Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Билет Қазақстан Республикасының заң шығарушы және атқарушы органдары
Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің ең басты қағидасы. Ол қазақстан Республикасының Конституциясында былай анықталған: Республикада мемлекеттік билік біртұтас, Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Билікті тармақтарға бөлу мынаған негізделген: мемлекет заңдарды қабылдауға, оларды орындауға және төрелігін жүргізуге (адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, осы ережені бұзғандарға жаза қолдану, заңдарды қолдауға байланысты іркілісті, қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді шешу). Былайша билікті бөлу табиғи туынды. Бірақта, мұның басқа да жақтарының бар екендігін ұмытпауымыз керек, мәселен, оның саяси тұрғысы. Қазақстан Президенті орасан көп өкілеттікке заң бойынша ие. Өз құқығын ол пайдалануға ерікті және мемлекет органдарының біреуіне де тәуелді емес. Ешқандай өкімет органдарына бағынбайды және олардың алдында есеп бермейді, өйткені ол Конституцияға сәйкес өз өкілеттігін халықтан алған, сондықтан да болар мемлекет саясатын іске асырардағы өзінің саяси бағыты, әр заңды ісәрекеттері үшін парламент алдында саяси жауапкершілігінің болмауы. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Парламент Палаталарының ішкі ұйымдастырушылық қызметі ҚР Конституциясымен, Парламент пен палаталардың регламенттерімен анықталынады. Аталған реглементтер тиісті Парламенттің, оның Палаталарының қаулыларымен бекітіледі. Олардың тұжырымдарын бұзатын кез келген отырыстар заңсыз болып табылады, оның өзі қабылданған актілердің жарамсыздығына әкеп соғады. Демек, Парламент отырыстарының барлығы да заңды болуы үшін өздерінің регламенттерінен ешбір ауытқуға жол берілмеуі қажет. Парламентте қаралған мәселелер бойынша бірігіп қызмет етіп, бірыңғай көзқарасқа келу үшін, оның депутаттары депутаттық бірлестіктер фракциялар мен депутаттық топтар құрады. Парламенттің заң актілерінің қатарына мұнымен қоса, жеке қаулылар, заңды күшіне енгізу мәселелері жөніндегі нормативтік сипаттағы қаулылары. Парламент пен оның Палаталары өз құзыретіндегі мәселелері бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы.
Date: 2016-01-20; view: 1087; Нарушение авторских прав |