Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Асқорыту жолдарының ауруларына пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер





 

Cichorium intybus L. Кәдімгі цикории. Астралар тұқымдасы.

Биіктігі 30-120 см дейін жететін көпжылдық шөптесін өсімдік, көкшіл сұр түсті, тікенекті әрі бұйра түкшелі, жылтыр. Кіндік тамырлы. Тамырсабағы жуан ұршық пішінді. Сабағы тік, бұтақтанған. Тамыр мойны жапырақтары кезектесіп орналасқан. Ланцет тәрізді үшкір тісті жоғарғы жапырақтары тұтас бітеу (Сурет 4).

 

Сурет 4. Кәдімгі цикорий

Гүлдері көгілдір, сирек ақ, одан сирек қызғылт қондырғы себетке жиналған жемісі үш, бес қырлы тұқымша ашық- қоңыр немесе қоңыр ұзындығы 2,5- 3мм, сопақша ұшында кеңейген. Маусым- қыркүйекте гүлдеп, тамыз- қазанда жемістенеді. Хромосомдар саны- 18. Медицинада тамыры және шөбі пайдаланылады. (Асқорыту жүйесінің қызметін жақсартады, артық холестеринді шығарады).

Salix alba L. Ақтал. Талдар тұқымдасы.

Биіктігі 20-30 м ағаш бөрік басы кең дөңгелек, діңі зор диаметрі 3м дейін. Бозғылтқоңыр ескі діңдерінде бойлай жарықшақтар бар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, тар ланцет тәрізді, ұсақ ара тәрізді немесе жиектері бүтін, жоғарғы жағы үшкірленген, ұзындығы 5-15см, ені 1-3см, гүлдері жуан цилиндр тәрізді. Сәуір- мамыр айларында жапырақтары ашылғанда гүлдейді. Хромосомдар саны- 76 (Сурет 5).

 

Сурет 5. Ақтал

Медицинада қабығы пайдаланылады. (Асқазан қабынуында(гастрит), іш өтуде (диарея), тоқ ішектің қабынуында (колит) емдеуге қолданылады).

Tanacetum vulgare L. Кәдімгі түймешетен. Астралар тұқымдасы.

Биіктігі 30-150 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік.Тамыр сабағынан түзу өскен бірнеше сабақтар кетеді. Сабағы аздап түкті немесе жалаң. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, қауырсынды салаланған.Жемісі ұзын, тұқымының шеттері аздап тісті, кейде тегіс (Сурет 5).

 

Сурет 5. Кәдімгі түймешетен

Маусым- қыркүйек айларында гүлдейді, тұқымы тамыз- қазанда жетіледі. Хромосомдар саны- 18. Медицинада гүлшоғыры пайдаланылады. (Бауыр, өт жолдары, ішек асқазан аурулары, ұлтабар және қарынның жарасына қарсы өте жақсы дәрі).

 

Taraxacum officinales Wigg. Кәдімгі бақбақ. Астралар тұқымдасы.

Биіктігі 5-40 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, тамыры жуан (2 см), тік, ұштара кейде тарамдалған, тамыр мойыны үлпектенген, кейде жалаң. Жапырағы жалаң, қауырсынды тілінген, ұзындығы 10-25 см.Гүлдері ашық сары, гүлсидамдары сүтті шырынды болады» (Сурет 6).

 

Сурет 6. Кәдімгі бақбақ

Сәуір- мамыр айларында гүлдейді, мамыр- маусым айларында жемістенеді. Хромосомдар саны-8. Медицинада тамырын пайдаланылады.

(Асқорыту жолының қызметін жақсарту үшін, іш қатқанда гемморойда, бауыр ауырғанда өтті айдау үшін қолданылады).

 

Dryopteris filix- mas. Еркек усасыр. Сасырлар тұқымдасы.

Екі ұрпақты, жыныссыз ұрпағы диплоидты спорофит, биіктігі 50- 100 см. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Өздерінің даму кезеңдерінде жұп хромосомды кезеңнің басымдылығымен сипатталады. Жапырағы өте күрделі құрылысты болып келеді. Сағақтары жұқа қоңыр түсті қабыршақтармен жабылған. Еркек усасырдың жапырақтары ұшынан өседі. Жапырағы тек үшінші жылы ңана жетіледі (Сурет 7).

 

Сурет 7. Еркек усасыр

Спораларын маусымның аяғынан қыркүйекке дейін шашады, споралары тамыз- қыркүйекте жетіледі. Медицинада усасырдың тамырсабағын пайдаланады .(Усасырдан жасалған препаратты диареяда, гемморой ауруында қолданады).

 

Crataegus sanguine Pall. Алқызыл долана. Раушангүлділер тұқымдасы.

Биіктігі 1-4 метр(6 метрге дейін) жететін биік бұта. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, жұмыртқа немесе жалпақ ромбы сияқты. Гүлдері қысқа бұтақтарының ұшында қалқанша гүлшоғырына жиналған, күлтесі ақ, аталығы 20, жатыны 3-5 жеміс жапырақшаларынан гүл тұғырына біріккен (Сурет 8).

 

 

Сурет 8. Алқызыл долана

Мамыр- маусым айында гүлдейді, тамызда жемістенеді. Алқызыл долана 10-15 жылда жеміс бере бастайды. Өте баяу өседі 100-200 жылға дейін тіршілік етуі мүмкін. (Ішек қызметі бұзылғанда, өңеш неврозына, бауыр және өт шығару жолдарының ауруында пайдаланылады).

 

Artemisia L. Жусан. Астралылар тұқымдасы.

Жусан астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік, көбіне шала бұта. Жусан шөл- шөлейтті далада, таулы жерлерде де өседі. Биіктігі 10- 60 см, кейде 1,5- 2м-дей болады. Сабағы тік, немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп.Жемісі- тұқымша (Сурет 9).

 

Сурет 9. Жусан

Қазақстанда кедесетін жусанның сирек 17 түрін дәрілік шөп ретінде қолданады .(Медицинада жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады).

 

Lycopodium clavatum L. Шоқпарбас плаун. Плаундар тұқымдасы.

Биіктігі 30- 50 см-ге жететін жатаған және тік, көпжапырақты сабақтары бар, көпжылдық шөптесін өсімдік. Өркендері дихотомиялы бұтақтанған. Жапырақтары таспа немесе таспа ланцет тәрізді, бүтін жиекті, ұштары ақ түкке айналған. Жапырақтарының ұзындығы 3-5 мм, ені 0,7- 1мм. Әр өсімдікте 2-5 масақтар болады (Сурет 10).

 

Сурет 10. Шоқпарбас плаун

Споралары маусым- шілде айларында пісіп жетіледі. (Медицинада плаун шөбін асқазан және ішек.абынуына, іш қату кезінде қолданылады).

 

Hypericum perforatum L. Шілтер жапырақ шәйқурай. Шәйқурайлар тұқымдасы.

Биіктігі 30- 100 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, сабағы жоғарғы жағы екі қырлы. Бұтақтанған және супротивті жапырақтары бар. Жапырақтары отырыңқы, ұзындығы 0,7- 3см, ені 0,3- 1,5 см, жалпақ, доғал, көптеген түкті бездері бар. Гүлшоғыры кең сыпыртқы немесе қалқанша тәрізді. Гүлдері алтын- сары,5 тостағанша жапырақтан, 5 күлте жапырақтан тұрады. Жемісі- ұзынша жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 6 мм, үштік қорапшадан тұрады. Тұқымы майда, 1 мм, цилиндр тәрізді қоңыр.

Маусым- тамызда гүлдейді. Хромосомдар саны 32. (Медицинада шәйқурайды шөбін өт жолдарының дискинезиясында, гепатиттерде, холециститта, гастритте коллит, метеоризм, аскаридоз ауруында қолданылады) (Сурет 11).

Сурет 11. Шілтер жапырақ шәйқурай

Медицинада жемісін пайдаланады. (Мойыл препараттарын энтерит, диспепсия, инфекциялық колит, дизентерия кезінде емдік мақсатта пайдаланады).

Matricаria. Түймедақ. Күрделігүлділер тұқымдасы.

Түймедақ – ортасында сары дағы бар ақ түсті гүл. Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Дүние жүзіне таралған (Сурет 12).

 

 

Сурет 12. Түймедақ

Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бoйы aласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мeрзімі ұзағырақ болaды. Сұрыпына қарай мaусыmнaн шілде айының соңына дейін гүлдейді. Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тaстaса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді.

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады.

(Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем. Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады).

Tussilago farfora. Өгейшөп. Күрделігүлділер тұқымдасы.

Өгейшөп - Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Өгейшөп тамырсабағынан дамыған гүлсидамның биіктігі 10-25 см, жапырақтары қызғылт-қоңыр түсті, сағақсыз, қабыршақты болады. Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты, жүрек пішінді, ені 10-15 сантиметрге жететін үлкен жасыл жапырақтары дамиды. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр - «салқындық» сезім тудырады. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өгейшөптің сары түсті ұсақ гүлдері ені 1-2 см мөлшерінде себетгүлге (корзинка) - гүлшоғырға жиналған (Сурет 13).

Сурет 13. Өгейшөп

Өгейшөпті өзен жағалауынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлерден кездестіре аламыз. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы пайдаланылады.

(Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Асқазанның қабынуына, сондай-ақ туберкулезді емдеуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор).

Кесте-4

Дәрілік өсімдіктердің фенологиялық кезеңдері

 

Өсімдік түрлері   Дайындалатын өсімдік бөлігі Айы, уақыты
Сәу ір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан
Cichorium intybus L. Кәдімгі цикории. Гүлденуі     * * * *  
жемістенуі         0 0 0
Salix alba L. Ақтал. Гүлденуі * *          
жемістенуі              
Tanacetum vulgare L. Кәдімгі түймешетен. Гүлденуі     * * * *  
жемістенуі         0 0 0
Taraxacum officinales Wigg. Кәдімгі бақбақ. Гүлденуі * *          
жемістенуі   0 0        
Dryopteris filix- mas. Еркек усасыр. Гүлденуі     * * * *  
жемістенуі         0 0  
Crataegus sanguine Pall. Алқызыл долана. Гүлденуі   * *        
жемістенуі         0    
Lycopodium clavatum L. Шоқпарбас плаун. Гүлденуі              
жемістенуі     0 0      
Hypericum perforatum L. Шілтер жапырақ шәйқурай. Гүлденуі     * * *    
жемістенуі              
Hyoscyamus niger L. Қара меңдуана. Гүлденуі   * * * *    
жемістенуі     0 0 0 0  
Origanum vulgare L. Кәдімгі жұпаргүл. Гүлденуі       * *    
жемістенуі         0 0  
Padus avium Mill. Кәдімгі мойыл. Гүлденуі     *        
жемістенуі         0 0  

 

Мағынасы: *- гүлденуі, 0- жемістенуі

Орытынды

Қазақстанның өсімдік әлемі әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40%-тан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Өсімдіктерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде дамыған елдердің медицина саласындағы басым ғылыми жұмыстары жаңа, жоғарғы технологиямен дәрілік өсімдіктерден препараттар алуға бағытталған. Оның себебі, дүние жүзінің халықтарының 70–80% дәстүрлі медицина әдістерін пайдаланады. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты.

Дипломдық жұмысты аяқтай келе келесі қорытынды жасауға болады:

1) Дәрілік кәдімгі түймешетенді, өгейшөпті, түймедақты өңдеу кезінде және жердің өскіндерін алу үшін ауаның ылғалдығы болуы маңызды рөл атқарады. Дәрілік кәдімгі түймешетенді, өгейшөпті, түймедақты өсірудің ең тиімді мерзімі күздік болып есептеледі. Жазғы және көктемгі уақытта өскіндері өте әлсіз; бірқалыпты, бірден шығуға жарамайды. Егу тәсілі мол өнімге ешқандай әсер етпейді. Егу кезінде себілген дәндерді 3 кг/га ретінде есептеу қажет.

2) Кәдімгі түймешетенді отырғызған кезде вегетативті өскін ретінде ерте көктемді таңдау қажет. Бұл өсімдіктің 92л/97,6 г/м2 қалыңдығы дәрілік өсімдіктің тез өсуіне ықпал етеді.

3) Жүргізілген ғылыми тәжірибе кезінде Батыс Қазақстан облысында биік, дәрілік түймедақ, өгейшөп және кәдімгі түймешетенді өндіру үшін үлкен сұрыптама жүргізуге болатынын дәлелдедік.

 

Сыныстар

Ас қорыту ағзалары ауруы тұрғындар арасында кеңінен таралған. Басым көпшілігі адамдар өмір бойы бұнымен бетпе- бет кездеседі, бірак дәрігерге жолықпастан жүргендері баршалықты. Бірқатар жағдайларда бұған себеп болуы кенеттен жазылып шыгу немесе мүмкіндігімен өз күшімен пайдалана отырып, халық емдеу амалдарын қолдану. Олардың қатарына бірінші кезекте дәрілік өсімдіктерді жатқызуға болады. Асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде дәрілік өсімдіктерді қолдануда көп ғасырлық тарихы бар және кең тараған. Белгілі бір дәрежеде бұл оны қолданғанда қарапайымдылығымен түсіндіріледі және олардың зақымдалған ауру ағзаларға (асқазан, ішек) тікелей әсер ететін мүмкіндігінің арқасында.

Дипломдық жұмысты аяқтай келе келесі ұсыныстар енгізуге болады:

1. Көп жылдық зерттеу нәтижесінде түймедақты, өгейшөпті, кәдімгі цикорийді, кәдімгі түймешетенді далалық тәжірибе егістікте өсіруге болады.

2. Батыс Қазақстан облысы өңірінде кездесетін асқорыту жолдары ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктердің интродукциялау мүмкінділігін анықтап, өсіру технологиясын жасау.

 

Қолданылған әдебиеттер:

[1] Қожабеков М, Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер.- Алматы: Қазақстан, 1992 ж.

[2] Қожабеков М, Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер.- Алматы: Қазақстан, 1992 ж.

[3] Қожабеков М, Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер.- Алматы: Қазақстан, 1992 ж.

[4].Булатова Қ.Б.Тастенов С.Топырақ түзілу процесіндегі жауын құратының рөлі Профессор ММ Фартушинаның 80 жасқа толуына арналған

«Экология мен табиғатты пайдаланудың» қазіргі кездегі көкейкесті мәселелері атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары,Орал,2009.141-146б.

[5]. Вальков В.Ф. и др. Почвоведение. Учебный курс. Ростов – на – Дону. 2004.

[6]. Высоцкий Г.Н. Дождевой червь (1900). Избранные сочинения. Т.2. Сc

[7].Ғылыми еңбек «Экология және далалы табиғатты тиімді пайдалану» Уральская сельскохозяйственная опытная станция. - Уральск: 2005г

[8].Дарвин Ч.Образование растительного слоя деятельностью дождевых червей и наблюдения над их оброзом жизни Cпб., 1882

[9].Дайырбеков О.Д., Алтынбеков Б.Е.,Торғауьггов Б.К., Кенесариев У.И., Хайдарова Т.С. аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазакша терминологиялық сөздік. Шымкент. "Ғасыр-Ш", 2005 жыл. І8ВЫ 9965-752-06-01.

[10].Жамалбеков Е.У.; Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы топырақтану. Алмата 2001

[11]. Исенова Г.Д. Динамика разложения пестицидов, исполь- зуемых для защиты зерновых культур и их влияние на основные показатели качества зерна в условиях юго-востока и севера Казахстана // Автореферат диссертации на со[12] Кадоркина В.Ф., Куртиякова Т.П. Ранний картофель в Казахстан

//Картофель и овощи.-2001.- № 2.- С. 15.

искание кандидата биологических наук. -Алматы. 2006. –24.

[13]. Мельников Н.Н., Волков А.И., Короткова А.О. Пестициды и окружающая среда. -М.:Химия, 1977.

[14]. Мельников Н.Н., Новожилов К.В., Белан С.Р., Пылова Т.Н. Химические средства защиты растений (справочник). –М.: Химия, 1985.

[15]. Мельников Н.Н. пестициды и окружающая среда // Агрохимия 1990, №12.-С.71-94.

[16]. Mulla M.S., Mian L.S., Kawecki J.A. // Res. Rev. 1981, №5, 81.- 1с.

[17]. Мелышков Н.Н. Современнаяситуация с применениепестицидов //Хим. пром-сть. 1994. №2. С. 14-18

[18]. Методика исследований по культуре картофеля. – М: НИИКХ 1974. – С. 259.1967.-263 с.

[19]. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық- Алматы: Экономика-2002 ж.

[20]. Почвоведение. Под ред. В.А.Ковды, Б.Г.Розанова в 2-х частях М. Высшая школа 1988

[21] Протасов В.Ф. Экология, здоровье и охрана окружавшей среды в России. Учеб.справочное пособие.- М.:Финансы и статистика, 1999.- 672 с.

[22] Петров К.М. Общая экология. -СПб.: Химиздат, 1997,- 448 с.

[23] Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне өойылатын талаптар техникалық регламент Қазақстан Республикасы Үкімет 2008 жылғы қаулысымен бекітілген

[24]Сагитов А.О., Нуржанов У.С. Пестициды и качество сельско- хозяйственной продукции // Химические средства защиты расте- ний, международная конференция к 75-летию ВИЗР Санкт- Петербург. 2004. –С. 277-281.

[25] Санягина Н.А., Легостаев Н.А. Разложение, миграция и трансформация различных пестицидов в агроландшафтах // Агро- химия. 1999, №2.-С.93-96.

[26] Степановских А.С. Охрана окружающей среды. - М.: 1998.

[27] Стадницкий Г. В. Родионов А. И., Экология.- М.: Высшая школа, 1998.-272 с: ил.

[28] Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы. Алматы, 1999

 

 

 

Date: 2016-05-23; view: 3600; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию