Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ойын әрекетінің талдауының сызбасы





Әрекет ойынының талдауы кезінде қандай заттар мен ойыншықтар ойын барысында қолданылып, және осы әрекеттер қаншалықты заттар мен ойыншықтарға сай екендігін анықтау қажет (мысалға, бала қуыршақты қасықпен тараса), осындай ақылға қонымсыз әрекет орасан зор ақыл парасат ауытқуларының белгісі болуы мүмкін, дегенмен, бала бұл заттың неге арналғандығы туралы хабардар ма екенін және осындай қисынсыз әрекеттер жиі кездесе ма екенін анықтау керек. Заттық ойын әрекеттержің мінезін ескеру қажет: қаншалықты нақты және нәтижелі олар жүзеге асырылады, және баланың өзінің нәтижесіз әрекеттеріне деген қарым қатынасын анықтау керек, яғни баланың өз әрекетіне деген сыншылдығын және бақылаушылығын көру керек. Баланың ойынға деген назар бөлуін және фрагментті логикалық аяқтау қабілетін бағалау маңызды. Барлық жоғарыда аталған жағдайлар интеллектуалды ауытқуларды диагностикалауда маңызға ие.

Сюжетті ойынды талдауда сюжеттің құрастырылуына назар аударған жөн. Баланың сөйлеу белсенділігі минималды болатын әрекет ойынына қарағанда, сюжетті ойында ол өте жоғары. Сөйлеу барлық сюжеттік ойынды құрады, сондықтан оны бағалаусыз және ең алдымен сөлеу брегуляциясынсыз сжеттік ойында талдау мүмкін емес. Сонымен қатар, сюжет мазмұнын (ол қандай жағдайларды көрсетеді – әлеуметтік, тұрмыстық, шын шытырман), мюжет дамуының логикасын (кезеңді, парадоксалды, жеке қажеттіліктерге бағынатын), сюжеттің аяқталуы не аяқталмауы, оның ашылып көрсетілуі (кезеңді, қысқаша, бұзылған) бағалау керек.

Сюжеттік рөлдік ойын тек сюжетті емес, сонымен қатар ойынның маңызды бөлшегі ретінде рөлді де қажет етеді. Баланың ойынын бағалау кезінде, рөлді қабылдау жеңілдігін не қиындығын ескеру керек, және оның ойын барысында ауысуын. Сюжетті рөлдік ойынд бала тек өзінің рөлдік әрекетіне емес, сонымен қатар басқа ойын мүшелерінің әрекеттірене де назар аударады. Сондықтан, қабылдаған рөлдің мазмұнынан бөлек, баланың белсенділік деңгейі, өз әрекетін басқалардың әрекеттерімен ұйқастыра және түсіне білу. Баланың қандай мазмұнды рөлдерді қалайтынына да назар аудару керек: белсенді, не пассивті, лидерлік, тең немесе бағынуылық, батыл не қайғылы, оның өзге ойын қатысушалырының сыны мен кеңестерінеэмоционалды жауабы. Тәртібі бар ойындарды бағалауда, баланың қаншалықты ойын тәртібін түсінетіні, өз әрекетін ыңғайластырып, осы тәртіпке қалай бағынатынын байқауға болады.

Түрлі ойын формаларын талдауда, интеллектуалды және эмоционалды ауытқуларды сипаттайтын, келесі ойын әрекетінің бұзылуларына назар аударған жөн:

  • Ойынға деген қызығушылықтың болмауы немесе төмендеуі, және де оған деген қажеттілік;
  • Ойын барысының жасқа сай келмеуі;
  • Ойын жағдайларын құрудың қиыншылықтары;
  • Ойын әрекеттерінің бұзылуы;
  • Ойын тіл табысуының бұзылуы;
  • Эмоционалды жауаптың бұзлуы.

Ойын әрекетін талдау кезінде дифференциалды диагностика мақсатында, ең алдымен әрекеттің жасқа сай келетіндігін бағалау. Егер ойын әрекетінің дамуы жасқа сай келсе, ойынның индивидуалды ерекшелігін бағалаған жөн болар. Егер ойын әрекетінің дамуы жасқа сай келмесе, онда бұл интеллектуалды жетіспеушіліктің бар екендігінің көрінісі. Интеллектуалды жетіспеушілікке нақты жағдайда ақыл ес кемістігі және психикалық дамудың барлық тоқтауы жатады.


Интеллектуалды жетіспеушіліктің мінезін анықтау осы жетіспеушілік бала ойынында қалай көрініс табатынын бағалауды талап етеді. Ақыл ойы кеміс балдардың заттық ойыны ақылға қонымсыздығымен сипатталады. Дені дұрыс әрекеттері кедей және таптаурын, әдетте балалармен өзгеріссіз дәлме дәл қайталанады, яғни бала әрекет жасауға сынсыз. Бірақта барлық ақыл есі кеміс балалар ойыншықтарға қызығушылық танытады, бұл ынта олармен әрекет жасау мүмкіндігінде емес, ал олардың сырт көрінісіне бйланысты, сондықтан мұндай қызығышулық тез басылады. Ақыл есі кеміс балалардың ойынында орын басуша заттар және әрекеттер тіпті жоқ. Аяқ асты ойыны ерекшеліксіз заттық маниуляция, ойға қонымсыз, не дені дұрыс зат әрекеттері, және бір ретті сюжеттік әрекет (бұл сюжеттен тыс қолданылады, өйткені бала сюжетті әрі қарай жалғастыруға мардымсыз) ретінде көрінеді.

Сюжеттік және сюжеттік рөлді ойынға тоқталсақ, бұл ойын формалары ақыл есі кеміс мектепке дейінгі жасты балалардың арнайы коррекциясыз тіпті дамымайды. Барлық мектепке дейінгі кезеңде ақыл ойы кеміс баланың ойыны үрдісті болып келеді және көрсетілген ерекшеліктермен өзгеше. Егер процессуалды ойын осы ерекшеліктермен уш жастан үлкен балада көрініс тапса, онда бұл интеллектуалды жетіспеушіліктің жалпы мінезін сипаттайды.

Егер бала ойыны ойы кеміс балалардың ойын ерекшіліктеріне сай болмаса, онда ойын дамуының тоқтауы нешен шатты екенін және бұзылу мінезі сипатталуы тиіс.

БМС бар баланың интеллектуалды жетіспеушілігін ойын талдауы бойынша анықтау бұл жаста қиыншылық тудырады, себебі бұл балаларда барлық ойын формалары нашар дамыған. БМС бар баланың ойын әрекетінің дамуы көптеген факторларға тәуелді сондықтан оның құрылуының ауытқулары жалпы интеллектуалды жетіспеушілікті анықтауда тәуелсіз дифференциалды диагностикалық мағынаға ие бола алмайды.

Сюжетті ойын кезеңі өз дамуында күрделі сөйлеу кемістіктері бар балаларда және соөыр балаларда арттақ қалады. Саңыр балаларда әрекет ойынымен қатар, жаңа әрекеттермен байып отыратын, екішісінің бөр бөлігі бөлшектенген сюжеттік сипатқа ие болады, конструктивті әрекет дамиды, белгілі мағынасында оларға ойын орнына болатын, саңыр балалардың ойындары ойға қонымды, әрекет арсеналы сау балалардың көлеміне сай. Сюжеттік формалардың дамуы баланың қасындағы адамдармен тіл табысу құралын тапқанда алға жылжиды, бірақ сюжетті рөлдік ойынның дамуы өте қиын.


Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларда ойынның өзгеше даму барысы бақыланады, өйткені сюжетті ойын кезеңі оларды кешірек басталып, аз уақытты алады. Сөйлеу кемістігі бар балаға сюжеттік ойынды реттеуге кедергі болады, сондықтан олар өз құрдастырымен қарым қатынас ойындарына жылдамырақ ауысады, яғни, сюжетті рөлдік ойындарға. Сюжеттік рөлдік ойын барлық қатысушылармен реттеледі, сондықтан, бір жағынан, осындай балаға өз бетінше ойнағанша осындай ойын ойнау оңай әрі қызық, ал екінші жағынан, сөйлеу қабылетінің бұзылуы, оған басқа балалармен тіл табысуына кедергі етеді.

Ерте аутизмге душар балалардағы ойын әрекетінің дамуы өзгешелігімен ерекшеленеді. Осы балалардағы ойын әрекетінің спецификасы басым клиникалық симптом – аутизммен шартталған. Басында, олардағы ойынның дамуы әлеуметтік коммуникативтік бағытталудан алшақ емес және баланың жеке қажеттілігімен байланысты. Сондықтан, барлық мектепге дейінгі жасқа әрекет ойыны, және де сюжет элементтері бар қиял ойындары тиесілі. Процессуалды ойын әдетте бір ойыншықпен не затпен өтетін біртарап біркелкі ойын әрекеттері сипатына ие. Орын басушы заттарды көрнекі қарама қайшы қолдану, ойынға арналған жансыз заттарды символды түрде жанды қылу (бәтеңке тірі жануар, оны тамақтандырады, ұйқыға жатқызып, әлпештейді). Сюжеттік рөлдік ойынға қатысу мүмкіндігінің болмауынан бала әрекет ойынына ауысады.







Date: 2016-05-24; view: 1864; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию