Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі





Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Нарықтық экономикада мемлекеттік меншіктің үлесі мүмкіндігінше азайып, жеке сектордың үлесі басым болып келеді. Қазақстанда 1993-1995 жылдарды мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы негізінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән берілді. Осы кезеңнен бастап шағын бизнесті дамыту, оған түрлі жағдайлар жасау және оны мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жұмыстары жүргізілуде. Себебі, шағын бизнесті дамыту ол – кез-келген ел экономикасының негізі. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырып, халықтың сатып алу қабілетін арттыруға және ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді. Нәтижесінде, шағын бизнес жүздеген адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан халқына Жолдауында «Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі» - деп атап өтті [1].

Сондықтанда шағын бизнесті жан-жақты қолдау, әсіресе жаңадан жұмыс бастаған шағын бизнес субъектілерінің жаңа бастамаларын қаржылық қолдау, мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны реттеу арқылы тиісті салаларды дамытуға жұмсау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Экономикасы дамыған елдерде шағын бизнесті жан-жақты қолдау жүйесі өте жақсы үйлестірілген. Бұл мемлекеттік қаржылық институттар, қаржылық бағдарламаларды қайта өңдеу, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу, мамандандырылған коммерциялық қаржылық мекемелері: венчурлық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары арқылы шағын бизнестің динамикалық дамуына жағдайлар жасалған.

 

 







Date: 2016-01-20; view: 802; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию