Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Папиллома вирусты инфекция . 21 page





Бұл аурудың профилактикасы тазалық гигиенасын бақылау,жалпы соматикалық және жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын емдеу, ал ең бастысы-жыныс мүшелердің биоценозын қалыптастыру.

Вагинит (кольпит) дегеніміз не?

Вагинит, кольпит (vaginitis,colpitis) – -қынаптың кілегей қабығының қабынуы,репродуктивті жастағы әйелдерде гинекологиялық аурулардың ішінде ең жиеі кездесетіні. Қынаптың кілегей қабығының қабынулары стафилококк, стрептококк, ішек таяқшасы, кандида саңырауқұлағы, трихомонадим және т.б мен туындайшақырылады.

Вагиниттің дамуы аналық бездің эндокриндік қызметінің төмендеуі,созылмалы қабыну процессі,эпителий жапқышының бүтіндігінің бұзылысымен көрінеді.

Вагиниттің клиникалық көрінісі мен диагностикасы қандай?

Негізгі симптомдардың бірі серозды-іріңді бөліністер, локальды дискомфорт, дызылдау, қышуну. Көбінесе жыныстық өмірдің мүмкін болмауы, ауырсынудың үдеуі және несеп шығару кезіңде дызылдауға шағымданады.

Негізнгі анамнезіне, науқастың шағымына, клиникалық көріністеріне, гинекологиялық және микробиологиялық зерттеулер: бактериоскопиялық, бактериологиялық, ПЦР-ге сүйеніп диагностикалайды.

Аурудың жедел сатысында ісік және кілегей қабықтың гиперемиясы, сірнеліерозды-іріңді бөліністер. Тиіп кеткенде сол жерде қансынау болат. Макулезды кольпитте (colpitis maculosa) кезіңде эпителийде ашық-қызыл тусті формалары әртүрлі дефект пайда болады, ал гранулезде (colpitis granulosa)- – қынаптың кілегей қабығының қабаты инфильтраттар анық көрінеді, беткей үстінде орналасады. Аурудың созылмалы сатысында ауырсыну байқалмайды, кілегей қабықта гиперемия болады. Қоздырғышты бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеулердің көмегімен анықтайды. Ең ақпаратты әдіс ПЦР, ДНҚ-гибридизациясы.

Кольпит кезінде қандай ем жүргізіледі?

Ликвидация негізі және патологиялық факторлардың дауында емнің нәтижесін алу.

Ем кешенді болу керек:

-қынаптың және вульваның санациясы

-арнайы антимикробты терапия

-бірге жүретін аурудың емі

-толық сауыққанша жыныстық қатынастан бас тарту, нормобиоценозды қалыптастыру

-партнерды тсерікті толық тексеру және емдеу

-гигиенаны сақтау

Вагиниттің этиологиясы әртүрлі (трихомонад, кандидоз, герпетикалық, баһактериялықальды, аралас), қоздырғышты анықтағаннан кейін ем жүргізіледі.

Жергілікті емге сыртқы жыныс мүшелерін және дезинфицирленген ерітіндімен қынапты санациялау (4% хлор гексидин ерітіндісі,мирамистина экспозициямен 3-5 мин). Жақсы қалыптасуда әсер алу үшін жергілікті натрий тетрабораты (бура глицерин), қынаптық суппозиторийвечей (повидон-йод, хлоргексидин және т.б.), деквалин хлориді (флуомизин), қынапқа таблетка метронидазол, жергілікті бутоконазол инстилляциясы. Қынаптың қышқыл ортасын сақтауда мына препараттар (свечи повидон-йод суппозиторийі) қынаптың микрофлорасын қалыптасуына жағдай жасайды. Қышу кезінде 5% анестезиялық және кортикостеродты маз қолданады. Кешенді терапияға десенсибилизирлік, антигистаминдік және седактивті препараттар қолданады.

Антисептиктерді қабылдағаннан кейін мүндетті түрде биоценозды қалыптастырады (эубиотикті пероральды тағайындайды, вагинорма-С таблеткасын интравагинальды жолмен енгізеді, лактагель қынаптың қышқысл ортасын қалпына келтіруде).

Жыныс мүшелерінің кандидозы кезінде қандай ем жүргізіледі?

Жыныс мүшелерінің кандидозында кешенді ем жүргізіледі:


-имидазолотық қатар-клотримазол (1%крем,свечи суппозиторий), канестен,

-миконазол-дактарин (суппозиторийвечи, шариктер)

-эконазол (гино-певарил)

-изоконазол (гипо-травоген)

-бутоконазол (гинофорт)

-сертоконазол (залаин)

Сонымен қатар, қҚұрама препараттарды жергілікті қабылдайды (полижинакс, тержинан, клион Д) және бейарнамалы[U16] заттар (натрий тетрабораты глицерин).Эубиотикті пероральды тағайындайды. Бір уақытта ішек кандидозында және жергілікті емді әсерінің болмауынан саңырауқұлаққа қарсы препараттарды ішке (нистатин, леворин, натамицин (пимафуцин), флуконазал) қарапайым терапиялық дозада тағайындайды.

Қынап кіреберісіндегі үлкен бездің қабынуының клиникалық көрінісі немен ерекшеленеді?

Қынап кіреберісіндегі үлкен безі (бартолинит) қбынуы стафилококк,ішек таяқшасы, гонококктармен туындайшақырылады. Тәуелсіз қоздырғыш процессінің түрі бездің өзегінен шығарылатын-каналикулиттің пайда болуы,без өзегінің сыртқы тесігі айналасынан шығарылатын қызыл түсті валикбіліктар анықтлады, өзекті басу кезінңде тамшылап іріңдер шығады, сондай-ақ бұларды микробиологиялық зерттеуге алады. Жие бір жақты бартолинит безінің зақымдануы кездеседі. Қабыну кезінде ісік бездің өзегін бітеп,іріңді бөленістерге кедергі келтіріп, өзекте кедергігі ұшырап керіледі басдайды киста түрінде (жалған ірің) пайда болады. Өзектің бітелуінде және бартолинит безінде іріңнің кідіруінде, ұлғаяды, кей жағдайда тауық жұмыртқасының көлеміне дейін жетеді және де қынап кіреберісін жауып тастайды.Субфебрильді тепература,жүріс кезінде ауырсыну және жалпы жағдайы қанағаттанарлық болады.

Қынап кіреберісіндегі үлкен бездің қабынуының емі немен қорытындылайды?

Каналикулиттің жедел сатысында антибактериальды (сезімталдығына байланысты) және қабынуға қарсы терапия,локальды гипотермия (мұз көпіршігімен) жүргізіледі.Жағдайы жақсарғаннан кейін терапияның 3-4 кунінен патологиялық ошақ аймағына УФ- сәулелік,УВЧ немесе микротолқынды сантиметрлік диапазон қолданылады.Псевдоабсцесстер операциямен жүргізіледі:бартилинит безінің өзегін ашады,кілегей қабығын айналдырып және вульваның кілегей қабығын астарлайды (марсупиализация).Операциядан кейінгі кезеңде магнитерапия тағайындайды және дезинфицирленген ерітіндімен жергілікті өңдейді.

Шынайы барталинит безінің іріні дегеніміз не?

Шынайы барталинит безінің іріні кезінде микробтардың енуінен қынап кіреберісінің улкен безінің паренхима тінінің айналасына іріңдер орналасады.Ініңнің өздігінен ашылу салдарынан ішінен сары-жасыл түрде ұйыған іріңдер шығады.Бұл кезде науқаста жалпы жағдайының төмендеуі,дене температурасының жоғарлауы,тез ауырсыну,әсіресе жүріс кезінде және кіші және улкен жыныс ернеулерінде аздаған ісіктер байқалады.


Шынайы барталинит безінің іріні кездіндегі клиникалық көрінісі қандай?

Науқастар жалпы әлсіздікке, ауырушандыққа, сыртқы жыныс мүшесі аймағында жағымсыз сезім және ауырсыну, көбіне жүріс кезінде шағымданады.Дене температурасының көтерілуі 38-39⁰С немесе одан да жоғары және қалтырау байқалады.

Бартолинит безі аймағында ісік және гиперемияны бақылайды:тексеріс кезінде ісікте тез ауырсыну болады. Іріңді алғаннан кейін науқастың жағдайы жақсарады:дене температурасы төмендейді, бартолинит безі аймағында ісінулер мен гиперемия азая бастайды. Егер де ем жеткіліксіз болған жағдайда және өзектің шығаратын жерінен қайтадан жабады – рецидивті бақырау және ретенционды кистаның қалыптаслуы, сонымен қатар сыртқы жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктер мен қатерлі ісіктеріде болуы мүмкін.

Бартолинит безінің іріні кезінде дәрігердің тактикасы қандай болады?

Шынайы бартолинит безінің (сурет 5.3-сурет) іріңіне кезінде антибактериялықальды, десенсибилизациялық және инфузионды тепария жүргізіледі, жедел жағдайда операциялық ем: іріңді ашып дренаж қойылады.Операциядан кейінгі кезеңде жара аймағын сәулелік түсіру және жартылай өткізгіштік инфрақызыл лазермен сонымен қатар, магниттік полем бірлестіріп терапиялық дозада жүргізіледі. Емнің курсы 5-6 процедураны құрайды. Жергілікті терапияға дезинфекцияланғаницирленген ерітіндімен өңдеу жатады.

Эндоцервициттің патогенезі мен этиологиясы қандай?

Эндоцервицит (endocervicitis) – -жатыр мойны каналының кілегей қабығаның қабынуы (сурет5.4-сурет). Жоғары жыны мүшелерінің аймағына қоздырғыштардың енуіне кедергі келтіретін,бірден бір барьер жатыр мойнында кездеседі.Кілегейде «кедергінің» болуы, секреторлық иммуноглобулин А болуы,лизоцим және басқада заттар,физикалық және химиялық қажеттіліктерге ие болуынан жатыр мойнының цервикальды каналының жіңішкеруіне мүмкіндік туғызады.


Анық факторлардың боуынан (босану және аборт кезінде жатыр мойны жарақаты,жатырды диагностикалық қыру кезінде) сыртқы механикалық және жыныс жолдары арқылы инфекцияның енуінен қабыну процессі дамиды.Қоздырғыштары хламидии,гонококктар,трихомонодтар,вирустар, саңырауқұлақ тұқымдастығы Candida, стафилококктар,ішек таяқшасы болуы мүмкін.Эндоцервицит жие басқада жыныс мүшелерінің қабыну ауруларымен араласуы мүмкін-сальпингоофорит,эндометрит және кондиломамен.

Сурет.5.3-сурет. Бартолинит безінің ірінңі сурет.5.4-сурет. Эндоцервицит

Эндоцервициттің клиникалық көрінісі мен диагностикасы қандай?

Жедел цервициттің клиникалық симптомы-көлемді кілегейлі және іріңді бөліністер,қышу,жие-іштің төменгі жағында ауырсынумен көрінеді.Жатыр мойнын айнамен қараған кезде гиперемия анықталады,ісік,жатыр мойнының ішкі аранында қай құйылулар көрінеді.Созылмалы сатысында бөністер аз болуы мүмкін.Созылмалы жатыр мойны цервицитінде ошақты гиперемиея анықталады.

Айнаның және кольпоскопияның көмегімен диагностикалап қарайды.Клиникалық белгілерін лабораториялық критерийлерді анықтауда,микроскопия,бөліністерді бактериологиялық зерттеу,цитологиялық зерттеу, қынаптың рН-метриясы,сонымен қатар арнайы диагностикалық әдістермен (иммуноферментті анализ және т.б.) анықтайды?

Эндоцервициттің емі қалай жүреді?

Эндоцервициттің емі комплексті және этиотропты ем ғана емес, сонымен қатар факторлардвң орналасуына қарай ликвидациялық (нейроэндокрин,алмасу және басқа функциялардың бұзылысы, бірге жүретін аурулардың емі),қынаптың қалыпты биоценозы, иммунотерапия кіреді.

Эндоцервицит терапиясына қабылдауына антибактериальды,трихомонадқа қарсы,саңырауқұлақтарға қарсы,вирусқа қарсы,хламидияға қарсы және басқа микробиологиялық заттар және арнайы зерттеу әдістері де кіреді.

Созылмалы сатысына физиотерапиялық процедураны тағайындайды(электрофорез цинка эндоцервикальды).Цервицит кезінде жатыр мойны жыртылысынан кейін қабынуға қарсы емнен кейін пластиқалық операция көрсеткіш болып табылады (жатыр мойнына радиотолқынды конизациясы).

Әйел жыныс мушелерінің қабыну ауруларының жоғарғы бөлігі.

Эндометрит дегеніміз не?

Эндометрит(endometritis)- гонококк,стафилакокк,стрептококк,ішек таяқшасы,хламидиялармен шақырылатын жатырдың кілегей қабығының қабынуы.Қабынулар жатырдың функциональды және базальда қабаттарының кілегей қабығында орналасады.

Эндомиометрит дегеніміз не?

Эндомиометриттің қабыну процессі іргелес жатқан жатырдың эндометрий бұлшық ет қабатында болады.

Жедел эндометриттің қандай этиологиясы бар?

Эндометриттің этиологиясы келесілерге тәуілді:

-гонориялық

-туберкулездық

-актиномикотикалық

-бейарнамалы

-аралас

Эндометриттің клиникалық симптомы қандай?

Эндометрит негізінен көбіне босанған кейін пайда болады (көп көлемді қан жоғалтудан,қынаптың дисбиотикалық жағдайы,жүктілік кезіңде анемия және созылмалы ошақты инфекция),аборттар және диагностикалық қырулар жатады.Қан,ұрық жұмыртқасының қалдығы және децидуальды тінде микрофлораладың өсуі.Бұз кезде дене температурасының жоғарлауы,тахикардия,қалтырау, кілегейлі-іріңді сасық иіс және жыныс жолдарынан сарысулық бөліністер болады.Кейде қабыну процесстері эндометрийдің бұлшық ет қатабының қан-тамырларында және лимфа капиллярларында орналасады.

Оофорит дегеніміз не?

Оофорит (oophoritis)-аналық бездің қабыну ауруы.Анылық безінің жеңілуі,аралас қабану процесстері мен (құрт тәрізді өсінді) жүрет.Көп жағдайда жатыр түтікшесінің жеңілуіменде кездеседі.Оофориттің жие асқынуы кездеседі-пиовар операциялық емді талап етеді.

Сальпингоофорит дегенеміз не?

Сальпингоофорит (salpingoophoritis)-жатыр қосалқыларының қабынуы аурулары.Қынаптан өрлемелі жолмен инфекция дамып,жатыр қуысына,жие болатын босану асқынулар мен аборттар жатады.Эндометрийдің жедел қабынуын қалыптастырады.

Қабыну процессі қарапайым жатыр түтігінің кілегей қабатынан басталады, сосың бұлшық ет және серозды қабыққа (эндосальпингит,перисальпингит) болады.

Қабыну процессінің нәтижесінде экссудаттар жатыр түтігінің саңылауында шоғырланады,содан кейін іш қуысына абдоминальды бөлігіне барады,сирек жағдайда жабысқақ процесстер шақырады.Жатыр түтікшесінің өткізбеуі қапшық тәрізді қабынулар(гидросальпинкс,пиосальпинкс)салдарынан болады.

Сальпингоофориттің клиникалық симптомы қандай?

Жедел сальпингоофориттің клиникалық көрінісітері іштің төменгі жағында ауырсыну,дене температурасының жоғарлауы,жалпы жағдайының төмендеуі,дизуритикалық және диспепсиялық бұзылтардың пайда болуы.Аурудың бірінші күннен пальпация кезінде іштің ауырсынуы көрінеді.Гинекологиялық тексеруде аурудың күшеюі,қосалқылардың контурын анықтауда айқын жетіспеушіліктер (айқындылық,перифокальды инфильтрация):қосалқылардың үлкеюі мен көрінеді.Қанның клинакалық анализі-лейкоцит формуласының солға ығысуы,ЭТЖ жоғарлауы;протеинограммада глобулин фракциясын деңдейді,қанда С-реактивті белок деңгейінің жоғарлауы.

Интоксикация кезінде қан-тамырларда және нерв жүйесінде өзгерістер болуы мүмкін.

Ішкі жыныс мүшелерінің қабыну аурулары кезіңде қандай диагностикалық әдістер жүргізіледі?

Жедел эндометрит және сальпингоофориті диагностикалау негізі қазіргі анамнезін дұрыс жинау,шағымына және объективті тексеру нәтижелеріне қарау.

Қазіргі гинекологиялық тексерулер;эндометрит кезінде-жатырдың улкеюі,пальпация кезінде ауырсыну,цервикальды каналдан патологиялық бөліністердің болуы;ал сальпингоофорит кезіңде-үлкею,жатыр қосалқыларының ауырсынуы, қазіргі лабораториялық зерттеулер (қанның клиникалық анализі-лейкоцитоз,лейкоцит формуласының солға ығысуы,ЭТЖ-ның жоғарлауы) осылардың барлығы дұрыс диагноз қоюға көмектеседі.

Бактериоскопиялық,бактериологиялық зерттеулер микрофлораны анықтауға көмектеседі.Бактериологиялық зерттеуді микробқа қарсы терапиядан бастап міндетті түрде антибиотикограмдымен бірге жүргізеді ары қарай емнің әсері болу үшін.УДЗ-да жамбас мүшелерінің анатомиясының өзгерісі мен улкеюі,кіші жамбаста сұйықтың анықталуы,диагностикалық асқынулар (гидросальпинкс,пиосальпинкс,тубоовариальды қапшық) болуымен көрінеді,

Гинекологиялық тәжірибеде лапароскопиялық енгізуде диагностикалық мүмкіншілігі зор.Бұл бірден бір максимальды тез және нақты диагностикалайды,сонымен қатар ошақ болған жерден микробактериологиялық зерттеуге материал алуға,манупуляциялық емді орындауға мүмкіндік береді.

Жедел сальпингоофоритті қандай аурумен дифференциальды диагностика жүргізеді?

Жедел сальпингоофоритті дифференциальды диагностика жүргізу керек жатырдан тыс жүктілікпен,жедел аппедицитпен, (табл 5.1)аналық бездің апоплексиеясы,аналық без аяқшаларының ісінуі кезінде жүргізіледі.Кей жағдайда дифференциальды диагностиканы жедел жатыр қосалқыларының қабынуы және аяқшалардығы киста немесе аяқшаларындағы ісіктермен жүргізу қиындық тудырады.Соңғы айтылғандар бойынша аяқ астынан аурудың басталуы,анамнезінде жатыр қосалқыларының қабыну ауруларының болмауы,қосалқыларында ісік түрінде көріністердің болуы және аурудың басқа аурулармен араласуы мүмкін.Параметральды инфильтратты қабынуда сальпингоофорит консистенциясы тығыз болып келеді;жамбас қабырғасына өтеді,инфильтратты кілегей қабығы жылжымайды.

Таблица 5.1-кесте. Жатыр қосалқылары мен аппендициттің дифференциальды-ажыратпалы диагностикалық критериийі (И.И Яковлеву, И.М. Старовойтов)

 

 

Бергілері Сальпингоофорит Аппендицит
Аурудың басталуы Қарапайым, Жәй, дерттілік, ақ бөліністер Ауру тез оң жақ мықын аймағына берілет,жүрек айну,құсу
Қанның клиникалық анализі Аздаған лейкоциттер,формуланың солға ығысуы,ЭТЖ-ның жоғарлауы Лейкоцитоз аурулық бірінші сағаттарында байқалады,оныңтез өсуі,лейкоцит формуласының солға ығысады
Қазіргі қынаптық зерттеу Ауырсыну,жатыр қосалқыларының,жатырды ығысқан уақытта тез ауырсыну Жатыр және қосалқылары кезінде аыурсынудың болмауы,мойын тракциясы ауырсынусыз
Симптом Ровзинга,Щеткин-Блюмберга,Ситковский, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне күштің түсуі Болмайды немесе тез білдіртпейді,алдыңғы іш қабырғасының бұлшық етінің локальды күш түсуі бір жерде болуы мүмкін Барлық симптомдар анықталады
Промптова симптомы (локальды ауырсыну ректальды зерттеуде анықталады) Жатыр артына терең енгізгенде сезімталдықтың болмауы,жатырды көтерген кезде қатты ауырсыну Жатыр артына терң енгізгенде ауырсыну,жатырды көтерген кезде ауырсыну болмайды
Ары қарай бақылауда жағдайының өзгерісі Белгіліер жаймен анықталса қабынуға қарсы ем бастайды Барлық белгілер ауруда болады,жалпы жағдайы нашарлайт,перитонитке қарай үдейді

 

Ішкі жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының емдеу әдісі

Жедел эндометрит және жедел сальпингоофориттің емі стационарлық жағдайда жүргізіледі.

Жедел процесстердің емі негізінен басталады микропқа қарсы терапияды.Тәжірибеде бірде бір антибиотик қабынуға қарсы барлық қоздырғыштарға белсенді емес,бұларды негізінен құрама препараттармен бірге қабылдайды негізгі қоздырғыштың спектрін жабуға.

Жедел эндометрит және сальпингоофорит кезінде антибактериальды терапия және локальды гипотермия (іштің төменгі жағына мұз басу) тағайындайды.

Комплексті терапияға қабынуға қарсы(НПВС), десенсибилизирлеуші, инфузионды,седактивті терапия кіреді;заттарды тағайындайды қан тамыр қабырғаларын бекітеді,қабыну процессінде міндетті түрде физиотерапияны тағайындайды,профилактиканың мақсаты кіші жамбастағы асқынулар мен жабысқақ процесстерді төмендетеді.

Истоксикация кезінде инфузионды терапияны (глюкозаның 5% ерітіндісін парентеральды енгізу,белокты препараттар,,жалпы сұйықтықтың мөлшері-2,5 л) тағайындайды.

Жатыр қуысында ұрық жұмыртқасының қалдығы,децидуальды және плацентарлық тін,көлемді қан ұйындылары қалып қойған жағдайда жатыр қуыснан(гистероскопия,вакуум-аспирация) қырып алады.

Адекватты Дұрыс жағдайджа жедел процесстердің емі 8-10 күунде аяқталады.

Кіші жамбастың мүшелерінің жедел қабынуында қандай асқынулар болады?

Әрбір төртінші әйелде кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларының асқынуы дамиды.

-параметрит

-панметрит

-пиосальпинкс,пиовар,тубоовариль

-пельвиоперитонит

-перитонит

Параметрит дегеніміз не?

Параметрит (parametritis) – -жатыр маңындағы клеткалардың қабынуы.Көп жағдайда жатырдағы (патологиялық босану, аборт, гинекологиялық операциялардың) араласуынан болады. Патогенді немесе шартты патогенді флорада параметрит жатыр травматизациясында сирек-лимфогенді және гематогенді жолмен инфекция ошақтары (аднексит, эндоцервицит,вагинит) орналасады. Параметритке инфекция енгеннен кейін диффузды инфильтратты қабыну болады, іріңдеп кетуіне (заманауи терапияның денгейіне байланысты бұндай жағдай сирек кездеседі) созылмалы ағынға әкеледі. Инфильтраттар алдымен орналасу аймақтарын анықтап алады; Жатыр мойынның алдыңғы бөлігінен қуықтың латеральды жиегінен иіштің алдыңғы қабырғасы;жатыр мойнының алдыңғы қапталдық бөлігінен-шап байламы және іштің қаптал бөлігі; жатыр мойнының артқы қаптал бөлігі-жамбас қабырғасы;жатыр мойнының артқы бөлігі-тік ішек;

Параметриттің клиникалық көрінісі және диагностикасы қандай?

Аурыдың бірден бір негізгі симптомы-тұрақты дене температурасының жоғарлауы.Басында науқасытың жалпы жағдайы өзгеріссіз,одан кейін интоксикация белгілері -басының ауруы,әлсіздік,адиномия пайда болады. Іштің төменгі жағында ауырсыну белгілері,тік ішектегі қысым сезімін сезіну,дизурияның және акта дефекацияның қиындықпен шығуы болады.

Бимануальды тексеруде қынаптың артқы немесе қаптал күмбезі жұмсақ болып келеді.Жатыр толығымен контурленбеген. Жатыр қапталынан инфильтарттар анықталады,басында-жұмсақ,соңына қарай-консистенцтясы тығыз болып келеді.Іш қуысының тітіркену белгілері теріс мәнді.Іштің пальпациясы кезінде аздаған ауырсыну немесе ауырсыну болмайды.

Параметритке дифференциальды-ажыратпалы диагностика жасағанда маңыздысы зақымдалған аймақтағы жоғарғы алдыңғы мықын осьініңде перкуторлы тон болады.Асқынулар болады уақытында жасалмаған диагностика салдарынан және іріңді инфильтраттың дамиды-іш қуысына,тік ішекке қуыққа іріңнің жиналуы болады.

Параметриттің емі қандай?

Кең спектрлі антибиотиктерді тағайындаудан емді бастайды,сонымен қатар фторхинолон қатарындағы препараттарды (ципрофлоксацин) және метронидазолом мен 7-10 кун емдейді.Әйел қатан төсектік режимде жатады,іштің төмегі бөлігіне мұз қойылады, инфузионды, десенбилизацияланаған,дезонтикациялық терапиялар жүргізіледі.Қынаптың артқы күмебін ашу арқылы несеме алдыңғы іш қабырғасына дренаж қою арқылы іріңді шығараыды. Процессті сақтауда преднизолонды күнделікті 20мг дозадан 10 кунге келесі НПВС-ға өтуге,іштің төменгі бөлігінің УДЗ-сы, индометацинмен ректальды свечи,микроклизм және ацетилсалицил қышқылы жүргізіледі.Ауру ұзақ мерзімнен кейін қайта дамыса.4-6 айдан кейін старионарлық-курортқа емдеуде ректальды тампон,гинекологиялық массаж жүргізіледі.

Пельвиоперитонит дегеніміз не?

Пельвиоперитонит-бұл кіші жамбас астауының қабынуы.

Пельвиоперитониттің клиникалық көрінісі қандай?

Пельвиоперитониттің клиникалық көріністері интоксикациялық симптомдарымен;жүрек айну,құсу,әлсіздік, дене температурасының жоғарлауымен көрінеді.Іштің төменгі жағында интенсивті ауырсыну,іштің кебуі және ішек перистальтикасы әлсіз(дифференциальды диагностикаға басты белгі),ішектің тіріркену белгілері оң мәнді болып келеді.







Date: 2016-06-06; view: 911; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.027 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию