Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Климаттың жаhандық , жергілікті өзгеруі және геоморфология
Климаттың өзгерулері- түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді. Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, сондай-ақ дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар да бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді. Жаһандық жылынудың негізгі басты себебі адамның іс-әрекеті. Қазіргі кезде жаһандық жылыну үрдісі білініп жатыр. Қазақстан Тengrinews.kz порталының хабарлауынша жер бетін ультракүлгін сәуледен қорғап тұрған атмосфераның азон қабатында тесіктің пайда болуынан Антарктика мұздары еріп жатыр делінген. Яғни жаһандық жылыну актуалды мәселе. Бұл эсседе климаттың өзгерісі, жаһандық жылынудың ең негізгі себебі адам екендігі туралы және адамдар арасында альтернативті көзқарастарда кездесетіні туралы жазылған. Жаһандық жылынудың қоршаған ортаға оң әсеріне қарағанда теріс әсері жоғары екені атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мұздардың еруі, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастауынан-ақ білінеді. Жаһандық жылынуға әсер етуші антропогендік және табиғи фактор үлкен рөл атқарады. Антропогендік фактор әсерінен жылыну болып жатыр. Ауа-райының күнделікті өзгерісі адамдардың қолдан жасап отырған зиянды технологияларының атмосфераға әсерінен анықталады. Адамдардың алға жылжығаны сонша жаңа технологияларды өздеріне бағындырып жатыр. Бірақ онысымен қоймай өздеріне ең басты қажеттіліктерді өз қолымен құртып ластауда. Жаһандық жылыну, климаттың өзгеруі адам денсаулығына қатты әсер етеді. Қазірдің өзінде жасөспірім балалар күнін компьютер алдында өткізеді, онымен қоса даладағы көмірқышқыл газын жұтып денсаулықтарында ақау бар. Статистикаға сүйенсек, Қазақстан бір мектептің өзінде 66% оқушының көру мүмкіндігі төмен (Gazeta.kz). Егер бұлай бола берсе экономикамызда, әлеуметімізде нашарлайды.Бірақ кейбір адамдар альтернативті энергия көздерін пайдаланады. Бұл адамдар өздерінің денсаулықтарын қамтамасыз ете алады. Геоморфология (гео... және morphe — пішін және logos — ілім) — құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің, жер бедерлерінің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Жалпы аймақтық, құрылымдық, динамикалық, теңіз және инж. Геоморфология болып бөлінеді. Геоморфология Жердің пайда болуын, жасын, құрылымдық ерекшелігін, дамуы мен элементтерінің жер бетінде таралуын, сыртқы және ішкі процестердің, сонымен қатар, жер бетінің қалыптасуындағы антропогендік факторларды зерттейді. Жалпы және арнайы геоморфол. карталар жасау үшін экспедициялық зерттеулер мен геоморфол. түсірімдер жасалынады. Қазіргі кезде геоморфологиялық процестерді зерттеуде стационарлық және тәжірибелік әдістер, Жер бетін әуеден (аэрофототүсірім) және ғарыштан түсіру, теңіз (мұхит) түбін эхолотпен анықтау сияқты әдістерді қолданады. Геоморфология ғылымы гляциология, тектоника,төрттік геология, вулканология, спелеология, т.б. геогр. және геол. ғылымдармен тығыз байланыста. Г-ның деректері кен байлықтарын іздеуде, жолдар мен әр түрлі құрылыстарды салғанда, эрозия, дефляция, сырғыма, сел, қар көшкіндері сияқты табиғат құбылыстарының алдын алу кезінде пайдаланылад Date: 2016-06-09; view: 1278; Нарушение авторских прав |