Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Психодиагностиканың революцияға дейінгі дамуы
Революцияға дейінгі Ресейде және Кеңес дәуіріндегі психодиагностика. Ресейде психодиагностиканың даму тарихы. 19 ғасырдың екінші жартысында отандық психодиагностиканың дамуындағы ерекшелік экспериментальды әдістердің енгізілуімен байланысты. Ол жоғары нерв жүйесінің физиологиясынан басталды Осы бағыттың бастамасында ғылымның екі атасы И.М.Сеченов (1829-1905) және И.П.Павлов еңбектері. Психодиагностикалық процедуралардың әр түрлі ғылыми мектептерде өңделуі (контент-талдау, проективті әдістер, психологиялық тест). Ақыл-ой тестерінің тарихы. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулердің белсенді дамуы. А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин еңбектері. Л.С.Выготскийдің психологиялық-педагогикалық диагностикаға қосқан үлесі. 1967 жылы Берлинде өткізілген халықаралық конферениядан кейін неформалдық тесттер дами бастады. Осы кезде педогогикалық әдебиетте педогогикалық диагностика деген термин пайда болды. Бұл ұғымды 1968 жылы К.Ингенкамп деген неміс педагог ұсынған еді (бір ғылыми проект барысында медициналық диагностикалық аналогиясы бойынша) Бұл кездейсоқ емес. 1970 жылы неміс тілінде сөйлейтіндердің барлығында 122 тест пен анкета болды. Анкеталар оқу үлгерімін, балалардың мектепке дайындығын, ақыл қабілетін, мамандық алуға жарамдылығын, шоғырлану қабілеттілігін анықтады. Бұл тесттер жоғарыда аталған салаларда, эксперименттік мектептерде қолданылды. Екінші сатыдағы мектептерде, гимназияларда тесттер өте сирек қолданылды. Сонымен қатар объективтік әдістер оқыту процесін зерттеу жұмысында өте сәтті қолданылды.1980 ж. Мектептерге арналған тест пен анкеталардың саны 222 көтерілді, бірақ қолдану жиілігі төмен түсіп кетті. Өйткені тест жүйесі сынға алынды және бастауыш мектептерде балалар саны азайып кетті. 1970 жылдарында жалпы мектептерде ориентациялық сатыларда әдіс ретінде диагностикалық анкеталар қолданылды. Бірақ олар кең өріс алалмады. Отандық педагогикалық әдебиетте “педагогикалық диагностика” ұғымын А.С.Белкин (1970), А.И.Кочетов(1981), Н.К.Голубев(1988), В.П.Беспалько(1989), Б.П.Битинас пен Л.И.Катаева(1993), В.Г.Максимов (1993) және т.б. зерттеген. Соңғы жылдары әртүрлі мамандықтардың мұғалімдерінің диагностикалық іс- әрекетінің ерекшеліктеріне арналған, мектептегі информациялық - диагностикалық орталықтарға мұғалімдерді кәсіби- диагностикалық әрекеттеріне оқу - тәрбиелік процестің диагностикасымен болжамдарына арналған теоретикалық және әдістемелік жұмыстар пайда болған. Бүгінгі таңда негізгі бағыттар болып басқару диагностикасы мен өзіндік диагностика есептелінеді. Педагогиканың теоретикалық функциясын сипаттау барысында В.А. Сластенин екінші деңгейін анықтады диагностикалық (1997), И.П.Подласый “Педагогика” оқулығында студенттерге даму, оқыту, тәрбие алу диагностика туралы оқу материалын ұсынған.(2000ж). Педагогикалық диагностика жаңа бағыт ретінде тиянақты зерттеуді талап етеді. Қазіргі кезеңдегі оның барысын, маңызын, мазмұнын, әдістерін, ерекшеліктерін және жағдайларын анықтау негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі педагогикалық диагностиканың мақсаттарымен қатар нағыз дидактикалық, мектептегі оқу тәрбие процесінің оптимизациясына бағытталған, педагогикалық кадрларды дайындау процесін және кәсіби куәліктерін беру процесін реттеуіне арналған мақсаттар анықталған. Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс жыл көлемінде өркен жайып, дами бастағаны белгілі.
Date: 2016-05-24; view: 3301; Нарушение авторских прав |