Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Папиллома вирусты инфекция . 24 page
Микоплазмалық инфекция қоздырғышының ерекшеліігі қандай?
Микоплазмаларға иммунды жауаптан және антибактериальды емге резистенттіліктен “жасырынуға ” әкелетін мембраналық белоктардың кең динамикалық вариабильділігі тән. Арнайы антиденелердің қатысуында микоплазмалар айқын ингибирленіп көбейеді. Микоплазмалар анаэробтарға тән ферментативті белсенділікке (протеолитикалық фосфолипазалық және т.б.)ие, микоплазмалар анаэробтар мен факультативті бактериялармен біріккенде қабыну процессі дамиды.
Микоплазмалық инфекциялардың клиникалық көріністері қандай? Тұрақты клиникалық көрініс жоқ, науқастар көбінесе жыныс мүшелері аймағында қышуға, ұзақ уақыт бөлініс бөлінуіне, дизуриялық бұзылыстарға шағымданады. Ауру жедел ағымды емес, оған жүргізіліп жатқан емге тұрақтылық, процесстің қайталануы тән. Қараған кезде көп мөлшерде сұйықтық бөліністер көреміз, цервицит және вагинит көрінісіне ұқсас. Клиникалық практикада урогенитальды микоплазмаларды анықтау үшін қандай зерттеу әдістері қолданылады? Клиникалық практикада қолданылатын әдістер: · Микробиологиялық; · Молекулярлы генетикалық(генетикалық зондтар әдісі,ПЦР,ПЦР Real time); · Серологиялық; · Иммунологиялық әдістер.
Генитальды микоплазмалармен біріккен инфекцияларда зерттеу үшін зәрді, несепағардың,жатыр мойнының, қынаптың клиникалық материалын, простата безінің секретін, эякулятты, қағанақ суын, ұрық мүшелерін қолданады. · Ең нәтижелі үш әдіс: MYCOPLASMA DUO тест жүйесі,ПЦР және культуральды әдіс. M.hominis U.urealytikum лардың сапалық идентификациясымен салыстырғанда MYCOPLASMA DUO тест жүйесі - ПЦР Real time сәйкес санын анықтау маңыздырақ.
Микоплазмалық инфекцияның емі. Генитальды микоплазмалар қынаптың шартты патогенді микрафлорасы болғандықтан, емдеу қажеттілігі жөніндегі шешімді дәрігер клиникалық жағдайды ескере отырып қабылдайды. Зерттеу әдістерінің біреуімен патологиялық процесстің жалғыз себебі микоплазмалық инфекция екені дәлелденгеннен кейін ғана ем тағайындалады. Клиникалық көрінісі, лабораториялық көрсеткіштер өзгерістері болмаса және урогенитальды микоплазмаларды төменгі титрда(<10*4КОЕ/мл) анықтағанда оларды тасымалдаушы ретінде қарастырады. Антибактериальды терапияға көрсеткіш жоқ. Генитальды микоплазмалармен біріккен қабыну процесстерін емдеу үшін тетрациклин қатарындағы препараттар, макролидтер және фторхинолондар қолданылады. U. Urelyticum аминогликозидтерге және линкозаминдерге, ал M.hominis макролидтерге тұрақты екенін ескеру керек. Екі қоздырғыш та тетрациклиндер мен фторхинолондарға сезімтал. Дегенмен генитальды микоплазма штамдарының 10% ы тетрациклин және макролидтер тобындағы препараттарға резистентті. Генитальды герпес. Генитальды герпес немесе жыныс мүшелерінің герпесі – ЖЖБИ герпетикалық формаларының бірі, өз алдына қауіпті медико-әлеуметтік мәселе. Дүние жүзіндегі 90% дан астамы қарапайым герпес вирусымен(ҚГВ) инфицирленген. Герпеспен зақымдануды біздің эрамыздың I ғасырында рим дәрігерлері анықтаған. Жыныс жолдарының герпеспен зақымдануы алғаш рет 1700 жылы тіркелген. ҚГВ жыныс жолдарымен жұғады. Ұрық вирусты плацента арқылы немесе босану кезінде инфицирленген анасынан жұқтырады. Инфекцияның тұрмыстыық таралу жолы өте сирек кездеседі және анықтаған вирус секреті кеуіп қалса толықтай жоққа шығарылыды.
Қарапайым герпес вирусына не тән? Жыныс мүшелері герпестік ауруларының қоздырғышы болып ҚГВ табылады. Вирустың екі серотипі бар:ҚГВ -1,ҚГВ -2. ҚГВ -1 теріні және еріннің, көздің, мұрынның кілегей қабатын және т.б. зақымдайды. ҚГВ -2 жыныс мүшелерінің арнайы қабыну процессінің қоздырғышы болып табылады.
Генитальды герпестің жіктелуі қандай?
МКБАХЖ-10. · А60. Аногенитальды герпестік вирусы · А60.0 жыныс мүшелерінің және несепжыныс жолының герпестік инфекциясы · А60.1 перианальды тері жамылғыларының және тік ішектің герпестік инфекциясы · А60.9 анықталмаған аногенитальды герпестік инфекция Клиникалықо – -морфологиялық жіктелісі: · Біріншілік генитальды герпестің бірінші клиникалық эпизоды; · Анықталған генитальды герпестегі бірінші герпесті эпизод; · Рецидивті генитальды герпес (типті және атипті формалары); · Симптомсыз вирус бөлінуі. Ауырлық сатысына байланысты: · Жеңіл – аурудың жылына 3-4 рет өршуі, ремиссиясы 4айдан кем емес: · Орташа – жылына 4-6 рет өршу, ремиссия 2-3 айдан кем емес; · Ауыр – ай сайын өршу, ремиссия 6 аптадан кем емес.
Генитальды герпестің көрінісіне қандай факторлар әсер етеді? Генитальды герпестің көрінісіне және қайталануына келесі факторлар әсер етеді: иммунологиялық реактивтіліктің төмендеуі, ағзаның ысуы немесе суық тиюі, интеркурентті аурулар, медициналық манипуляциялар, сонын ішінде жасанды түсіктер және ЖІК.
Қарапайым герпес вирусының клиникалық көрінісі қалай сипатталады? Аурудың жасырын кезеңі 13-14кунге созылады. Әйел адамдардағы генитальды герпестің орналасатын орындары: үлкен және кіші жыныс еріндері, вульва, клитор, қынап, жатыр мойны. Ауырсыну және жергілікті тітіркену, дизурия, жыныс жолдарынан бөліністердің бөлінуі тән. Қызба, әлсіздік, бас ауруы, бұлшық ет ауырсынуы сияқты жалпы белгілері анықталуы мүмкін. Бірнеше куннен кейін жергілікті белгілер өршиді. Зақымданған жерде кішкентай ауырсынатын көпіршіктер пайда болады, кейін дұрыс емес формалы эрозивті беткейі түзіледі. Біріншілік аурудың тоық циклі 3аптаға дейін созылады. Герпес инфекциясына вирустың ағзада өмір бойы тасымалдануы, қайталану және проградиентті ағым, яғни ауру ұзаққа созылып, ауыр клиникалық белгілерінің пайда болуы тән. ҚГВ диагностикасы қандай? Герпесті инфекция диагнозы ҚГВ немесе оның антиденелерін әйелдің қан сарысуынан анықтауға негізделген. Материалды зақымданған мүшелерден (қынап және жатыр мойны)беткейлік жұғынды алу арқылы, жатыр қуысынан –аспирация әдісімен,уретрадан – жұғынды түрінде алады. Герпестік инфекцияның диагностикасында келесі әдістер қолданылады: · ҚГВ ны вирусологиялық әдіспен анықтау және идентификациялау; · ПЦР; · ҚГВ антигендерін анықтау әдісі: иммунофлуоресцентті және иммуноферментті анализ; · Антиденелерді иммуноферментті анализ көмегімен анықтау; · Цитоморфологиялық әдіс; · Иммунды статусты бағалау әдісі. ҚГВ емі қандай? Генитальды герпесі, әсіресе созылмалы қайталамалы формасы бар науқастарды емдеу әдістемелік және тәжірибелік қиындықтар тудырады. Ол ҚГВ ның ағзадағы персистенциясымен, иммунды жүйенің әр түрлі көздерінің жеткіліксіздігі және организмнен вирусты эляминациялау қабілетсіздігінен туындайтын иммунодефицитті жағдай дамуымен түсіндіріледі. Бастысы ағзаның иммунорезистенттілігін жоғарылатуға бағытталған иммуномодуляциялық терапия, созылмалы процессте- герпесті вакцина, жедел процессте-иммуноглобулин. Басты емдеу препараты –виферон, Н.Ф. Гамалей атындағы ҒЗИда шығарылатын гендік инженерлік препарат. Емдеу 500ХБ интерферонды тік ішекке свеча ретінде енгізумен сипатталады. Жүктілік кезінде қолдану интерферондық статусты жоғарылатып қана қоймай қоздырғышты эляминациялайды. Таңдау препараты -ацикловир. Иммундық жүйесі тұрақты науқастарға ацикловирді 200 мг тәулігіне 5 рет 5-10 күнге тағайындайды. Айқын иммунды жетіспеушілігі бар адамдарға ацикловир мөлшерін көбейтеді 400мг тәулігіне 4-5рет 5-10 күнге. Ем продромальды кезеңде немесе аурудың клиникалық белгілерінің 1- ші күнінде басталса, оның нәтижесі жоғары болады.
ҚГВ ның әлсіз клиникалық симптоматикасында аурудың ерте кезеңінде теріге 5% ацикловир кремін тәулігіне 5 рет 5-7 күнге тағайындайды. ҚГВ ның ацикловирге төзімді штамдарынан туындаған генитальды герпесте таңдау препараты фамцикловир. Папиллома вирусты инфекция. Жыныс мүшелерінің папиллома вирус инфекциясының эпидемиологиясы қандай? Жыныс мүшелерінің папиллома вирус инфекциясы АПВмен шақырылады, ЖЖБИ ға жатады, контагезді және кең таралған. Кейбір түрлері жатыр мойнының, қынаптың, вульваның ісігін тудырады. 2008жылы 8 қазанда Гейдельбергте Нобель комитеті медицина бойынша сыйлықты жатыр мойны ісігінде АПВны ашқаны үшін Германия зерттеу орталығының дәрігері Харалдь Цур Хаузенге ұсынды. Жыныс мүшелерінің папиллома вирус инфекциясы терінің және генитальды жолдың кілегей қабатының көп ошақты полиморфты зақымдануымен сипатталады. АПВ ның қандай типтерін бөліп қарастырады? АПВ папова вирустар туыстығына жатады. АПВның 200ден аса түрі бар, олардың 40 тан астамы аногенитальды аймақтарды зақымдайды.Олардың онкогенді емес штаммдарын (HPV-1, 2,3,5),төменгі қауіпті онкогенді штаммдар(HPV -6,11,42,43,44),қауіптілігі жоғары онкогенді штаммдар (HPV- 16,18,31,33,35,39,45,51,52,56,58,59,68). АПВның бірнеше түрімен бір уақытта инфицирленуге болады,себебі олардың штамдары бірігіп кездесуі мүмкін. Папиллома вирусты инфекциясының кездесу жиілігі қандай? АПВ мен көбінесе жас әйелдер(15-25жас)инфицирленеді. 82%ға дейін жыныстық қатынас басталғаннан екі жылдан кейін зақымданады. Ресей ДС министрінің статистикасы бойынша кандиломаларды анықтау жиілігі 100000 халыққа есептегенде 25,2 жағдайды құрайды. Дүние жүзі бойынша вирусты жұқтыру соңғы он жылда 10 есеге кө-бейіп, 34 млн адамды құрайды. Клиникалық,субклиникалық және латентті формалы түріндегі папиллома вирусты инфекция РФ халқының 30,3% еуропалық аймағында және гинекологиялық клиникаларға қаралатын әйелдердің 44,3%да кездеседі. Дүние жүзі бойынша АПВ мен Дүние жүзі бойынша АПВ мен 300млн адам зақымданған. Үшкірбасты кандиломалар дамуының қауіп факторы қандай? Оларға: · Сексуалды тәртіп (жыныстық қатынасқа ерте түсу, серіктесін жиі ауыстыру, барьерлік контрацепцияны пайдаланбау); · АПВ-ны тасымалдаушы әйелмен, жатыр мойны обырырагімен ауыратын әйелмен қатынаста болған серіктес; · ЖЖБИ (хламидиоз, гонорея., герпес, трихомониаз және т.б.); · Иммунитеттің төмендеуі, стресс, темекі шегу; · Қынаптың қалыпты микрофлорасының бұзылуы; · Жүктілік.
АПВ-ның берілу жолы қандай? АПВ тері жамылғылары және кілегей қабаттың жанасуында, жыныстық қатынасқа түскенде (гомосексуальды, орогенитальды, аногенитальды және т.б.), анадан балаға, қол және медициналық құралдар арқылы беріледі. АПВ-ның жіктелісі қандай? МКБАХЖ-10 В97.7. папиллома вирусты тасымалдау. А63.0. аногенитальды сүйелдер.
Клиникалық формалары ( көзге айқын көрінетін ): · Экзофитті кандиломалар (үшкір басты, ісік тәрізді немесе папиллярлы,папула тәрізді және т.б.); · Цервикальды интраэпителийлікальды неоплазия (CIN) (жалақ клеткалы интраэпителийлікальды зақымдану) -CIN I-әлсіз дисплазия; -CIN II-айқын дисплазия; -CINIII-ауыр дисплазия немесе карцинома. · Микроинвазивті жалпақ клеткалы және безді карцинома; · Симптоматикалық CIN; · Субклиникалық формалары (көзге көрінбейтін және симптомсыз, тек кольпоскопия арқылы немесе цитологиялық және гистологиялық зерттеулерде анықталатын); · Латентті формасы(АПВ ДНҚ-К сын анықтағаннан кейін клиникалық белгілердің,морфологиялық немесе гистологиялық өзгерістердің болмауы).
Пилломавирустың негізгі ошақтары қайда орналасады? Папилломавирусты инфекцияның негізгі ошақтары жатыр мойнының, қынаптың, вульваның, бұтаралықтың, перианальды аймақтың, несепағардың және т.б. жыныс мүшелердің эпителийлікальды жамылғыларында кездеседі. Папилломавирусты инфекцияның клиникалық көрінісі қандай?
Жасырын кезеңі 14 күннен бірнеше жылға дейін созылады. Бұл симптомсыз кезең,ағымында ауру өздігінен жазылуы мүмкін, басқа жағдайда АПВ тасымалдаушылық созылмалы рециедивте сипатқа ие болып, емдеуге ауыр қайталанып тұратын қынап биоценозының бұзылуына, цервициттер және жатыр мойнының қатерлі және қатерсіз ісіктердің дамуына әкеледі. АПВны жұқтыру үшкірбасты кандиломалардың(экзофитті және эндофитті) пайда болуына әкелуі мүмкін. Экзофитті кандиломалар симптомсыз болуы мүмкін, мазасыздық, косметикалық дефект, қышу, бөліністерге,ауырсынуларды тудырады. Эндофиттілері жалақ эпителлий ішінде өседі(“жалпақ кандилома ”) және жатыр мойны эпителий дисплазиясы мен, карциномасы мен бірге кездеседі. Инфекцияның субклиникалық формасы симтомсыз өтеді, бірақ қышу күйдіру бөліністер байқалады. Папилломавирусты инфекцияның қандай диагностика әдістері бар? Тәжірибеде папилломавирусты инфекцияның диагностикалық әдістері ретінде клинико –визуальды әдісті, кольпоскопияны, АПВ тестті және морфологиялық әдістердің бірін:цитологиялық әдіс(PAP-тест)және жатыр мойнынан алынған биоптатты немесе эндоцервикс жұғындысын гистологиялық зерттеу қолданғанды ұрыс деп санайды. Digene –тест дегеніміз не? АПВ тест (ПЦР немесе Digene тест) вирусты геномды анықтауға және олардың типін ажыратуға мүмкіндік береді. АПВны сандық анықтауда ең кең тараған әдісі ретінде Digene Сapture II(немесе екіншілік генді тосқауыл әдісі) саналады. Ол вирустың критикалық концентрациясын немесе малигнизация(5000 геном) мүмкіншілігімен тікелей байланысты вирусты жүктемені анықтауға мүмкіншілік береді. АПВ ДНКсы аталған шекара деңгейінен жоғары болғанда патологиялық процесстің дамуы әбден мүмкін. Папилломавирусты инфекциясының ажырату диагностикасын қалай жүргіземіз? Экзофитті кандиломалардың ажырату диагностикасын жалпақ клеткалы папилломалармен, псориазбен, сифилис кезіндегі кең кандиломалармен, ісіктермен,жүктілік кезіндегі децедуальды полиптермен жүргізеді. Субклиникалық формаларын вульваның, қынаптың және жатыр мойнының басқа қатерсіз патологияларымен, дистрофиялық процесстермен,гиперкератозбен, әр түрлі этиологиялы вагиниттермен жүргізеді. Папилломавирусты инфекцияның негізгі емдеу мақсаттары қандай? · Экзофитті кандиломаларды және атипиялық өзгерген эпителийді алып тастау. · Вирусқа қарсы терапия. · Папилломавирусты инфекцияның кең және қайталанған формаларында иммуномодуляциялық терапия. · Цитостатикалық терапия. АПВ мен инфицирленген әйелдерді жүргізудің негізгі әдістері қандай? 1саты- тексеру. 2саты-тактиканы анықтау: емдеу және бақылау тактикасын таңдау,тексеру нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылады. Папилломавирусты инфекцияның жасырын формасында, вестибулярлы папилломатозда бақылау жүргізіледі. Инфекцияның клиникалық немесе субклиникалық белгілерін және СIN I-II дәрежесін анықтағанда гинекологта, СIN III дәрежесінде онкологта емделеді. 3 саты – бақылау. Папилломавирусты инфекцияның қандай емдеу әдістері бар? Медикаментозды емес әдіс: радио-, электро-, крио-, лазероэксцизия. Лазеро – және криоэксцизияның кемшілігі гистологиялық зерттеуге материалдың болмауы. Радиотолқынды әдіс – онкогинекологияда ақпараттылығы жоғары әдіс,себебі алынғын материал толық гистологиялық зерттеле алады. Медикаментозды әдіс – бұларға ісікке қарсы препараттар, иммуномодуляторлар,витаминдер,десенсибирлеуші заттармен,адаптогендермен,антиоксиданттармен,озондармен және т.б.Бұндай терапияның эффективтілігі жоғары емес,бірақ деструктивті терапия әсерін күшейту мақсатында көлемді рецидивирлеуші зақымдануларда қолданылады. Хирургиялық әдіс – неоплазияда, кондиломада,сонымен бірге тыртық деформациясында,жыртылуларда, жатыр мойны эктропиондарында. Папиллома вирусы инфекциясының алдын-алуда қандай әдістер қолданылады? Папилломавирусының біріншілік ілкі профилактикасы арнайы емес және де оған кіретіндер: · Жыныстық қатынастан сақтану ережелері (барьерлі кортрацепциялар қолдану); · ЖЖБИ профилактикасы (хламидиоз, гонорея, герпес, трихомониаз және т.б.) · Салауатты өмір салтын ұстану, жағымсыз әсерлерден сақтану,оның ішінде шылым шегу; · Қынаптың нормоценозын ұстау; · интимді гигиенаны сақтау, вирусқа әсері бар интимді заттарды (эпигенинтим). Көбіне таралғаны АПВ инфекциясының профилактикасында қолданылатын –АПВ ға қарсы 16 және 18 түрі бар. Қыз балалардағы жыныстық қытынасқа дейінгі алынған вакцинация алдағы 15-20 жылда кейін обыр ауруының азаюына әкеледі деген мәлімет бар. АПВ инфекциясының алдын –алуда қандай вакцинациялар бар? Қазіргі таңда РФ да екі инактивирленген вакцина –Гардасил(Нидерланд) және Церварикс (Бельгия). Гардасил – АПВ ның 6,11, 16, 18 штаммаларына қарсы квадривалентті вакцина.Әйел адамдарға 9 дан 26 жасқа,ал ер адамдарға 9дан 17жасқа дейінгілерге қоланылады. Вакцина дүние жүзі бойынша 100 ден аса елдерде тіркелген,оның 20сында ұлттық прививкілер күнтізбесініне кірген. Гардасилонмен вакцинацияны жыныстық өмірге дейін жасаған дұрыс,себебі бұл кезде АПВмен қатынастың мүмкіндігі төмен. Церварикстың екі валентті вакцинациясын АПВ- ның 16 және 18 штаммдарына қолданылады. 10-25 жастағы қыз-келіншектерді вакцинациялайды. Қазіргі таңда (Бельгия) АПВның 16,18, 31, 33 және 45 штамдарына қарсы бесвалентті вакцина сынамасы өтті. Оның вакцинирленген адамдардың АПВ 16, 18, 45 штаммымен шақырылған жатыр мойнының қатерлі процесстерінен қорғау тиімділігі 100% екендігі жарияланған, бұл штамптар аденокарциноманың 85% жағдайына жауапты- РШМ мен диагностикалау өте қиын.
Date: 2016-06-06; view: 1106; Нарушение авторских прав |