Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Заттарды топтастыру әдістемесі
Мақсаты: Логикалық ойлауының даму деңгейін зерттеу. Құрал-жабдықтар: Ойыншықтар, киімдер, жануарлар, өсімдіктер, ыдыстар, жиһаздар және т.б. заттар бейнеленген суреттер. Өткізілу техникасы: Балаға карточкалар жиынтығы ұсынылып, мыналай нұсқау беріледі: "Мына карточкаларды үстелдегі сәйкес карточкалардың үстіне қой". 10-15 карточка қойылғаннан кейін эксперментатор баладан: "Мына суреттер неге мына қатарда? Ал мыналар неге басқа қатарда орналасқан?" деп сұрайды (яғни баланың қорытындылау және өз іс-әрекетін ауызша түрде білдіру дағдысы анықталады), жіберілген қателіктер түзетіліп, суреттердің орналасу принципі түсіндіріледі ("Ыдысты ыдысқа, ал жануарды жануарға"). Баладан тапсырманы ары қарай Жалғастыру сұралады. Егер бала тапсырманы ұғынбаса, онда оған топтастыру принципін үйретеді. Экспериментатор суретті неге осы қатарға немесе басқасына қою керек екенін түсіндіріп, содан кейін өз бетінше орындауды ұсынады. Орындау нормасы: Бес жастағы балалар функциональдық деңгейде жалпылау принципін анықтап, тапсырманы тиімді түрде орындайды. Бес-алты жастан бастап балаларға "Коос кубиктері", "Екі белгісі бойынша топтастыру" (В. М. Коган), "Сюжетті суреттер сериясы", "Артығын тап" және " Түрлі-түсті прогрессивті Равен матрицасы" (Дж. Равен тесті) деген сияқты методикалар ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген әдістемелердің көпшілігі жеті-он жастағы балаларды тексеруге қолданылғанымен, олардың сипаттамасы мен методикалық нұсқаулары "Кіші мектеп жасындағы балаларды тексеру" тарауында келтірілген.
Мектеп жасындағы балалардың таным процестерін Зерттеу әдістемелері Тілік суреттер Мақсаты: Көрнекі-кеңістіктік қабылдауының қалыптасуын, талдауы мен қорытындылауын, графикалық-бейнелі ойлауының даму деңгейін анықтау. Құрал-жабдықтар: Тігінен және көлденеңінен төрт бөлікке бөлінген, балаға таныс заттар бейнеленген үш сурет. Өткізілу техникасы: Жеті-сегіз жастағы балаларға алдымен құрастырылған суреттің біреуін (диагоналынан бөлінген) көрсетеді, содан кейін онын бөліктерін араластырады. Нұсқау беріледі: "Қалай болған болса, солай жаса" Бала берілген тапсырманы орындай алса, онда оған күрделі нұсқасы беріледі: үш суреттің барлық бөліктерінің араласқан түрі. Тоғыз-он жастағы балаларға бірден осы нұсқадан бастауға болады. Баланың іс-әрекетінің сипатын бақылау маңызды: қиылған суреттердің сызықтарын, бейнесін және т.б. ескере отырып таңдау. Орындау нәтижелерін талдау: Ақыл-ойы қалыпты дамыған және көрнекі-кеңістіктік қабылдауында спецификалық бұзылыстары жоқ балалар бұл тапсырманы оңай орындайды. Олар бөліктерді құрастыру кезінде ұтымды тәсілді қолданады. Оларға құрастыру кезеңі мен одан шыққан нәтиже қызық. Психикалық дамуында тежелген балалар, күрделі нұсқасын орындай отырып, қателіктер жіберуі мүмкін, бірақ ұйымдастырушы және бағыттаушы көмек көрсету тиімді болып табылады. Локальді бұзылыстары жоқ, дебильдік дәрежесіндегі ақыл-ойы кем балалар, тігінен және көлденеңінен қиылған суреттерді құрастырып көрсеткеннен кейін ғана орындайды. Диагоналі бойынша қиылған суреттер қиындық туғызады. Тапсырманың қиын нұсқасын өз бетінше орындай алмайды. Тек қана ұйымдастырушы және үйретуші көмек көрсетілгенде балалар суретті құрастырады. Күрделі ақыл-ой кемітігі бар балалар (имбецильдер) тапсырманың қиын нұсқасын түсінбейді және он жаста болса да орындай алмайды. Тігінен және көлденеңінен қиылған төрт бөліктен тұратын суретті құрастырып көрсеткеннен кейін ғана құрастыра алады; диагоналінен қиылған суретті тек бірігіп жұмыс істегенде ғана құрастыра алады. Коос кубиктері Мақсаты: сындарлы қалыптасқан (көрнекі-бейнелі) ойлау, көрнекі-кеңістіктік талдау және қорытындылауды, зейін және өнімділік ерекшеліктерін, жұмысқа жане оқыту мақсаттары мен шарттарына сәйкес әрекет ету қабілетінің деңгейін анықтау. Құрал-жабдықтар: бір жағы көк және сары, екінші жағы ақ және қызыл, үшінші жағы көк, төртінші қызыл, бесінші сары, алтыншы ақ түске боялған 9-12 бірдей кубиктер; әртүрлі өрнектер комбинациясы бар 10 нөмірлеген карточка және өрнекті кубик санына сәйкес бөліктерге бөлетін, өрнегі бар карточкадағы түссіз тор. Өткізілу техникасы: балаға кубиктерді көрсетіп, білімі мен түстерді айыру қабілетін айқындайды және алдында жатқан үлгі-карточка бойынша кубиктерден өрнек құрастыруды ұсынады: "Қара карточкада өрнек бейнеленген. кубиктерден дәл осындай өрнек құрастыр". Егер бала кубиктерді үлгі-карточканың үстіне қойып, өрнекті дұрыс құрастырса, онда оған өрнектерді үлгі-карточканың қасына құрастыру ұсынылады. Тапсырма мынадай ретпен ұсынылады: оңайдан қиынға. Қиындық туған жағдайда балаға әртүрлі көмек шаралары көрсетіледі. Ұйымдастырушы көмек - орындау процесін ұйымдастыру түрінде ("Қара мына өрнек қандай кубиктерден құралған?" "Төменгі жағында қандай кубик болуы керек?, жоғарғы жағында?" және т.б.). Егер бұл көмек түрі нәтижесіз болса, онда балаға түссіз торды қолдану арқылы құрылымды жекелеп немесе толықтай бөлшектеуге бағытталған көмек көрсетіледі. Келесі көмек түрі баламен тапсырманы бірлесіп орындап, содан кейін баланың өз бетінше өрнекті құрастыруын тексеру, яғни үйретуші көмек болып табылады. Соңғы көрсетілетін көмек негізінде үлгіні қолдану арқылы өрнек құрастырылады, яғни баланың көзінше кубиктерден өрнек құрастырылады, бала соған қарап басқа кубиктерден сондай өрнек құрастыруы керек. Орындау нәтижелерін талдау: Ақыл-ойы қалыпты дамыған бала тапсырманы ықыласпен қабылдап, еш қиындықсыз орындайды. 7-8 жастағы балалар күрделі тапсырманы орындау барысында үлгі және қателік әдісімен әрекет етуі мүмкін; оларға ұйымдастырушы, кей жағдайда бағыттаушы көмек көрсетіледі. 9 жастағы сыналушылар тез және ұтымды әрекет етеді. Психикалық дамуында тежелген балалар өмірінің 8 жылында 3-10 тапсырманы орындау барысында көптеген қиындықтарға кезігеді. Оларға тапсырманы орындау кезінде баяулық және тез шаршау тән. Мұндай балалар барлық көмек түріне мұқтаж, кей жағдайда бағыттаушы көмектің өзі жеткілікті (түссіз торды қолдану). Тапсырманы орындауда көмек көрсету әрекет ету қабілетін жақсартады. 7-9 жастағы ақыл-ойы кем балалар тапсырманы орындауда көп қиналады, көбінесе нұсқауды түсінбейді, үлгінің үстіне құрастырады, түстерді таңдауда шатасады, құрылымды талдай алмайды. Көрсетілген көмектің нәтижесі аз. 7-10 жастағы жеңіл имбецильдік дәрежесіндегі ақыл-ойы кем балаларға бұл әдістеме іс жүзінде қол жетімсіз. 3. Түрлі-түсті прогрессивті Дж. Равен матрицасы (Т. Розанова модификациясы) Мақсаты: көрнекі-кеңістіктік және графикалық-әсерлі ойлау, көру арқылы қабылдауының даму деңгейін зерттеу. Құрал-жабдықтар: 3 сериядан А, АВ, В (әр серияда 12 үлгі) құралған36 түрлі-түсті кесте. Әр кестенің жоғарғы жағында бос "саңылау" бар, ал төменгі жағында біреуі сол "саңылаудың тығыны" болатын, алты түрлі шешімі берілген. Қолданылу диапазоны: 7-14 жастағы балаларға арналған Нұсқау: тест және ауызша түрде. Балаға бос саңылауға дәл келетін 6 нұсқаның (тығын) бірін таңдау ұсынылады. А сериясындағы бірінші тапсырмаүйретуші түрінде қарастырылады және қорытынды нәтижені балл бойынша есептеу кезінде А матрицасының жауабы есептелмейді. Қателескен жағдайда экспериментатор балаға: "Бұл дұрыс емес, тағы да ойлан!" (ынталандырушы көмек) деп айтады, егер екінші әрекеті де сәтсіз болса, тағы да солай айтылады. Егер үшінші рет жасағанда дұрыс болмаса балаға бағыттаушы көмек көрсетіледі. Оның зейіні көрнекі құралдарға (фигураларға, бөліктерге, олардың орналасуына, сызықтың бағытына және т.б.) аударылады. Тым болмағанда үйретуші көмек түрінде қиылған "тығындарды" манипуляциялау қолданылады. Date: 2016-05-24; view: 3921; Нарушение авторских прав |