Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фитотерапия ережелері





 

Ауруға диагноз қойылмай, ем бастауға болмайды. Дәрілік өсімдіктердің салыстырмалы "зиянсыздығына" қарамастан, жекелеген белгілеріне қарап "соқыр" емдеу салдарынан теріс нәтижеге әкелуі мүмкін, асқынған патология негізінде, науқас дәрігердін іс-әрекеттеріне сенім жоғалтып, және оның фитотерапияға теріс көз қарасының дамыуына әкеледі.

Науқастың барлық нұсқамаларды бұлжытпай орындауға және түпкі нәтижені құптайтындығына, оның психологиялық дайын екеніне көз жеткізбей ем бастауға болмайды.

Бұл ережелерді іске асыру үшін науқастарға және олардың туыстарына дәрілік нысандарын үй жағдайында дайындау бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық қажет, өлшемдері және қабылдау жиілігі жөнінде, емдеу курс ұзақтығы жайында. Тез арада оң нәтиже болмаған жағдайда пациенттердің өз бетінше терапияны тоқтатуға жол бермеуге ескерту қажет, өйткені көп жағдайда қолданылатын фитосборлардың пәрменділігін кемінде емдеу басталғаннан 2- 4 аптадан кейін бағалауға болады[14].

Пайдалану және емделуге ұсыну үшін тек ғана мамандар ұсынған, тәжірибе арқылы тексерілген шөп жиындар құрамдарын және өсімдіктерді ұсыну қажет. Қажетті дәрілік өсімдіктер болмаған жағдайда балама шөп жиындары немесе ресми дәрілік түрлерін қолдануға болады. Дәрілік шикізаттарды жинау, кептіру және өңдеу кезінде оған қатысты жалпы қабылданған ережелерді қатаң ұстануға тиіс, сондай-ақ қарапайым дәрілік нысандарын (буға пісірілген, тұнбалар, қайнатпалар) дайындаған жөн.

Атағы аз шыққан дәрілік өсімдіктерді дербес дайындауға (немесе оларды науқастарға ұсынуға) үзілді-кесілді тыйым салынады. Фитотерапия барысында, науқастардың күйі жөнінде динамикалық бақылауды жүзеге асыру қажет. Оның жиілігі патология сипатына және тағайындалған емге байланысты. Жіті нысандағы ауруларды бақылау мақсатында аптасына кемінде бір рет тексеру жүргізілуі тиіс, созылмалы жағдайларда- айына бір реттен кем емес.

Аллергиялық реакцияларға бейім адамдар ерекше бақылауға мұқтаж, сондықтан да өсімдіктердің құрамында жүрек гликозидтері және күшті әсер ететін алкалоидтары бар шөптер қабылдаған жөн.

Көп жағдайда фитотерапияны диетамен біріктіру қажет. Осылайша, диеталық тәртіп сақтау ас қорыту жүйесінің емдеудің, сондай-ақ зәр шығару, бірқатар эндокринді аурулардың және зат алмасудың бұзылуын емдеудің міндетті шарты болып табылады. Гипертониялық ауру және қан айналым жетіспеушілігі кезінде ас тұзы және сұйықтық қабылдағанда шектелуі талап етіледі, аллергиялар пайда болған кезде- аллергенді тамақты алып тастау қажет.

Сонымен қатар, көптеген азық-түлік өнімдерінде (көкөністер, жемістер, жидектер) өздерініңде де ие емдік қасиеттері бар, және бір мезгілде шөп жиындарымен бірге табысты пайдалануы мүмкін, сондай- ақ бөлек түрде де. Олардың ерекше маңыздылығы витаминнің жетіспеушілігін емдегенде білінеді[15].

 

Date: 2016-05-23; view: 1039; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию