Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топырақ жамылғысы





Арнайы аймақтық агротехниканы қажет ететін жерлерді қою- каштанды орташалық және қалың топырақ біріктіреді. Еспе тәрізді су бөлімдерінің төбесінде жаппай таралған. Шаруашылық көлемінде ол құнарлы топырақ болып табылады. Топырақ колиойды керекті мөлшерде болуы және кальций құрамасымен толық қанығуы топырақ құрлымын көрсетеді.

Сонда да сол топырақ төзімді емес түйіршікті құрлыммен айқындалады. Олар судың және желдің әсерінен немесе топырақты өңдеу кезінде бұзылғыш келеді. Ауалы – су режимі сонша жарамсыз емес, бұл топырақтың ылғал сіңіргіштігімен, артынша су жұқпауының төмендігімен түсіндіріледі. Одан басқа, шамалы құрлымды топырақ атмосфералық жауынды әлсіз сіңіреді және суға төзімді, түйіршікті құрлымды топыраққа қарағанда ылғалды көп буландырады.

Басқалармен салыстырғанда қоректік элементтермен қамтылуы жеткілікті, алайда өзінің құнарлығын ылғал мөлшері жеткілікті болған жағдайда ғана көрсетеді. Ылғалды жинау және сақтау нәтижесінде құнарлықты арттыруға болады.

Шаруашылықта сортаңға қарсы күрделі шараларды қажет ететін жерлер де бар. Бұл топқа қою– каштанды орташа қалың өте сортаңдалған топырақ, далалы сортаңдар жатады. Олар қыраты және алдыңғы қыратты жазықтарда орналасқан.

Бұл топырақтар механикалық құрамы бойынша ауыр сазды, олар физикалық қасиетінің шамалы болуы нәтижесінде құнарлығын жоғатқан.

Қарапайым жер агротехникасын талап ететін жерлер күңгірт қоңыр орташа күшті және аз күштілі топырақтарға біріктірілген. Олар барлық жерлерде таралған және төмпешті су сулы жерлердің биік жерлерінде кездеседі. Шаруашылық масштабында бұл ең құнарлы топырақтар. Топырақ коллоидтарының едәуір мөлшері және топырақ коллоидтық кешеннің кальцимен жоғары қанығуы топырақтардың құрылымдылығын түзген. Сонда да бұл топырақтар, өңдегенде және жел мен судың әсерінен жеңіл бұзылатын, тұрақсыз тасты құрылымымен ерекшеленеді. Су-ауа режимі қолайлы еместің қасы, бұл ауыр механикалық құрамына байланысты, соған байланысты төмен су бергішттігімен, осы топырақтардың жоғары ылғал сыйымдылығымен түсіндіріледі.Сода, шамалы құрылымды топырақтар атмосфералық жауын-шашындарды шамалы сіңіреді және суға тұрақты, бидайлы құрылымға ие топырақтарға қарағанда ылғалды молырақ буландырады, осы себептерге байланысты өнімділі ылғал қорлары салыстырмалы көбірек [27,28].

Қоректік заттармен қамтылуы басқа топырақтармен салыстырғанда жеткілікті, бірақ бұл топырақтар өз потенциалды құнарлығын жеткілікті ылғалдылықта көрсете алады. Осының нәтижесінде, айтылған топырақтарда ылғалды жинау мен сақтау олардың құнарлығын арттыруда бірінші кезекті міндет болып табылады.

Шаруашылықта күрделі сортаңдылыққа қарсы шараларды талап ететін жерлер бар. Бұл топқа күңгірт қоңыр орташа күшті күшті сортаңды топырақтар, далалы сортаңдар, олардың орташа және терең кешендері мен бірлестіктері кіреді, бұл топырақтар шаруашылықтың аумағының барлық жерлерінде сырт және сырт алды жазықтарында кездеседі.

Механикалық құрамы бойынша бұл топырақтар негізінен ауыр саздақты, олар шамалы физикалық қасиеттерінің нәтижесінде төмен табиғи құнарлыққа ие.

Сортаңдар мен күңгірт қоңыр күшті сортаңды топырақтардың беткі жоғары қабаты төмен аз құнарлы және жеңіл жерлі кремнеземмен бай. Олар тығыздалған қабықша түзіп жеңіл шайылады. Бұл топырақтарда су режимі ерекше қалыптасады, су үшін иллювиалды қабат сіңдірмейді, су ол арқылы топырақ құрғақ болғанда саңылаулар арқылы ғана өтеді.

Дымқылдатқанда, гидрофильділігі арқасында, иллювиалды қабат ісінеді және су өткізбейді. Осыған байланысты көктемде қар еріп болған соң және жазда күшті жаңбырлардан соң сортаңдардың бетінде, астында топырақ құрғақ боса да, ұзақ сулар тұрады.

Осы топ топырақтарының жағымды қасиеттеріне топырақ қосылыстарының жылжымалылығын және микробиологиялық белсенділігін жатқызу керек.

Сортаңдар мен сортаң топырақтардың жағымсыз қасиеттерінің негізгі себебі тұтылған натрийде. Сондықтан барлық шаралар тұтылған натрийді жоюға және фазаның дисперсілігін төмендетуге бағытталған.

Шаруашылықта күрделі емес эрозияға қарсы шараларға мұқтаж жерлер бар. Бұл топқа күңгірт қоңыр орташа күшті шайылған топырақтар және олардың кешендері мен бірлестіктері кіреді. Құнарлығы бойынша аталған топырақтар бірінші топ топырақтарынан аз ғана төмен, бұл шамалы шайылуымен байланысты.

Шамалы шайылған топырақтардың ылғалмен қамтамасыз етілуі, жауын-шашындардың едәуір бөлігі, әсіресе жылы сулар, жергілікті жердің қисықтығымен ағып топырақтың ең құнды құнарлы бөлігін өзімен бірге ала кетуіне байланысты шамалырақ.

Сонымен қатар күрделі эрозияға қарсы шараларды талап ететін жерлер де бар. Олар кеңінен тарамаған, бұл топқа күңгірт қоңыр орташа және күшті шайылған топырақтар мен олардың кешендері кіреді. Механикалық құрамы бойынша бұл топ топырақтары жеңіл саздақтылар.

Олардың ең құнарлы жоғарғы қабаты түгелдей шайылған және қазіргі кезде оларда су эрозиясы процестері күшті дамуда.

Ылғалмен қамтамасыз етілуі төмен, оның негізгі себебі атмосфералық жауын-шашындардың қисық жерлерден едәуір ағуы.

Шауылуды болдырмау үшін және топырақтың қалған қара шірінді бөлігін сақтап қалу үшін су эрозиясымен күрес жүргізу қажет. Ол үшін күрделі эрозияға қарсы шаралар кешенін жүргізу қажет. Соның ішінде ең тиімділілері бұталар отырғызу мен шөптер егу болып табылады[29].

Date: 2016-05-23; view: 1386; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию