Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі
Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі. Қс жүргізу тәртібі қатаң сақталады, іс жүргізу нысаны бұзылған жағдайда істің мәні бойынша дұрыс шығарылған сот шешімі де бұзылып, іс қайта қарауға жіберіледі. Сот билігі деңгейі қанша биік болса да сот мекемесіне тиесілі емес, іс қарайтын сот алқасына тиесілі. Сондықтан сот туралы сөз болғанда сот алқасы меңзеледі. Алқа әр елде әр түрлі құрамда: кәсіби судьялардан (мысалы, азаматтық іс қаралғанда 3 не 5 судьядан), бір судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен немесе бірнеше судьядан және бірнеше алқа мүшелерінен құрылады. Қс қарап, шешім шығарарда сот заң мен құқықтық санаға жүгінеді. Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айыра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады. Сот билігінің қарама-қайшы екі жағы бар, бір жағынан бұл қуатты билік, екінші жағынан салыстырмалы түрде осал билік, өйткені ол заң шығарушы билік сияқты сайлаушылардың қолдауына сүйене алмайды, атқару билігі қолындағыдай қара күш механизмдері жоқ. Сот билігінің күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты (парламентте көбіне саяси фракциялар басты рөл ойнайды), атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмау керек. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін қазақ зиялыларының ішінде тұңғыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегінде: “Сот билігі өз еркімен іске асады. Судьялар дау шешкенде хүкметке, яғни адам баласына бағынбай, закон їәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот хүкімі кесіледі” деп жазған. Дүниежүзідік тәжірбиеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы; сот ісін жүргізудегі жариялылық; сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдерді еркін пайдалануы; кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып танылмайды; айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамасыз ету. Қазақстанда сот биліг Конституция талаптарына сәйкес іске асырылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында Қазақстан Республикасының Әскери соттары болады. Республиканың тәуелсіздік алуына байланысты 1993 жылы қабылданған Республикалық Конституцияда сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конституция судьялардың сайлануы мерзімін 10 жылға дейін ұзартты. 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған мемлекетіміздің жаңа Конституциясының дүниеге келуінен басталды. Жаңа кезең бойынша сот құрылымына тек Республика Жоғары Соты және жергілікті соттар жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан тұратын болды. Сөйтіп, бұрынғы Конституциялық Сот және Жоғарғы Төрелік Сот таратылды. 2000жылдың 1қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен байланысты. Жарлықпен Республикадағы соттар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды. Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл Заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті. Республиканың сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңымен белгіленеді. Республиканың Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың, лауазымды тұлғалардың немесе басқа тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету.
Date: 2016-01-20; view: 2573; Нарушение авторских прав |