы тігіс, артқы қатар тіндерімен жабылуы. Нәжістік жыланкөздерді қынап арқылы тігеді. Жыланкөз тесіктерінің жиектерін кескен соң, ішектің кілегей қабатын тесіп алмай, жыланкөз жолының жиектеріне қабаттық тігіс салынады. Date: 2016-06-06; view: 3665; Нарушение авторских прав |