Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Есті зерттеу әдістемесі





Жалпы психологияда және қолданбалы психология саласында ойша есті зерттеудің көптеген арнайы әдістемелері бар. Патопсихологияда есті зерттеудің маңызы зор, себебі құрылымы бойынша әртүрлі ес ауытқушылықтары көптеген психикалық ауруларда кездеседі, әсіресе бас ми қабыршығының органикалық жақымдануымен байланысты ауруларда көп болады. Ес ауытқушылығындағы ерекшеліктер диагноз жүргізушіге ауруға сипаттама беруде ғана емес, сонымен қатар оның нозологиялық тиістілігін, патологиялық процесс ағымы кезеңі туралы да ұйғарым айтуына көмектеседі.

Бұл әдістемелердің көмегімен алынған нәтижелер тек қана ес қызметі жағдайын анықтауға көмектесіп қана қоймайды. Еске жүргізілген сынақтарда аса белсенділік күйі, психикалық процестердің әлсіздігі құбылысы байқалады. Мнестикалық қызметтерді жүзеге асыру сондай-ақ ойлау процесі ағымына да байланысты болады. Ойлау әсіресе жанама есте сақтауды зерттеу әдістемесінде ерекше орын алады.

Есте сақтау қызметіне ауру адамның аффективті-ерікті аймағының жайы біршама әсер етеді.

Алайда, жоғарыда айтылғандарға қарамастан, осы тарауда айтылатын аса басым әдістемелерді орнықтыру – бұл есті зерттеу болып табылады. Есті зерттеудің бір кездері ұсынылған көптеген әдістерінің ішінен, тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылғыларды талап етпейтін, сонымен бір мезетте диагноз жүргізушеге ауру адамда кездесетін мнестикалық ауытқушылықтар сипаты туралы толық ашып айтуға мүмкіндік беретін, орындалуы бойынша аса қарапайым тәсілдері таңдалып алынды.

37.Көру және есту қабілеті арқылы есте сақтауға жүргізілетін тест. Әдістеме екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде 2 сурет топтамасы көмегімен көру арқылы есте сақтау қабілеті зерттеледі. Әрбір топтама – 30 суреттен тұрады, олардың әрқайсысында белгілі бір заттардың суреттері салынған. Суреттерді 2 секунд аралығымен бірінен кейін екіншісін көрсетеді. Екеуін түйреуішпен біріктіріп, аудармалы күнтізбе үлгісінде қосып қою ең тиімді болады.

Бірінші топтамада: құмыра, есек, кілт, көлік, қоңырау, үстел, шие, етік, шанышқы, балық, бөшке, бас, асхана, раушан, паровоз, орындық, ту, әтеш, қайшы, қолшатыр, сауыт, сиыр, кереует, аққу, сағат, шал, көзілдірік, шам, аяқ, күйсандық сөздері беріледі.

Екінші топтамада: бақалшақ, төсек, құбыр, алмұрт, сыпыртқы, ешкі, гүл шоғы, трамвай, ара, үстел, бала, балға, бөтелке, ат арба, тарақ, зеңбірік, ағаш, алма, кітап, қалпақ, үй, ит, орындық, есік, тостаған, өзен, пеш, скрипка, темекі сауыт, ат сөздері беріледі.

Бірінші топтама суреттерін көрсеткеннен кейін 10 секунд үзіліс жасайды, содан кейін тексеруден өтушінің неше затты есте сақтағандығы тексеріледі. Нұсқаулықта тексеруден өтушінің заттарды кез келген ретпен айта беруге болатындығы айтылған. Аталған заттары тіркеледі, себебі қайталап айтулар болуы мүмкін және де тапсырмада айтылған заттар қайталанып кетуі мүмкін. Екі топтамаға да жататын суреттерді мүмкіндігінше бір күннің ішінде көрсетпеген жөн. Бұдан басқа көру арқылы есте сақтау қабілетіне зерттеу жұмыстары жүргізілген күні тексеруден өтушіге сөздер топтамасын есте сақтау туралы тапсырма берілмеуі керек.

Нәтижелерде біршама өзгешеліктер байқалған жағдайда және бұл факторда қоршаған ортаның алатын мүмкін ролін жоққа шығаруда мнестикалық қызметінің құбылмалылығы, назар аударуының әлсіздігі туралы ойлау қажет.


Осындай негізде есту арқылы есте сақтау қабілетіне арнайы дайындалған 2 сөздер топтамасы көмегімен, аралары 2 секунд инвервалмен айтылатын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Бірінші топтамада: қатырма қағаз, апта, вагон, күйсандық, қарға, қоңырау, карта, ара, ұнтақ, қауырсын, аңшы, көмір, тиын, жігіт, терек, алмұрт, дастархан, сорпа, жадағай, мысық, пышақ, сорғыш, сірке суы, гүл, еңбек, аспан, сіріңке, сия сөздері беріледі.

Екінші топтамада: кесте, диқаншы, сом, бәтеңке, домна пеш, төбешік, көзілдірік, су, қой, қару, бұлт, карандаш, самокат, ешкі, жылан, өрік, кушетка, бақа, тығын, арба, мұрын, жаға, салон, қонақүй, бөгелек, сабын, таба, құс, салат, қорған сөздері беріледі.

Алынған нәтижелер пайызбен өлшенуі мүмкін. Сонымен, тапсырманы орындаудың табыстылығы ересек адамдарда 18-20 көру бейнесін және 20-22 сөз айтуы 100% құрайды, ал 80% - 15-16 көру бейнесі немесе сөз, ал 60%- 14 көру бейнесі және 13-14 сөз, ал 40% - 2-13 көру бйнесі және 13 сөз, ал 20% - 11-12 көру бейнесі және 9-11 сөзді құрайды.

Сипатталған әдістеме алынған қатар мүшелерін анықтау әдістеріне жатады. Диагноз жүргізушіге жатталатын материалдың көлемі мен сипатына байланысты қызметінде мнестикалық қызметті зерттеуге мүмкіндік беретін жаттап алу әдісі аса тиімді болуы мүмкін. Бұл ретте белсенді жаттау процесі серпініне толық сипатта алуға болады, белгілі бір уақыт аралығында жаттауды тексеру ұмытуды сипаттайды. Қандай сөздерді жаттау оңай болатындығын бақылауға болады, ол олардың қай қатарда орналасқандығына байланысты ма немесе тексеруден өтушінің өмірінде оның жиі қолданылуына байланыстылығына, оның кәсіби қызығушылығына, есте сақтауда ассоциативті процестердің болуымен мүмкін болады. Осындай мақсатпен әдетте есте сақтауға сынақ жасалады.

Есте сақтауға жасалатын сынақ.

Жасанды (мағыналы емес) дыбыс тіркесін есте сақтауға жасалатын сынақ. Зерттелушіге 10 күрделі дыбыс тіркесін («ролам, «вакар», «сига» және т.б.) оқиды және есінде сақтап қалғандарын қайталауы сұралады, қандай ретпен айтуы маңызды емес. Содан кейін зерттеуші осы дыбыс тіркестерін қайтадан оқып шығады. Дені сау зерттелушілер оларды 5-7 рет қайталап оқығаннан кейін толықтай қайталап айтып береді.


10 сөзді есте сақтауға жасалатын сынақ. Бұл ретте зерттелушіге 10 күрделі дыбыс тіркесін оқып береді. Жатталатын сөздерді олардың арасында қандай да бір мағыналық байланыс болмайтындай етіп таңдау қажет. Егер де мұның алдын алмаса, зерттелуші мнемотехникалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып тапсырманы өзіне жеңілдетіп алады.

Әдетте дені сау зерттелушілер 10 сөзді 3-4 рет қайталап айтқаннан кейін дұрыс айтып бере алады (кейде, жаттығушы есте – 2 қайталаудан кейін сақтайды). 20-30 минут өткеннен кейін зерттелушіден есінде қалған сөздерді қайталап айтып беруі сұралады. Есте сақтау қабілетінің әлсіз болуы клиникалық тұрғыда анықталған жағдайда бұл біршама ерте, 10-15 минут өткеннен кейін жасалады. Бұл уақыт аралығында сөздік материалды жаттаумен байланысты тапсырмаларды орындамаған жөн. Оның орнына Шульте кестелерімен зерттеу жұмыстарын, түзетуші сынақтар және т.б. жүргізген дұрыс.

Тәжірибе хаттамасында ауру адамның айтқан (дұрыс және қате) сөздері жазылады. Зерттелушінің «талаптану деңгейімен» байланысты есте сақтау қабілетіне жасалатын сынақ нәтижелерін салыстыруға қызығушылық туады (А.Р. Лурия, 1962). «Талаптану деңгейі» ауру адамның өткен тәжірибелеріндегі өзінің мүмкіндіктеріне, нәтижесіне баға беруіне байланысты болады. Осы мақсатта зерттелушіден әрбір келесі қайталау алдында оның неше сөзді есте сақтауға ұмтылыс жасайтындығы сұралады. «Талаптану деңгейін» нақты нәтижелермен салыстыру ауру адамның өзінің жағдайына баға беруіне кей жағдайда мүмкіндік жасайды. Осылайша, бас ми қабатының органикалық жақымдануы кезінде, яғни ауру адамның өзінің жай-күйіне деген жөнді көзқарасы бұзылуында «талаптану деңгейі» қол жеткізген нәтижелерден біршама жоғары болады.

Есте сақтау қабілетіне жасалған сынақ нәтижелері графикалық тұрғыда көрсетілуі мүмкін. Қисық есте сақтау кезінде жаттау ерекшеліктеріне талдау жасау ыңғайлы болады. Мнетикалық қызметінің әлсіреуі кезінде қисық есте сақтау ирек тәріздес сипатқа ие болады.


Есте сақтау қабілетіне жасалған сынақ зейін аумағының тарылуын анықтайды. Бұл жағдайларда зерттелуші келесі қайталауда жаңа сөздерді атай отырып, алтыңғы кезеңде айтылған сөздерді қайталап айтпайды. Сонымен қатар келесі әрбір қайталаудан кейінгі нәтижелерінің жиынтығы аса ерекшеленбейді.

Ассоциативті еске жасалған сынақ. Зерттелушіге біркелкі біртекті он жұп сөз оқып береді, олардың арасындағы мағыналық байланыс жеңіл орнатылады. Мысалы: өзен – теңіз, алма – алмұрт және т.б.

Зерттеу жүргізуші бұл сөздерді жұптар арасында тоқтала отырып нақтылап оқиды. Осыдан кейін олар әрбір жұптың бірінші сөздерін айтады, ал зерттелуші болса екінші сөздерін айтуы керек. Әдетте дені сау зерттелушілер тапсырманы екі қайталаудан кейін, ал кей жағдайда бірден бірінші рет оқығаннан кейін орындайды. Ассоциативті еске жасалған сынақ жанама есте сақтау қабілетіне зерттеу жасаудың бір нұсқасы болып табылады. Бұл әдістеменің көптеген нұсқалары бар. Жеке алып қарағанда, олардың бірі Векслер ес шкаласы құрамына кіреді. Ассоциативтік қарым-қатынастың сипатындағы мүмкін болатын өзгешелікті ескере отырып және де бұл ерекшеліктің есте сақтау қабілетіне қалай әсер ететіндігін байқау мақсатында Ю. А. Машек (1973) келесідей модификацияны ұсынды. Зерттелушіге есте сақтауға мағыналық байланысы жағынан белгілі бір қағидамен құрылған 10 жұптық ассоциациялар тобы ұсынылады. Бұл түсініктердің ара-қатынасы әртүрлі болады. Олар бір-біріне кереғар түсініктер (оңтүстік – солтүстік, жақсы көру – жек көру), түрлі көлем түсініктері (төбешік – тау, қорқыныш – үрей), кең орын және сыйымдылық (құмыра – су, шкаф – киім), себеп және салдары (шаншу – ауыру), бөлек және біртұтас (сөз – фраза, дән – масақ) еңбек нысаны және құралы (жер – күрек), дерексіз және нақты түсініктер (өнер – сурет). Осыдан кейін ой-пікір құратын (бүркіт – құс), қалыпты сөз тіркестерін (нүкте – сызықша), күрделі сөз тіркестерін (тауық – портсигар) құратын сөз жұптары ұсынылды. Әрбір сөз тобын есте сақтау қабілетіне тексеру жасалғаннан кейін 2 минуттық, ал бес сөз тобын ұсынылған кейін 30 минуттық үзіліс жасалады. Белгілі бір ауру адамнан алынған нәтижелерді салыстыруда есте сақтау қабілетіне жасалған сынақ жұмыстарын зерттеу механикалық және логикалық (мағыналық) есі қаншалықты сақталғандығы туралы тұжырым жасауға, тікелей және жанама ес қабілеті көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Жанама есте сақтау қабілеті. Бұл әдістемені А.Н. Леонтьев (1928) ойша және жанама есте сақтау қабілетін зерттеу үшін ойлап тапты. Зерттеу нәтижелері есте сақтау қабілетінің жағдайын ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілетінің ерекшелігін көрсетеді.

Зерттеу жұмыстары алдын ала дайындалу қажет. Зерттелушіге 10-15 сөз оқып береді де, оларды есте сақтау үшін әрбір сөзге мағынасы жағынан біршама сәйкес келетін суретті таңдауы ұсынылады. Үстел үстінде жанама есте сақтау қабілеті мүмкіндіктерін қарастырған суреттер салынған 20-30 карточкалар қойылады. Бұл суреттер есте сақталатын сөздерге тікелей иллюстрация болмауы қажет. Зерттелуші сөз бен сурет арасындағы мағыналық байланысты орнықтыруы қажет, мысалы, «теңіз» сөзіне – кеме, «жаңбыр» - қолшатыр және т.б. Қажетті суретті таңдаған әрбір сәтте зерттелуші өз шешіміне дәлел келтіру керек. Осыдан кейін таңдалып алынған суреттердің зерттелушіге тәжірибе басында айтылған сөздерді айтуға қаншалықты көметесетіндігі тексеріледі, осылайша оның логикалық есі туралы тұжырымға келеді.

Бұл әдістеме белгілі бір дәрежеде зерттелушінің зияткерлік деңгейін анықтауға көмектеседі, ал ақыл-есі кемтар ауру адамдарға жанама есте сақтау қабілеті қолжетімсіз болады.

Белгілі бір деңгейде нәтижелері бойынша зерттелушінің ассоциация сипаты туралы олар қаншалықты адекватты, бейнеленген сурет берілген сөзге қаншалықты сәйкес келетінлігін анықтау арқылы ой қалыптастыруға болады. Алайда бұл әдістеме көмегімен ассоциативтік процесті зерттеу мүмкіндіктері шектеулі болады, зерттеу жұмыстары басталғанға дейін берілген қосымша суреттермен алдын ала анықталады.

38.Векслер шкаласы көмегімен есте сақтау қабілетіне психометрикалық зерттеу. Есте сақтау қабілетін зерттеуге бағытталған барлық әдістемелер оның көмегімен алынған нәтижелерді сандық жағынан анықтаумен сипатталады. Осының арқасында эксперименттен алынған мнестикалық қызмет «өлшемі» мәліметтері психикалық ауытқушылық деңгейіне сипаттама беруде, сонымен қатар ағымдағы патологиялық процесс ықпалымен әлде жүргізіліп отырған емге байланысты жай-күйі серпінін анықтауда пайдаланылуы мүмкін. Алайда жоғарыда аталып кеткен әдіс-тәсілдердің барлығының да мақсаты ес қызметінің қандай да бір жағын зерттеу болып табылады. Олардың көмегімен алынған нәтижелерді салыстыру қиынға соғады. Сондықтан да патопсихологқа Векслер (Wechsler Memory Test, 1964) ес шкаласы қызығушылық туғызады.

Векслердің ес шкаласы әдістемелер топтамасынан құралады. Олардың көмегімен алынған нәтижелер жинақталып, сонымен қоса жас ерекшелігіне байланысты түзетулер ескеріледі. Зерттеуші еске эксперименттен алынған мәліметтер бойынша ғана емес, сонымен қатар сандық көрсеткіштер көмегімен, шашылғандығымен, бөлек тапсырмаларды қандай да бір орташа шамада орындау нәтижелеріне бас тарту арқылы да баға беруге мүмкіндік алады. Патопсихологияда психометрикалық әдіс-тәсілдерді қолданудың пікір-талас тудыруына қарамастан ес шкаласында зердені зерттеуге арналған көптеген психометрикалық тесттерге тән аса күрделі ақау болмайды, онда зерттеуші ақпараттық тұрғыда салыстырмалы түрде біртекті мәліметке кезігеді. Ес шкаласы көмегімен алынатын сандық көрсеткіштерінің салыстырмалы мәнін ескере отырып, клиникалық тұрғыда нақты белгіленген мнестикалық дағдару деңгейі әртүрлі психикалық аурулар тобындағы зерттеу нәтижелерін жинақтау патопсихологті орташа бағдарланған көрсеткіштермен қамтамасыз етеді.

Векслер ес шкаласы 7 әдістеме-субтесттен құралады. Олар бойынша зерттеу жұмыстары бір қабылдауда жүргізіледі және де арнайы баспабетте тіркеледі.

І субтест зерттелушінің жеке және қоғамдық деректерді білуіне тексеру жүргізуге негізделеді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Бұл субтестте зерттелуші көптегенде 6 балл жинауы мүмкін.

ІІ субтест – бағыттаманы анықтау. Зерттелушінің ағымдағы жылды, айды, күнді және оның қазіргі сәтте қай қалада екенін білуін тексереді. Жауаптарына берілетін баға алдыңғы субтесттегідей болады. Ең жоғары нәтиже – 5 балл.

ІІІ субтест – психикалық бақылау үш тапсырмадан тұрады. Біріншісі – 20-дан бастап кері ретте санап шығу. Екіншісі – әліппені есте сақтауы бойынша А-дан бастап Я-ға дейін айтып беру. Үшінші тапсырма – 1 ден бастап 40-а дейін 3 бірлік тастап кете отырып айтып шығу. Бұл субтестте зерттеуші зерттелушіге көмек көрсетуі қажет.

20-дан бастап кері санау тапсырмасында қате жібермей, 30 секунд ішінде орындап шықса, нәтижесіне 2 балл беріледі, егер де бір қате кетсе, дәл сондай уақыт ішінде орындалса 1 балл беріледі. Тапсырманы 10 секунд ішінде дұрыс орындап шыққан жағдайда нәтижеге 3 балл беріледі.

Әліппені қатесіз 10-30 секунд аралығында айтып шықса – 2 балл, егер де бір қате жібірелсе, бірақ та орындау уақытынан асып түспесе – 1 балл беріледі. 10 секунд ішінде тапсырманы қатесіз орындағаны үшін – 3 балл беріледі.

40–қа дейін қатесіз 20-45 секунд ішінде санап шықса 2 балл беріледі. Бір қате жіберіп, 20 секунд ішінде санап шығатын болса, онда бағасына қосымша балл беріледі. ІІІ субтесттің ең жоғары бағасы – 9 балл болып есептеледі.

IV субтест ойша есте сақтау қабілетін тексеруге бағытталады және екі әңгімені есте сақтауға алып келеді. Әрбір әңгімеде 23 мәндік бірлікті ерекше атауға болады. Түсінігін айтуы мұқият жазылады. Әрбір әңгіме бойынша репродуктивті мағыналық бірлік мөлшері белгіленеді, содан кейін орташа арифметикалық бірлігі анықталады. IV субтестеке берілетін ең жоғары баға – 23 балл.

V субтест – сандарды тура және кері тәртіпте айтып шығу, бұл Векслердің зердені зерттеуге арналған әдістері субтесттерінің біріне ұқсас келеді. Зерттелушіге бірқатар сандар оқылады. Әрбір келесі қатарда алдыңғысына қарағанда бір саннан артық болады. Бірінші қатарда кездейсоқ орналасқан 4 сан, соңғысында – 8 сан болады. Зерттеуші зерттелуші айтып бере алған соңғы қатарды ерекше атап кетеді. Содан кейін сандар қатарын кері тәртіппен айтып беруге нұсқаулық беріледі. Зерттелушінің зерденің нашарлығын ескере отырып, нұсқаулықты мысалмен нақтылау қажет. Тәжірибенің екінші топтамасында қатардағы сандар 3 тен 7 ге дейін өседі. Бұл жерде де нәтижелер дәл солай анықталады.

Субтест бойынша баға беру екі топтамадан алынған нәтижелер көмегімен жүргізіледі. Бұл субтестке берілетін ең жоғары баға – 15 балл.

Егер де зерттелуші 3 саннан тұратын қатарды кері ретпен айтып шыға алмайтын болса, онда оған 2 сандық топты кері айтып шығу ұсынылады және нәтижелеріне баға 2 баллмен беріледі.

VI субтест – көзбен көшіру. Зерттелушіге төрт геометриялық пішіндерге қарауы (1 сурет) ұсынылады. Көрсету уақыты - 10 секунд. Содан кейін ол оны тәжірибе баспабетінде салуы керек.

Оған баға мынадй ретпен беріледі.

А пішінінде жалаушалы екі қиысқан сызықтың болуы, олардың бағытталуына қарамастан – 1 балл болады; бір-біріне қатысты дұрыс қойылған жалаушалар -1 балл; дәлдікте, дұрыс бұрышпен қойылған біртей сызықтар – 1 балл құрайды. Ең жоғары баға – 3 балл.

Б пішінінде – екі диаметрлі үлкен шаршы – 1 балл, үлкен шаршыдағы төрт кішкентай шаршы – 1 балл, барлық кішкентай шаршылармен екі диаметр – 1 балл; кішкентай шаршылардағы 16 нүкте – 1 балл, шамаластығындағы дәлдік – 1 балл болады. Ең жоғары баға – 5 балл. Артық сызықтар болған жағдайда нәтижеге 3 балл беріледі.

 







Date: 2016-05-24; view: 4624; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.016 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию