Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет 9.2-сурет. Хориокарцинома 10 page
9.Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысы пункциясы жасалуы керек: 1. Іш қуысына қан кетуге күмәнданғанда; 2. Аналық бездің апоплексиясында ішке қан кету; 3. Түтіктік жүктіліктің бұзылуы; 4. Бұзылмаған түтіктік жүктілік кезінде; 5. Аталғандардың барлығы. 10.Аналық без апоплексиясына тән: 1. Тыныштық жағдайында іштің төменгі бөлігінің ауыруы; 2. Сыртқа қан кетудің болмауы; 3. Жүктілік сынамасында теріс мәнді; 4. Қандағы лейкоциттердің айқын өсуі; 5. Ішек тітіркенуі симптомының баяу білінуі; 6. Барлық аталғандар; 7. Аталғандардың ешқайсысы. Тапсырмалар: 12. Әйел 26 жаста. Іштің төменгі бөлігіндегі жедел ауырсынуға шағымданып келіп түсті. Ауырсыну 2 сағат бұрын басталған. Қазіргі уақытта ауырсыну барлық іш қуысын қамтиды, отыруға жағдай жасаған кезде бас айналу және құсу пайда болды. Және науқаста иығының 3/1 бөлігінде ауырсыну байқалады. Қан кету жоқ. Зәр ұығаруы өзгермеген. Әйелдің айтуы бойынша соңғы етеккірі шамамен 1 ай бұрын болған. Ретті жыныстық өмірі бар.Контрацепция мақсатында презерватив қолданады. 19 жасында кіші жамбас мүшесінің хламедиялық инфекциясына күдікпен госпитализацияланған. 3 жыл бұрын стационарда жатып ем алған. Қазіргі кезде қосымша ауруларын терістейді. Қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғысы болғылт, салқын жабысқақ тер басқан. Аяқ-қолдары салқын. Науқас жатуды қалайды. Дене температурасы 35.9С. Жүрек соғу жиілігі 120 рет минутына. АҚҚ 95/50мм.с.б.. Іші үрілген пальпацияда ауырсынусыз. Алдынғы іш бұлшық еттері қатайған. Жүктілікке тест сынамасы оң мәнді. Қан анализі бойынша: гемоглобин 96гр/л, лейкоцит 7,1*109/л, тромбоцит 204*109/л. Қантай диагноз қоюға болады. Ем тактикасын анықтаңыз. 13.Қыз бала 14 жаста. Іштің төменгі бөлігіндегі айқын оң жақтағы ауырсынуға шағымданып келіп түсті. 1 тәуліктен бері өзін аурумын деп санайды. Ауру кенеттен басталған. Ешқандай әсер етуші факторсыз. Сонымен қатар науқас қалтырауға және дене температурасының көтеріллуіне шағымданады. Өзін нашар сезінеді, тәбеті төмен. Құспаған. Соңғы сағаттарда профузды тер байқалады. Үлкен дәреті 1 тәулік бұрын болған. Осы уақытқа дейін ретті болған. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын. Етеккір циклы ретсіз, кей кездері етеккірдің кешігуі болған. Қосымша аурулары жоқ. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Дене температурасы 30С. Жүрек соғу жиілігі 112 рет минутына, АҚҚ 116/74мм.с.б.. Тері жамылғысы болғылт, ыссы, сипағанда дымқыл. Іші симметриялы үрілген, пальпацияда ауырсынусыз. Іштің алдыңғы қабырғасының қатаюы байқалады. Қан анализі бойынша гемоглабин 138гр/л, лейкоцит 14,2*109/л, тромбоцит 390*109/л. С реактивті белок 55мг/л. Дифференциалды диагностиканы қалай жүргізу керек? Қандай қосымша зерттеу әдісін тағайындау керек? Әрі қарай ем жоспары қандай болмақ?
17-Т ТАРАУ Әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру. Дәрігер акушер-гинекологтың этика-деонталогиясы. Сабақтың мақсаты: Әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды үйрету,гинекологиялық аурулардың алдын-алу және гинекологиялық науқастарға емдік көмек көрсету. Судент білуі керек:әйелдер кеңесі жұмысның бағыттарын,есеп түрлері мен медициналық іс-қағаздарды толтыруды,дәрігер акушер-гинекологтың этикасы мен деонтологиясын. Студент жасай білуі керек: әйелдер кеңесі арқылы медициналық іс-қағаздардан ақпарат алуды,амбулаторлық қабылдауда негізгі медициналық құжаттарды толтыруды. Сабақ орны:әйелдер консультациясы. Безендірілуі: тақырыпқа сай слайдтар,кестелер,есепке алу және қорытынды медициналық құжаттар. Сабақты ұйымдастыру жоспары: · Сабақ тақырыбына сай ұйымдастыру сұрақтары. · Студенттің білім деңгейін саралау. · Әйелдер кеңесі жұмысын ұйымдастырудың принциптерін үйрету. · Әйелдер кеңесі бөлмесіндегі жұмыс, күндізгі стационар жұмыстарымен таныстыру. · Кіші операция бөлімінде жұмыс жасай білу. · Студенттің білімін қорытынды бағалау. Әйелдер кеңесі жұмысын ұйымдастыру Әйелдер кеңесі- амбулаторлық, емдік, профилактикалық, акушерлік және гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау орталығы. Әйелдер кеңесі жұмысын ұйымдастырудың негізі неде? Әйелдер кеңесі жұмысын ұйымдастыру – территориялық, аймақтық ұстаным. Территория – бұл әр бөлігінде 6000 адам болатын, аймаққа бөлінген әйелдер кеңесі жүргізілетін орын. Әйелдер кеңесінің дәрігері барлық әйелдерге амбулаторлы акушерлік және гинекологиялық көмек көрсетеді, тұрғылықты жері уақытша болсада. Әйелдер кеңесі жұмысының негізгі мақсаты не? Негізгі әйелдер кеңесі жұмысының мақсаты: · Гинекологиялық аурулардың алдын- алу және дер кезінде анықтау; · Гинекологиялық ауруларға емдік көмек көрсету; · Гинекологиялық операциядан соң сауықтыру шараларын жүргізу; · Гинекологиялық ауруларға диспансерлік бақылау; · Отбасын жоспарлауда кеңес беру; · Санитарлы-ағарту жұмысын жүргізу; · Отбасына заңды көмек көрсету; Гинекологиялық науқасқа қандай медициналық көмек әдістері көрсетіледі? Клиникалық әдіс (анамнез жинау, қарау, гинекологиялық тексеру – сыртқы және ішкі). Арнайы әдіс (ТДФ, метаболиттермен гормондарды анықтау, функцоналды фармакологиялық сынама жасау, жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын зертханалық тексеру, цитологиялық зерттеу, тіндер биопсиясы, гистологиялық зерттеу, цитогенетикалыққ зертеу, жатыр ішін зондтау). Әйелдер кеңесі қандай тексерулер жүргізеді? Кеңес жұмысының ішінде үлкен орын алатыны гинекологиялық науқастарға медициналық көмек ұйымдастыру, яғни, әйелдер кеңесіне келгенде, жеке немесе жаппай алдын - ала тексеру жүргізу. Науқастарды тексеруге кіреді: · Жеке немесе жалпы анамнез жинау; · Жалпы қарау; · Арнайы тексеру (сүт бездеріне пальпация жасау, қынапты және жжатыр мойнын айнамен қарау, колпоскапия, бимануальды тексеру); · Цитологиялық және бактериоскопиялық тексеруге материал алу; Диагнозды нақтылау үшін жан-жақты тексеру жасалынады (эндокринді тексеру, ТФД, қан ұю жағдайын, рентгенологиялық зерттеу, биопсия, гистероскопия). Әйелдер кеңесінде қандай медициналық іс-қағаздар жүргізіледі? Әйелдер кеңесіне тексерілуге келген әр әйелдің медициналық амбулаторлық картасы болады (Ф025/у), оған анамнезі, шағымы, анамнездер қорытындылары, жалпы және гинекологиялық тексерулер қорытындылары жазылады. Бірінші тексерілуден кейін амбулаторлық картаның екінші бетінде қорытынды диагноз және соңғы қарау күні жазылады. Қорытынды диагнозды тіркеу бөлімінде статистикалық талон үшін тіркеу бетіне толтырады. Бір әйелде бірнеше гинекологиялық сырқат табылған жағдайда статистикалық талон қорытынды диагнозымен бөлек әр бетке жазылады. Егер бірінші қараудан кейін қорытынды диагноз қойылмаса, дәрігер болжам диагнозын және тексеру жоспарын амбулаторлық картада белгілеуі қажет. Керек болған жағдайда дәрігер науқасқа консультация беру мақсатында әйелдер кеңесінің және стационардың гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісіне және басқа да емдік профилактикалық мекенің мамандарына жүгіне алады. Әйелдер кеңесінің амбулаторлы гинекологиялық көмегін сапалы ету үшін күндізгі стационармен біріктірген. Күндізгі стационарда кіші операция бөлмесі, манипуляциядан кейін уақытша болу палаталары, физиотерапиялыққ кабинеттер жұмыс жасайды. Ерте басталған гинекологиялық аурулардың алдын алу қалай жүргізіледі? Профилактикалық бақылау жүргізу - үлкен санитарлық жетілдіру жұмысы. Әйелдерге профилактикалық бақылаудың мақсатын, міндетін уақытында тексеріліп тұруды түсіндіреді. Әйлдер консультациясына қарайтын ауданда тұратын, оқитын, жұмыс жасайтын, 18 жастан жоғары барлық әйелдер профилактикалық бақылаудан өтеді. Профилактикалық бақылауда міндетті бақылау әдістеріне не кіреді? Отандық денсаулық сақтауды ұйымдастырудың формасы болып қарау бөлмелері кіреді. Тексерудің міндетті әдістеріне: · Тері және лимфа түйіндерін қарау; · Сыртқы жыныс мүшелерін,тік ішекті, жатыр мойнын және қынапты қарау; · Цитологиялық зерттеу үшін материал жинау; · Бимануальды және ректальды тексеру жүргізу; · Сүт бездерін тексеру; · Тексеруге дейін әйелдер кеңесіне жіберу. Профилактикалық тексерудің қандай түрлері бар? Біздің елімізде профилактикалық тексерудің 3 негізгі түрі бар: комплексті, мақсатты, жеке. Комплексті профилактикалық тексерудің мақсаты қандай? Комплексті профилактикалық тексерудің мақсаты тек онкологиялық емес, басқа да ауруларды анықтау. Бұл тексеру арнайы маман дәрігерлерден құралған бригада бойынша ауқымда аумаққа жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл денсаулық сақтау орталықтарының міндеттеріне кіреді. Мақсатты профилактикалық бағыттың мақсаты неде? Мақсатты тексеру онкологиялық және басқа да аурулардың бір немесе бірнеше жерде орналасуын анықтау. Мысалы гинекологиялық профилактикалық тексеру зиянды жұмыс жасайтын науқастарда жүргізілуі мүмкін. Мақсатты қарау комплексті қарау сияқты үлкен көлемдегі аумақты қамтиды. Жеке профилактикалық тексерудің мақсаты не? Жеке профилактикалық тексеу поликлиникада және әйелдер консультациясында жүргізіледі. Онығ құрамына ұйымдаспаған топтар кіреді. Профилактикалық гинеколгияллық тексерудің қорытындысын бағалау үшін денсаулық тобын анықтаудың қандай критерийлері қолданылады? · Дені сау- анамнезінде шағымы жоқ, етеккір тоқтағаннанн бастап оның қызметінің бұзылуы және гинекологиялық аурулар; тексеру кезінде(клиникалық және лабораторлық) репродуктивті жүйе мүшелерін өзгермеген; бұл топтағы әйелдер жылына бір рет тексеріледі; · Дені сау деуге болады – анамнезінде гинекологиялық ауру көрсетілген, хирургиялық араласу, соның ішінде аборттар, етеккірдің бұзылысы; қазіргі кезде шағымы жоқ, белсенді тексеру барысында репродуктивті жүйе мүшелерінің қызметінің өзгеруімен жүретін анатомиялық өзгерістер бар, еңбек қабілеті төмендемеген әйелдер; бұл топтағғы әйелдер жылына 2 рет тексеріледі; · Ауру – белсенді тексеру барысын гинекологиялық аурулар анықталады, анамнезі жиналмаса да. Гинекологиялық науқастар диспансеризациясы дегеніміз не? Гинекологиялық ауруы бар әйелдер ерте стадиясында динамикалық бақылауда және комплексті ем алады. Аурудың өршімеуін және таралмауын ескертетін шаралар жүргізу. Гинекологиялық науқастар динамикалық бақылауда болуы тиіс. Бақылаудағы әр әйелдің диспансерлік қадағалау картасы (форма 30/у) толтырылады. Картада ауру диагнозы, яғни не себептен есепке алынғандығы, ай сайынғы қаралу және өткізілген тексерулер және емі жазылады. Гинекологияллық науқасқа динамикалық тексеру клиникалық хаттамаларға сай жүргізіледі. Сауығудан соң обьективті тексеру барысында әйел есептен шығарылуы мүмкін. Диспансерлік мекемеде бақылауды дұрыс жүргізу мақсатында әрбір участкеде сигналды картотека ашылады.Карталар 12 ұяшыққа бөлінеді оларға дәрігердің белгіленген қабылдауы қойылады.Ал 13 ұяшыққа бір ай бойына дәрігер қабылдауына келмеген науқастардың картасы салынады.Келу мерзімімен жиілігін дәрігер науқаспен жеке кеңесу барысында анықтайды және ол аурудың клиникалық айқындылығына байланысты. Әйелдің денсаулығы жақсаруы мен орын ауыстыруына байланысты диспансерлік бақылау тоқтатылады. Диспансерлік бақылауға қандай топтағы науқастар кіреді? Диспансерлік бақылауға келесі топтағы науқастар жатады: · Жатыр миомасы; · Әртүрлі локализациядағы эндометриоз; · Аналық без ісігі; · Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары; · Репродуктивті кезең; · Пременопаузалық кезең; · Бедеулік; · Жыныс мүшелерәнің дұрыс орналаспауы; · НЭС; · Жатыр мойынының қатерсіз аурулары; · Трихоманадалық кольпит; · Басқада (лейкоплакия т.б); Жасөспірім қыздардың диспансеризациясы дегеніміз не? Жасөспірім қыздардың диспансеризациясы-экстрагенитальды аурулардың анықталуы және жыныстық жетілудің бұзылуы,етеккір циклінің бұзылуынан туындаған кез-келген ауру белгісі бар қыз балалардың гинекологқа жіберілуі.Сонымен қатар жыныстық жағынан ертен немесе кеш жетілгендер жіберіледі. Әйелдер кеңесінде қандай гинекологиялық операциялар және манипуляциялар жасалады? Амбулаторлы әйелдер кеңесінде жасалатын операциялар мен манипуляциялар амбулаторлы операциялар журналына тіркеледі: цервикальды каналдардан полиптерді алып тастау,цитологиялық зерттеуге жатыр ішін аспирациялау,вакуум-аспирация әдісімен ерте мерзімде жүктілікті үзу,жатыр мойынының биопсиясы,гистероскопия,кішкентай көлемді қынап кистасын алып тастау. Барлық жасалған гинекологиялық операциялар мен манипуляциялар арнайы амбулаторлық журналға жасалған күнімен тіркеліп отырады.Гинекологиялық науқастардың 80-85%-ы амбулаторлық жағдайда ем алады. Гинекологиялық науқастардың жоспарлы және шұғыл госпитализациялануына негізгі көрсеткіш кандай? Гинекологиялық науқастарды жоспарлы госпитализациялау: · Диагнозды нақтылау; · Хирургиялық араласу; · Амбулаторлық емнің нәтижесіздігі; жедел госпитализациялау: · Жедел іштің көрінуі; · Жатырлық және ішқуысына қан кету; · Жыныс мүшелерінің қабынуы; · Жыныс мүшелерінің зақымдануы; Науқас стационардан шыққан соң,емін жалғастырып сауықтыру терапиясын стационар дәрігері нұсқауымен бірігіп жүргізу әйелдер кеңесі дәрігерінің міндетіне кіреді. Әйелдер кеңесінде қандай реабилитациялық технологиялар қолданылады? Гинекологиялық науқастарға дәрігерлік көмек көрсетудің маңызды аспектісі-реабилитациялық іс-шара жасау.Гинекологияда емдік,физикалық факторлардың тиімді принциптерін игеру,физиотерапия тағайындауға көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер,түрлі гинекологиялық ауруларда физиотерапиялық емшара өткізуге арнайы әдістемелік ұсыныстар пайдаланылады. Профилактикалық саноторийларда,гинекологиялық қалпына келтіруде бұл әдістерді қатаң ұстанса,гинекологиялық аурулар 1,5-2 есе кемиді. Науқастарға отбасын жоспарлауда ақыл-кеңес беруде дәрігер акушер-гинекологтың міндеті қандай? ДДҰ-ң анықтамасына сәйкес отбасын жоспарлау келесідей мәселердің шешімі: · Жоспарсыз жүктіліктен сақтану; · Қалаулы баланы дүниеге әкелу; · Жүктілік арасын реттеу; · Отбасында бала санын тұрақтандыру; ДДҰ-ң дәлелді медициналық көрсеткішіне сәйкес контрацепция әдісінің қолдану аясын кеңейту қайта қаралды,кез-келген жағдаймен келісіп,контрацепциялық әдісті жинақтауға әсер етуші 4 категорияның сәйкесін алуға болады. · I-категория.контрацепцияны қолдануға шектеу жоқ жағдай(әдісті кез-келген жағдайда қолдануға болады); · II-категория,бұл әдісті қолданған жағдайда қауіп анықталады; · III-категория,әдісті қолданғанда қауіп жағдайы жоғарылай түседі(дәрігердің кеңесімен қабылдау керек); · IV-категория,контрацепцияны қолдануға болмайтын жағдайлар(әдісті мүлдем пайдалануға болмайды); Гинекологиялық науқасқа санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізудің мақсаты не? Белгіленген күн тәртібі мен емдеу барысын үйрету,тәртіпті сақтау,ауруды асқындыру қауіпін болдырмау. Санитарлық ағартудың әдістері мен формалары қандай? · Әйелдер кеңесінде: -жұмыс күнінде берілетін видеомагнитофонға жазылған нақты тақырыптағы лекция; -күнделікті тақырыптық стенд: «қыздар мен әйелдер гигиенасы», «онкалогиялық аурулардың алдын-алу», «жасанды түсіктен қалай құтылуға болады», «жүктілер тамақтануы», «емшек пен емізу»; -көрмелер: «Ұрықтануға қарсы құралдар», «Жаңа туған нәрестелер күтімі құралдары»; -аналар мектебі; -жеке сұхбаттар; · Өндірістік мекемелерде: -тақырыптық лекция,аралас аудиторияда және радиодан хабарлама; -әйелдерге арналған дәрістер; -гинекологиялық бөлмеде және гигиена бөлмесінде үнемі жаңартылып тұратын стендтер. -көрме «жүктіліктен сақтану құралы»; -сұрақ-жауап кеші; · Ересектерге арналған поликлиникада: -жергілікті радио және теледидардан «онкалогиялық аурудың алдын алу», «денсаулық және сұлулық», «жағымсыз әдеттер» тақырыбындағы лекциялар; -қарау бөлмесінің жанында үнемі жаңарып тұратын стенд «жасанды түсіктен сақтану»,профилактикалық бөлме жанында «әйел гигиенасы» тақырыбында ілінеді; · Балаларға арналған поликлиникада: -бір жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге арналған лекциялар: «емшекпен тамақтандыру», «жана заманғы контрацепция»; -контрацепцияға байланысты сұрақтармен беттер тарату; Қарау бөлмесінің маңызы неде? Әйелдерге профилактикалық тексеру жүргізуде,гинекологиялық тексеруге қажетті құралдармен жабдықталған қарау бөлмесі маңызды роль атқарады.Қарау бөлмесінде акушеркалар жұмыс жасайды.Олардың қызметі:онкалогиялық ауру белгілерінің көрінуі және санитарлық ағарту жұмыстары.Акушерка қойған диагнозды дәрігер нақтылайды. Дәрігер акушер-гинекологтың этика-деонтологиясы. Медициналық деонтология (грекше deontos-міндетті,тиісті;logos-оқу ) – медицина қызметкерлерінің өз мамандық міндеттерін орындаудағы этикалық нормалар жиынтығы. «Деонтология» терминін XIX ғасырда ағылшын философы Дж.Бентам енгізді. Науқас әйелге ауруы жайлы қалай жеткіземіз? Дәрігер науқасқа өзінің ауруы жайлы жеткізіп,босану мен ауруынан сәтті айығатынына сендіре отырып түсіндіреді.Диагноз нақты қойылмайынша науқасты хабардар етуге болмайды,егер айтып қойған соң диагноз қате шықса,ол әйел жанына ауыр тиюі хақ. Науқасқа операция көлемі жайлы хабарлау керек пе? Гинекологиялық операциялар көп жағдайда етеккір және босану қызметінің бұзылысына байланысты жасалынады.Сондықтан операцияға қатысты сұрақты сенімді шешу үшін,операциялық араласу түрін және жоспарланған операция көлемін түсіндіру қажет.Сонымен қатар міндетті түрде операцияға келісім алынуы қажет. Операция барысының кенеттен өзгеруін және келісімсіз жатырдың алынуы жайында науқаспен стационардан шығарда сөйлеседі.Босану қызметінің, жыныс мүшелерінің туа және жүре пайда болған ақауларын науқасқа міндетті түрде ескерту керек. Кіші гинекологиялық операциялар қалай жасалынады? Медициналық деонтологияның позициясына бойынша,кіші гинекологиялық оерацияларды жансыздандырусыз жасауға болмайды. Науқастың жағдайы мен емделуі жайлы ақпаратты кім бере алады? Акушерия-гинекология бөлімінің заңы бойынша науқасқа қатысты барлық ақпаратты бөлім меңгерушісі немесе емдеуші дәрігер ғана бере алады. Жасалынған ота жайында нақты ақпаратты науқастың туыстарына берген дұрыс па? Егер әйел сөйлей алатын жағдайда болса,туыстары мен жұбайына жалпы жағдайы жайлы өзі айтады. Тест тапсырмалары. Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз. 1.Әйелдер кеңесі жұмысының негізгі мақсаты? 1. Гинекологиялық және сүт бездерінің ауруларының алдын-алу; 2. Хирургиялық науқастарға емдік көмек; 3. Гинекологиялық науқастарды диспансерлік бақылау; 4. Отбасын жоспарлауда кеңес беру; 5. Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу; 2.Гинекологиялық профилактикалық зерттеудің нәтижесінде медициналық тексеру жобаланады: 1. Қауіпті өндірістік жағдайда жұмыс жасайтын әйелдер тобы; 2. Жұмысқа кірісетін әйелдер; 3. Диспансерлік есепт тұрған науқастар; 4. Гинекологиялық және онкологиялық ауруларды табу мақсатындағы әйелдер; 3.Профилактикалық тексеру әдістерінің міндеттісіне не жатады? 1. Тері жамылғысы мен лимфа түйіндерін қарау; 2. Сыртқы жыныс мүшелерін,аралықты,артқа өту жолын,қынаппен жатыр мойынын айнамен қарау; 3. Цитологиялық және бактероскопиялық зерттеуге жағынды жинау; 4. Кольпоскопия және Шиллер сынамасын жүргізу; 5. Жатыр қуысы аспирациясы; 6. Ректальді зерттеу жүргізу; 7. Сүт безін зерттеу; 8. Гистероскопия; 4.Гинекологиялық профилактикалық қарау қорытындысын бағалауда денсаулық тобының мына түрі қолданылады: 1. Дені сау; 2. Денсаулығы жақсы; 3. Науқас; 4. Ауыр науқас; 5.Қарау бөлмесінде әйелге профилактикалық тексеру жүргізетін кім? 1. Акушер-гинеколог; 2. Онколог; 3. Акушерка; 6.Қарау бөлмесіндегі акушердің міндеті: 1. Онкологиялық ауруларды анықтау; 2. Кольпоскопия жүргізу; 3. Цитологиялық жағынды алу; 4. Екі қолды зерттеу жүргізу; 5. Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу; 7.Амбулаторлы әйелдер кеңесінде қандай гинекологиялық операциялар мен манипуляциялар жасалады: 1. Жатырдың қынаптық экстирпациясы; 2. Цитологиялық зерттеуге жатыр ішін аспирациялау; 3. Жатырдың кілегей қабатын диагностикалық қыру; 4. Жүктілікті ерте кезеңде вакуум-экстракция әдісімен бұзу; 8.Гинекологиялық ауруды жоспарлы госпитализациялаудың негізгі көрсеткіші төмендегідей: 1. Диагнозда нақтылау; 2. Жирургиялық араласулар жүргізу; 3. «жедел іштің»белгісі; 4. Амбулаторлы емнің тиімсіздігі; 5. Жатырлық қан кету; 9.Шұғыл госпитализациялауға тиісілі науқас? 1. «жедел іш» белгісі бар науқас; 2. Жатырлық қан кету; 3. Диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеу жүргізу; Date: 2016-06-06; view: 1006; Нарушение авторских прав |