Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бақылаудың биологиялық әдістері Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг -антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады: қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару. Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы: Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар: биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен); дистанционды (авиациялық және космостық); аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау). Бақылау обьектілері бойынша: қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа); биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі). Биоиндикатор (био... және грек. іndіco — көрсеткіш, анықтағыш) — организмдердің бір жерде тұрақты мекендеуі, олардың сандары, құрылымы және дамуы, табиғи процестер мен тіршілік ортасы жағдайларының көрсеткіші. Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикатор қолдану организмдердің белгілі бір факторларға біржақты бейімделушілік қасиетіне негізделген. Мысалы, балықпен қоректенетін құстардың бір жерге көптеп жиналуы — судың сол бөлігінде балықтардың шоғырлануының, ал су микрофлорасының құрамы — оның тазалығы мен ішуге жарамдылығының, топырақ құрамы — оның құнарлылық дәрежесінің көрсеткіші бола алады. Ғарыштық зерттеулерде ғарыш факторларының организмге тигізетін әсерін анықтау үшін жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер биоиндикатор есебінде пайдаланылады. Биоиндикатор - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар-жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтастай биоталық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикатор бірқатар пайдалы қазбаларды іздегенде, топырақ пен табиғи суларды және тағы да басқалары бағалауда қолданылады Биология жүйелерді класикалық экология зерттейді. Экологияда биологиялық (тірі) жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (тендік). Жасушалық,ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық-түрлік, биоценоздық, биогеоценоздық (экожүйелер) биосфералық. Билет №19 Date: 2016-06-09; view: 1855; Нарушение авторских прав |