Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Папиллома вирусты инфекция . 22 page





Пельвиоперитонит бар науқастарға қандай тактика жүргізу керек?

Гинекологиялық пельвиоперитонитті бар науқастарда қазіргі таңда барлық елдерде белсенді тактика жүргізіледі.Зақымданған мүшені алып тастау кеңеймен көрсеткіші активацияға қатысты,хирургиялық әдістерді -лапароскопия,іріңді алыс тастау,дренаж,пункция жасау кеңінен қолданылады.Пельвиоперитонитті бар науқастарды тез арада стационарға госпиталиациялау керек.Тексерудің бірінші этабы-бактериологиялық жолмен аурудың қоздырғышын иденфикациялау, цервикальды каналдан және қынаптан серологиялық зерттеу жүргізу керек. Төменгі жыныс трактысінде микрофлора 50% жағдайда кездеседі сонымен қатар жатыр түтігіндеде және жамбас қуысындада кездеседі.Материалды алу үшін қынаптың артықы күмбезі арқылы іш қуысына пункция жасайды(бір мезетте антибиотик енгізеді) немесе лапароскопия жүргізеді.Консервативті тепарияның әсесі болмаған жағдайда 4-6 сагат немесе ауруда перитонит белгілері болса оперативті емдеу жүргізіледі,іріңді алыс тастайды және іш қуысына дренаж қойылады.

Ішкі жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын хирургиялық емдің көрсеткіші қандай?

Пельвиоперитонитке хирургиялық көрсеткіш (4 сағат ішінде терапиялық емнің әсері болсама);писальпинкс (сурет 5.5),пиовар,тубоовариальды қапшық (перфорация,перфорация салдарынан дамиды пельвио немесе перитонит);перитонит;консервативті терапияның нәтижесіздігі.

Созылмалы жоғарғы жыныс мүшелерінің қабыну аурулары

Созылмалы аулулардың негізгі ағымы қандай?

Созылмалы кіші жамбас мушелерінің аурулары көпжүйелі аурулар ретінде қарастырылады,негізгі себебі иммунитеттін бұзылысы.Адекватты емес Иммунды қорғанысытың орны мен жүйелер деңгейінің -оның негізгі себебі процесстердің сақталуы.Кіші жамбас мүшелерінің қабыну аураулары кезіндегі тепарияда патогенитикалық негізі боламалды немесе антибактериальды терапия қамтамасыз етеді.

Сурет. 5.5-сурет. Пимосальпинкстің эндоскопиялық көрінісі

Кіші жамбас мүшелерінің созылмалы қабыну ауруларында иммундо процесс қалай жүреді?

Қоздырғыштың түріне тәуелді болу үшін жедел процесс және иммунды реакцияның организмнен соңғы жағдайында кіші жамбас мүшелерінің созылмалы қабыну аурулары екі нұсқада дамиды:сирек-иммунотапшылықтың қалыптасуы (IgA және IgM концентрациясының төмендеуі,лизоцима,кешенді компоненттер,В-лимфоциттің белсенділігінің төмендеуі,Т-хелперлердің азаюы,Т-супрессорлардың жоғарлауы):жие-патологиялық гиперергиялық реакцияның дамуы,қабыну процессінде (қан сарысуындағы IgGжоғалуы,цитокин белсенділігінің өзгеруі,бұзылған мүшелердегі тіндердегі барлық иммуноглобулиндердің классының жоғарлауы,эпителий клеткаларының бетіне IgG жиналып қалуы,лимфогистиоцитарлық инфильтрация және плазматикалық клеткалардың айналасына темір мен қан тамырлар эпителиі шоғырлануы).

Созылмалы эндометрит және созылмалы сальпингоофариттің клиникалық көрінісі қандай?

Созылмалы қабыну процесстерінің клиникалық көріністері әр түрлі,бұнымен көптеген симптомдар байланысты сонымен қатар жатыр жәнен оның қосалқыларындағы өзгерістер,эндокринді көптеген бұзылыстардың болуы,жүрек қан-тамыр,жүйке жүйесі бұзыстарыда жатады.

Негізгі тән симптом – -ауырсыну. Іштің төменгі жағындағы ауырсынуға және бел немесе сегізкөз омыртқа бөлігі аймағында ауырсынулар болады.Ауырсыну көбінесе кезеңдік характермен жүреді ал сирек жағдайда қабыну реакциясынан кейінгі белгілер сақталады,физикалық және эмоциональды күш түсу де болады.


Ауырсыну синдромы науқастарда жүйке психикалық жағдайдың бұзылуымен жүреді (нашар ұйқы,тітіркену,еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі,тез шаршағыштық).

Созылмалы қабуну ауруларының келесі маңызды клиникалық көрінісі менструальды қызметінің бұзылысы. Кіші жамбастағы қабыну ошақтары менструальды циклдің бұзылысы науқастарда 45-55% жағдайда кездеседі,мено және метроррагия,гипоменструальды синдром және екіншілік дисменария пайда болады.

Сексуальды қызметтің бұзылысы 50-70% жағдайда кездеседі, аноргазмией, вагинизм,диспареунейя пайда болады.

Репродуктивті қызметінің бұзылуынан 30% жуық әйел зардап шегеді созылмалы эндометриттен,көп жағдайда гестациялық жүктіліктің ерте мерзімінде үзілу қаупін бақылау керек.

Созылмалы сальпингоофоритті бар науқастарда бедеулік 30-70% жағдайда кездеседі(қиын-перитонеольды фактор).

Әрбір төртінші әйелде созылмалы сальпингоофорит және созылмалы эндометрит кездеседі.

Созылмалы эндометриттің диагностикалық әдісі қандай?

Қазіргі анамнез негізіне сүйеніп,аурудың негізгі клиникалық ағымына,инструментальды және лабораториялық зерттеулербе байланысты диагноз қойылады.

Сенімді гинекологиялық тексерулер созылмалы эндометритті байланыстырмайды.Міндетте түрде бактериологиялық,цервикальды каналды,уретраны,қынаптық зерттеулер керек.Этиолгиялық маңыздылықта басқа инфекторларды анықтауда тек қана мөлшерлік әдіс арқылы анықтайды.Инфектор мөлшері 10⁵ КОЕ/мл көп болғанда ауру қоздырғышының пайда болуына апарады.

УДЗ-критерийінде созылмалы эндометрит анық болмайды,жамбас мүшелерінің созылмалы қабыну ауруларымен жүретін құрлымдық өзгерістер анықталады.Қазіргі таңда созылмалы эндометриттің диагностикасында кең түрде гистероскопия қолданылады,оның диагностикалық қыру түрі жатыр кілегей қабығы (бірінші фазалық цикл).

Созылмалы эндометрит кезіңде жатырдың кілегей қабығының макроскопиялық өзгерістері әрқашанда бірдей болдайды.Эндометриттің клиникалық гистероскопиялық негізі көрінеді және терең патоморфологиялық өзгерістері созылмалы процесстің және аурудың клиникалық симптомдарымен байланысты.

Жатыртың кілегей қабатына гистероскопиялық қыру және келесі гистероскопиялық зерттеуде-созылмалы эндометриттің сезімді диагностикалық әдіс.


Созылмалы эндометриттің гистологиялық белгілері инфильтрат,плазмалық клетка жағдайының артықшылығы,гистиоцит және нейтрофилдер болады.

Созылмалы эндометриттің диагностикалық зерттеуінде қолданылады аспират жатыр қуысындағы иммуноглобулиндердің құрамын анықтау.М иммуноглобулин құрамының мөлшері,A және G эндометриальды құпиясы үшін созылмалы эндометриттен 100 рет ал иммуноглобулиндердің құрамдық көрсеткіштерінің жоғарлауы дені сау әйелдерде 3 рет-эндометритті қарау үшін.

Созылмалы қабыну процессінде жыныс мүшелерінің емдеу әдісі қандай?

Созылмалы эндометрит және сальпингоофориттін клиникалық әсері келесі белгілерге тәуелді:

-жансыздыруға және қабынуға қарсы әсерінің жетістігі

-компенсаторлы-қорғаныс механизмінің белсенділігінің жоғарлауы:өршу процессінің профилактикасы

-жыныс жүйесінің қабыну қызметінің бұзылысы

-поли жүйелі екіншілік ликвидацияның пайда болуының бұзылысы және басқа аурулармен қосарлануы

Бірден бір маңызды емнің принципі-қатаң түрде антибактериальды терапияны негіздеу

Созылмалы эндометрит пен сальпингоофориттің өршу сатысында антибиотиктерді тағайындамайды

Антибиотикотерапия екі клиникалық жағдайдағы көрсеткіші:

-егерде жедел процесстің сатысында антибиотиктерді тағайындамаса немесе дұрыс қолданбаса

-қабыну процесстің өршуінде,объективті симптомдар болса;экссудация,дене температурасының жоғарлауы,ЭТЖ жоғарлауы,лейкоцит,С-реактивті белоктың жоғарлауы,

Кіші жамбас мүшелерінің созылмалы қабыну ауруларында қандай қосымша кешенді ем кіреді?

Кешенді терапияға стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар кіреді-индометацин (75-100 мг), диклофенак (25-50 мг 2-3 рет күніне немесе 1 свечеден кешкісін ректальды)

Созылмалы процесстерге кешкенді терапияға кіреді:адаптоген (женьшенді қайнатпа,элеутерококк экстракт,мия түбірдің сиробы немесе пантокрин);биогенді стимуляторлар, клетка метаболизмін жақсартады,трофик және регенерациялық тін.

Интерферон иммуномодуляторын ректальды свечей түрінде қолданады.

Иммуностимулияторлы терапияға кіреді:левамизол,тактивин,дибазол. Интерферонның эндогенді индукторларына-циклоферон,виферон кіреді.Пирогенал гоновакцинді(стандартты схема бойынша)қолданғанда жақсы нәтиже алуға болады.


Циклдық витаминотерапия тағайындайды:бірінші циклдық фаза фолий қышқылы5мг/күніне,Е витамині 100мг/куніне; екінші циклдық фазада аскорбин қышқылы 200-400 МЕ/күніне,Е витамині 200мг/күніне.Витаминдік курс 3 айға жүргізіледі.

Созылмалы сальпингоофориттін емнің бірден бір әдісі-плазмаферез.Плазмаферез детоксикациялық,реокорригириялық және иммунокорригириялық ықпал көрсетеді.

Жие жағдайда созылмалы эндометрит және сальпингоофорит те дисбактериоз дамуы мүмкін. Қынаптағы және ішектердегі микробиоцентез бұзылысының серпінділігіне қосымша базалық терапияның препараттарын қолданады. Бұл препараттарға бификол,лакто және бифидумбактерин және т,б жатады.

Кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларында физиотерапияның көрсеткіші қандай?

Міндетті түрде физиотерапияны қабылдау керек.Ұзаққа созылған ауру кезінде 2 жылға дейін немесе диапазонды сантиметрілі микротолқынды немесе магнитотерапия қолданғаннан аналық безінің қызметінің бұзылмауы;егерде аурү 2 жылдан ұзыққа созылса, -ультрадыбыстық импульті режимде немесе электрофорез цинкін қабылдайды.Созылмалы сальпингоофориттін емін табиғи (күкірт сутері, куант,йодбромды ванна, пеллоид), сонымен қатар, физикалық факторлар (ультрадыбыс, магниттік алаң, электро лазерлік шығару және фонофарез) жатады.

Ауырсынуды төмендету ушін массаж жасалады, іш аймағына және бел-сегізкөз аймағына.

Кіші жамбас мүшелерінің созылмалы қабыну ауруларында емінен кейін негізгі реабилитация бағыты қандай?

Кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларының емінен кейінгі реабилитациясы – -өте актуальды өзекті тапсырма.

Реабилитация кешеніне кіреді:

-ішектердегі биоценоз және жыны мүшелерінің қалыптастыру

-аналық бездің қызметін қалыптылығы және етеккір циклыінің екі фазалық жетістігі (репродуктивті жастағы)

-отбасын жоспарлау

 

Тест

Бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдаңыз.

1 Қазіргі этапта кезеңде жыныс жүйесінің қабыну ауруларының негізгі этиологиясына қайсысылары жатады?

1)аэробты инфекция

2)іріңді инфекция

3)анаэробты\аэробты микроорганизмдер ассоцияциясы

4)вирусты инфекция

5)анаэробты инфекция

2 Инфекцияның негізгі таралу жолдары?

1)парентеральды

2)гематогенді

3)ауа-тамшылы

4)лимфогенді

5)каналикулярлы

3 Жыныс жолдарының қабыну ауруларынан биологиялық қорғанудағы барьерлі механизміне жатады?

1)қынаптың қалыпты микрофлорасы

2)цервикальды каналдың кілегейлі пробкасы

3)ішкі жыныс мүшелерінің орналасуының ерекшелігі

4)эндометридің функциональды қабатының циклдік ажырауы

5)сыртқы жыныс мүшелерінің орналасуының ерекшелігі

4 Қабыну процессі кезінде қандай фазаларды бөліп қарастырады?

1)альтерация

2)секреция

3)пролиферация

4)эксудация

5 Жоғарғы тракт бөлігінің қабыну ауруларына қайсысы жатады?

1)эндоцервицит

2)сальпингит

3)эндометрит

4)параметрит

5)панметрит

6 Жыныс жолдарының төменгі бөлігінің қабыну аурударының негізгі клиникалық симптомдары:

1)күйдіру;

2)дене температурасының көтерілуі;

3)қышу;

4)бели;

5)етеккір циклының бұзылысы;

7 Жыныс жолдарының төменгі бөлігінің қабыну ауруларының негізгі диагностика әдістеріне:

1)бактериоскопиялық;

2)цитологиялық;

3)бактериологиялық;

4)вирусологиялық.

8 Бактериальды вагиноздың диагностикасындағы негізгі критерилер:

1)қынап бөлігінің pH-ын (<4,5);

2) қынап бөлігінің pH-ын (>4,5);

3)теріс аминотест;

4)оң аминотест;

5)”кілтті жасушасын “ жұғынды микроскопиясынан табу.

9 Жыныс жолдарының жоғарғы бөлігінің жедел қабыну ауруларының диагностикасы негізделеді:

1)шағымына қарай;

2)анамнезіне қарап;

3)гинекологиялық зерттеулеріне қарап;

4)микробиологиялық, клиникалық зерттеулерге қарап;

5)иммунологиялық зерттеулеріне қарап.

10 Кіші жамбас қуысының созылмалы қабыну ауруларының даму жолының ерекшеліктері:

1)процесстің жедел басталуы;

2)көрнекі гипертермия;

3)иммунды қорғаныштықтың жергілікті және жүйелі дәрежесіне адекватты емес;

4)жедел қабыну процессін шақыратын инфект элиминациясы.

11 Инфекцияның тек қана жыныс жолдарымен берілуі тән:

1)хламидияларға;

2) жай герпес вирусына;

3) трихомонадаға;

4)дұрыс жауабы 1 және3;

5)дұрыс жауабы 2 және3.

12 Созылмалы эндометриттің негізгі диагностикалау әдісі болып табылады:

1)екі қолды гинекологиялық тексеру;

2)эхографикалық тексеру;

3)морфологиялық тексеру;

4)гистероскопия.

13 Созылмалы қабыну процесстерінің емдеу принциптері болып табылады:

1)компенсаторлы қорғаныштық механизмдердің белсенділігін жоғарылату;

2)қызметі бұзылған жыныс жүйесін қалпына келтіру;

3)антибактериялықалды препараттарды кеңінен қолдану;

4)жансыздандыру әсеріне жеткізу.

14 Гонореялық пельвиоперитонитке тән:

1)жабысқақтық пен енгіштіктің қалыптасуына бейім болуы;

2)жиі процесстің шектелуі байқалады;

3)іштің төменгі бөліктерінде ішперденің тітіркену симптомдарының болуы;

4)дұрыс жауап 1 және 2;

5)барлық жауап дұрыс.

15 Созылмалы гонореямен науқастарды емдеу әдісіне қоспайды:

1)гоновакцинамен терапия;

2)пирогенал;

3)санаторлы курортты ем;

4)қынаптық ванночкалар 3–-5 % протаргол ерітіндісімен;

5)0,5–-1% азотқышқылды күміс ерітінісімен уретра инстиляциясы.

16 Гонореямен науқастардың жазылу критерийлері емінің мына айынан соң қойылады:

1)1ай

2)2ай

3)3ай

4)4ай

5)5ай

Есептер

17. Әйел, 31 жаста, әйелдер кеңесіне келесі шағымдарымен келді: Ішінің төменгі бөлігінің айқын ауырсынуына, көбіне сол жағынан; дене температурасының көтерілуіне, 37,8 С дейін. Етеккір қызметі бұзылмаған. Анамнезінде екі жедел босану және екі медициналық аборт, асқынусыз. Айна арқылы қарау: қынабының кілегей қабаты және жатыр мойны таза,сыртқы араны тесікті, бимануальды тексеру: жатыр денесі ұлғаймаған,тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары оң жағынан анықталмайы, ауырсынусыз, сол жағында пальпацияланады, ауырсынады, көлемі бірнеше ұлғайған,қозғалысы шектелген; күмбезі терең, жыныс жолдарынан кілегейлі бөлініс. Болжам диагноз? Дәрігер тактикасы?

18. Әйел, 23 жаста, күні жетпеген, дамымаған жүктілікке байланысты гинекологиялық бөлімшеге госпитализацияланды. Анамнезінде 3 медициналық аборт. Гистероскопия бақылауымен жатырды қыру жүргізілді. Қандай диагноз? Дәрігердің алдағы тактикасы қандай?

5.2 Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар.Жыныс жолдарының туберкулезі

Сабақ мақсаты: Студенттерді ЖЖБИ-нің, жыныс мүшелерінің туберкулезінің кең таралған формаларын диагностикалауға үйрету,эпидемиялогиясын, қоздырғыштарының жұғу жолдарының жіктелісін, клиниклық көрінісін, диагностикасын, ЖЖБИ- нің және туберкулездің негізгі емін меңгеру.

Студент білуі керек: эпидемиялогиясын,этиологиясын,қоздырғыштардың жұғу жолдарын, патогенез, клиникалық көрінісін,диагностикасын,ЖЖБИ-нің және әйелдердің жыныс мүшелері туберкулезінің емін және алдын –алу жолдарын.

Студен жасай білуі керек: несепағардан,цервикалды өзектен,қынаптан және тік ішектен тазалық деңгейіне жұғынды алу,бактериологиялық және вирусологиялық тексеруге материал алу,қынаптық тексеру өткізу, жалпы және арнайы тексеру мәліметтеріне сүйене отырып дұрыс диагноз қою және емдеу тактикасын құру.

Сабақтың өту орны: аудитория, гинекология бөлімшесі.

Қамтамасыз ету: ауру тарихы, рентген көрінісі, Фолькман қасығы,цервикалды өзектен жұғынды алуға универсалды 3ГБу-«ЦМ+» және несепағардан урогениталды инфекцияға ПЦР бойынша,берілген тақырып бойынша компьютерлік презентация.

Сабақтың ұйымдастырылу жоспары.

-Сұрақтар,тақырыпты негіздеу.

-Студент білім деңгейін бақылау.

-Оқу бөлмесі. Компьютерлік презентациямен теория жүзінде меңгеру.

-Гинекологиялық бөлімшеде жұмыс: тақырыпқа сырқаты сай екі-үш науқасты көрсету, ауру тарихын талқылау.

-Оқу бөлмесінде тақырыпты бірге талқылау,сұрақтарға жауап. Үй жұмысы.

Соңғы кездері бүкіл әлемде ЖЖБИ өсуі тоқтаусыз, әсіресе, 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл жыныстық қатынастың ерте басталуымен, жыныстық серіктерінің болуына, еркін сексуалды қатынастарға, ЖЖБИ-дің алдын-алу шараларын қолданбағаннан,,өзіндік ем қолданғаннан және т.б. факторлармен түсіндіріледі.

Жыныс жолдары арқылы таралатын инфекциялардың традиционды дәстүрлі қоздырғыштары қандай?

Соңғы кезге дейін ЖЖБИ- –ге: венерологиялық аурулар деп аталатын төртеуі жатты:сифилис,гонорея,трихомонияз,жұмсақ шанкр.

Жыныс жолдары арқылы таралатын инфекциялардың қазіргі таңдағы түрлеріне қандайлар жатады? 5.2 таблица

Гонорея

Гонорея(грек.gonorrhoia- былазықтың ағуы;син.-триппер) ең көп таралған бактериалды инфекцияға жатады. Барлық ЖЖБИ ішінен көп кездесетіні- гонорея және жедел инфекциялық ауруға жатады: ДДҰ бойынша,жылына дүние жүзінде 150-180млн кем емес адамдар ауырады.

Гонорея қоздырғыштарының негізгі белгілері?

Гонорея қоздырғышы- гонокок (Neisseria gonorrhoeae),жұп грам теріс кокктарға жатады,көлемі кофе дәніндей,ойыс бетімен бір-біріне бағытталып орналасқан. Микробтар басым бөлігі лейкоциттерде жасуша ішілік орналасқан,кейде жасушадан тыс тіндер тереңдігінде. Антибиотиктерді кең қолдану гонококктық морфологиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруіне әкелді: төзімді, гигантты L-формалар пайда болды,пенициллиннің әсеріне бейімделген. Трихомонадалардың гонококкты фагоцитоздауы ерекше эпидемиологиялық маңызы бар. Гонококк экзотоксин түземейді. Гонококк өлген кезде эндотоксин түзіледі, бұл тіндерде дегенератиті-деструктивті өзгерістер тудырады, жабысқақ процесстердің дамуына әкеледі және т.б.

5.2-кесте. Сексуалды-трансмиссивті инфекциялар қоздырғышы

Қоздырғыш Ауру атауы
Бактерии Treponema pallidum Neisseria gonorrhoeae Haemophilus ducreyi Chlamydia trachomatis Calymmatobacterium granulomatis M. hominis, M. genitalium, U. Urealyticum G. Vaginalis; Bacteroides, Prevotella; Porphyromonas; Peptostreptococcus; Mobiluncus; M. hominis Shigella species Staphilococcus aureus Str. agalacticae (гр. B), pyogenes (гр. A) E. coli, Proteus, Klebsiella, H. infl uensae, Peptococcus, Peptostreptococcus Вирусы Herpes simplex virus Cytomegalovirus hominis Hepatitis B, C virus Papillomavirus hominis Pox virus (Molluscovirus hominis) Retro-virus VIH 1 VIH 2 Простейшие Trichomonas vaginalis Entamoeba histolytica Lamblia (Giardia) intestinalis Грибы Candida   Эктопаразиттеры Phthirus pubis Sarcoptes scabiei СифилисМерез Гонорея Шанкроид (жұмсақ шанкр) Хламидийлі лимфогранулема Урогенитальды хламидиоз Донованоз (шаттық гранулема) Микоплазмалық инфекциялар Бактериялықальды вагиноз Урогенитальды шигеллез Іріңді бактериядан туындаған инфекция Генитальды герпес Цитомегаловирусты инфекция Вирусты гепатит B, C Папилломавирусты инфекция Контагиозды моллюскі ВИЧАИТВ-инфекция/ЖИТССПИД Несеп-жыныстық трихомониаз Амебиаз Лямблиоз Урогенитальды кандидоз Қасаға педикулезі Қышыма

Гонореялық инфекцияның негізгі таралу жолы қандай?

Гонореялық инфекцияның әйелдің жыныс мүшелерінде таралуы негізінен жалғаспалы немесе өрлемелі жолмен жүреді:- несепағар жатыр мойны,эндометрий, жатыр түтіктері, ішперде, әсіресе етеккір, босану кейбір кіші гинекологиялық оталар әсер етеді. Өте сирек гонококк және эндотоксин гематогенді және лимфогенді жолмен таралады.

МКБ-10 бойынша гонорея қалай жіктеледі?

А54. Гонококкты инфекция.

А54.0. Несеп-жыныс жолтрактысының төменгі бөліктерінің гонококкты инфекциясы, периуреральды және қосалқы бездердің абсцедирлеусіз.

 

А54.1. Несепжыныс трактысының төменгі бөліктерінің гонококкты инфекциясы, периуреральды және қосалқы бездердің абсцедирленуімен.

А54.2.Гонококкты пельвиоперитонит және басқа несепжыныс мүшелерінің гонококкты инфекциясы.

Гонококкты: эпидидимит (No 51.1), әйелдердегі жамбас мүшелерінің қабыну аурулары (No 74.3), орхит (No 51.1), простатит (No 51.0).

А54.8. Гонококкты перитонит.

О98.2. Жүктілікті, бала тууды және босанғаннан кейінгі кезеңді қиындататын гонорея.

Гонореяның топография бойынша жіктелуі қандай?

· Өрлемелі гонорея

· Несеп шығару жүйесінің гонореясы

· Ректальды гонорея

· Метостатикалық гонорея

Гонореяның клиникалық көріністері бойынша жіктелуі қандай?

Клиникалық ағымы бойынша жаңа және созылмалы гонореяны ажыратады. Жаңа гонорея өз алдына жедел, жеделдеу және тарпитті болып бөлінеді.

Жаңа жедел гонореяға қабынулық ауруларды жатқызады,пайда болу мерзімі 2 аптадан аспаса. Жеделдеу формасына – ұзақтығы 2-8 аптадан аспаған қабыну процесстерін жатқызады. Жаңа торпидті формасына жасырын кезеңі және қабыну процессінің ағымы тән, сонымен бірге несепағардан және жатыр мойнынан мардымсыз бөліністен гонококктар анықталады.

Созылмалы гонорея дегеніміз не?

Гонореялық ауруды ауру ұзақтығы 2 айдан асса немесе аурудың басталу кезеңін анықтай алмаған жағдайда созылмалы деп қоюға болады.

Жыныс жолдарының төменгі және жоғарғы бөліктері гонореясының шекарасы қайдан өтеді?

Шекарасы болып жатыр мойнының ішкі араны арқылы өтетін шартты линия саналады.

Гонореяның негізгі клиникалық көріністері қандай?

Гонореяның қысқа инкубациялық кезеңі 3-5 күн болады. Әйелдердің 40-60%нда аурудың манифестациясы етеккірдің соңында басталады. Аурудың клиникалық көрінісі процесстің жайылмалылығыны байланысты(несепжыныс мүшелерінің төменгі бөлігінң зақымдалуы,немесе өрлемелі гонорея). несепжыныс мүшелерінің төменгі бөлігі зақымданғанда келесі шағымдар тән: жыныс жолдарынан іріңді бөліністер,зәр шығару кезінде аздаған ауырсынуы және ашытуы,іштің төменгі бөлігінде сыздап ауырсынуы. Өрлемелі гонорея кезінде іштің төменгі бөлігінде ауырсынудың күшеюі мүмкін, тәбетінің болмауы,дене температурасының көтерілуі. Клиникалық көріністердің ауырлығы қоздырғыштың ағзаға енуіне,аурудың ұзақтығына байланысты.







Date: 2016-06-06; view: 909; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.093 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию