Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Батыс Қазақстан облысының климаттық жағдайы





Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясыны Орал қаласынан 7 км қашықтықтағы Деркөл ауылында орналасқан және ыстық, қуаншылық далалы зонасына енеді.

Климат жоғары континенттілігімен ерекшеленеді. Онда қысқа көктемгі кезеңде қыстың жазға ауысуы, яғни қыс пен жаз, күн мен түннің қарама – қарсы температуралары кенеттен өзгереді.

Вегетациялық кезеңде күн сәулесінің тік көп мөлшерде түсуі және булану процесінің интенсивтілігі топырақ пен ауаның құрғақ болуы, желдің соғуы және қар мөлшерінің көп болуы, атмосфералық жауынның тұрақсыздығымен климат ерекшелігі сипатталады.

Қысы суық, бұлыңғыр қысқа, ал жазы ұзақ күнге созылған ыстық болып келеді. Ең суық ай – қаңтар. Оның орта тәуліктік температурасы – 14,2 С, ал ең ыстық шілде айы +22,80С-ді көрсетеді.

Көктем наурыз айының соңына қарай келеді, ал ауа температурасының тұрақтылығы 0С-тан қалыпты көрсеткішке сәуір айының алғашқы он күндігінің бастапқы және ортаңғы кезеңіңде жанданады. Қар жамылғысы наурыздың соңғы күндерінде ери бастайды. 28 сәуірден – 10 мамырда көктемгі қатқақ тоқтайды. Көктем мейлінше құрғақ, тұрақсыз болып келеді.

Жауын – шашынның жылдық мөлшері 295 мм, кейбір ылғалды көктем айларында қалыпты жағдайдан 2-3 есе көп түседі, ал құрғақ болса, көктемгі күндер, онда мүлдем болмайды немесе аз ғана мөлшерде түседі.

Көктемде атмосфераның желдік әрекеті өте жоғары. Желдің орта тәуліктік жылдамдығы 4-5 м\сек, ол топырақтың өте құрғақ болуына әкеп соқтырады.

Жазғы кезең ашық, өте құрғақ және ылғалды ауа – райымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы төрт ай шамасында болады, ал 00С-тан жоғары температура 210-215 күнге созылады. Жауынның мөлшері 170-200 мм-ді құрайды немесе жылдық нормадан 60-70%.

Ауа құрғақшылығы айқын көрінеді. Ауа ылғалдылығы орташа есеппен күндізгі уақыттың 13 сағатында шамамен 34-37% аралығында құбылады, ал айдың 13-16 күні 30% -дан төмен ылғалдылықты көрсетеді. Кейбір жылдарда 25 күнге жетеді. Желдің әсерінен ауа құрғақтана бастап, шаңды дауылдар тұрады.

Күз (температура +150С болғанда) 10-шы қыркүйекте басталады. Қыркүйектің соңғы бес күнгігінде алғашқы көктемгі қатқақ байқалады. Ауа температурасының орта тәуліктік есеппен қазан айының ортасында +50С тан, қарашаның басында 00С тан тұрақты ауысады. Ауа температурасының орта тәуліктік амплитурасы, бұлтты күндердің жоғарлауы, жауынның азаюы жазға қарағанда күзге тән ерекшелік.

Қысқы кезең бұлыңғыр ауа-райының болуымен ерекшеленеді. Ең суық қаңтар айының орташа температурасы -14-150С [22]..

 

Date: 2016-05-23; view: 2430; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию