Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гидрографиялық жағдайы





Орал және Шаған өзендері, көлдер, сонымен қатар жер асты сулары мен жасанды суаттар шарушылық территориясындағы негізгі су көздері болып есептелінеді. Орал өзені солтүстік – шығыс және шығыс шекаралары арқылы өтсе, Шаған өзені оңтүстік – шығыс бөлігі арқылы өтеді. Суды механикалық көтеру жолымен плантацияларды, бақшаларды суару үшін қолданады және өзен сулары тұщы, күзде әлсіз минералданған болып келеді. Су қоры көктемде Шаған өзенінде қар еріген кезде жағалауға дейін шығып көтерілсе, күзде таязданады, яғни Шаған өзенінің су деңгейі тұрақсыз және көктемнен күзге дейін құбылмалы. Ағынның маусымдық және жылдық құбылмалылығы тек минералдану көлемін ғана емес, судың химиялық құрамын да өзгертеді. Азуақыттық және интенсивті су тасқыны кезеңіңде судың иондық құрамы НСО3 – пен Са – мен минералдануы аз байқалады. Көктемге қарай минералдану жоғарлайды, судың тұщылығы да артады [23].

Грунт сулары қыратты жазықтықта 15-30 м тереңдікте орналасса, ал қыратта 12-14 м-де орналасады. Олардың минералдану деңгейі әртүрлі - әлсізден қышқылға дейін, тұзды сульфаттармен, хлоридтермен, бикорбанаттармен. Осындай тереңдікте орын тебуі топырақ түзілу процесінде анық байқалмайды.

Жайылма учаскелерде 3- 5 м тереңдікке дейін жетеді. Грунт суларының беткі қабатының жақын орналасуы топырақ түзілу процесінде әсері байқалады.

Беткі сулардың жеткіліксіздігі «Вишневая балка» сияқты тоған суларымен толығады, көктемдегі жауын арқылы жиналған суларды айтамыз. Суы тұщы, суландыру жүйесіне жарамды..

Климат, күн мен түннің, қыс пен жаздың тез температуралық алмасуларымен, қыстан жазға тез өтуімен, қысқа көктемгі кезеңімен байқалатын, жоғары континеталдықпен сипатталады.

Климатқа атмосфералық жауын-шашындардың тұрақсыздығы, қардың көп мөлшері және алқаптардан үрленуі, ауа мен топырақтың құрғақшылдығы, едәуір ұзақ және барлық өсіп-өңу кезең бойы булану процестерінің қарқындылығы және тура күн жарықтығының молдығы сипатты.

Ең салқын ай -14,2ºС орташа тәуліктік температурамен қаңтар, ал ең жылы- +22,82ºС орташа тәуліктік температурамен шілде.

Зерттеулер жүргізілген жылдардағы өсіп-өңу кезеңінің негізгі метеорологиялық элементтері көрсетілген (Кесте 1).

 

Кесте 1

Тәжірибе жүргізілген жылдағы (2015 ж.) өсіп-өңу кезеңінің негізгі метеорологиялық элементтері

 

Ай Ауаның орташа тәуліктік температурасы, °С Жауын-шашындар мөлшері, мм
Сәуір 7,8 28,2
Мамыр 17,1 50,1
Маусым 19,8 31,7
Шілде 22,3 99,4
Тамыз 24,9 1,3
Қыркүйек 15,7 19,2

 

Көктемгі процестер наурыздың соңында басталады, ал ауа температурасының 0°С арқылы оң көрсеткіштерге тұрақты кезеңі сәуірдің бірінші оңкүндігінің басында және ортасында болады.

Қар жамылғысы наурыздың соңғы күндерінде кетеді. Көктемгі үсіктер көбіне 28 сәуір-10 мамырда аяқталады. Көктем едәуір құрғақ, жауын-шашындар өте тұрақсыз. Жауын-шашындардың жылдық мөлшері 295мм құрайды, жекелеген ылғалды көктемдерде олар нормадан 3-4 есе артық түседі, ал құрғақшыл көктемдерде болмайды немесе өте аз ғана мөлшерде түседі.

Көктем маусымында атмосфераның желдік әрекеті өте жоғары. Желдің орташа тәуліктік жылдамдығы 4-5 м/сек-ына жетеді, бұл желдер әсіресе топырақты күшті кептіреді.

Жаз маусымы ыстық, өте құрғақ және ашық ауа-райымен сипатталады. Жаз маусымының ұзақтығы шамамен төрт ай құрайды, ал 0°С-тан жоғары температуралы кезең ұзақтығы 210-215 күнге жетеді. Жаз кезеңіндегі (IV-Х) жауын-шашындар жиынтығы 170-200мм немесе жылдық мөлшердің 60-75%-ын құрайды.

Ауа құрғақтығы анық байқалады. Ауаның орташа салыстырмалы ылғалдылығы күндізгі сағат 13-те 34-37% аралықтарында ауытқиды, ал 30%-дан төмен салыстырмалы ылғалдылықты күднр саны орташа айына 13-16 құрайды, ал жекелеген жылдары 25 күнге жетеді. Желдердің болуы жиі аңызақтар болып, шаңды дауылдар да болады.

Күз (температураның +15ºС-тан өтуі) 10 қыркүйек шамасында басталады. Алғашқы күзгі үсіктер көбіне қыркүйектің соңғы бескүндігінде байқалады.

Ауаның орташа тәуліктік температурасының +5°С арқылы тұрақты өтуі қазан айының ортасында басталады, ал 0ºС арқылы өтуі қарашаның басында басталады. Күзге жазға қарағанда аз ауа температурасының орташа тәуліктік амплитудалары, бұлттылықтың артуы, жауын-шашындардың аздығы сипатты.

Қысқы маусым бұлтты ауа-райының басыңқылығымен сипатталады. Ең салқын ай – қаңтардағы – орташа температура -14-15°С.

Шаруашылық аумағында негізгі су көздері болып Деркул және Шаған өзендері, көлдер, және те жер асты сулары мен жасанды су қоймалары табылады.

Жайық өзені жер пайдаланушының солтүстік-шығыс және шығыс шекарасында өтеді, Шаған шаруашылықтың оңтүстік-шығыс бөлігінде өтеді. Өзендердің сулары тұщы, күзде шамалы минералданған, суды механикалық жеткізу арқылы бақтар мен плантацияларды суаруға қолданылады.

Шаған өзеніндегі су қоры, басқаша айтқанда су деңгейі тұрақты емес және көктемнен күзге ауытқиды, көктемгі қар еру кезеңінде өзен көбіне өз жағалауларынан шығады, ал күзге таман тайыздайды. Ағынның маусымдық және жылдық ауытқулары тек минералдану деңгейін ғана емес, сонымен қатар судың химиялық құрамында өзгертеді. Көктемгі қысқамерзімді және қарқынды су тасуы кезеңінде судың иондық құрамында НСО3 және Са басымдылығымен минималды минералдану байқалады. Күзге таман минералдану артады, судың қаттылығы да артады.

Жер асты сулары сырт жазығында 15-30м тереңдікте, сырт алды – 12-14м тереңдікте орналасады. Олар әр түрлі деңгейде минералданған – шамалыдан күштіге дейін, сульфаттармен, хлоридтермен, бикарбонаттармен тұзданған. Осындай терең тереңдікте жатуында жер асты сулары топырақ түзілу процесіне байқалатындай әсер етпейді.

Жайылмалы учаскелерде сулар 3-5м тереңдікте жатады. Жер асты суларының жер бетіне жақын орналасуы топырақ түзілу процестеріне әсер етті, жер беті суларының жетіспеуі тоғандармен орындалады, мысалы көктемгі сулармен толтырылатын «Вишневая балка» сияқтылар. Суы тұщы, суару үшін жарамды[24].

Date: 2016-05-23; view: 1168; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию